ВЕРНУТЬСЯ

Көгілдір аспан.Көгілдір теңіз.Айналам бәрі көгілдір,Сүйеді самал, сыйпайды беттен жеңіл нұр.Тасиды көңіл  бастауы биік болғасын,Деп келем іштей, өмір-бақыт, өмір- жыр.Көк шалғынға аунап...бұл дәурен бастан өтер-ауАқ шәйі көйлек көгілдір тартты, көкем-ау!Көгілдір көйлек көлеңдеп сезім биледі,Көктемнің көркі көгілдірлігінде екен-ау.Келеміз әсте бақыттың құнын сезіп біз,Мұратты жанның мақсатын алдан кезіккіз.Көктем кезіндегі көгілдір көркем әлемді,Қол ұстасып кете берсек кезіп біз.            ***Көгілдір дүние.Айнала бәрі көгілдір.Өрекпігендей, аптығып алға көңіл бір.Көгілдір нүкте - ақ жолақ сызды ақ лайнер,Көгілдір құсым, әсем әніңді төгілдір.Арманшыл жігіт, сапардан орал жеңіс боп,Көгілдір бояу бозаң тартқанша сөгіс жоқ.Бүр жаруы, көктеуі керек  сезімнің,Аспан да, жер де тегіс көк.Шадыман шақта, төгілші сәуле, төгіл нұр,Қарттарыңда да жасарып қалсын көңіл бір.Жұпар иіс қырмызы қырды ораған,Көктемнің түсі, сұлулық түсі-көгілдір.Өмір – бақыт, өмір – жыр,Білсеңіз және Туымның түсі көгілдір.         ***Көгілдір түс,Гүл көктемнің нәрі ме,Көгілдірге боялады бәрі де,Тау реңі-көгілдір,ЖарасадыБау реңі-көгілдір,Қала сәні.Көгілдір-мұнара даАспанмен таласады,Қарашы, әне.Жан бітіріп,Беретін суретке әр,Әйтеуір бұл көктемдеҚұдырет бар!!!