ВЕРНУТЬСЯ

       Таласа таңның түріп бұлыңғырын,

Бірінен бірі
асырып сұлулығын,

Көк таулар,
кербез таулар, күмбез таулар

Алдымда шертіп
жатыр сырын бүгін.

Ұқсаған Көкшетаудың аспанына

Көк-жасыл
жалтылдайды таста қына.

Садақтың
саржасындай қарағайлар

Кетеді шырқап
шыңның асқарына.

Бояуын аспандағы
алып бұлттан,

Қарағай қара
тасты жарып шыққан.

Өзінің жасыл
желек жас аруын

Оқжетпес
күзетеді бағып сырттан.

Оқжетпес әуелде
оқшау жаралғандай,

Өріліп тастардан
тек қаланғандай.

Соққандай
Оқжетпесті өмір бойы,

Табиғат ешбір
затқа алаңдамай.

Құйқылжып қыран бүркіт қиырында,

Төменге
сорғалайды құйылуға.

Сақалын
салбыратып жалғыз сері,

Көкшенің жатады ұйықтап иығында.

Жұмбақ деп аталады сырлы тасы,

Дөң мұрын, қас батырдай түр-тұлғасы.

Шыңына
Оқжетпестің шабатындай,

Шалқайып
басындағы дулығасы.

Жұмбақтас ертегінің елесіндей,

Салдардың сайран
салған төбесіндей.

Әйтпесе,
Бурабайда қайырлаған

Қашанғы көне
заман кемесіндей.

Күндерін құлазыған түзде өткеріп,

Алыстан
табысқандай іздеп келіп,

Апалылы-сіңілілі
үш арудың

Жалғаса шыңдары
тұр тізбектеліп.

Жылатып, я
болмаса күлдіретін,

Шеберлік көрсетуге
құдіретін -

Табиғат тастан
соғып тастап кеткен

Жартасқа жалғыз
сиыр суретін.

Көкшеде көп жүмбақ бар ойланатын,

Қияға қақтыратын
ой қанатын.

Билеген
бикештердей қайыңдар бар,

Ел оның «Биші
орман» деп қойған атын.

Ертемен қарсы
алып таң арайын,

Аралап қалың
біткен қарағайын,

Әр жерден ақ
көйлегі бір жарқ етіп,

Жүгірген жалаң
аяқ бала қайың.

Оқыстан шыға
қалған бір дыбысың

Көкшенің кетеді
өрлеп құз қуысын.

Орманның сырлы
күйін ойнағандай,

Сыпсыңның жел
үрлейді сыбызғысын.

Таулардың орын
алып ортасынан,

Бурабай жатыр
түсіп шалқасынан.

Көркем көл көз
алдыңда дөңгелейді,

Қарасаң жағадағы
жартасынан.

Көзінен көбік
атып жасын құйып,

Тәкаппар тау
біткенге басын иіп,

Жасылкөл
тербеледі, теңселеді,

Жағаның жатқан ұйықтап тасын сүйіп.

Оқжетпес шың
қиядан жерге түсіп,

Суынан сіміреді
шөлдеп ішіп.

Түнде де, күндіз
түгіл, суреті

Тұрады текшеленген көлге түсіп.

Сергітіп тұла бойды майда лебі,

Айнадай
жарқыраған Айнакөлі.

Мөлдіреп аспан
жүзген айдынында,

Қазақтың
Айнакөлдей қайда көлі.

Болмайды кәлдері
мен тауын біліп,

Тастаған
қиялыңды табындырып.

Шортанды
көрінбейді қарағайдан,

Қасына
жеткеніңше сағындырып.

Қараған айдын көктің жүзіне көп,

Мұнда да сұлулық бар өзіне ерек.

Шайқалған шаңқай
түстің.,аспанындай,

Тұнады тұнығына көз мөлдіреп.

Ақ басты
айдаһардың апанындай,

Тау кезген
қарақшының жатағындай

Көкшеде үңгірлер бар, кәрі тарих

Сақтаған
кейінгіге қата қылмай.

Сырлассаң бара
қалып үңгірлермен,

Күмбездей жауап
беріп күңгірлеген.

Солардың
адамизат жаралғалы

Аттарын әлі
қойып үлгірмеген.

Даланың
төсіндегі тұнған
аспан,

Кол болып келе
жатыр құрғамастан.

Көкшетау - шежіресі халқымыздың,

Көп ақын күңіреніп жырға қосқан.

Құйылған көк тастардан ұлы түлға,

Көкшені болмайды
ешбір ұмытуға.

Тоңса егер
топырағы, кеудемді ашып,

Дайынмын
жүрегіммен жылытуға.

Көкшетау көп аңсаған қиялы елдің,

Қалайша көкірегіме сияр менің.

Шөлдесе со бір
жердің көк терегі,

Көпсінбей, көз жасымды құяр едім.

Әр жердің
үкілеген бар еркесі,

Тұңғиық терең көлі, тау өркеші.

Бәрінен кербез Көкше асып түсер,

Болса егер сұлулықтың жәрмеңкесі.

Жарқ етіп аспанында көк семсері,

Көктемнің басын
шайып өтсе селі,

Жан-жаққа жұпар
иісін таратады

Көңілі күндей
жомарт Көкше сері.

Көркіне көзі
тоймай атыраптың,

Тұрады биігінде жарқырап күн.

Желпиді бетіңнен
кеп сұлу Көкше

Көк-жасыл
қанатымен жапырақтың.