ВЕРНУТЬСЯ

    Нұрды
көрсең

Жапырақтан
мөп-мөлдір,

Күнді
көрсең

Көкжиектен
төккен нұр,

Гүлді
көрсең

Сұлулықтан
өткен бір,

Көктем
бұл!

Жерді
көрсең

Жасыл
иә көк теңбіл,

Сеңді
көрсең

Ағыстағы
- өткен жыл!

Селді
көрсең

Ағып
жатқан өктем бір

Көктем бұл!