ВЕРНУТЬСЯ

   Жөнелді сол
бетімен ол ұзаққа,-
Қыпшаққа, арғын,
үйсін елі жаққа.
Бихабар бес жыл
өтті;
Жиделіде
Шығарды
оңбағандар оны жоққа:
Азғырда
аңыз-өсек балалады,
(Ауызға кімің
қақпақ бола алады):
Ол бірде құла
түзде сауысқан мен
Берінің азығына
баланады.
Біреулер оны
қайта тірілткенде,
Шығарды құл екен
деп түрікпенде.
Тағы бір
айтылуда: «қобызшыдан
Қыз алып, шекті
деген тұрыпты елде»,
Ит дұшпан табады
екен жоқты, зады:
Өзенге оны кейде
жұтқызады.
Ойнатып
құлағымен ақбоз атты,
Ұрының жетегінде
жортқызады.
Өтірік бәрі
соның шуылдаған,
(Ызасы жаудын,
әлі суынбаған.)
Ел берді бес жыл
ұдай берекелі
Ықылас, дәм-тұзы
мен суын да оған.
Ол өтті
дариядан, көліңнен де
(Арқада
мөлдіреген жөлің кем бе).
Басынан құм
баласы Құрманғазы
Шалқыды тау,
қарағай көрінгенде.
Орманда, мөлдір
бұлақ жағасында
Сын, кінә
табиғатқа тағасың ба?..
Қоздырып құс
базарын шешен бұлбұл
Сайрайды таң
сәріден тағы осында.
Бұлбұлды бұл
өлкеде досы қанша,-
Қазақтың күнде
думан көші қонса:
Күлгені,
жылағыны, туғаны - күй,
Өлгені тіріледі
күй шығарса.
Аққудың
қобыздағы әні қандай!..
Саз бар ма бұл
ғаламда анық ондай?!
Боздайды жер
түбінен жетім бота;
Сорлы жан содан
өзін танығандай.
Аяйсың
Маралдының «Жез киігін»
Өзгеден ала
қашқан өз күйігін;
Іздейсің осы
маңнан жануардың
Басына талай
шыққан боз 'биігін.
Елсізде екі
зарлық қосылар күн -
Сыртынан
аңдығаны өші бардың:
Ғашықтар
зиратынан байғұс жылап,-
Қобызда бәрі
қалған осылардың.
Қазақта дала жоқ
қой қаңыраған,-
Ыза-шер, бақ
дарытқан тәңір оған.
Әзелден әр
толқыны сырға толы
Арқаның әні
қандай аңыраған!
Арқаның ас
тойынан кім қалады?..
Дабысың сонда
ғана тыңдалады.
Қызбелде ақын,
әнші салысқанда
Күнің мен өз
жайына түн қалады.
Шешеннің
естігенде шын атасын,
Өзіңді өзің әрең
ұнатасың;
Көкшенің күн
шалмаған ақ қызы мен
Салына өнеріңді
сынатасың.
Ал, сонау
Алатауда үйсін ақын
Сөзі бар
қапелімде қисынатын.
Ол елде шаңқобыз
бен дауылпазға
Өзбекше майысады
биші қатын.
Бір аршын
домбырасын сабалаған
Сайрамда тиіседі
саған ағаң.
Өлеңнің неше
түрлі жәкетайын
Қосылып алты
келін соғады оған.
Бір білсе «қонақ
кәде» болатынын,
Алмайды бұл
өлкеде дала тыным.
«Алатау» күйін
тартты Құрманғазы
Асында ұлы
жүздің Дулатының.
Күйің мен ала
жаздай жарысып ән
Сый келді
Сиқымынан, Жанысынан!
Армансыз
шарықтады асыл өнер,
Жаралған әз
жігіттің жаны сонан.
Қазақтың
даласында бес жыл ұдай
Құрманның
еркелігін кешті құдай.
Отыр ол осы жолы
шекті келіп,
Көрінді көк
жиектен кеш бүгін ай.
Батыстан баяу
самал жылымдаған,
Ырымшыл Құрманғазы
жылынды оған:
Жайыққа
жолаушының жолын тілеп,
Жұлдыз да бүгін
тегіс жымыңдаған.
Шадыман
Құрманғазы ұғынды олай.
Өзгеден ол
бақытты бүгін қалай?-
«Арғынның адвакаты
ақтап алып,
Жын соққыр
Әбубәкірдің жығылғаны-ай!»
Келеді елге
қайтып осы өлеңмен.
Хан-зада! Енді
қалай ол сенен кем?..
Ол бүгін азат
болған ақ бас аға,
Өнері баяғыша
өршеленген.
Өзгеше құндыз
берік бұрынғыдан,
Кең шалғай ішігі
де бұлыңғырдан.
Жеккені көк
шанаға екі жирен,
Жетіпті жер
түбінен бүгін Құрман.
Жол жүріті
түнделетіп, азандап та,
Жетіпті жер
түбінен Қазанғапқа.
Қазанғап аңсаушы
еді «'бір көрсем, деп,
Азап-сор,
әлдеқайдан қазам жоқта».
-        Ассалаумағаләйкүм!
-        Уағаләйкүм...
- Ініңмін алдан
шығып ағалайтын.
-• Қазжан-ай,
өнерліде аға бар ма?..
Жетпейді менің
көзім оған айқын.
Осылай жетім көңіл
босағанын,
Өзі де сезбей
қалды осы ағаның.
Ай жарық; түн
ішінде келін шығып,
Түбінен сәлем
етті босағаның.
Жан еді Қазанғап
та асқақ үнді;
Қазанғап пірім
деді басқа кімді?!
Ол да бір қазан
дауыл домбырада
Шертетін заман
салған бастағыңды.
Бетенге бүгін
есік ол аша ма?-
Құрманды
қабылдады оңашаға.
Күйшінің қонақ
үйі күндізгідей:
Қойғызды он
шырақты он ашаға.
Бүгінге екеу ара
;өзі ұғардай
Оңаша емін-еркін
сөзі бардай.
Батамен
бауыздалды бір жабағы -
Мәслихат ұзақ
таңға созылардай.
...Шығыстың сөз
басталды Жоңғарынан,
Қаратау, Қарлы
таудың заңғарынан,
Сарнаған
сахараның сазынан да,
Бұрынғы,
бүгінгінің заңдарынан.
Және сөз
қасиетті ән дарыған
Ертіс пен Есіл,
Нұра аңғарынан,-
Баршаны баяндады
Құрманғазы
Осынау сапарынан
аңғарылған.
Ақтарды неше
түрлі сыр асылын,
Алмады домбыра
да сірә тыным:
Аңсаған бір
көруді екі машық
Кезекпен төкті
күйдің сұрапылын.
Бір сәтте Құрманғазы
- Болды,- деді,
Шыныға шайды құйды,
балды жеді,-
Жә,- деді - осы
қазақ әр тайпыда
Аталас, құда,
жиен, балдыз еді.
Көп көрдік
пақырыңды сорақының
«Өзімнің
сүйегім» деп соратының;
Қызғанып өзге
жаннан өлгенде де,
Тығады бір
төбеге соны ақырын.
Ол емес, енді
бақсақ, нәсіліміз:
Ол ғана- нәмәрт
туған нас ұлыңыз.
Осынау үлкен
елдің үнін ұқпас
Болғанбыз тосаң
құлақ асылы біз.
Әулеті қазақ
жұрты Сарыарқаның.
Кім оның түгел
сарқып сорар қанын?..
Ағайын алтау
емей, біреу болса,
Патшаң мен қанша
бүлік салар ханың.
Қобызда, домбырада
- ендігі үнде
Ұрансыз
ұйқтағаның елдігің бе?..
Білсекші: неше
мәртә ат үстінен
Алғыздық
еңіреген ерді кімге?..
Жә, Қазжан! Өн
бойыңда тың бар күшің.
Сен менің
«Сарыарқамды» тыңдармысың?..
Бір хадар ұнар
болса, үйреніп қал,
Мақтаншақ саятшы
да құндар құсын.
Қазанғап
қадамайды сұғын босқа,
Күдіксіз күй
сарыны бүгін басқа.
-        Құреке! Құдай медет!.. Бастатыңыз,
Иншалла, шарам
кәне ұғынбасқа...
-        Құрманынын. бір сұс келді миығына
Қолды қол
уқалады иі қыла;
Жарты кез көк
сақалын екі айырып
Лақтырды жар
төбедей иығына.
Ақ басты
айнымаған дөң қыраны...
Селк етті;
қатты қақты
домбыраны.
Күтпеген адам
дереу шошығандай
Күй болды
құдіретті осы қандай?!
Әлде бұл тау
тасқыны сарқырама;
Ендеше, соның
соңы сарқыла ма?..
Ғаламат
сұрапылды бәлкім аспан,
Қайтеді,
дауылпазы шарқ ұра ма?..
Бітпеген жанар
тауда көз қалды ма?..
Жоқ, әлде теңіз
тентек қозғалды ма?..
Мүк басқан ескі
кеме мүрдем кетіп,
Аралдан
қарауытқан аз қалды ма?..
Жоқ, әлде байтақ
дала сілкіне ме,
Жылай ма ақ
бәйбіше, сылқым ене?..
Боз орда
ақтарылып, бота боздап,
Аулақта
шұрқырайды жылқы неге?..
Қалың ту жер мен
көкте желбіреп те,
Тас түйін тар
келді ме жең білекке?
Батагөй бабаң
тұрып қол жайды ма
Оятқан ойды, қырды
зеңбірекке?..
Әйтеуір дүние
бір дүрлігеді.
Бұл неткен
қүдіретті бірлік еді?..
Долы жан сабап
барып домбыраны,
Сағадан
саусақтарын бір бүгеді.
Күшті ме
жалындаған өрт осыдан,
Мүхиттай бұл
сағатта ол тасыған.
Қайран ер қайта
барып шүйлігеді-ау
Аңсаған
арманының ортасынан!
Дегендей: «Анық
көрер салтанатым,
Қайратым қалың
қолдан сол табатын,
Жоғалтса екі
басты самұрық пен
Хан тақсыр,
патша құдай, сұлтан атын!
Шалқиды көшікен
елдің қиялдасы,
Сор-азап соңғы
туған күй атасы,
Түп-түгел көз
алдыңда қозғалады
Өлкенің өзен,
тауы, қия тасы.
Бар екен
өзі-дағы ойлағандай,
Ұзақ жыл
сағындырған ұлы ағаңдай,
Әлгіде біткен
күйді әлі тыңдап,
Қазанғап отыр
ойда уланғандай.
Ісі жоқ оның
өзге күйіңмен де,
Жұмыссыз
қонағыңмен, үйіңмен де.
Апыр-ау, қайғы,
шаттық қайда кетті?..
Әлгі бір қатты
соққан құйынмен бе?..
Жалғыз-ақ
күлімсіреп күрсінеді.
Бұ да бір кек
дауылмен көрші ме еді?..
Мұның да осы
жүрген залымдарға
От шашып,
ойнағанын көрсін елі!
Сол беттен
Қазанғапты бұрман қазір.
Асыл жан
Ақтөбенің бір маңғазы.
Ол отыр әлгі
күйді әлі тыңдап,
Қасында ұйықтап
кетті Құрманғазы.