ВЕРНУТЬСЯ

Шыңырау түбін ұсынып,Сансыз ой қамайды мені.Тағдырым жүгін ұсынып,Көкегі санайды нені? Құмырсқа әлін ұсынды.Алмаймын десем де болмай.ЖоқшылықЖоғын ұсынды,Қал енді десем де қалмай. Ақ қысқа таяды күн,Ағаштар жалаңаштанды тағы да.Батырларындай баяғының,Жалаңаш шабатын жауына.Шабайын десем –жауым да жоқ,Қиратып тастар едім бір.Даулайын десем –дауым да жоқ,беймәлім жасқа келдім бір. Көңілім көлмен көрші еді,Бір сәтке тынып та көрмеді.Құдай-ай,қандай ерсі еді,әйелдің қырыққа келгені.