Өршелене ұйытқыған
өтті бүлік,
Жатыр дала манаурап, көк тынығып.
Ай нұрына
шомылған қарашаш түн
Тас үңгірдің қойнына кетті кіріп.
Адымдаймын дем ысып, денем жылып,
Басын ала қашады өлең-күлік.
Күнге қарай созылған күдер жолда
Кең дүниеге тамсанып келем жүріп.
Сірессе де сіреу қар күтірлеп бір,
Тұл
боранға не үшін түтілмек бұл?
Тебінгідей аспанда тегене-күн
Аппақ нұрға,
дариға-ай, шүпілдеп тұр.
Түнек түнмен қоштасып жыры біткен,
Құба
таңнан көз алмай құнығып мен,
Күнге төсеп келемін маңдайымды,
«Ұласса
деп жылылық ұлылықпен».
- 510 просмотров