ВЕРНУТЬСЯ

          Сен мені тәрбиеле,

Сыйынбай-ақ әулие, әмбиеге,

Осы ауылда ес біліп, етек жидым,

Ғашық болып жұртымның ән-күйіне,

Тәртібіне көндір де, тәрбиеле.

Сезімімді төгейін сел ғып бөлек,

Тізгінімді тарта ұста, кергітпе көп.

Көкмойнақ жыр - ұмтылған
көкжиегім

Көкмойнаққа қора емес, кеңдік керек.

Жалына оның жабыс та бара салып,

Күшің жетсе, бас білдір қалаша ғып.

Тақияда тамтығым қалмаса да,

Тойдан тобық сұраман
аласарып.

Қараша ауыл - әз анам, асқақ әнім,

Әз анамнан басқа әнді бастамадым.

Қас-қабағын бағайын, көндір мені,

Дұрыс
десең анамды тастағаным.

Гүлдің таңғы мәуретте төгер шығы

Өзіңе арнап мен жазған өлең сыры.

«Махаббатым» деп саған хат жолдасам,

Оны ап ұшқан
осы ауыл көгершіні.

Арзу-тілек тілеген жол шегерде,

Ақ махаббат жалын ғой, ол сөнер ме?

Көндір
мені, ақынның махаббаты

Қиянатқа бастайтын болса егер де.