ВЕРНУТЬСЯ

       Француздар келіп жатыр полкке,

Еңлік көктем еркелейді шашып нұр.

Жақсы болды біз үшін,

Офицерлер асханасы ашық тұр.

Француздар,

қызық, тегі, мінезі,

Зеңбіректі айналшықтап көреді:

«Қанша адамды жайпайды екен бұл өзі?»

Білмейді екем мен оны.

Комбат айтқан:

«Шылым берсе, алмаңдар!»

Heгe алмаймыз?

Түсінбеймін мұны да.

Дала - рақат.

Сай-жырада қалған қар

Барады өрлеп қарт Кавказдың шыңына.

Шіңкілдеген жетеді үні құлаққа,

Майор Бурцов қонақтарды тілдейді:

- Мәдениетті-ақ халық сынды,

бірақ та

Бұлар неге орыс тілін білмейді?