ВЕРНУТЬСЯ

      Бексұлтан
Нұржекеевке

      Шыққан бір жерін
сұрасаң,

Шыңылтыр аяз, шың,
асу.

Өткен бір жолын сұрасаң,

Үзіліп...

Қайта ұласу...

Омпы да түсіп, бүк түсіп,

Алшы да түсіп, шік түсіп,

Омырыла құлап,

Орнынан

Қайтадан тұрып
мықтысып;

Теріс те ағып, оң
да ағып,

Аққан да сайын долданып,

Жалама жартас, таз
қойтас,

Он рет қайтты, он
барып, -

Тентек десе, дегендей екен мына су

Теперіш көрген шығар ол,

Тепкілеп жатса кемерді.

Теріскей құлап, өрге
ақса,

Теңсінбейтін шығар төменді,

Сөкпейік, жұртым,
оны енді.

Етекке түскен көп арық,

Арнасын бүзбай жөн ағып,

Аяғы құрдымға
сіңіп,

Жоғалып,

Момын болғанда не көрді?

Қанатын Тентек жайсын бір,

Қара бет тасты пергілеп:

«Басылып қалған байсын қыр,

Басыңды көтер енді», - деп.

Сөкпейік, жұртым,

Сөкпейік...