ВЕРНУТЬСЯ

      Қырық күн болды қыс кіргелі,

Ауыр нәубет жетті елге.

Кетіп қалды құстың
көбі

Басқа мемлекеттерге.

Ода оқиды қарға таңнан

Мәртебелі кысты ән ғып:

«Мен хан едім арғы атамнан,

Құл еді, - деп, - құс барлық».

Айтсын қарға,
десін құзғын,

Сайран етіп кең ішін.

Ерте кеткен есіл күздің

Қырқы бүгін мен үшін.