ВЕРНУТЬСЯ

          Аты еді бұл
айтыстың «Қашты - қуды»,

Жұрт
кеу-кеу. Жігіт дайын. Бәс тігулі.

Толқыннан суырылған ақ сазандай

Қарсы жақ алып шықсын жас сұлуды.

        Мен:

       «Ақ тегене дегенде, ақ тегене,

Үлкен де емес, кіші емес, шақ тегене.

Жауабыңды жүзбе-жүз айта алмасаң,

Жібермей жүрсің жазып хатқа неге?».

       Қыз:

      «Ақ тегене, ендеше, ақ тегене,

Үлкен де емес, кіші емес, шақ тегене.

Ойлағаның
мүлтіксіз болар еді-ау,

Шығып қапты-ау сақалың, әттегене-и-и-и».

Сөз тауып айта алмадым өзге мүлдем,

Көздерін кетті ол алып көздерімнен.

Бір сипап құрып
қалғыр иегімді,

Тапсырдым домбырамды өз қолыммен.

Сол ару әуес екен сырға тіпті,

Сан тойда шанағымды жылатыпты.

Домбырам бақытты ғой менен гөрі,

Жо-жо-жоқ, мен өзіммін шын бақытты.