ВЕРНУТЬСЯ

       Бас почта. Әсем хауыз шүпілдеген,

Әріде палаухана түтіндеген.

«Қағылез қара бала» жүрді осында

Газетін Алматының күтуменен.

Әлінше әркімдер де аулап көрген

Қара өлең топ киік қой саулап келген.

Немесе бауыры бұлақ
бір кез мая,

Ол соның ботасы еді аулақта өрген.

Жараған арғымақтай қарап алға,

Шаһардың гүлзарларын араларда,

Дүние көз алдында нұрланатын,

Өйткені ол ғашық еді бар адамға.

Шыршықтың шық тұнған
шақ шалғынында,

Шомылып жан дүниесі таңғы нұрға,

Қайырып ыңғайтөкпе Қашағаннан,

Қайтарып сал Құтбайға салды мұнда.

Кейде өзін кішісіне балап елдің,

Кейде өзін пірі түтты бар әлемнің.

«Жаңғыртты даусы талай ақ залдарды»,

Ол дауыс дауысы еді қара өлеңнің!

... Бас почта.
Әсем хауыз шүпілдеген,

Әріде палаухана түтіндеген.

Қағылез қара бала жүр осында

Газеттен бір жаңалық күтуменен.

Хиуаның базарындай

Қызығы сарқылмаған,

Әлішер ғазалындай

Әлі де паң тұрған
ән.

Әлі ешкім ертегі етіп,

Әлі ешкім таппаған үн -

Қозымдай еркелетіп,

Қозадай баптағаным.

Сен бе едің селді күйім,

Мың құбыл
ырғағымда.

Кездестің, кермиығым,

Мырзашөл қырларында.

Шәйіге бөлеп мұнда,

Аршын төс келді көктем.

Бір жауын керек қырға

Кеберсіп ерні кепкен.

Бір жауын нөсерлеткен

Керек боп түр маған да -

Күндерден есем кеткен

Озайын жырлап алға.

Салты бүл серілердің,

Шық тағы ақ отаудан.

Бұлақ-ән
мені көргін

Құлаған
Қаратаудан.

Қол бұлға,
сындарлы бақ,

Боласың ырза сен де.

...Керек қой бір бал бұлақ

Құт мекен Мырзашөлге.