ВЕРНУТЬСЯ

    MTC жанынан курс ашып, оған мектеп оқушыларынан ересек балалар тартып, соңғы екі-үш жылдың беделінде кадрларын мықтап күшейтіп алған Сардарбековтың бұл
мезетте сұратқан шаруашылықтарға қажетті техника күштерін мерзімінде бөліп қамтамасыз етіп тұрсам жетпей ме деп, өзге жұмыска мойын бұрмай аяғын алшаң басып қақ-соқсыз еркін жүре беруіне әбден болар еді. Беймарал ол
тірлікті ұнатпады ма, немене, жоқ жерден тағы бір нәрсе ойлап тауып, өзін апарып тығырыққа тіреді де қойды. Тығырыққа тірелмес еді, төңірегіндегілер түсінбей азапқа салды. Колхоздың шөбі орылмай жатса да бұдан сұрап, ол қора басына заматында тасылып жеткізілмесе де бұдан сұрап, егіні шықпай қалса да бұдан сұрап, ол
уақтысында суғарылмай қурап кетсе де бұдан сұрап, құрғыр құлағы қиқудан арылмай қойғасын қайтсін - ә
дегеннен шу көтерген со іске бел
шешіп, қызу кіріскен. Ол -«Бөрібай» тоғанын аршып, жаңалап қазу мәселесі еді. Алғаш сөз болғанда аудандық партия комитетінде ол
үлкен дауға айналған. Жұрт екі жарылып, өзара дай-дай

айтысып кетіп еді, Шөребек, Нарқоспақ бастаған топ; «Ізбені
көміліп, өшуге айналған «Бөрібай» тоғанын жаңалап қазудың қанша қажеті бар?
Онан да қалаған жерімізден жаңа каналдың жобасын сызып, соны қазып, арнасына су
жүргізсек, немене, күш-қуатымыз жетпей ме?» деп гуілдесіп ере түрегелісті.
Олардың бұл ұсынысына Шернияз бен Сейтжан қарсы болды.
Аудандық комсомол
комитетінің бірінші секретары боп қызмет істейтін Сейтжан Байзақов сол екі
ортада Шөребек пен Нароқоспақ тарапынан «сен туыс ағайыңның сөзін неге сөйлейсің» деген ұрыс естіп қалды. Бірақ еменнің балауса шыбығындай тез қатайып өсіп келе
жатқан жас жігіт ол қыжыртпадан қорқа қоймады -
ағасының сөзін ұстап, алған бетінен қайтпай табандап тұрмақ болды.  Сейтжан інісінің жаста
болса ойын түсініп қолдағанын жанына медет тұтқан ағасы өз идеясының
дұрыс-тығына көзі жетіп, одан сайын беки түскен. «Жиырма километрге созылған
бұл тоғанды игермей басқа жерден қазу шаруашылықты екі есе шығынға отырғызу
деген сөз,- деп сөзін орнықты, сабырлы бастаған.- Қайткен күңде де «Бөрібай»
тоғанын қолға алу қажет. Арнасын топырақ көміп, басып қалған ештемесі жоқ.
Даңғыл қолдай сайрап жатпаса да көненің көзіндей боп кергілтеніп жатқаны рас. Төрт-бес
экскаватор төрт-бес жерден тұра қалып, тісті нән ожауын топыраққа көсіп салып,
тоғанды ұзына бойы жаңалап қазып шықса болды. Арнасы су тілеп қаңсып түрған
ескі тоған қара тасқын боп арқырап ала жөнелейін деп тұр. Оның үстіне өткен ғасырдан
жеткен көне мұраның бәрін бірдей «күні біткен» деп белінен бір-ақ тартып, сызып
тастай беруге бола ма? Бұның өзі халық атына ұят нәрсе ғой.
Болашағы жоқ жаңадан тегінде замана соқпағында сыналып, халықпен
бірге жасасып шыңдалған
-көненің өзі артық, жолдастар! Біз
әсте осыны естен шығармауымыз
қажет!»  Дау ұзаққа созылған. Екі жақ та бір-бірін жеңісе алмаған. Қасына су мамандарын ертіп ақырында бірінші хатшының өзі даулы тоғанды аралап көріп, жай-жапсарымен жете таныспақ болды. Қызылжардан бергі тұста даланың бір жақ шекесін

айырып түскен семсердің ізіндей боп ырсиып ашылып жатқан тоғанды
қазған-ертеде өткен Бөрібай есімді диқан кісі еді. Содан «Бөрібай» тоғаны
аталып кете барған. Заман өзгеріп, ұрпақтан ұрпақ ауысқан сайын о да ауыздан
ауызға көшіп әлі ұмытылмай келеді. Өткен күннен бір белгі деген осы. Әйтпесе
бағзы заманда диқаншылық кәсіппен ғұмыр кешкен қайуана қазақтың есімі Бөрібай
екенін бүгінде кім білер еді. Бір-бір жарамды ат ерттеп мінген Шалахметов бастатқан
комиссия тоғанды ұзына бойы жағалап көріп тексеріп шықты.

- Шернияз, бұ
тоғанды аршып, жаңалап қазу керек дегенді неге сүйеніп айтып тұрсың?-деген
хатшы ойлы жүзін директорға бұрып. Алда осындай сауал қойыларын жіті
бағамдаған ол тіпті іркілмеді.

-        Кеңес
Шалахметович, сұрағыңыз өте
орынды,- деді салмақты жауап бермек
болып.- Бабаларымыздын, түнде жұлдыздарға қарап жол тапқан ұлы жобасына сүйене келе Бөрібай диқанның тоғанды осы жүлгені
қуалап тегін салмағанына
көзім жетті. Себебі,
байқайсыз ба, осы тоғанның жағалауышан өзге өңірдің шөбі түгел күйіп кеткен.

-        Бұ неліктен деп ойлайсыз?

-        Осы жүлгенің ұзына бойында жер астының мол суы
бар. Соның ызасы жер бетіне теуіп, өсімдік атаулы сол ылғалдан нәр
алып, жаппай көктеп өсіп тұрғанын өзіңіз де аңдаған боларсыз.

-        Әлбетте.
Бұ айтқандарың көңілге қонады. Дегенмен, аңдысын аңдап кергенде
артық емес шығар,- деп «сендердің бұған алып-қосарларың бар ма?» дегендей жанындағыларға зер сала қарап еді. Олар мардымды ештеме айта қоймады. Бәрі жүздерін от
шарпығандай назарларын төмен жығып, бүгежектей берген. Хатшының оларға көңілі толмады. Сосын Шерниязға қайта бұрылып:- Онда айтыңызшы, таңдаған жерімізден басқа жаңа
канал казуға болмай ма?-деген әлі де ішін ашмай тұйықталып.

 

-        Heгe болмасын - болады. Бірақ ол біз
ойлаған дәрежеден сәтті шықпайды. Талас тартылғанда арнасынан су ақпай бірге тартылады,- деді Шернняз барынша сенімді жауап беруге тырысып.

-        Heгe?

-        Байқайсыз
ба? Қырғыздың Алатауынан
басталған Талас осы өңірден қарағанда шығыстан батысқа қарай жосылып ағып жатқан
секілді көрінеді. Шынында сөлай.
Ал Қызылжарға құлағанда
оңтүстікке кілт бұрылады да,
тас лақтырым жерден батысқа кайта ойысады. Бөрібайдың құлақты Қызылжардан ашқан себебі міне осыған байланысты.
Алыстан арқырап жеткен таудай бұйра толқынның Қызылжардың кемеріне екпінмен соғылып,
тоғанға қарай жойқын күшпен төңкеріле ақтарылып, арна қуалап өтетін көнелерін
жақсы білгем.- Хатшы директорды байыпты тыңдады. Сосын:

-        Дұрыс. «Бөрібай» тоғанын аршып, жаңалап қазу жұмысы осы таяу күндердің ішінде жедел қолға алынсын,- деді кесінді байлауын бір-ақ айтып.

-        Кеңес
Шалахметович, бұныңыз не?
Жаңа канал қазып жағаға шығамыз ба десек, ендігі жерде өстіп Бөрібайдың ескі тоғанында топырлайтын болғанымыз ба бәріміз бірдей!-деп Шөребек пен Нарқоспақ қосам- жарланып жарыса сөйлеп келе жатыр еді.

- Жә, жетер енді!-деп хатшы
қабағын шыта жақтырмай оң қолып қалт көтеріп қалды.

Екеуі жым болды. «Бөрібай» тоғаны бұдан кейін де көп
уақытқа дейін қолға алына қоймады. Кеңес Шалахметович аупарткомның қаулысьш
шығартып, бір данасын директордын, қолына ұстатқанмен әлі ырың-жырыңы бітпеген
шаруа еді. Төрт-бес бульдозер, төрт-бес экскаватор, оншақты жәшік арба,
отыз-қырық кетпенші бөлініп, білек сыбанын, жұмысқа жаңа қызу кіріскен мезгілде
жоғарыдан келте бұйрық түсті. «Бөрібай»тоғаны үзілді-кесілді тоқтатылып, оның орнына
Таластың ұзына бойына жалғасып жатқан шаруашылықты кектеп ететін бір ғана арналы
канал қазылсын депті. Бұл айтуға ғана жақсы болғанымен іс жүзінде мүмкін емес
нәрсе-түғын. Себебі бұл жоба бойынша канал жүргізілсе қырғыздың Алатауынан
басталып, сонау батыс көкжиекке сіңіп, қазақтың құмын жастанғанға дейінгі
аралыққа созылып, алып айдаһардай сан мың бүктетіліп; .бұратыла жосылған тарлан
Таласты екі-үш тұсынан қиып өтуге тура келер еді.

Сонда қалай? Таластан бастау алған канал бір айнала беріп, қайта өзіңе құйып, қайыра бастау
алып, одан қозы көш жер ағып барып тағы өзіне құйып, тағы бастау алып үздік-создық
созыла бермек пе. Жо..оқ, бұның жиі
бола қоймас. Шалахметов пеи Сардарбеков осыны айтып енді облысқа
шапты. Қызылкөл ауданының картасын стол үстіне жайып жіберіп, Таласты, Талас
бойын сағалаған шаруашылықтың жер
ерекшелігін кеңінен түсіндіріп, жаңа
каналдың жобасын бетіне сызып көзге шұқып көрсетіп,
бұның мүлде дұрыс емес екенін дәйекі дәлелдеп,
қызылкеңірдек боп айтысып, табандап отырып алды. «Бөрібай» тоғаны қайта сөз боп, қайта талқыланды. Шернияз жаңа нұсқау
ап шауып тоған басына келсе, жұрттың алды тарап үйлеріне кетіпті. Нарқоспақ та кетпеншілерін
соңынан шұбыртып ертіп, бұл арадан тайып тұрыпты. «Басқа басқа. Осы тоған
бітіп, арнасына су туссе, алдымен Нарқоспақ ырысқа кенелер еді, Ырысқа кенеліп,
кім-кімнен де иығы асып, айбынданып жүрер еді. Соған да миы жетпегені ме,
жазған құлдың!»- деп Шернияз ызадан жарылып кете жаздады. Үйлеріне кеткеи
кісілер кері қайтарылды. Жұмыс қайта қызды. Арада жиырма шақты күн өткенде
«тоған қазу жұмысы үзілді-кесілді тоқтатылсын» деген келте буйрық ентігіп тағы
жетті. Шернияз ауданға шапты. Кеңес шырылдап облысқа телефон соқты. Ақыры болмағасын
бірі - хатшы, бірі - директор екеуі кол қойып, астанаға жедел телеграмма
жөнелтті. Емнің дауасы осы болды. Телеграмма қолға тиісімен салып ұрып астанадан комиссия келді. Олар
«Бөрібай» тоғанын әрі тексеріп көрді, бері тексеріп көрді. Арғы жағасына да шығып қарады, бергі жағасына да шығып қарады. Ұзындығын өлшеді, енін өлшеді, тереңдігін өлшеді. Минутына қанша текшеметр су
ағатынын есептеп білді. О, қандай жайылым, егістігі болса да молынан жетеді
екен деп желпіністі.Астанадан айбынданып жеткен комиссия жаңа ка-

налдың жобасымен де танысып шықты. Бірақ оны
көргенен жаратпады. «Бұны ұсынып,
тықпалап жүрген кім?» деп қабақ
шытысты. Сөйтіп бәрі бірдей осы «Бөрібай» тоғанына
тоқталып еді. Әдепкіде қызу
қарқынмен басталаған жұмыс жоғарыдан әлгіндей келте бұйрық түсе бергесін еркін
бауыр жазып кете алмай кібіртіктеп, қыбыр-жыбырмен жүріп

алды. Жұмысшылар көтерем аттай тұяғының ұшымен өлімсіреп
әзер қимылдайды. Беті айтабақтай
нән салмақты кетпеннің жүзін қара топыраққа бойлата
көміп, құлаштап сыртқа лақтыратын баяғы карқын атымен жоқ еді. Бұл өгіз
аяңмен бір жыл емес, он жылда да қазылып бітпейтінін іштей сезген Шернияз тоған
жұмысын қайткен күнде де
жандандыруды кездеді.
Көпшілікпен тіл табысып, жағдайды түсіндіріп айтып,
қайта-қайта

жігерін жанумен болды. Қазақтың бір мінезі кейде көкірегін
қасірет жайлаған, бірақ бұл күнде кайта түлеген қарт Қаратауға ұқсайды. Құзар
шыңын мұзды мұнар шалып, төсін найзағай осқылап, тілім-тілім еткен қарт Қаратау
қандай төзімді болса, қазақ та сондай «өнбіс, көнтерлі еді. Coнay ықылым заман
- жер түбінен бірге жасасып, талай әлемет сұмдықты бастан бірге өткеріп келе
жатқан қос тарланның жаратылыс-болмысы да кейде бір секілді көрінеді. Мүмкін
содан болар, әйтеуір қазақ десең - Қаратау, Қаратау десең -- қазақ көзге
елестейді. Қазір бүйығы тыныш тұрғанмен сонау ақтабан шұбырындыдан аман қалған
Қаратаудын нар тұлғасында қайсарлықтың өшпес даңқы бар-ды. Құзар шыңы, ақшыл
жүзі дауыл борап, бұршақ соғып, жаңбыр шайған сайын өршелене кеуде тосып,
шаң-тозаңнан тазарып, бұрынғыдан да жалтырап жарқырай түсер еді. Сол
мінез

Қаратау жұртында да бар көрінді. Шернияз қытығына тие сөйлегесін бе, кім білсін, әйтеуір
өмір бойы сілкінбестей көрінген бұйығы
қазақы жігіттер жоқ жерден қай-раттанып,
білектерін сыбанып, жұмысқа жалана кірісіп, аруақтанып
кетісті. Қайың сапты ақ алмас нән
кетпендері тоған табанына кірш-кірш бойлай еніп, сыз қап-қап ақ керіш
топырақты жентек-жентегімен
сыртқа атады, құдды бәрі
парылдап өрге салған кілең жүйріктер секілді:
бірі мен бірі жарысып, құлаштап еркін сілтескеңде қара жердің өзі қақ жарылып, арна ашып, ығысып жол
беріп жатқандай сезілді. Шернияз астындағы күрең жорғаны
тебініп тоған жағасына кеп жігіттердің кетпен сілтесін қызықтап тұрып қалып
еді. Кенет әлдекім төбесінен асыра ақ керіш топырақты кетпенімен серпіп атып
жіберді. Шернияз ат үстінде бұғып үлгерді. Ақ керіш топырақтың бірде-бір түйірі
не бетіне, не шашына шашырап тимеді. Әдепкіде соған қуанды. Әйтсе де бұны қатты шам көріп «бұкім болды екен?» деп жалт қараған. Қамшының сабына симай жүрген
қуақы қарулы жігіттердің бірі шығар
деп ойлаған-ды. Олардық бірі болғанда «бұның не? Қай
мазағың?» деп жер-жебіріне жетер ме еді, қайтер
еді. Абырой болғанда әрі-бері
өткенде жеңіл әзілмен өзін бір іліп қап жүретін Қаранар жеңгесі боп шықты. Ол екі
туып, бір қалған етжақын ағасының әйелі емес. Тиген күйеуі исі Ойықтың бірі
болғасын қазақ рәсімімен Шерниязды қайным деп жәй әшейін әзілдеп ойнай беретін.
Қазір де сол әдетіне басып:

-        Қалай, қайным,
тоғанды мерзімінен бұрын
қазып бітіре алатын сыңайымыз бар ма?-деп жымсынып күліп тұр. Соның арасынша:

-        Өй,
пәлі, мына Қаранар жарады. Жағаға атқан топырағың анау-мынау емес, тура деректірдің төбесінен асырып
жіберді-ау. «Күш атасын танымас» деген осы.

-        Енді
қайтсін. Деректір қайнысы әрі-бері жорғамен ағызып өтіп көз қырып салмағасын «күшімді байқадың ба?» деп әдейі қыр көрсетіп тұрғаны да,-
десіп, сөз баққан жұрт кәдімгідей елеңдесіп, кеу-кеулеп бара жатыр еді.

-        Әттең не керек,-
деді қайнысы да кулана жымиып,-
қасыңыздағы жігіттер де сізден калыспай құлаштап сілтей  білгенде, несін айтасың, жұмыс әлдеқашан
кызған болар еді.

-        Оу„ деректір жолдас!- деді
осы кезде Дәулеткерей бет-өңіріне түгел төгіліп кеткен моншақ терін
дәс-орамалмен сүртіп жатып. Үні салмақты шықты.- Жігіттерге бұдан артық не істе
дейсің? Қара жерді бауырдай тіліп, қақыратып-ақ келеді емес пе, түге.

-        Араларыңда жалғыз жеңгем бар
еді. Бәрін жиылып, сол жеңгемнен құлаш оздыра алмағандарың ба?

-        Жөн,
жөн.- Дәулеткерей сөзге қайта
араласты.- Бұрын осы тоғанды
алғаш қазғанда Бөрібай бабаң табанында турып нән кетпен ақ керіш топырақты жағадағы
түйелі кісінің тебесінен асырый атып жіберетін еді. Енді сол Бөрібайдың бүгінгі ұрпағы - сендерге не болған
дейсің ғой баяғы.- Шернияз да уәжден ұтыла қоймады.

-        Бөрібай бабамыздың сол ата
күші осы күні Қара нар сияқты жеңгемізге дарыған ба деп ойлаймын. Қара нар десе
Қаранар-ау өзі де. Көрдің бе кетпенді қалай- қалай сілтейді, ә!-деп қыбыр қана
сөйледі. Дәулеткерей шама-шарқын жақсы білетін кісі еді. Қаранармен күш сынасып
опа таппасын сезіп:

-Бұрын жұрт «Байтал шауып бәйге алмайды» деуші еді. Заманына қарай тазысы деген рас-ау өзі. Құданың құдіреті осы күннің байталы да
бәйгеден шауыл озып келе бастаған жоқ па!-деп елеусіздеу кекеп күлген болды. Тоғаншылар бұны түсінбей қалмады, әрине. Түгел түсінген.
Кімді кекеп, кімді мінеп түрғанын да жіті аңғарған.

-        Әй, Дәуке-ай! Осы «Бірлік»
аулындағы жалғыз құрдасым өзің едің. Қаржасатын басқа кісі таппадың ба, немене?
Араларында жүрген жалғыз әйелдің күшін сөз етіп... бұ не ғылғандарың?- деп
Шернияз қынжыла тіл қатып еді. Дәулеткерей оны шыбын шаққан құрлы көрмеді.

- Мықты болсаң
қазып көрші өзің. Немене, атқа мінген қазақ жалғыз сенбісің. Қарауыл төбеге
қадаған найзадай шаншылып қапсың. Кәне, түс аттан!- дел жағаға ытқып шығып
ай-шай жоқ тізгінге жармаса кетті. Шернияз құрдасының бұл қылығын неге жорырын біл-

меді. Қалжыңы шығар дейін десе -
онсыз да топырақ, шаң басқан қарақожалақ жүзі қабартып, суық көрініп, түс
бермеді. Шыны дейін десе - шоқтай жалған көздерінде күлкі шашырап тұрғандай
сезілді. Қапелімде екеуін де жыға тани алмады.Шернияз көз қиығын жайлап тастап
еді. Өзгелер де бұлардың аңд-ысын
аңди капты. «Қайтер екен?» деп бәрі

бірдей міз бақпай өзіне қадалып тұрғандай. Күрең жорғадан қарғып түсіп, дереу қайың сапты нән кетпенге
ұмтылды. Қара жұмысқа шынында қарайып қапты. Қанша күшенгенмен бәрібір
жеңгесінен асырып, жағаға серпіп топырақ тастай алмады. Лақтырғаны бергі
ернеуге дүңк-дүңк түсіп жатты. Өзі, бірақ ұзаққа да шыдамады, он бес-жиырма
минутқа жетпей ырсылдап, тез барлығып қалды.

-        Әй, қайным-ай, ағаш сапты қаламұш
болмаса, қайың сапты кетпенге жоқ екенсің сен де. Уақытты босқа алмай әкпел кетпенді.
Бұ саған беті айнадай жалтыраған қызыл стол емес, сырғытып жазып, ыздиып отыра беретін,-
деп қолынан кетпенін алып жатып қайнысын тағы да түйреп өтті. Кетпенге қандай мәттақым
болса сөзге де сондай ұста көрінді, Шернияз жауап айта алмай тосылып қызарып
кетті. Жұрт жарыла күлгенде көмейлерінен бір топ бала торғай пыр етіп ұша жөнелгендей
болды. Шернияз сонда барып бір-ақ түсінді. Дәулеткерейдің әлгі қылығының
бәрі әдейі жорта істелген қыл-жақ екенін жаңа ұғып:

-        Әй, қу
Дәуке-ай! Тамам жұрттың
алдында сойылмен соқпай мені сілейтіп салдың-ау.
Қалжыңың қолыңдағы кетпеніңнен
өткір, қылжағың қаржасудан өктем болар
ма. Білсемші бұрын!-деп бас шайқап өзі де дауыстап күліп жіберді.

-        Қайным-ау,
оған сөз бар ма. Бұлар сен құсап ел басқармаса да, сол елдің сөзін баққан қу сирақтар
емес пе. Бұларды бөзбен тұсамасаң сөзбен ұстаймын деп әсте ойлама,- деп Қаранар жеңгесі өзіне болысқан боп осы түета ез ойын коса білдіріп қалды.

Көңілі жүйрік Шернияз жеңге сөзін қапысыз таныды. Тоғаншыларға істеген еңбегіне қарай
әр он бес күн сайын жалақы төленіп тұратын еді. Кассир ауырып қалды ма, немене,
келетін мерзімінен үш-төрт күн жылжып өтсе де төбесі қылтиып әлі көріне
қоймаған. Соған көңілдері алаң боп, жол бойына әлсін-әлсін күн сала қарап,
іштей мазасызданып жүрген-ді. Қаранар жеңгесі «қолымызға бірдеңе тиетін уақыт
болған жоқ па, қай-

ным; сол
азын-аулақ тиын-тебенге қарап ауыз ашып аңырып отырған бала-шаға, кемпір-шалды қашанғы
тарықтырып қоямыз» деп ашып айтпаса да, соны тұспалдап жеткізіп тұрған сыңайы
еді. «Бұларды бөзбен тұсамасаң сөзбен ұстаймын деп әсте ойлама» дейді.
Қалай-қалай сілтейді, о. Тігісіңді жатыстырып, жыртығыңды жамап отырып-ақ
тігіңнен тұрғызып кетеді. Іс, жөн білетін көсем дісілер осылай сөйлемегенде енді
қайтпек еді.

Шернияз жеңгесінің
жаңа бір қырын енді танып, таң-тамаша болды да қалды.

 

- Сәл шыдаңыз, жеңгесі. Ертең осы уақта кассир де шаң беріп қалар,- деп қалай уәде бергенін
сезбеді. Тоғаншылардың
мүддесін көздеген боп әлгіндей тұспалға көшкен Қаранар, шынын айтқанда, бәрінен
бұрын өз жайын ойлап еді. Шиеттей бір үйлі жан бір өзіне қарағасын еркектермен бірге
амалсыз тоған жұмысына шыққан. Оның үстіне әр он бес күн сайын қаза қылмай үлестіріп
беріп тұратын жалпақ көкала ақшасы да көзін

қызықтырып, осында еріксіз жетелеп алып келгендей болып еді. Куйеуі Есіркеп
кешегі сұрапыл соғысқа қатысып, Сталинград түбінде болған қиян-кескі ұрыста
ауыр жараланып, содан алты ай бойы сарғайып төсек тартып жатып жазылып шығып,
әйтеуір отбасына сүйретіліп әзер жеткен кембағал кісі-тұғын. Қапелімде қалай
жараланғанын да білмейді. Бөксесін ала әлдене жойқын күшпен соғып өткендей
бопты да, іле өзін жерден көтеріп ап құрық созым жерге әкеп бір-ақ атып ұрып
жіберіпті. Одан әрі өзі де айта алмайды - естен танып қаппын дейді.Өзін
госпитальға қай кезде, қалай жеткізгенін де білмейді. Есіркеп кірпігін эзер
қимылдатып, көзін әрен ашқанда дәрігерлер қуанғаннан шу ете қапты. «Енді өлмейсің!»
дескен. Бір жеті бойы ес-түссіз сұлық жатқанынан қауіптеніп «әй,.
мал-болмайды-ау!» деп бәрі де біржола үміт үзсе керек. Госпитальдан соң
Есіркепті соғысқа жібермеді. Бас дәрігер кабинетіне жеке өзін қабылдап,
снарядтың жарықшағы тиіп, сегіз көзін опырып жібере жаздаған жарақат орнын
соңғы рет қарап керіп: «Жігітім, сен үшін

осымен соғыс бітті. Еліңе қайт!» деп кажетті қағаздарым қолына ұстатып,
есік алдында жылы қоштасып қала берген. Кезінде бұл сұрапылдан Есіркеп те аман келемін
деп әсте ойлаған жоқ-ты. Кейде соны еске түсіргенде: «Қайта көрер жарығын-,
татар дәмім бар екен. Елге тірі оралдым ғой, әйтеуір,- деп тәңіріге тәубе
айтып, іштей мінәжат етіп кояды. Сонан соң жүзіне сұсты ызғар теyiп:--
Сталинград үшін болған сол жойқын ұрысты енді қайтып құдай басқа бермесін,
Солдат біткен қынадай қырылды-ау! Солармен бірге қаншама мың қазақ жер жастанды,-
деп тістеніп бірауық үнсіз қайғы кешіп, іштен мұжылып таусылып салбырап отырады
да, кенет шақша басын шалт көтеріп ап екі көзі шапыраштанып:- Тегінде қазақты
жамсатып кеткен ұрыс та осы Сталинград майданы болды» деп шақ-шақ етіп дәлелдеп
маңайындағы елді үркітіп бітетін. Содан кейін айыз тауып үйде отыра алмай
жұмысқа шығып еді. Өзі секілді сынық арбаны үш-төрт ай бойы

ойға, қырға шойнаңдап айдап жүрді
де, содан ақыры бір күні белінен шойырылып төсек тартып жатып қалды. Міне, содан бері әр күні жылдан ұзақ,
әр жылы ғасырдан ұзақ табаны күректей жеті-сегіз жыл етсе де Есіркеп, бірақ
сегіз көзден құрсаулап ұстаған дауасыз қырсық дерттен құлан-таза айығып кете
алмады. Қара нар тегінде құлан сүйек қайсар әйел еді. «Ажал аузынан тірі
оралған арыстай азаматымды көрер көзге бүйтіп

мүсәпір етіп қоймаймын; қайтсем де емдеп жазам» деп қолы қалт еткенде
жылқының іш майымен белін, қос қара санын, тізесін, балтырын майлап, массаж
жасап сылап-сипаумен болды. Күндердің күнінде бөксесіне жан кіріп, тіршілік
белгісі оянып, аяғының ұшын қимылдататын дәрежеге жетті. Содан араға біраз
уақыт салғанда сегіз көзден құрсаулап ұстаған қырсық дерттің зәрі қайтып, етегі
сөгілген бұлттай әлсін-әлсін ыдырап жоғалып келе жатты. Осы көктемнен бері үйге
өзі кіріп-шығып жүр еді.  Күйеуінің
төсектен тұрып, аяғын бір басып, екі басып қалт-құлт етіп алғаш жүрген сәтін
көргенде: «Қатарға қосылдың ба, жоқ па?!» деп егіліп жылап жіберген. Көңілі
толқып босаған Есіркеп те көзіне жас алған. Бірақ бұл қуаныштан туған көз жасы
еді. Қаранардың тоған жұмысына шығуында міне осы секілді сыр бар-ды. Ертеңінде
айтылған мерзімде тоғаншыларға ақша

берілді. Қаранардың
қолына бүл жолы да көкала жалпақ қағаздар молынан тиіпті. Еркек пішіндес сом денесімен Шерниязға бұрылып жақындап келді де, бір уыс қағаз
ақшаны қобыратып қолына ұстата
салды.

-МТС-тың дүкенінде түсі ашық мата, қант-шай мол көрінеді. Осыған үйге қажеттің бәрін
жеткенінше ала келсең қайтеді, қайным. Шернияз жеңге
меселін қайтара алмасын табанда

сезді. Әдепкіде «ана кассирге беріңіз,
қалаған бұйымынызды сол-ақ тауып әкеледі ғой» деп бір оқталып
тұрдыда, артынша ол ойынан
тез айныды. «Берген ақшамның  жарымын жеп кетеді» деп оған сенбей тұрғанын аңдап үндемеді.

-        Жарайды әкеп берейін,-- деп қобыраған
мол ақшаны қаттап қойын қалтасына сүңгітіп жіберді. Қаранар бұрыла беріп: -

-        Өзім-ақ барар едім кісі жұмсағанша...
Құрғыр тоғаннан босамай тұрған жоқпын ба!- деді. Сұранса Қаранардай сыйлы
жеңгені жұмыстан кім босатпайды. Бірақ өзі сұраңғысы келмейді. Бір күн болса да
тоған қазып, ақша табайын деп ойлайды. Шернияз

жеңгесінің бұл
ойын да арыдан жазбай таныды.

II

Жаз ортасы ауа шабындық жерлерін орып, шөптерін жиып үлгерген кейбір
колхоздың шаруасы жиын-терін боп кәдімгідей дөңгеленіп қалып еді. Азын-аулақ
егіндерін ору комбайнер мен трактористерден артылмады. Acтық бастыруға да көп
адам қажет болмады. Сонсоң қалғандары не істейді. Қауырт науқан саябырлап, жұмыстан
қолдары босаған олар енді аяқтарын көсем созып үйлерінде алаңсыз демалып жатпақ
болған. Бірақ екі-үш күннен артыққа шыдамады. Оның үстіне «ойбай, несін
айтасың, дүииенің ен байлығы тоғаншыларда көріне-ді. Дәулеткерей деген
кісі тоған қазып екі жетіде бәлен

жүз сом табыс тапса, Қаранар
деген бір әйел одан асып
түсіп, үйіне қыруар ақша
әкепті. Сірә, өзі де қажыр- қайраты
ерен нән қатын болса керек. Табанда тұрып кетпенмен құлаштап лақтырған топырағы жағасындағы атты кісінің төбесінен асып, енді сондай
жерге барып бір-ақ түседі дейді.
Ақшаны көсіп солар алмағанда енді кім
алмақ еді. Шабындық деп
жотадан қылтанақ орған, егістік деп
аңыздан масақ терген колхоздың біз секілді тесік
өкпелері ондай мол табысты, сірә, түстерінде көретін шығар» деген қаңқу сөздер
де бір жағынан дүңк-дүңк естіліп,
намыстарын шабақтап мазаларын алып бітіп еді.
Сөйтіп қолы бостар үйде
қатын-баланың кіріп-шыққанын аңдып, босқа сарылып көз талдырып тоздырғанша кішкене ел қатарлы тірлік
етіп, табыс табайық деп ойлап,
кетпендерін арқалап лек-лек боп тоғанға ағылған. Араларында тіпті әйелдер де,
жас өспірім жігіттер де бар еді.
Солар ескі жүлгенің бойын
қуалай қаз-қатар тұра қалып, бір деммен еркін сілтескенде
тоғанның үсті ұлы дүбірге айналып жүре берді. «Бөрібай» тоғаны күн өткен сайын
күллі Талас өніріне үлкен дабыра-дақпыртпен жайылып жатты. Сонымен  бірге Шернияздың есімі де айбынды естіліп
қалып жүрді. Соңғы кездері оны хатшы да аузынан тастамады. «Шернияз Сардарбеков
болмағанда бұл тоғап қолға ертерек алынбайтын еді. Шернияз Сардарбеков басы-қасында
түн қатып, түс қашып тікелей өзі жүрмегенде тоғанның әлі жарымы қазылып
бітпейтін еді» деп оны басқаларға үлгі ете сөйлейтін болған. Бүл
Шөребекке де, Нарқоспаққа да ұнамады, әрине. Бірақ екеуі де ірі-

ңін ішіне жасырған бітеу жарадай құр сыздап,- тырсылдағаны болмаса
сыртына сары суын сығып шығара қоймап еді. Бірде шаруашылыкты аралай шыққан
Шөребек қасына Нарқоспақты ертіп жолай тоғанға соқты. Басы Қызылжардан
басталып, Ойық даласын қак жарып өтіп, сонау Қызылжиекке дейін үзыннан-ұзақ
созылған тоғанның жағасында жал-жал үйіліп жатқан жас топырақты көріп, біртүрлі
тіксініп қалса да қапелімде сыр білдір-

меуге тырысты. Сыртына бар түгі
теуіп сұрланып алған ол төңірегіне ызалы от шаша карағанда сол
өңірдің шебі түгел өртеніп,топырағы
күлгін түстеніп күйіп кетер--

дей сезіліп еді.

-        Құдайдың ең жазық даласымен
тоғанды түзу тартудың орнына жыландай мың бұратылған қара жылғаның бойымен неге
қисық қазасыңдар. Өкіметтің ақшасы босқа шашылып жерде жатыр деп ойлайсыңдар ма
Tyгe.- Шөребек тоғаншылармен жүз көрісіп, жөн сұраспай жатып келе соқтығысып, ұстаса
кетті. Тоғаншылардың бірі бұның мәнісін түсіндіріп өтпек болды.

-        Шөке, әуелі әр бұрылысқа зер
салыпкөріңіз. Сонан соң түсінесіз тоғанның неге бұлай қазылып жатқанын.- Ол Шөребектің
жүзіне таңырқай қарады,-Шөке, бұрылыс сайын шабындық, егістік алқаптары екенін және
сол тұстардан құлақ ашылатынын шынымен білмей тұрсыз ба?

-        Әй,
сенен кім сұрады, а!
Айтшы?!-Ат үстінде таралғыны үзердей
шіреп, сызданып тұрған Шөребек әлгіге қамшы үйіріп екіленіп жетіп барардай сұстана қадалды.

-        Бәрібір біреу жауап беру керек
қой.-Ол бұл жолы да саспады. Шөребекке тіктеліп тура қарады.- Әйтеyip, қашан келсеңіз де төбемізге найзағай ойнатып
жетесіз.

-        Ол аз.
Төбелеріңе жай түсіру керек сендердің.-сөзге енді Дәулеткерей араласты.

-        Шөке,
осы ауданға кеп қызмет істегеніңізге біраз жыл
болды. Бірақ осы уақыт ішінде
аузыңыздан шыққан бірде-бір
жылы лебізіңізді ести алмай пұшайман
күй кештік. Бұ қалай?-деді сабырдан аспай.

-        Немене, сендерді әке-көкелеп жұмсауым
керек пе?

-        Әке
де, көке де деме. Бірақ аяғы көктен
салбырап түскен жалғыз дөкей сен
болсаң да... былай нетіп... сыпайы келші елге. Әйтпесе қорқып өтіміз жарылып
кетіп жүре ме, кім біледі. Шөребек оған жақтырмай ала көзімен
ата қарады да, сол бойда атын сауырға бір тартып, тоған маңынан ертерек ұзап
кетуге асығып желе шоқыта жөнелді. Нарқоспақ соңынан ере шапты. Олар сонау
кырқадан әрі асып, құлдап төмен түсіп, төбесі көрінбей кеткен сәтте кетпеншілер
орын-орындарынан қозғалып қалысты. Ойда-жоқта желімдей жабысып, желкемізден
түспей қоятын жыбыскы пәледен құтылдық па, жоқ па дейтін

тәрізді.

-        Қайран Дәуке-ай, қасқыр талағандай етіп
бездіріп жібердің-ау! Бұ тоғанның қарасын енді қайтып өзі де көрместей болған шығар,- деп Дәулеткерейді көтермелеп жарамсақтанып қалды.

-        Жоғ,
ә. Үндемегенге үйдей пәлесін
үстіңе үйіп, есіріп барады түге.
Өстіп меселін қайтарып қоймасаң күндердің күнінде әлдеқашан қурап, ақ сүйек болған бабасының өлімін де
сенін мойныңа қиып салудан жүзі жанбайды бұ зәйталақтын.!- деп шытынған Дәулеткерей есіне әлдене түсіп одан сайын долырды.- Өткен жылы «жайылымға жайып жүрген қарауыңдағы
сиырларды күйіне үш дүркін неге
суғарып тұрмайсың» деп жер жебіріме әбден жетіп еді. Енді кеп
«тоғанды неге түзу қазбайсың?» деп
жынын бүркеді ғой кісіге. Өзі істің жөнін
бідмейді білгенге көзі шапыраштанып білектей қамшысын ала жүгіреді, Осыған сеніп ел басқартып қойған... Өй, өкімет те әшейін...- Ол ызалана
қолын

қалт сілкіп
қалды.

-        Бәсе, десеші... Қой, оны. Сөз
етудің өзі артық.- Бәкене сары да тыжырына қолын сілкіді.- Өткенде aнa «Қызылжиде»
колхозының басқармасы Бозтайлақ екеуінің  расында болған кикілжіңді естідің бе?

-        Жоқ.

-Онда тыңда.- Бәкеңе сары қызық әңгіме айтатып ісі құсап қулана жымиды.-
Әлгі Шөребек күзде, күйек үскенде екіленіп жетіп келіп: «Heгe саулықты қолдан ұрықтандыруды
тездетіп аяқтамайсыңдар!» деп бір зіркілдепті. Бозтайлақ шашы буырыл тартқан
жасы үлкен кісі болса да сабыр сақтап, онда бір үндемепті. Биыл көктемде: «Төл
алуды қысқа мерзімде бітіреміз деген міндеттемелерің неге жоқ!» деп екі
зіркілдепті. Бозтай-лақ екі үндемепті. Шөребек сонымен тынса жарар еді-ау. «Әй,
мына қой неге егіз туды, ана
қой неге жалқы туды? Малға ала-құла қарағанды қашан қоясың, а!» деп уш зіркілдепті. Бозтайлақ қанша бітеу болса да сол жолы шыдамапты. «Шырағым, ондай құдіретің бар болса, менен несін
сүрап бас қатырып тұрсың. Үйдегі келін балаға
өзің неге жыл сайын қос-қостан бала таптырмайсың?!» деп тарс
жарылыпты.

-        Шөребек
не депті. He десін.- Бәкеңе
сары әуелі ірк-ірк күліп алды.- Бозтайлақтың кекесінді ашулы жүзіне аңырып қарап
тұрып-тұрып; «Ақсақал-ау, ол мүмкін емес нәрсе ғой» депті. Бозтайлақ: «Ендеше
мынау да сондай мүмкін емес шаруа» деп қайырылмай бұрылып жүріп кетіпті.- Енді
екеуі қосыла күлді.

-        Әй, өзі таза миғүла екен-ау, кім білген
сырын?!- Бұны айтқан - желкесін, самай шашын сипалап шиқ-шиқ күлген бойы жерге
жамбастап жата кеткен Дәулеткерей еді.

III

Күні бойы үйқы соғып, жаңа түс ауа оянған Қауынбай төрге төселген құрақ
көрпе үстінде ұйқысын аша алмай пысылдап аз-кем отырды да, кешелі бері бықсып ашып
тұрған асау бозаны үлкен керсең кесеге құйып, шімірікпей тартып жіберіп тысқа
шыққанда, үйіне бетке алып қатты жүріп келе жатқан екі салт аттыны көрді. «Бұлар
кім болды екен?» деп маңдайына алақанын тесіп, күн сала қарағанша олар да
сыдыртып жетіп келді.Қауынбай қаңғалақ қағып, екеуін де қолтығынан демеп, аттан
өзі түсіріп алды. «Шөке, ат-көлігіңіз аман ба? Қайдан жүрсіз? Өзіңізді көріп марқайып қалдық қой түге!» деп
Шөребекке бір елпектеді. «Нареке, көңіл-күйіңіз қалай? Ашық күндей жайдарлы
ма?» деп оған екі елпектеді. Бірақ екеуі де бітеу жарадай сызданған қалпы
еріндерін жыбырлатты да қойды., Олардың не дегенін Қауынбай тұрмақ өздері де
естімеді. Содан қашан үйге кіріп жайғасқанша тіс жармады. Сыйлы екі кісінің өз
үйіне арнайы ат басын тірегені басқадан бұрын Қауынбайдың өзіне жақсы болды. Кешелі
бері бықсып ашыған асау бозаны қанша құнығып ішсе де бәрібір мейірі қанбады.
Быламық татып, құр ішін кептіргеннен басқа түк бітірмепті. Қазір қарнын түртсең
піспеген қарбыз секілді сыртына симай тырсылдаған қалпы дүңк-дүңк етеді.
Нарқоспақ атқа бөктерген екі жасты қызылала коржынды ішіндегі екі-үш шишасымен салдыр
еткізіп алдына тастай салғанда шешесі ұл тапқандай қуанды. Қатынын сол бойда
шай қой деп тысқа айдап шықты. Өзі мына ертеңгісін сегіз жасар баласы бағып
кеткен малға шапты. Отары күндегі өрісінен онша ауытқып табан аудара

қоймапты. Әп-сәтте сыдыртып жетіп келді. Үй іргесіндегі алашаңыт дөңестен ұзап
жайылып көрмеген мал қайбір ет алып оңсын - қайсыбірін ұстап көрсең де тірі
қаңқа

денеге жүнді теріні жәй әшейін қопсытып қаптап қойған кілең арық-тұрақ
бірдеңелер еді. Бес жүз бас тоқтыны апай-тұпай етіп, әрі-бері кезіп, аралап
жүріп пышаққа ілінер біреуін әзер тапты. Кешелі бері ішкен бозанық зәрі бетіне
быршып тер боп шығып, әрі ызаға булығып домыққан Қауынбай:

-        Әй, жүгермек, малды осынша құртып
құлдыратып жібергенің не? Былай... шебі шүйгін қырқаға ұзатып жайсаң немене...
табаныңнан сауып омалып қалдың ба?-деп жекіп ұрыспақ еді, одан:

-        Өзің ғой осы дөңнен табан
аудармай жай деген. Биыл ит-құс көбейіп кетті. Шаңқай түсте де шауып жүре ме,
кім біледі деп қорқытып, ана сиырбүйрек ұзын жоңға ұзатып жаюға рұқсат
етпедің,- дегеи жауап естіп аузына құм құйылды. Сегіз жасар баласы шегедей нық
көрінді. Мына жаман неме кісі боп қапты ғой деп ойлады. Әкелік мейірімі

оянып:

-        Мейлі
еркің білсін. Ұзатпасаң ұзатпа. Өткен жылғы Байсерік құсап қасқырға қырғызып ап соның кебін киіп жүрмейік, әйтеуір. Нағыз масқара сонда болады,-

деп алдына орташа коңы бар қоңыр тоқтыны өңгеріп ап атын тебініп жөнеле берді.

Құдайдың құтты күні
қой соңында салпақтап, ертеңнен қара
кешке дейін күн өтінде жүрген бала қаталап шөлдегенін жаңа сезіп, мана
ертеңгісін ашымал құйып алып шыққан қозы қарынға ұмтыла қол созып еді. Шуда
жіптен тоқылған ат дорба ішінде қозы  арынның
салпылдап бос жатқанын көріп, ызадан жарылып жылап жібере жаздады. «Ең болмаса
таңдай жібітер бір тамшы су ала келсе кайтеді ақыры ат сабылтқасын» деп әкесінің түйсіздігіне күйінді.  Жаңа
әзірде осылай қарай атын билете бастырып асығып келе жатқан әкесін алғаш
көргенде баланың сәби жүрегі қуанғаннан атқақтап тулап кетіп еді. «Е, әкеме ақыл
кірейін деген екен. Өзі малға ие боп, мені үйге қайтармақ-ау, ә!» деп біртүрлі
сеніммен ойлаған. Сөйтсе ол босағасына ат басын тіреген сыйлы кісілерге атап

соятын тоқты-моқты
алып қайтуға ғана кепті. Баласының алып ұшқан көңілі су сепкендей басылып,
жаман боп кетті. «Шөлден қаталап елдім, алда-жалда сусын жеткізіп бер» деп
айтуға да шамасы келмеп еді. Ол әуелі бозала таңнан бозаны боздатып іліп, төрге

қалың көрпе төсеттіріп, ұзақты күнге аунап быршып жатқаннан басқа сынық
шөптің басын сындырмайтын кержалқау Қауынбайға бала боп туғанына өкінді.
Қауынбайға бала боп тумасам бүйтіп иен далада табаным тасқа тілініп, ернім
аңызақ желге тілініп, сансырап сандалып қой бақпас едім деп ойлады. Алашаңыт
ала дөңестің үстінде әр жусанның түбіне пытырай шашылып жайылған мал соңында
ертелі-кеш салпақтап жүрмесем бүйтіп қаталап шөлдемес едім деп ойлады. Қаталап
шөлдемесем әке қаперсіздігін сезініп, одан безініп, айдалада жападан-жалғыз құса
кешіп, аңырамас едім деп және ойлады.   Күн
әлі бесінге құлай қойған жоқ-ты. Бала енді қанша қаталап шөлдесе де бәрібір бір
отар тоқтыны иесіз тастап кете алмасын сезді. Жалпақ жотаның шаңын ас-

панға будақ-будақ көтеріп,
тырқыратып үй жанына қуып
айдап баруға әкесінен қаймықты. Оның кейде аяқ  астынан мал жандылығы ұстап, адам
жанын жегідей жеп құлдыратып жіберетіні бар-ды. Бір жағы содан сес- кейіп, бір
жағы шыдамдылық таньггып, онсыз да ала жаз бойы осы алашаңыт дөңестің топырағын
жалап жұқарған малдың бүйірін солықтатып қуып барғанда шығар ұшпағым қайсы деп
және ойлаған. Кешке малмен бірге

бір-ақ қайтайын десе тұла бойын буған шел қысып, аңқасын кептіріп, әкетіп
барады. Ғайып құдіретімен көк аспаннан сорғалап алда-жалда жалғыз тамшы тамар болса
соны жерге түсірмей тандайымен қағып алар алмағайып күйде. Баланың көмейіне
өксік тығылды. Көз алды қарауытып, басы айналғандай болды. Кенет тереңнен
шымырлап қайнап шыққан мөп-мөлдір таза сынап секілденіп, көзінен бір түйір жалғыз
тамшы бетімен сорғадай ағып, жылан қaбыршақтанып кеберсіген ерніне кептеліп
тұрып қалды. Бала оны сол заматта тілімен жалап, жұтып жіберді. Қышқылтым кермек дәмі сезілмеді. Таңдайы бал татып тұрды. Өз көз жасы
еді. Бұдан кейін ол өзінің не
істеп, не қойғанын білмеді. Санасы әлдеқалай бір ашылып қалғанда өз үйінің жаз шыға
қоздаған бір тұсақ қойын жанұшырып арсы-күрсі қуып жүргенін аңдады. Одан едәуір
уақыт өткенде алапат күшпен оны жығып салып, быршып терлеп ырс-ырс етіп
алқынған бойы жанталасып емшегін еміп жатқанын аңдады. Бұл мезетте баланың
әкесі мана өңгеріп алып кеткен қоңыр тоқтыны қонақтарына атап арнап сойып, мүшесін
бұзып, жарты етін түгел баспен қоса қазанға салғызып, буын бұрқыратып асқызып
жатқан. Алғашқы шайдың өзінде едәуір кезек алып жіберісіп, дастарқан
жиналар-жиналмаста үшеуі бірдей тысқа дүркірей

көтеріліп шіреп шыққанда буын-буындарына арақтың буы аздап түсіп үлгергенін
андасты. Әдепкіде үшеуі де тәлтіректеп барып іле түзеліп кетісті. «Атаңның
көрі... өз арақтарын өздерінен аяймын ба. Әр кезекте шыны кесеге толтыра құйып
беріп, екеуін де сирағы ұзын нән арық серкедей серейтіп жығып салайын бүгін. Көрсін
менің кім екенімді» деп Қауынбай әлденеге іштей бекінді. «Қазағым, қазағым» деп
отырып жолдасын қабан

қанжармен тартып жіберіп, атын тебініп шу деп жөнеп беретін каззаптың
ертеде көп болғанын тарихтан жақсы білетін Шөребек, неге екені белгісіз,
әйтеуір осы жолы қасындағы басқармаға күдіктене қарады. «Байқап ішпесе болмайды-ау,
сірә. Ана қол қусырып, қызмет көрсетіп құрметтеп жүгіріп жүрген можан-топай
қойшысын қайдам. Нарқоспақ қанша дос-жар кісі болғанмен ішкі есебі мықты,
қарнының терең қатпарында бір бүкпесі жатқан сұңғылы ғой. Барын алдыңа тосып, арақ-шарабын
қоса ішкізіп, өзіңді сөйлетіп қойып, ішіндегіні айнаға түсіріп біліп отырады. Кезегі
жеткенде мана әзірде өзіне арнап атап сойған қоңыр тоқтыдай оп-оңай құрбанға
шалып жіберуден жүзі жанбайды. Қой, алдында сыр бермей етек-жеңімді жинап,
жинақы отырайын» деп өзінше сақтық жасаған болды. Сол жерде дудамал көзбен
қарап сезіктенгенмен, алайда ол. Нарқоспақтан бәрібір суып кете алмасын ескермеді.
Екеуі бір-біріне көзге көрінбейтін жіп арқылы байланысқан, бірінсіз бірінің
күні жоқ екенін де ескермеді. Өзге ұсақ-түйекті былай қойғанда жазғы сойыс, қысқы
соғымның кімнен артынып жетіп тұратынын жә-

не ойламады. Нарқоспақ
бүл екеуіне қарағанда әлдеқайда шанымды көрінді. Шөребек сай жағалап өздерінен ұзай
бергенде Қауынбайға бұрылып:

-        Ана шаруа не болды?- деп құлағына ақырын
сыбыр етті. Нарқоспақ биыл көктемде туған жаңа төлден елу қозьны, он бұзауды,
он құлынды есепке қостырмай жа-

сырып қолда
ұстап қалып-еді. Алла жазса соларды кейін өсіп жетілгенде шетінен кертіп жеп,
ырзығыма жаратып шіреп отырсам, немене, шекем шылқылдай ма деп ойлаған. Өткенде соларды күні бұрын реттеп қоймақ болып, Қауынбайға арнайы соғып, кімде
қанша бұзау, қанша құлын, қанша қозы бар екені көрсетіліп жазылған тізімді қолына ұстатып, көп ұзатпай осыларды түгел жиып ал деп
жеке өзіне сеніп табыстап, ұқтырып

кеткен-ді. Қауынбай да үйден шыққалы соны қазір сұрап қалар деп жауабын іштей
әзірлеп келе жатқан.

-        Бәрі
айтқаныныздай орындалды,. басеке.- деп лып
етіп екі қолын көбелектің қанатындай жазған бойы кеңістік ауада кесекөлденең сермеп қалды.

 -        Соларға енді
өзің ықтиятты бол.- Ол қысқа нұсқау берді де кеп аялдамай қонағына беттеп
жүрді,

-        Рахмет,
басеке. Сеніміңіздеи қалайда шығуға тырысам,-
деді Қауынбай басқарма колхоздын, жарты билігін
құдды бүған беріп, біржола
жарылқай салғандай-қолп ете
түсіп. Осы мезетте Қауынбайдың
есіне ана жылы соңына екі-үш баланы ертіп, балық аулауға Таласқа барғаны түсті.
Әдепкіде қармағы қанданып, май шабақтан өзге мардымды ештеме іліге қоймап еді.
Соған ызаланған Қауынбай ендігі мезетте тез жиналып басқа жерге қо-ныс аудармақ
боп ойланып тұрғанда кенет қармақтып қалтқысы суға шым батып, іле әлдене
дүркіретіп сүйрей жөнелді. Қауынбай қапелімде абдырап қолындағы құрықтан
айырылып қала жаздады. He де болса қанды басың бері тарт деп қармақты қапқан
нағыз дүлейдің өзі көрінді, Езуі жырылып кеткенше жойқын күшпен жұлқынып, су
астын қылыштай тілгілеп, әрі-бері ағып, жүйткуі соны аңғартқандай. Әккі
Қауынбай құрықты

жерге тастай беріп, жібінен
сауадалдап ақырын тарта бастаған. Оқтаудай жараған нән шортанның өзі
еді. Аздан coң жағада тулап, құйрығымен жер сабалап жатты. «Қауынбай нән шортан
ұстапты» деп ауылдастарының таңырқап шулығатынын, бұл хабардың олар үшін «Қауынбай
шпион ұстапты» дегеннен бірде-бір кем түспейтінін ойлап, іштей тәтті қиял
кешкен ол қармакты енді құлаштай сермеп, көкелеріңді жаңа таныған шығарсыңдар
дегендей жанындағы жас балаларға масаттана жүз бұрып қарай берген. Сол
сәтте көзі шарасынан айналып
шығып кете жаздады. Ой, сұмдық-ай. Бұндайды кім көрген бұрын?! Қасындағы қу баланың бірі мектеп оқулығынан
оқып білгені ме, жоқ естияр-біреулерден
естігені ме, әйтеуір май шабақты шортанның аузына апара беріп
еді. Шортан өзім де ажал аузында - жағада тұншығып жатырмын, енді қайтем
демеді. Аузын арандай ашып, әлгі май шабақты қылғытып әп-сәтте жұтып жіберді.
Одан екіншісін қылғытты. Үшінші май шабақ та алдыңғы екеудің ізімен кетті.
Қауынбайдың көңілін енді әуестік биледі. Өткір бәкімен шортанның қарнын жарып
қарап еді, әлгінде ғана жүтқаи май шабақтың үшеуі де ішінен бітеу шықты. Бұған
тағы таңырқап, жағасын ұстап талып құлап қала жаздаған

Қауынбайдың ендігі әңгімесі жатса да, тұрса да сол: болды. Мен өткенде
жеңді білектей шортан ұстап, қайтер екен деп аузына май шабақтың бірін апара
беріп едім, сабазың қылғытып бір-ақ жұтты деді. Арада апта өткенде ұстаған
шортаны тай шабақты бір-ақ қылғып жұтқан болып шықты. Одан ай өткенде май шабақ
та, тай шабақ та жайына ұмыт қалды. Нән тәңге балықты шайнамай бір-ақ жұтты деп
соқты. Арада жарты жыл өткенде бұл әңгіменің желісі мүлде өзгерді. Бұл уақта Қауынбай
да өз өтірігіне өзі сұмдық иланып қалып еді. «Анада күзде кебе қозыдай екі нән
шортан ұстап, енді үйге қалай көтеріп жеткізерімді білмей қатты састым емес пе.
Сосын Таласқа бір сүңгіп, қайтып жағаға шық-

сам екі шортанның біреуі жоқ. Олай қарадым - жоқ, былай қарадым - жоқ. Табан астында жер жұтып қойғандай бәрібір табылмады. Сосын
«қалғанына құдай береке берсін» деп әлгі жалғыз шортанды үйге әкеп сойып қарнын жарайын.
Мәссаған... сендерге өтірік, маған шын... жаңағы іздеп жүрген екінші шортан соның
ішінен салаң етіп бітеу күйінде тұтас шықты» деп тіпті өсіріп айтып жіберді.
Жұрттың бірқатары бұған жөнді сене қоймай: «Шортанды шортан жұта алмайды» деп қарсы
уәж айта бастап еді. Қауынбай олардың сөзіне бәрібір құлақ аспады. «Айғыр
айғырды шайнағанда, бура бураны шайнағанда шортан шортанды неге жұтпайды?» деп
жеңсік бермей ежірейген...

Қауынбай қазір соны еске түсіріп, әрі сай жағасында Шөребекпен сөйлесіп-
беймарал тұрған Нарқоспаққа көз салып: «Құрлықтың нағыз шортаны біздің Нарекең ғой,
шіркін! Биені түгімен, түйені жүгімен жұтса да қыңқ демейді,- деп таңдайының
суын сүйсіне жұтынып қойды.- Нарекең болмағанда ендігі темір торлы үйдің арғы
жағынан бір-ақ шығар едім. Осы сабаздың арқасы ғой боздатып боза ішіп, аяғымды
алшаң басып шіреп жүргенім». Қауынбай бұрын Нарқоспақтың демеуімен бастауыш
мектептің мұғалімі болған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң қаладағы
педучилищеге оқуға түскен-ді.

Бірінші курсті ілініп-салынып әзер тамамдап, екінші курсқа көшкенде мұрты
жаңа тебіндеп өсіп келе жатқан бозбаланың жігіттігі ұстап, кеш болса парк, кино-
театрды жағалайтын әдет тапты. Ел жақтан қалталы біреу кезіксе аракідік
ресторанға да барып тұратын болды. Сөйте-сөйте сабақ жайына қалды. Қысқы
сессияны бүтіндей тапсыра алмады. Ақырында училищеден шығарып жіберді.  Ауылға келген соң да жұмысқа тұрмай әрі-бері
теңселіп жүріп алды. Көше шалын суырған балаларды сонына ертіп, ауыл итін
таластырып, қораз төбелестіріп текке уақыт еткізді. Бұны көрген жұрт одан таза күдер үзді. Адам болмайды десті. Жігіт санатыыа қосылып, мұрты
тебіндегенше ақыл кірмеген бұ неғылған бала деп
шулықты. Сөйтіп жүргенде «ойбай, несін айтасың, Қауынбай «Бірлік» бастауыш мектебіне мұғалім бопты» деген тосын жаңалықты естіп, бәрі талып
құлап қала жаздады. Ерте ес жиғандардьщ ішінен: «Е, бәсе! Саудың тамағып ішіп,
аурудың ісін істеуші еді.
Сірә, оқу өтіп кеткен бала болды ғой бұ да. Әйтпесе
білімі

татымсыз біреу болса бұны мұғалім етіп қояр ма еді» деп баяғы күсталағандарын жуып-шайған
кісілер де табылды. Қауынбай сейтіп шала-шарпы
білімінің арқасында ауыл интеллигенциясының санатыңа қосылып, олармен ептеп дәмдес,
тұздас боп тәуір аталып қалып еді. Өзі де сонысын мақтаныш тұтып- «Біз -ауыл
интеллигенциясының бір өкіліміз» деп көкірегін шалқақ ұстап жүретін. Кейін
келе нілдей бұылды. Бакес бәрі өзінен

бопты. Әлін білмеген май шабақ секілді кейде ағынға қарсы жүзсе, кейде сол ағынныңерен екпінімен жүйткіп ұрып келе жатқан зор теңге балықтарға, нән сазандарға соқтығып, қырын келе берді. Сосын олар бұнымен
қашанғы тәжікелесіп түрсын--
сол бойда құйрығымен қағып,
жағаға лақтырып тастап кете барды. Қауынбай
ойда-жоқта мүғалімдіктен босап шығып қалды.
Қасынан Нарқоспақ тағы да табыла білді. «Ал

әйтпесе» деп көзін жұмған бойы
желкесінен қысып ұстап көтеріп әкеп мал маманы етіп қызметке қойды. «Қанына
тартпағанның қары сынсын деген міне осы. Аудандық халық ағарту бөлімі «балаларға
сапалы білім бере алмайсың» деп
өкпеге итеріп, өзекке тастағандай болып еді. Намысқа шапқан басқарма туысы Қауынбайды сол өзектен
қайта суырып, өрге бір-ақ шығарған жоқ
па» десіп жұрт тағы шулықты. Бірақ
теңіз суы ар-насынан асып қайда баратын еді.
Дауыл айдап сапырған жал-жал
толқындары әдепқіде биік жартасқа соғылып, бұрқ-сарқ қайнап, аспанға атса, кейін дауыл тынғанда арнасына лықсып, жуасып
толқып жатпаушы ма еді. Сол секілді
ауыл жұрты да әдепкіде бір-бір бұрқ етіп күңкілдесті де, артынша сабаларына
түсіп, қоңыр тіршіліктеріне қайта ойысқан-ды. 
Қауынбай, алайда, мал маманы боп та жарытпады. «Бөлтірік» учаскесіндегі
мал шағылыстыру пункітіне екі-үш рет ат тұмсығын тіреп барып қайтып еді. Колхоздың
бар саулығын жалғыз өзім қолдан ұрықтандырдым деп жалған документ толтырып, қол
қойдыртып ың-шыңсыз өткізіп жіберді. Сөйтіп мал мамандардың қыруар еңбек ақысын
бip өзі жеке иеленіп кете барды. Бұ да кезінде аз айқай болмайтын мәселе еді. Бірақ
мал мамандары басқармадан асып ешқайда бара алмады да, жабулы қазан сол жабулы
күйінде қалған. Арнайы оқып білім алмаған Қауынбай ауық-ауық ем жүргізіп тұрмаған
малдың қотыр болып, өлім-жітімге ұшырайтынын кайдан білсін. Боза ішіп үйінде
жатып алды. Ңарқоспақ «арнайы білімінің жоқтығын былайғы жұртқа сездірмей ең болмаса
дәрі-дәрмегіңді арқалап малшыларды аралап тұрсаң қайтеді» деп қабақ шытып еді.
Қауынбай соны көңіліне алып қапты.«Әй, осы іргеңді ағайыңнан аулақ салғаннан
дұрысы жоқ. «Басқарма, басқарма!» деген сайын басынып болды түге. Әйтпесе бұ қай
кеміткені мені ауру-сырқауға  тілдей
ішірткі жазып беріп, қазақы ем-домымен-ақ жазатым ел ақтаған тәуіп құрлы
санамыз бар шығар» деп шамырыққан. Сөйтіп дәрі-дәрмегін, асай-мүсейін артып базға кетіп еді. Барған бойда тағы бүлдірді. Бұл жолғысы бәрінен асып түсті. Ел ақтаған тәуіп құрлы санасы барын басқарма туысыма
танытқысы кеп колхоздың он айғырын
табанда пішіп еді. Байлаған жібі шешіліп, қан көп кетіп, бес ат арам қатты.
Нарқоспақ Қауынбайдың жер-жебіріне жете ұрсып, сол бойда қызметтен босатып, кабинетінен түріп айдап қуып
шыққан болды. Бірақ ол өлтірген
бес атты мойнынан өндіртпеді. Акт жасатып, есептен шығартып жіберді. Сөйтіп
Қауынбай басқарма туысына іштей тәуелді боп қалды да, айтқан тілін алып қойға
шыққан. Өйтпесе өлтірген бес атты төлеттіріп, соңынан темір торлы үйдің арғы
жағынан бір-ақ шығаратыныи сұсты қаба-

ғынан сезді. Қауынбайдың өз алдына жеке отар тоқты алып бағуы Нарқоспаққа
да жаман болған жоқ-ты. Колхоздың  субелі
жонынан өздігіңен домалап түсіп жатқан әлгіндей олжа малды жиып-теріп, бір
жерде топтап бағып отыратын сенімді адамы етіп қолда ұстады. Қандай күнде де
Қауынбай өзінсіз бір адым тырп ете алмайтын еді. Қауынбай да соны біліп,
қояндай жымып жүретін болды. Алда-жалда тісінің арасынан сынық
сөз сыздық-

тап тысқа шашырап шығар болса
алдымен басқарманы, соңынан
өз басын қоса ұтатынын жіті
сезген. Өткен өмірінің кей
қырқасына өстіп ойша көз жіберіп, желдірте шолып шыққан Қауынбай қазіргі
тірлігін шынында қанағат тұтқан сыңайда еді. Оған Нарқоспақ

басқарма боп тұрғанда дүние түгел
көрінеді. Ол барда не ішем, не кием демейді. Қалағаны үй
іргесінен сарқырап ағып
жатқан бұлақ сияқты өздігінен келіп тұратындай сезінеді. Сондықтан оны сыйламағанда кімді сыйлайды. Қасында шібидің қоразындай шілтиіп жүргегі Шөребекті
ме? Жо...оқ, атама Нарқоспақ болмаса қой сойып,
қол қусарып қызмет көрсету былай тұрсын оны есігінен
де қаратпас еді. Бұның аты
Қауынбай болғанмен заты Қауынбай емес. Кімді сыйлау керек екенін жұрт қатарлы жақсы біледі.Ол
масаттанған көңілмен
конақтарын бастап үйге жаңа беттеді. Қазанға мүше-мүшесімен
мол етіп асылған жас ет те буы бұрқырап
өздерін күтіп тұрғандай еді. Нән табаққа жеке жасалып, таудай боп
үйіліп алдарына келгенде үш еркектің жүздері бұрынғыдан да жайнап кетісті. Үш жақтан үш жүнді қол күректей алақандарын көсіп сала берген. Үш еркек ет жей отырып та «ахаңды» жарыса сілтесіп еді. Үшеуі
үш жерге қалай қылжиып жатып қалған-

дарын білмеді. Ертеңінде естерін
бір-ақ жиды Шайдан соң Шөребек пен Нарқоспақ жүрмек болды. Дастарқан жинала бере үшеуі оңаша қалған бір сәтте Нарқоспақ
үй иесіне жүз бұрып:

-        Шөкеңе бір-екі сойыс мал
жеткізіп берерсің қолың бір қалт еткенде. Қанша егенмен аудан орталығында отыр
ғой. Келімді-кетімді кісілері бар дегендей...Оның үстіне балалары да қызылсырап
жүрген көрінеді. Тездетіп жеткізіп бер. Әзірге көже қатықете тұрсын,- деп Шөкеңнің жағдайын бұрыннан
ойластырып жүргендей достық пейілін танытып өтті.

-        Ойбай-ау,
Шөкеңе жеткізіп салмағанда...
Әлбетте, жеткізіп саламын.
Қашан апарайын?- деп Шөребектің жүзіне сұраулы кейіппен жаутаңдай қарап Қауынбай да лып-лып етіп қалды.

-        Ертеңдері.

-        Құп.Үшеуі де орындарынан ырс-ырс
етіп көтеріліп, тысқа ыңырана
беттеді. Аттарды мана ертеңгісін Қауынбайдың сегіз жасар баласы колхоз малын өріске өргізер алдында ерттеп қойып еді. Үй иесі алдымен әдеп бойынша ауданнан айбынып жеткен өкілді
әспеттеп атына мінгізді. Сосын өз
басқармасын қолтығынан демеді. Жол-жөнекей оңаша сөйлесіп, өзара ақылдасып шешер тағы бір құпия
мәселесі болды ма, Қауынбайды

екеуі де ерткілері келмеді. Енді
сәл аялдаса шалғайына жармасып,
айырылмай қоярдай аттарып шұғыл
бұрып, асығыс желдіртіп
жүріп кетісті. Есік алдында -аңырып сілейіп
тұрып калған Қауынбай сыйлы екі қонағы көз ұшынан
ұзай бергенде:

-        Асымды адал керіп,
өзімді арамға балап қастарына ертуге арланған  кісіліктеріңді ұрайын сендердің!- деп бір боқтықты соңдарынан жіберіп қалды. Қауынбайдың көңілі жайлауынан ел
көшкендей құлазып сала берді.

IV

Оның үйдің бетін көрмей шаруашылықты аралап кеткеніңе бір жетінің жүзі
болып еді. Содан жаңа оралды.  Колхоздан
колхоз қоймай шарлап, ондағы трактористермен, қомбайнерлермен сөйлесіп, олардан
босай бере құмға шауып, қорашы, құдықшыларға жолығып, бір жетінің ішінде түгел
аралап шыққан. Уақтысымен бел шешіп тынығып ұйықтап, уақтысымен ыссы тамақ ішіп
бойына әл жинаған адам неге қажымасын. Ты-ғыншықтай орта бойы таралып, жақ еті
суалып, ұрты салбырап едәуір жүдеген. Кешелі бері алынбаған сақал-мұртының өзі
агрегатпен жаңа орылған бидайықтың аңызындай тегістеле тікірейе өсіп, тұтасып
қалыңдап үлгерген. Оның үстіне қабағы астына көгілдір мұң ұялап, бұлаңытып тұр ма,
қалай? Үйіне үсті-басы шаң-шаң боп шаршап-шалдығып

кештетіп жеткен
күйеуінің ұсқынын көргенде Жәмила әдепкіде шошыңқырап қалды.

 - Ойбу, жазған басым-ай, не көріп
тұрмын мен. Ұсқының кетіп, кісі санатынан шығып
қапсың ғой тегі,- деп-аз аңырып тұрды да, іле есін жиып, дереу су ысытып, шай
кайнатып жібермек боп шоланға шығып кетті.«Бөрібай» тоғаны бітуге жақындаған
сайын Шернияздың арқа-басы кеңудің орнына қайта бүкіл өмірі тығырыққа тіреліп
бара жатқандай көрінді. Өзіне қарасты мол шаруашылық көкөзек көктемнің көксау мұзындай
шұрқ тесіліп, бірін жамаса бірі көбесінен сөгіліп есті алып тұрған бір шақ еді.
Шернияз сонда да жаси қоймаған-ды. Әйтсе де оның көзі бір нәрсеге анық жет«Ол -
бүгінде кемшіліктерді мойындаудың өзі ерлікке пара-пар боп бара жатқаны еді. Қазіргі
кей басқарма колхоздың егіні бітік өссе жақсы атқа өздері не болады да, ал
нашар шығып, өнімді аз берсе онда бар бәлекетті бұның басына үйіп төгеді. Егістік
жерді суғармай айдады дейді; топырақ кеуіп, шаңы аспанға шығып, бұрқырап жатқан
кезде кешеуіл деп тұқым септі дейді; жерді таяз жыртты дейді; әйтеуір қойшы
бәрін бұған жауып, өздері сүттен ақ, судан таза боп құтылып шыға келуді
көздейді. Директор не десін. «Оу, жарандар, бұларың не? Агрегат сұратқан кезде
агрегатты, трактор сұратқан
кезде тракторды, соқа сұратқан
кезде соқаны, комбайн сұратқан кезде комбайнды біріңді ала демей, біріңді құла демей бәріңе қылдай тең бөліп бергенім қайда? Ендеше ана
колхоз-

дьщ шөбі неге ерте орылып бітеді, сендердікі неге орылып бітпейді? Ендеше
мына колхоздың егіні неге бітік шығады, сендердікі неге бітік өспейді?» деп
қарсы уәж айтып бағады. Бірақ олар бәрібір жеңсік бергісі келмейді. «Ол
колхозға агрегаттың алымдысын, трактордың күштісін, соқаның тістісін,
комбайнның жаңасын яғни шалымдығын бердің» деп беттері бүлк етпестен өтірікті
соғып жібереді. Әсіресе көресіні Нарқоспақтан көрді. Қашан келме ылғи бір
езулеп қиғаш тартып қиғылық салып отырғаны: не айтқанды ұқпайды, не жөнге
көнбейді. Әйтеуір басқа түскен зобалаң болды. Жоспарда жетпіс бес гектар
шабындык жердің шөбі орылу керек
болса, ол одан асырып, жүз
-гектар жердің шөбін орғызып жинатады. Жоспарда жүз гектар
егістік жерді жыртқызу керек
болса, ол жүз жиырма бес гектар жерді
айдатады. Ал еңбек ақы
жоспарда көрсетілген гектар бойынша
төленеді. -Сонда қалай? Артық шабылған шабындықтың, артық жыртылған жердің
еңбегін кім төлейді? Miнe, бұған Нарқоспақ жауап бергісі келмейді. «Шериияз Сардарбекович, жерді
суландырып, сапалы жыртып, егін өнімділігін арттыру үшін күрес-

пейді. Оның орнына колхоздарда қанша гектар жер айдалды, қанша гектарға тұқым себілді...
міне, осылардың есебін алып, жер өлшеп, текке уақыт өткізеді» деп

кайта Шернияздың өзін жазғырады.
МТС-тан керек-жарағын сұратып,
оны қажетіне жұмсап
пайдаланып жайына қарап тыныш жүрсе оған кім соқтығады. Бәленің бәрін өзі қоздатады.
Өз кемшілігін өзгеге аударып кісінің тілін қышытады. «Колхоздың бар күздік

бидайы құрғак жерге себілген. Алдағы жылы да өнімді аз алуымыз кәдік емес. Себебі Сардарбеков
механизм күшімен арық қазу жұмысын
осы уақытқа дейін ұйымдастырмай
отыр» деп бір сүйкенсе, келесіде бір айнала беріп: «Өткен жылы жаңа он жылдық мектеп үйі
салынуы тиіс еді. Оны толық жүзеге асыра алмай балаларды колхоз клубында оқытуға мәжбүр болдық. Қолхоз моншасы,
сиыр базы жабылмай калды. Сардарбеков
міне осы құрылыстарды да
жедел қолға алуы керек » деп өз міндетіне жататын жұмыстарды
директорға оп-оңай ысыра салады. Бұған Шернияз неге туламасын. «Колхоздың егіні шықпай қалса да МТС жауап береді, қорасы соғылмай жатса да МТС жауап
береді, құдығы қазылмай қалса да МТС жауап береді,
қойы қырқылмай жатса да МТС жауап
береді. Жарайды, жауап беруден
қашпайық. Ал, бірақ Атантаев жолдастың бұлар аздық еткендей бітпеген мектеп
құрылысын, жабылмай қалған моншаның қыруар шаруасын мойнымызға қиып салмақ болғаны калай? Бұны қалай түсінуге болады? Сонда колхоз басқармасы неменеме жауап бермек? Әділдік
қайда?! Ар-ұят қайда?!» деп сілкінеді.
Артынша: «Әр колхоздың өз техникасы, өз күші болса бұндай сүркілді бастан өткермес еді. Ендеше МТС-ты таратып, колхоздардың ішкі экономикалык қуатына
орай күллі техниканы тең бөліп беру қажет. Сонда ғана олар өз қотырын өзі каситын болады. Одақ бергіде өзгеге иек
артады да тұрады» деп сабасына түсіп ойлап,
ізін суытпай ауданға шабады. Одан облысқа шабады. Бірақ қолдау. таппай
бәрібір кері қайтады.
«Жау-апкершіліктен қашып, енді МТС-ты таратайын дедің бе?» деген қаткыл-қатқыл сөздер де естиді.
Бәрінен  бұрын қабырғасына тастан бетер
бататыны осы қатқыл сөз еді. Бұл соған күйінеді. Дәуір талабынан туған МТС-ты
қазір ешкім де жоққа шығара алмайды. Алайда оның күн өткен сайын өрісі тарылып,
тынысы бітіп кеміп келе жатқанын саналы жолдастар неге ойламайды? Көме соқпақтың
көрпілте сүрлеуімен қашанғы жүре береміз? Көңіл көкжиегімізді кеңейтіп, алысты
шолып, айдынға құлаш ұратын кезіміз жеткен жоқ па. Ендеше МТС пен колхоз
арасында қайткен күнде де қайшылық тумай қоймайтынын кішкене зерделеп ескерсе қайтеді?
Әйтпесе не? Жауапкершіліктен қашып бұны жын соғып кетіп пе?
Бәсе, десеңші-ау!.. Шындап
келгенде Шернияздың бұлай торығуына се-беп те жоқ емес-ті. Мәселен, бір колхоз
көктемде жүз гектар жер жыртсын. Күзде егінге орақ түскенде трактористке гектар
бойынша, комбайнерге түскен өнім боынша ақы төленеді. Қайшылық міне осы тұста
қылаң береді. Егін бітік шыққан жылы комбайнердің мерейі үстем болады. «Ол бәлен
гектар егін орса, сол бәлен гектар бойы комбайнын трактормен сүйрегенмен еңбек ақыны
неге аз алуға тиіспін» деп онда тракторист  ша-

ғынады. Ал алда-жалда егін нашар
шықса онда комбайнер тулайды. «Meн
мұнша гектар егін орсам, ол
мені сонша гектар жер сүйреді. Мен
комбайнның штурвалында қанша
сағат сіресіп тұрсам ол сонша
сағат трактор рулінде тапжылмай
отырды. Ендеше ол менен еңбек ақыны
нендей себеппен көп алмақ?» деп есеп шоттың
тасын ызалана қағьш-қағып қалады.  Сайып
келгенде трактористің де, комбайнердің де талаптары орынды. Екеуі жұмысты бір
мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтайды. Жүрген жол, орған егіндері де бірдей. Сөйте тұрып екеуі екі түрлі жалақы алады. Бұ қалай? Осы да әділдік пе?

Ал колхоздың өз комбайны, өз тракторисі болса- бұндай сорақы атпен
болмас еді. Әйтеуір қандай болған күнде
де онда колхоз боп, МТС боп екі дай бөлініп, бірінің кемшілігін бірі тізіп
көрсетіп, «мен бүйткенде анау сөйтті,
анау сөйткенде мен бүйттім» деп қай-қай-

дағыны гөйтіп, кісінің жынын
қоздырмас еді. Қазақ  тегінде «ортақ өгізден оңаша бұзау
артық» дегенді мiнe осыған қарап айтса керек-ті. Ол бұлай ойлағанда МТС-тың ауыл шаруашылығын арттыруда сіңірген ерен
еңбегін жоққа шығарайын деп отырған жоқ-ты. МТС-тың бүкіл бір дәуірдің, бүкіл
бір кезеңнің тынысын, бет-бедерін танытатын заманалық құрылыстың бір құбылысы
екені анық. Алайда оның қазір болмағанмен енді бес-алты жылдың беделінде өз- өзінен
ығысып, шығып қалатыны тағы өтірік емес. Оған

көптеген себептер бар. Оны
саралап, талдап жатуға Шернияздың
көңіл қошы болмады да, осымен доғара қойды.
Кейін бәрін топтап, жинақтап,
жоғарыға ұсыныс етіп алдарына
бір-ақ қоям деп ойлаған.  Рас, соңғы жылдары өздігінен жүретін комбайн
ауыл шаруашылығына көптеп ендіріле бастады. Соның үш-төртеуі Ойық МТС-ына да
күркіреп төбе көрсеткен. Бірақ бұның өзі су аяғында отырған жұпыны ауылға судың
қысыр жыландай жіңішкеріп жеткеніндей бірдеңе еді. Бұл үш-төрт комбайн
етек-жеңі мол шаруашылықтың қай ұшығына жетеді. Айтшы, қай ұшығына жетеді? Өмір
дегеніміздің өзі, түптеп ойлай келгенде, бірге жеткізіп, бірге жеткізе алмай,
сол екі ортада сансырап

сандалып журу ме
әлде; жо..оқ, жұмыр басты пенде атаулының ес жиып, етек жапқаннан бермен қарай
құлқынның қамын ойлап, ертеңнен қара кешке дейін зыр жугіріп, содан
шаршап-шалдығып жығылғаннан еске түсетін өкінішің бе әлде; жо..оқ, тіршілік
қамымен жүргенде әркімннің жағасына бір жармасып, сол үшін әркімнен бір сөз
естіп, жүрегіңді қырық жамау етіп шұрқ тесіп күрк-күрк жөтеліп түгесіліп біту ме
әлде. Қайсысы болса да оңып тұрған бірі жоқ екен. Асылы күндей күркіреп
басталған еркебұлан өмірің ақыр аяғында күрк-күрк жөтелмен бітсе оның несі жақсы
дейсің, тәйірі Қалың ойға шомған  Шернияз
қапелімде әйелінің өзін шайға шақырғанын да естімеп еді. Қасына кеп

ақырын иығынан қозғағанда ұйқысынан шошып
оянғандай селк етіп бетіне ажырая қараған.

- He?

-        Шай ішпейсің бе?

-        Ә, жарайды.
Ішсек ішейік.- Үй иесі орнынан сүметіліп түрегеле берді.

 

Шернияз шайдан соң төсек салдыртып жатып қалып еді. Лезде көзі ілініп кетіпті. Содан қанша жатқанын бір
құдайдың өзі білсін, әйтеуір түннің бір уағында қатты қағылған терезенің салдыр-гүлдір дыбысынан шошып төсегінен
атып түрды. Сол бойда пердені
кейін ысырып, терезеге үңілген.

-        Бұ кім?           

-        Шераға, мен ғой. Есікті ашыңыз. Үй иесі тыстағы дауысты қапелімде жыға тани ал-

мады. Ішке кipгенде
барып оның кім екенін білді.

-        Оу, Қырқымбай, қайдан жүрсің? Тыныштық
па, әйтеуір?- деп сұрады амандасып колын алып жатып.

-        Шераға, танауының қанын ағыза
үйге жылап жүгіре жөнелген боқмұрын бала көремісің мені. Алдын-ала кешірім сұраймын.
Қоң етімнен кесек ет кесіп алса да қыңқ етпес едім. Бірақ бүгінгі көрген
корлыққа. көпе-көрінеу төзе алмай алдыңызға боздап келіп отырған жайым бар. Шернияз
Қырқымбайдың түнделетіп түс қашып жеткенінен бұның тегін нәрсе емес екенін
бірден түсінді, Сабырлы қалпын бұзбай:

-        Айт! Қорлаған кім?- деп
қатқыл сұрады. Қырқымбай холхоздың керек-жарағын тасып жүрген елгезек шофер
жігіт еді. Мана түс әлетінде тоғаншыларға қант-шай, ұн-пұн жеткізіп, одан кейін
отын түсіріп беріп, кері қайтып келе жатқан. Жол «Бірлік» колхозын қақ жарып кеңсенің
жанынан өтетін. Көше шаңын бұрқыратып ауылға ендеп кіре бергенде кеңсе жанында
тұрған екі кісі оқыс қол көтеріп калғаны, Бірі- колхоздың басқармасы, бірі -
шатауаты еді. Қырқымбай бұл екеуін сонадан танып, тормоз беріп, машинасын кілт
тоқтатқан. Әсіресе колхоз басқармасын шаңға тоғытып қасынан зу етіп ете шығуға
жүрегі дауаламады. Кабинадан секіріп жерге түскен шофер Нарқоспаққа кеп сәлем
бергенде оның едәуір қызулау екенін сонда барып бір-ақ байқаған. Қасындағы
шатауат Әлиакпар да қызара бөртіп апты. Әдепкіде бойы жел тербеген көк шыбықтай
бұлғақ-бұлғақ етіп, аяғын әзер басып тұрғандай еді. Бір-екі тіл қатысқан соң-ақ
лезде айығып жүре бергендей сезілген. Сол бойда: «Әпкел бері. Бұдан былай бүл
машинаны мен айдаймын» деп шофердің қолындағы кілтке жармаса кеткен. Алайда бірден
тартып ала алмаған. Аз ғана алыс-жұлыстан соң-ақ өкпесі алқынып, аузына
тығылып, арсылдап-

гүрсілдеп қалған. Нарқоспақ шатауаттың жалғыз әлі келмесін
сонда аңғарып, арт жағынан қапсыра құшақтап қысқан бойы
шофер жігітті серейтіп жерге бір-ақ соққан.
Сөйтіп екеуі екі жақтан
Қырқымбайды тізеге басып отырып
кілтті қолынан тартып алған. «Оу, аға-

лар, бет көріспей кететін кісілер
емессіздер. Бұларың не? Ұят емес пе?»
деген Қырқымбай үстінің шаңын қағып жатып.
Бірақ оның бұл сөзін екеуі де
қаперіне ілмеген. Кілт қолына
тиген Әлиакпар дереу машинаға қарғып мініп, көше жолымен ызғытып
айдай жөнелген.

«Әй, тоқта! Машинаны құртасың, иттің баласы!» деп Қырқымбай соңынан айқайлап әудем жерге дейін қуып барған. Осының алдында ғана Қырқымбайдың
машинасы ауылға сүғынып кіре берген мезетте Әлиакпар екеуі күтпеген жерден
сөзге кеп қалған. «Мен де машина айдай алам» деп Әлиакпар бөскен. Сөзіне
сенбеген Нарқоспақ «машина сенің не теңің» деп намысына тиіп кекеткен. Осыдан
егес басталып, қыза келе -бір қараға қалай бәстескендерін екеуі де аңдамай
қалысқан. Coдан көп ұзамай көз ұшында ойлы-қырлы жерлермен секіріп, құйындай
зымырап бара жатқан машинаның ту сыртынан ақырын қарап тұрып: «Мына сұм бұның тілін
қайдан үйреніп жүр. Бәстесіп нем бар еді». деп

Нарқоспақ опынған. Қорасындағы
бір қарасы қазірдің өзінде-ақ
Әлиакпардың жетегінде кетіп бара жатқандай сезініп, іле іші ұлып қоя берген. Бірақ бұл кезде Әлиакпар өзін жұлқып ала қашқан машинаны
қалай тоқтатарын білмей рульге бір уыс боп жабысқан бойы екі көзі жан-жаққа
алақтап, жанұшырып қорқып келе жатқан. Осыдап жаны қалса жолына боз қасқа мал
атап соймақ боп құдайына сыйынып, іштей құлшылык ұрып жалбарына түседі. Арық-атызды
тыңдамай құйындай жүйткіген машина кенет терең сайдан өте бере табанындағы
қалың құмға малтығып тығылып, тырқ-тырқ етіп моторы өшіп төрт тағандап тоқтай
қалғанда оның жерге секіріп түсіп, алды-артына қарамай әлдеқайда тұра қашқаны
міне содан-ды. Есесіне машина қирап, істен шыққан. «Мал ашуы - жан ашуы»
демекші, өкше ізіне түскен Қырқымбай бәрібір оны құтқармапты. Үйінен тауып ап
жағасынан сүйреп, Нарқоспақтың алдына дірдектетіп алып барған. Нарқоспақ әдепкіде
Қырқымбайдың мұңына құлақ асып, Әлиакпарды жерден алып, жерге салып тілдеп, ұрсып
тұрған сияқты еді. Қараорман үй-жайыңды түгел сатсаң да машинаны төлейсің
деген. Сосын Қырқымбайға түсін жылыта бұрылып: «Інішек, байқасам бізден бір
ағаттық кетіпті. Кешір. Ер шекіспей бекіспейтін еді ғой-
Ендеше мына жартылықты татулық үшін үшеуіміз бөліп ішіп, істі осымен
тәмамдайық» деп өлердегі сөзін айтып, киылып тұрып алған-ды. Қырқымбай үлкен азамат басымен қайта-қайта қиылып өтінгесін

лебізін жерге тастай алмай әрі
машинаны төлетпек болған жылы сөзіне имандай сеніп ұсынған арақты іркілмей тартып-тартып
жіберген. Содан -кейін-ақ мәселе кілт өзгерген. «Машинаны енді өзің төлейсің. Арақ ішіп ап 
айда деген мен емес.
Енді кеп малтаңды

езбей бұл арадан табаныңды жалтыратып тайып тұр, балақай!»-деп Нарқоспақ әуелгі уәдесінен танып, бар бәлекетті өзіне жауып тайқып шыға келген.
Қырқымбай осының бәрін
асықпай, аптықпай ұзын-сонар
әңгіме ғып айтып еткенде
кеудесіне біреу шойын құйып қойғандай Шернияздың еңсесі лезде ауыр тартып қалды. Орнынан үді ұмтылып, әзер көтерілді. Екі қолын артына айқастырып ұстап, бөлме ішін әрі-бері кезгіштеп жүріп кетті. Директор шофердің қандай жігіт
екенін, жалғанда өтірік айтпайтын саналы азамат екенін бұрыннан жақсы білетін.
Қазір де оның мына сөзіне қапысыз сеніп отырған жайы бар-ды. Әйтсе де шофердің
аңқаулық жасап, басқарманың жылымшы сөзіне қолп ете түсіп, ұсынған арағын
іркілмей тартып жіберуі көңілге кірбің салып түр еді. Ойлы көзін Қырқымбайға
қадап, бірақ сабырдан аспай: Әй, ақкөйлек аңқауым-ай! Сөйтіп босқа арандап қалдым
де,- деп күрсіне қынжылған.

V

Шернияз бен Нарқоспақтың арасы осыдан кейін-ақ ұшығып жүре берді. Директор
машинаның сынған бөлшектерін төле деді. Басқарма төлемеймін деп қасарысты.
«ІІІоферінің өзі арақ ішіп айдап машинаны қиратқан. Сенбесең, міне, оқып көр»
деп үш-төрт кісі қол қойып, куаландырған бір жапырақ қағазды алдына тастаған.
Шернияз акт қағазды қолына ұстап та көрмеді. «Мен өз шоферіме сенем, ол қоң
етімен кесек ет кесіп

алсаң да өмірі өтірік айтпайтын шоң жігіт. Онан да көп қасарыспай сынған
бөлшектерді төле» деп едәуір қадалған. Нарқоспақ, бірақ райдан қайта қоймады. «Maған бұл не істейді? деген керенау өзімшіл ой көкірегін жайлап
алды да, қасарысқан үстіне қасарыса түсті. Алдағы күнін болжамады. «Менің
абыройымды ойлама са да қарауымдағы ел-жұрттың тарығып қалмауын көздейтін сұңғыла
ғой. Сұратқан техника күштерін өз ая-ғымен жүгіріп жүріп колхозыма жөнелтіп
тұрғанда мен неге сасам?» деп кергіген.

Шернияз онымен одан әрі тәжікелесе бермеді. Өйтсе қадірі кетерін білді де,
сол түйілген күйі сұстанып аттанып кете барған. Оны Нарқоспақ та сезді.
Бірақ үн-түнсіз
сазарған қалпы қабартып қала берген. Кежегесінен кейін
тартқан жалған намысы шеңгелінде

қысып ұстап, қапелімде еркіне жібере қоймап еді. Шернияз енді байбалам салып ауданға
шабады деп ойлаған. Ол бірақ ауданға да шаппады, тіс жарып ешкімге сыр да
шашпады. Он шақты күн бойы кабинетіне шықпай кіріс-шығыстарды есептеп, қатынас
қағаздарға қол қойып, жауап жазып, келімді-кетімді кісілерді қабылдаумен болды.
Ең аяғы өзі бастап қаздырып жатқан тоғанға да ат ізін салмады. Нарқоспақ әрі ойлап,
бері ойлап, оның да себебін таппады. Сосын онсыз да қаусап сынып тұрған
машинаның бірер бөлшегін сөз етіп, жоқ жерден шу көтеріп, жұртты дүрліктір
менің деп ойлаған ғой деп ұғынып, сонымен оны жылы жауып, біржола ұмытуға
айналған. Бірде болмаса бірде алдынан шығып, жолында кесе-көлденең жатып алатынын
ойламап еді. Шернияз содан Бөрібай тоғаны қазылып бітіп, арнасына су жіберетін
күн бір-ақ келген. Бұл күні аупарткомның бірінші хатшысы Кеңес Шалахметовтен
бастап сорпа бетіне шығар ығай мен сығайлар түгел осы тоған басына жиналған-ды.
Сөйтіп құлақ ашып, тоғанға су жіберу салтанаты үлкен халықтық" мерекеге айналып
еді. Кеңес Шалахмаетович жиынды ашып, емен- жарқын сөйлеп келіп: «Бөрібай
тоғанын қазуды өзің бастап қолға алғалы көп бейнетін шегіп едің. Енді
зейнетін де өзің көр. Жол сенікі. Лентаны сен қи» деп қолына шағын ақ қайшыны құрметпен ұстатқанда
Шернияз сәл алабүртып толқып
түрып қалған-ды. Құлақ

үстімен көлденең тартылып керілген қызыл лентаны қайшымен
қалай тез қиып жібергенін да аңдамады. Тоған арнасы долданып, жүлқына арқырап ала жөнелгенде есін бір-ақ
жиған. Шернияздың көзіне сол сәт тоған арнасымен су емес, көшпелі өмір керуені жосылып ағып бара жатқандай елестеп кетіп еді. Бөрібай тоғанының қазылып бітуі
шынында Талас өңіріне аз қуаныш болған жоқ-ты. Сонау қызылқұмға дейін
жүлгеленіп, арна тартқан бұл тоған «Бірлік», «Қызылжиде», «Жаңа тұрмыс» және
Ойық қолхоздарын басып өтіп, екі жағына алма-кезек жайғасқан дүйім елдің
шабындық, егістік жерлерін түгел суландырып, ен дәулетке кенелтіп тастаған.
Қазір кімді тындасаң да алдымен еститінің Шернияздың есімі еді. «Шернияз болмағанда
бұл тоған қазылып бітпей тұрмақ әлі қолға алынбас еді. Айналайын ел үшін еңіреп
туған азамат емес пе. Ауданға, облысқа тынбай шапқылап жүріп және ондағыларды дегеніне
көндіріп, тоғанның жобасын сызып, күш жинай келе көзді жүмып бір-ақ күнде бастап
жіберген жоқ па» десіп, Шернияздың атағын аспанға көтере дәріптеп сөйлейтін
болған. Бұл Нарқоспақтың қытығына тимей қалмады, әрине. «Бұ жұртқа не көрінген?
Ауыздарының суы құрып бұ немені сонша неге марапаттай береді. Аспаннан аяғы
салбырап түскен жалғыз әулие сол болғаны ма ендігі жерде» деп қызғаныштан
жарылып кете жаздап жүрді. Бірақ онысын көлденең көзге байқатпай сыр
білдірмеген болды. Бөрібай тоғанынан құлақ ашып, тың жерлерді суғарып, жаппай жер
жырту басталғанда Нарқоспақтың МТС-қа қайтсе де кіріптар боп қоймайтыны тағы
бір аңдалып қалды. Шернияз өзге бар шаруашылықтың өтініш-тілегін түгел орындаса
да, Нарқоспаққа келгенде принцип ұстап, колхозына бірде-бір сынық соқа бермеді.
Енді біраз күннен соң жер жырту науқаны бітетінін ойлағанда Нарқоспақ қатты
састы. Асықпасқа дәті шыдамады. Директорға ашу шақырып: «Жер жыртатын
соқа мен тракторды осы уаққа
шейін неге жібермей жүрсің?»
деп іле телефон соққан. Сөзі бәрібір жараспады. «Әнеу күнгі бейбастақ-
қылыктарың үшін Әлиақпар
екеуің Қырқымбай шоферден
барып кешірім сұрап,
машинасының моторын және сынған бөлшектерін төлеңдер. Сонда ғана
талап-тілектерің орындалады. Одан бергіде босқа- сөз шығындаудың
қажеті жоқ» деген үзілді-кесілді жауап естіді. Нарқоспақ кешірім сұрамаймын деп
те, сынған бөлшектерді төлемейміи деп те әрі тулады, бері тулады. Ақ көз ашуға
еліріп бой алдырғаны соншама сол арада не сөйлеп, не қойғанын да білмеді.
Үстіңнен щағым айтып ауданға, облысқа шабам деп тіпті қорқытпақ та болды. Алайда,
ол ендігі байбаламнан бәрібір түк шықпасын сезді. Шериияздың айтқанынан
қайтпасын да білді. Сондықтан лебізіне құлақ аспақса лажы жоқ-ты, Алда-жалда
олай істемесе егістігі суғарылмай, жері жыртылмайтын болды. Ал одан әрі өзінің
нендей күйге ұшырайтыны тайға тадба басқандай тағы анық-ты. Оны ойласа жүрегі
зуылдап қоя береді. Ақыры директордың айтқанын істеп тынды. Әлиақпар екеуі
Қырқымбай шоферден барып кешірім де сұрады, машинаның сынған бөлшектерін де
төледі. Шернияздың өздерін әлгіндей қылмысты істері үшін не сотқа бермей, не
ауданға хабарламай осы уаққа шейін

неге созып келгенін жаңа түсініп, сан соғып опынын қалды. «Алда
зәнталақ ит-ай! Өзімді өстіп тығырыққа жетелеп
алып келіп, қос екпемнен қысып ұстап тұрып ақырында
жаман шоферінен кешірім сұратпақ екен-ау. Сөйтіп мені аяққа жықпақ екен-ау.
Білсемші бұрын!» деп күңірене бас шайқаған. Бірақ бұл кезде күз түсіп, күн
едәуір суытып қалған

мезгіл еді. Бүйтіп бас шайқап
босқа опынып тұруға уақыты болмады. Қолына тиген үш-төрт тракторға үш-төрт соқа
тіркеп ап аулына асығыс жөнеп берді. Арада оншақты күн өткенде Таластың күн батыс жағындағы жалпақ жота
зябьқа жыртылсын деген жо-ғарыдан жаңа нұсқау түсті. Бұл хабар құлағына алғаш тигенде Сардарбеков қапелімде не істерін
білмей ақ көз ашудан дір-дір етіп
кетті. «Зады, бір түсінбестік болған
шығар. Әйтпесе мал жайылымын жыртқызатындай  не көрінді сонша?» деген дүдәмал
оймен ауданға телефон соғып еді, олар
да ауыздары қисаймай солай деп отыр. Бұны естігенде Шернияздың
кос көзі тіпті тас төбесінен бір-ақ
шықты. Сасқанынан «шт..т» деп ысқырып
та жіберді. Шернияз енді колхоздарға алма-кезек шапқылап:

-1- Мен облысқа барып мән-жайды
біліп келгенше сендер бұл жотаны жыртқызбай қоя тұрыңдар,- деп жалынғандай
боп өтініп көрген. Олардың қайсыбірі болмаса
кебісі бұның сөзін жүре
тыңдады. - Сен бізге соқа-сайманыңды уақтысында бөліп беріп тұрғанды біл. Өзгесінде шаруаң
болмасын. Қай жерді айдатамыз, қай өңірді жайлымға сақтаймыз өзіміз
білеміз,- деп кергіп Нарқоспак сияқты кейбір басқарма Шерниязды колхоз жұмысына араластырмай  тіпті бөліп тастамақ та болды. Содан көп өтпей облысқа шапқан.
Тура бірінші хатшының өзіне арнайы жолықпақ-ты. Ол кісі бүгін ертеңгісін шұғыл
шаруамен Алматыға суыт жүріп кетіпті. Кемі үш-төрт күнсіз оралмайтын көрінеді,.
Шернияз енді ауыл шаруашылығы бөліміне бас сұғып кіріп, болған жәйтті кеңінен
толғап, түсіндіріп айта бастап еді, бөлім бастығы аузын шымшып буған аласа
қаптай тырсылдап:

-        Сен, немене, еліміздің тың игеру
жорығыма қарсысың ба?- деді.

-        Жо..оқ.

-        Ендеше
мынауың не? Обкомнан берілген
нұсқауды неге орындамайеың?
Жоқ, әлде өзіңе жеке нұсқау беру керек пе?-деп сызданып, қадала түсті.
Шернияз, бірақ, одан ығыса қоймады. -        Тың
игеру жорығына қарсымын деп қашан айттым. Сіз өйтіп кісіге жала жаппай сөйлеңіз. Бұл - бір.Екіншідең, мал жайлымын
соқамен жыртқызып, шаңын

аспанға шығарып айдатып жіберу,
қалай десек те бұлтың игеру
боп табылмайды. Қайта керісінше мал ерісін құртып
тыну боп табылады,-деп түсіндіріп айтпақ  еді, анау сөзіне құлақ асқысы
келмеді.

-- Өйдөйт, деген-ай! Сөзіңе болайын, жолдас Сардарбеков,- деп кекетті. Сосын
сарғыш жүзіне суық ызғар жиып:- Сен ондай бұлтақ-сұлтағыңды қой. Айтылған екен
- орында,- деді.

-        Басеке, әлі де ойланыңыз. Бір-екі жылдың
өніміне бола бүкіл жотаны жыртып, болашағын балталап шабу қалай болады. Бір сәт
мал жайылымын да ойлағанымыз жөн шығар,- деп Шернияз жұмсақтап бопсалап көрмек
еді, бәлім меңгерушісі бірақ жіби қой-

мады.

- Жыртылған жер кейін егін піскенде елге астық, аңызы малға жайылым болады,- деп жылы
шығарып салмақ болды.

-        Жотаға су
шықпайды ғой, Егінді қалай суғармақпыз сонда?!

-        Күзгі
жаңбырмен өніп, тамырланған
зябь аз күнде жер бетіне жаппай көгеріп шығады да, қыстай жылы кардың астында жатып, көктемгі дымқылмен қаунап қайта дүр көтеріледі. Одан әрі жазғы жаңбырмен құлпырып жайқала түседі.

-        Жазда жаңбыр жаумаса ше?

-        Неге жаумасын. Жауады - Ол жазғы жаңбырдың құдіреті қолында тұрғандай сенімді сөйледі.

-        Жоқ,-
деді Шернияз үзілді-кесілді
қарсылық жасап.- Қазіргі кезеңде
көкке қарап жаңбыр жау деп алақан жайып аңырып қарап отыруға болмайды. Бұны жағдай,
шаруашылық көтермейді. Оңтүстіктің ыстық аптабын өзіңіз жақсы білесіз. Шілдеге
жетпей суғарылмаған егін күйіп кетеді. - Сондықтан қайткен күнде де жотаны
жыртқызбай аман сақтап алып қалу қажет. Олай етпесек күні ертең бүкіл ел-жұрт
алдында сұмдық қара бет боламыз.

-        He себепті?- Кабинет иесі сұраулы жүзбен
Шерниязға қадала қарады.

-        Жотаны жыртқызғанмен бәрібір
төбесі қьртиып көрініп тұрған пайда жоқ. Тек бір-екі жылғы тәуір өнімге бола
сан ғасырдан бері ырысы төгілмей, қасиеті кемімей келе жатқан жаксы жайылымның
сұлу келбетін, дәулет- байлығын құрбанға шаламыз. Бұл деген сөз күні ертең найқалып
өскен бітік егін де жок, ала жаздай нәр тамбаса да құрығанда жер бетіне жусаны
қылтиып шығып тұратын өріс те жоқ деген сөз.

-        Жарайды, солай-ақ болсын, жолдас
Сардарбеков,- деп ол  көнген, түсінген
сыңай аңдатып отырды да, кенет шұғыл өзгеріп, соңында пәлесі қозданған құйтырқы
сауал тастады.- Бірақ сен мынаны айтшы? Сен осы тың игеруге неге қарсы боп
жүрсің? Соны ұғындыршы маған? Бұны естігенде Шернияз ызадан жарылып кете жаздады.

-        Ойбу,- деді таза
түңіліп.-«Мен не деймін, домбырам не дейді» демекші, маналы бері -екеуіміз
текке тәжікелееіп отыр екенбіз ғой. Қайран босқа қеткен есіл уақыт-ай?- деп
күңірене күйзелді. Сол бойда орнынан тез көтеріліп тысқа шығып кетті. Ол бұдан
кейін де талай есіктің табалдырығын тоздырды. Облаткомның председателіне барып
жолығып, одан да мардымды жауап ести алмай пұшайман халде кері оралған беті
еді. Сол екі ортада Алматыға кеткен бірінші хатшы жаңа ғана кабинетіне кеп
кірді деген хабарды естіп, іле екінші қабатқа көтерілген. Бірінші хатшы
Шерниязбен емен-жарқын сөйлесті.

Талап-тілегін ден қойып сабырмен тыңдай келгенде біраз жәйттерге көзі
жеткендей болды. Ойық МТС-на қарасты колхоздың басшылары тың игеру жорығы деген
жалған желеумен кез-келген жота, қыраттарды айғыздап жыртып, босқа рәсуе етіп
жатқаны көзіне елестегенде өзі де шыдамады. Қалың қабағы түнере түйіліп,
қабартып кеттІ. Сол бойда ауданға телефон соққан. Обкомнан жайдарлы шыққан
Шернияз кештетіп болса да даулы жотаға жол-жөнекей соғып, бар мән-жайды өз
көзімен көріп, содан кейін ауылға оралмақ-ты.Қанша жанықса да бәрібір кеш
қапты. Таластың күн батыс қапталында сиырбүйректеліп ұзыннан-ұзақ созылған
жалпақ жотаны тугелдей айдатып жіберіпті.

Шернияз көз жетер
жердің бәрі қара топырағы бетіне шығып аударылып жатқанын жаңа көргенде ішкі
жан дүниесін біреу қопарып, жұлып алғандай оқыс ыдырсапқалды. «Біздің осы
мінезіміз-ай!-деді күреңіте күрсініп.- Бір-екі жылдық мол өнім, ен дәулетіне
бола

табиғатты бүкіл бояу өңінен айырып, сұлулық атаулыны табанға caп таптап,
кез-келген жерді айғыздап жырта беретініміз жаман да». Ол табан тіреген жерінде
маңдай тұсына қадалып қараған бойы қалшиып қатып тұрып қалған.  Бүкіл жалпақ жота үстімен азынап соққан күзгі
суық жел тұла бойын тоңазытып, сүйек-сүйегін қауып, лезде ұстап үлгерген,
Шернияз, бірақ, оны ерең қылмады. Қара жерге  орната салған тас мүсіндей шаншылып тұра
берді. Өз көңілінде де бір суық жел азынан соғып түр еді. Содан бері жиын-теріннің
молшылық айы қазан өтті; қаздай қаңқылдап қараша өтті; қара суығы тек өкпеге
қадалып соғатын желтоқсан өтті; арқырап ақпан жетті. Ақпан айының басыида күні
бойы жапалақтап қар жауды. Соңы боранға айналып, кешке жақын алай-түлей қар
суырып, суытып кетті. Бұрқасын түн ауа басылды. Түнімен жылы көрпеге оранып, бұйығып
ұйықтап тұрған ауыл жұрты біртіндеп тысқа шыға бастаған азанғы қарбалас мезгіл
еді. Сол сәтте оларға қылышын сүйретіп қатулы қабақ қаһарлы қыстың жеткенін жерге
қалың түскен қар емес, ауадағы шыңылтыр аяз қатты сездіріп тұрғандай көрінді.
«Тфу» деген- түкірігің жерге түспей мұз боп қатып үлгеретін сұмдық суық еді. Ауыл
жүрты бұл күні азын-аулақ малдарын қорадан шығармады. Шығарса мына боранда
тігерге тұяқ қалдырмай түгел қырып алып, сорлап отырып қалатындарын жіті сезді.
Сосын алдарына шөпті мол ғып үйіп, жұмыстарына кетісті. Шернияз бұл мезетте
кеңсесіне келіп, бас инженерді, механик-техниктерді тугел  шақырып алып, әрқайсысына жеке-жеке шұғыл
тапсырмалар беріп жатты.

-        Иосиф, сен, ремонтта тұрған трактор,
комбайндардың дер кезінде жөнделіп бітуін қадағалап, оларды қажетті
бөлшектермен қамтамасыз етіп тұрасың,- деп МТС-тың бас инженеріне тіктеп жүз
бұрған еді. Ол:

-        Шернияз
Сардарбекович, қазіргі кезде кейбір бөлшектердің
табылуы жеті қабат жерден алтын іздеп табудан
да қат болып тұр. «Жоққа жүйрік жетпейді» деген.
Оларды қайдан табамыз?- деді бірден мәселенің ашығын айтып. Алайда, бүл оның сырғақтап, тар тығырықтан сытылып шығып кетейін деген
жымысқы ойы емес-ті. Әйтсе де
Шернияздың көзі лезде суық
сәуле шашып, қарсы алдында отырған Мюллерге қадалып

та үлгерген еді.

-        Жолдас
бас инженер,- деді алақанымен столды сарт
еткізіп салып қалып,- сөйлер сөзіңіз, тегінде, қызмет дәрежеңізге, азаматтық
ар-ожданыңызға сай болуы керек. Жұмыс барысында қырық түрлі сылтау айту, біріншіден, бүл қиындықтан қашу,
кіншіден, сіз бен бізге жараспайтын
жәйт. Сонда қалай, жолдастар,-деді сонсоң отырғандарды түгел шола қарап,- жоқ бөлшектерді таба алмадық деп ремонтта тұрған техниканың ішек-қарнын
ақтарып, құр сүлдесін ғана
қаңқайтып қойып, бәріміз бірдей қаңқасына аңтарылып қарап отырмақпыз ба, а?!

-        Жоқ.

-        Ендеше
бас инженердің әлгі сөзін
қалай түсінеміз? Иосиф директорды шын ренжітіп
алғанын сол бойда жақсы түйсінді. Оның бет-өңірінен: «Бас инженер осылай
бұлталақтағанда өзге мамандар не айтпайды, неге кежегесін кері тартпайды» деген
суық әрі жат көз қарасты және аңғарған еді. Ол бұдан әрі тілге тиек бола
бергісі келмеді, жоқ жерден босаңдық танытып, сыр білдіріп алғанына қатты
намыстанды. Іле орнынан атып

тұрып:

-        Шернияз
Сардарбекович, ағат айтсам кешіріңіз. Қандай бөлшекті де іздеп табуға тырысып бағамыз,- деді ұстаз алдында
уәде берген бала шәкірттей бір түрлі кызарақтап.

Шернияз Иосиф
Мюллердің сөзін тірілтіп, ұштай түсті.

- Тырысып
бағамыз деме, қайтсек те
табамыз де. Тырысып бағамыз-
уәдені, қайтсек те табамыз- табандылықты білдіреді. Ұқтың ба,
жолдас бас инженер?

-        Ұқтым.

 Бұған отырғандардың бәрі көңілденіп дауыстап
күліп жіберді. Шернияйдың езі де күлді. Бөлме ішін жайлы, жылы шуақ жайлап жүре
берді. Шернияздың көзі жағалай
қыдырып кеп енді Фрицке тоқтаған. Ол директордың өзінен не жайында сұрайтынын
күні бұрын біліп, соған алдын-ала дайын отырған еді. Іркілмей
бірден жауапқа көшті,

-        Шернияз
Сардарбекович, бәрі де өзіңіз
айтқандай орындалғалы тұр. Оған қам жемеңіз,-
деді сенімді сөйлеп. Директор
механиктің әлгі тиянақты, тындырымды

жауабына риза боп «Рахмет,
айналайын» деп көңіл ажарын таныта
алғыс айтып еді. Механик марқабат деп қалды. Тосын айтылған тосын бұл сөзді отырғандар да, Шернияздың
өзі де күтпеген-ді. Олар да, Шернияз
да едәуір таңырқап қалысты. Неміс жігітінің таза қазақ тілінде сейлегеніне емес, қазақтың
өз аузына жөнді түсе бермейтін, күнделікті
тіршілікте көп қолданыла бермейтін қастерлі сөзді айтқанына қайран қа-лысқан. Бұл уақытта бүгінгі, ертеңгі күні
істелуге тиісті жұмыстардың жай-жапсары айтылып, түгел тыңдалып болған-ды.
Азанғы планеркаға жиналғандар енді тысқа шығуға есікке беттей берген. Олармен
қоса-қабаттасып есік көзінде соқтығысып ебіл-дебіл боп ішке Жарықбас кіріп
келді. Ағынға қарсы жүзіп, діңкелеп жағаға шыққан көтерем малдай қаңғалақ қағып
төрге ұмтылды. Шернияз оған кел деп те, отыр деп те айтпады. Жарықбас та одан
ондай сый, құрмет тілеп күтіп жатпады. Бөлме ішіне қалай екпіндеп еркін кірсе
солай қаз-қатар қойылған орындықтардың бірін еркін жайлап жайғаса кетті.

-        Шераға, не істейміз? Күн
болса қақап тұр,- деді директордың жүзіне сұраулы кейіппен жаутаңдай қарағыштап.
Директор завхозды әлдебір шаруамен келген шығар

деп ойлап отырған. «Шераға не
істейміз? Күн болса қақап тұр»
деп жас бала құсап өзіне
алақан жайып, шарасыздық танытып, бейшара кейіпке енген мүсәпір кескінін
көргенде оқыс ашуланды.

-        Әй, не істеймісің не, сенің?! Сонда, немене, сен атқарар жұмыс құрып калып па бұ МТС-та, а?!- деп
дауыс көтеріп жекіп жіберді.

-        Жо...оқ, өзімді айтып отырған жоқпын.
Ана кұрылыста. істеп жүрген төрт-бес әйелге жұмыс тауып бере алмай сарсылып
келдім дегенім ғой мына қақаған суықта,- деп жалтара сөйледі Жарықбас. Шернияз
күйіп кетті.

-        Ойпыр-ай, таза -ақымақ
болармысың мұнша. Нәйеті төрт-бес әйелге тұяғы қыбырлайтын жұмыс тауып бере
алмадым деп не бетіңмен келіп тұрсың, сен талақ!- деді жер-жебіріне жете жекіп.
Жарықбас шашы селдіреген кәуек басын жоғары көтеруге қорқып, бүгежектеп төмен
қарағыштап кетті.

-        Мына қақаған суықта
есік-терезесі ашық, жалаңаш қүрылысқа айдап caп қара балшық илетіп қоюға дәтім
шыдамап еді, Шераға. Әйел адам емес пе. Алдажалда солай істе десеңіз... қазір... бәрін тұмсығынан тізіп сонда
апарайын,- деп оп-оңай оң жамбасына аунай салды. Завхоздың мына уәжіие директор
қарсы дау айта алмады. Қайта қисынды тапқырлығына бас шайқап, сұмдык таңырқады.
«Мынаған дауа жоқ екен, кісіні тірідей көрге кеметін нағыз көк соққанның өзі
ғой» деп бір сәт іштей аңырып отырды да, іле сөзін қайта жалғады. Бұл жолы,
алайда, әлденеден өз басын арашалай сөйлегендей болды.

-        Солай істемедің деп жазғырып
тұрған кім бар сені. Ол жайында мүлде әнгіме де болған жоқ қой. Пәлеңді кісіге
жаппай сөйлесен, немене,.. Тұғырдан тайып, тұқымың тұздай кұритын ба еді, а?! Ашу
үстінде Шернияз өз тіліне өзі ие бола алмай қалды. Соңғысы айтпайтын-ақ сөздері
еді, Аңдаусызда аузынан шығарып алып, таяқтың екінші басынан өз шекесін ұрғандай
болды. Сүйекпен біткен осы қызбалығы күндердің күнінде өз түбіне жетіп жүрмесе
игі еді.

Жарықбас бұл
сәтті де қапы жібермеді.

-        Шераға, түқым-тұяғымда әкеңіздің ақысы
жоқ шығар. Жеке өз басымды Қалай тілдесеңіз де жетпей ме сізге,- деп
кергігендей орындықтың арқалығына шалқайыңқырап отырды, Директор завхоздың
ішіне істүрт түскенін содан-ақ сезе қойды.

-        Жәке, бұрын пәле тілден жұғады
деуші еді,- деді ол сөзін салмақты бастап.- Ендігі мезетте сол құрғыр тілді
шығаратын адамның өзі болған жоқ па. Бұған қалай қарайсыз? Шернияз Жарықбастың
жүзіне сынай қараған. Жарықбас директордың өзіне ақыл сала сөйлегенін ұнатып
қалды. Сонан да болар, сөзінің түпкі мағынасына жөнді көңіл бөлмей:

-        Әлбетте солай, әлбетте дұрыс
айтасыз,- деп елпек қағып қалды.Шернияз мысық тілеу Жарықбасқа өз сөзін осылай құптатып
алды да, өз жауабын өзіне бүркей салды.

-        Ендеше, Жәке,- деді түсін
суыта ресми сөйлеп,- жалған жанашырлық қай кезде де кісілік боп табыла бермейді.
Оның қасіреттен бетер кесапаты барын және ұмытпаңыз.

Жарықбас
ыңғайсызданып, қыбыжықтап, қозғалақтап кетті.

-        Шераға, о не дегеніңіз? Оны білмей мені
қара басып па сонша,-деп танауының астынан міңгір-міңгір етіп ақталған болды. Шернияз
іркілмей және сөйледі.

 - Жәке, әлгінде кақаған мына суықта
әйелдерді жалаңаш құрылысқа жұмысқа шығаруға дәтім бармады дедіңіз. Бұныңыз бір себептен дұрыс та шығар.
Алайда осыны  жанашырлық деп түсінеміз бе, айтшы?. Жарықбас не деп жауап берерін білмеді. Өз
тілінен өзі тұтылып, ұсталып қалғандай көрінді. Күннің суықтығын сылтау етіп
төрт-бес әйелді үйлеріне қайтарып жіберіп,
артынша өзі де әлдеқайда жөнеп бермек болғаны өтірік емес-ті. Сөйтіп оларға жақсы кісі атанып тәуір көрінгісі келіп еді. Алайда оның ол әрекетінен түк шықпады. Айдалаға атылған оқтай боп ол ойы
жүзеге аспай қалды. Әйтсе де
шарасыздық танытып:

-        Енді
қайт дейсіз, Шераға. Төмен етек
ұрғашы ғой деп оларды аяғаным рас еді, Ол үшін қандай жазаға да әзірмін. Баспен істеген қылмысымды
мойныммен көтермеуге шарам қайсы?- деп өп-өтірік көлгірсіді.  Лебізін тыңдаса бет-моншағы
үзіліп, төгіліп тұрған иман жүзді жаны таза адам секілді. Бірақ істеп жүрген
кей тірлігі кісінің төбе шашын тік түрғызады. Сұмдық! Шернияз Жарықбасты ішкі
қыртысына шейін жақсы білетін еді. Шалқайғанға - еңкейіп, еңкейгенге -шалқайып
шатқаяқтап кететін екі ұрын мінезі де оның қаперінен әзір тарс ұмытылып шығып
көрген жоқ-ты. Сол себепті Жарықбастың түлкі бұлтаққа басып, тағы да сырғақтай
беруіне жол бергісі келмеді. Бірден қатқыл кетті.

-        Аяғаным рас еді дейсің, ә.

-        Әрине... енді өтірік емес қой,- деп
Жарықбас күңкілдеп жас балаша тоңқылдады.

-        Сол аядым дегенің - түбі
жылым аярлық болып жүрмесе нағылсын,- деп қадалап тұрып алды. Шернияз Жарықбас
ойының дәл үстінен дөп түсті ме, әйтеуір, ол мойындағандай басы салбырап омалып
отырып қалды. Шернияз жирене қарады.

-        Бар.
Көкжасық Көкше абажадай ат
қораның қарын күреуге жалғыз өзімнің күшім жететін емес деп мана
үйге жылап келіп еді. Соған көмектес. Әйелдер де сонда барсын. Қажет болса қырдағы маядан шөп те тасысын. Әйтеуір қол қусырып қарап
отырмасын. Ол

жақсы қасиет емес,- деді қатқыл сөйлеп. Жарықбас «мақұл» деп басын қайта-қайта шұлғып, қоштаған бойы тысқа
шығып кетті. Бірі - шана, бірі - тележка тіркеген екі тракторды алып іле өзі де
«Бірлік» колхозына суыт аттанды. Колхоз бен МТС орталығы аралығына қар жауғалы
жол түскен жоқ еді. Сол себепті Шернияз екі тракторды да алға оздырып жіберді.
Олар қалың қарды қақ жарып, жол салып, ытқи жөнелді. Жылы киініп, жарау атқа
мінген Шернияз тізгін бұрып трактор сүрлеуіне түсіп, тебінгіні cap желдіртіп
жүріп кетті. Сәске түсте «Бірлік» колхозына жетті. Шернияз еш жерге аялдамай
тура кеңсеге тартты. Күлшелі баланың сүйкімсіз болған күні бар ма, тәйірі.
Шана, тележка тіркеген екі бірдей тракторды алға салып, дер кезінде жеткен Шерниязды
Нарқоспақ баскарманың өзі бастатқан колхоздың үш-төрт активі жылы ұшырай қарсы
алып, даурыға қауқылдасып, атынан колтықтап көтеріп түсірді. Шернияз
сонда да түсін жылытпады. Өзін бейне
елшілікте жүргендей сабырлы, ете салқын қанды ұстады. Қос көзі айналаны асығыс тінтіп, жортақтағанда қазіргі қақап шақырайған суық күндей ызғарлы сәуле шашып,
кісіні манына жақын жуыта қоймаған еді. Сол алабөтен сұсты өзгеден бұрын андаған Нарқоспақ Шерниязды орайлы бір
сәтте қолтықтап ап былай оңаша ертіп барып:

-        Шереке, іштегі тас шеменің
әлі жібімеген бе, қалай? Келгелі бері жылы қабақ танытып, ашылып емен-жарқын
бір сөйлеспедіңіз. Сонша жауығып кетердей арамызда ештеңе болған жоқ еді. Бұныңыз
не?-деді барынша сабырлы, салмақты сөйлеуге тырысып. Бұл мезетте екеуі басқарманың
даңғарадай кең үйне тақап қалған еді. Бірақ екеуі екі түрлі ойда келе жатқан. «Шерекең
біздің үйден түстік ішіп, сосын жүріп кетпек болып шешкен ғой. Жылы-жұмсағымды
алдына тосып, аузын алайын - зияны тимес. Сөйтіп Шөребекті бұған, бұны
Шөребекке айдап caп, екеуін кексе айғырдай шайнастырып қойып, қызығын сырттай
көріп тамашалап жүрсем, немене, ішім кебе ме менің -жұлдызым жарқырап. тумай ма қайта.
Түптердің түбінде солардың орны маған бұйырмағанда кімге бұйырмақ еді. Қазір Талас өңірінде менен өзге бас көтерер
еркек кіндік бар ма?» деп басқарма ойлаған. «Бүгін біздің бұ Нарекең  нағашы атасын жаңа көрген жас жиендей құлдырап
алға түсіп, құрақ ұшып қаңғалақ қағып жүгіріп кетті ғой. Тағы қандай сұмдықты
қоздатқалы келе жатыр. Сойған түлкідей тісі ақсиып күлгені неткен жаман еді.
Күліп отырып күңірентіп кетпесе неғылсын. Жоғарыға менің үстімнен талай домалақ
арызды домалатып жіберген-ау, шамасы. Сыңайы солай, пәтшағардың» деп директор
күдіктенген. «Өзі сөйте тұрып менімен емен-жарқын дос, тату жүргісі келеді» деп
және

ойлаған. Басқарма асығыс жүріп келіп дарбаза есігін ашып, қонағын алға
оздырып жіберіп, өзі соңынан кірді. Қонағы, бірақ, үйге беттемеді. Қора-қопсы
жағын қызықтап жағалап кетті. Ара-кідік:

-        О,
Нареке, білмей жүр екенбіз.. Дүниенін, бар қызығы,
байлығы өзіңізде көрінеді ғой. Бізге де ептеп қарасып
тұрсаңызшы. Күріштің арқасында су ішкен күрмектей
боп журейік,- деп түс жылытып сыр тартқан болды. Бұған Нарқоспақ масаттанып қалды.
Ішінен: «Жұрттың бәрін қара көже ішетін бір қасык, бір тарелкадан өзге, жататын
қара темір краваттан өзге дүние-мүлкі жоқ негізі таза жарымаған өзіндей сорлы
байғұс көре

ме, қалай?» Деп кекетіп бір күліп алды да, сосын Шерниязға жүз бұрып қарап:

-        Сіз
де айтады екенсіз де... Әйтпесе қайдағы
байлық. Бала-шағаның ырзығына
жиналған бес-он тұяқ малдың қора-қопсысы емес пе бұл,- деп
елеусіздеу ғып сөйлеп, жәй әшейін
сыпайыгершілік жасаған болды.

-        Е...е, дұрыс
екен онда. Бәріміз де бала-шағаның қамын
ойлап, тірлік етіп, өмірден баз кешіп жүрген жоқпыз ба,- деп Шернияз ыңғайына оңай жығыла салды.

Бірі - МТС директоры, бірі колхоз басқармасы- екеуі аула ішінде біраз арбасып, іштей
аңдысып тұрып қалған еді. Бүйтіп
уақыт ұттыра бергісі келмей шұғыл әрекетке көшуді ойлаған Шернияз кенет:

-        Нареке, айыр
бар ма?-деп оқыс сұрап қалды, Үй иесі
таңырқап: "

-        Бар. Оны
қайтесіз?- деді.

-        Керек. Шернияз үй иесі әкеп берген айырмен
қаттап баулап жиылған мол шөптің астыңғы жағын ойда жоқта күш- ке салып кетеріп
қалып еді. Ар жағында үйіліп жат-

кан темір бөлшектерін көріп, көктен іздегені жерден табылғандай қуанып кетті. Бірақ бұл қасірет қуанышы еді. Шернияз төбесінен жай түскендей сұп-сұр боп сазарып, сілейіп тұрып
қалды, Әлден соң тілі шығып:

-        Мынау не?-
деді. Нарқоспақ ұяттан жүзі жанып,
мөлиіп төмен қа-

рады.  .

 

-        Жолдас басқарма,
мынау не?-деп қайыра дауыстап сұрады Шернияз.

-        Темір.

-        Нендей темір?

-        Комбайн,
трактордьщ запас бөлшектері.

-        Heгe жатыр мұнда?

Нарқоспақ не деп жауап берерін білмей дағдарып тұрып калды.

-        Нареке,
кімнен сұрап тұрмын. Жауап беріңіз. Әйтпесе жағдайыңыз қиын болады,- деді ашуын әзер тежеп. Нарқоспақ
ләм-мим деп айта алмай төмен қарағыштап, жанарымен жер шұқып, бүгежектеп,
кәмпитке өкпелеген баладай томсарып, үнсіз тұрды да қойды. Шернияз «Қазақтың
әлі балалығы қалмаған екен-ау. Ел басқарған салауатты кісінің тірлігі мынау
болғанда,өзгесіне не жорық» деп іштей сұмдық күйініп тұрса да,

қатын құсап
беттен алмай ашуын ақылға жеңдіріп:

-        Нареке,
айтасыз ба, жоқ па?! Бұлар
неге жатыр мұнда?!-деп тістеніп қатқыл сұрады. Нарқоспақтың айтпасқа амалы қалмады.
Шернияздың ашудан нарт боп жанған жүзіне ақырын көз қиығын тастап еді. «Айтқызбай
қоймаймын. Әйтпесе көзіңе көк шыбын үймелетіп, темір торлы абақтының
ар жағынан бір-ақ шығарам» деген қайтпас кескінді оқып, иманы тас төбесіне шықты. Сол екі ортада «ағымнан жарылып, бар шынымды айтып, кешірім сұрап алдынан өтсем бе екен, өтпесем бе екен? Кешсе -
жақсы, кешпесе - соры қайнап күйетін
бәрібір өзім ғой» деп дағдара
ойланды. Директордың
басқарманың ыңғайыңа оңай көніп, соның бастауымен үйіне беттеп жүре салуында
бір сыр бар еді. Әйтеуір түстік ішіп аттануға келе жатқан жоқты. Тап сол арада көрген
жұрт солай ойласа ойлаған шығар, бірақ қонақтың көздеген басты мақсаты ол

емес-ті. Басқа еді. Күзде «Бірлік» колхозына Шөребектің
қоналқаға келіп ертеңінде ауданға суыт аттанып кеткелі Шернияздың төбесіне
үйірілген қара бұлт та бұрынғыдан қалыңдап, тұтаса калтап, жақындап төне
түскен. Себебі содан бері «Бірлік» колхозына төрт дөңгелегі шыр айналып, зырлап
тұрған трактор ғана емес, төрт аяғы қыбырлаған қара қоңыз жіберсе де сау қайтпайтын
болған. Құрығанда
қажетті-қажетті бірер бөлшектерін

ұрлатып
қайтады. Бұны істеп жүрген кім? Ол тағы белгісіз. «Мынау еді» деп көзбен көріп,
қолынан ұстап алған басы ашық ұрысы
және жоқ. Ендеше түбі қараңғы жұмбақ дүниенің байыбына жетпей дағдармағанда қайтеді. Ал жоғалған бөлшектерді іздеп
тауып, орнына

қою - о да бір қиямет ғайым жұмыс болатын. Жақында
мекеме, түрғын үйлерге отын тасуға, құмдағы отар малға шөп тасуға деп бір
трактор, бір тележка беліп, осында жіберген еді. Арада апта өтті -ме, жоқ па,
немене, тракторист жігіттің өзі сонау МТС-қа жаяу салпақтап боздап барды. Ел
аман  жүрт тынышта ер жігіттің көзіндегі
жасты көріп, орнынан атып тұрған директор: «Жай ма, шырағым, не болды?» деп
танырқай сұраған. Жігіт көз жасын бет орамалымен сүртіп: «Шераға, мен барған
колхоз тұрғындары шетінен бұзық, сотқар көрінді. Тунде тракторымның моторын істен
шығарып, зақымдап кетіпгі. Бұған не дейсің енді?! Бес бересі,
алты аласысы болса қысап-қиянатын
мағанақ жасасын. Онда сөз басқа. Ал өздерінің игілігі жолында шауып барып, шауып келіп тұрған жалғыз трактордың
моторын бұзып кету, шынын
айту қажет, бұл ақылға сыймайтьш жәйт. Бұны тағылық, хайуандық десе де болар еді. Оған аузым бармай тұр,
Шераға!»- деген сұмдық күйініп. Сөйтсе күн ашықта да небір сұрқия
қылмыстар жүріп жатады екен ғой, оны кім білген?!  Директор тракторист жігіттің «аһ» ұрған жан
арпалысың қапысыз түйсінді. «Мал ашуы - жан ашуы» деген қазақтың қағидасы,
шынын айтқанда, бұл араға жүрмейді. Жігіт ызасы одан гөрі кең, әлдеқайда биік халықтық
ередегі ашу болатын. Шернияз трактористің отты жанарынан міне соны аңғарып,
«мынау бір азамат жігіт екен ғой» деп іштей сүйсініп қалған-ды. Аздан соң трактористі
үйіне барып дем ал деп қайтарып жіберіп, жалғыз өзі оңаша кабинетте ойланып, болған
жәйтті ақылға салып, әрі-бері салмақтап, саралап көріп еді. Бұның аса тегін
нәрсе емес екендігіне көзі жетті. «Не де болса ертерек қолға алып, ойқы-шойқысын
шығару керек екен бұның» деп кызу ойлаған. Сөйтіп сарсылып отырғанда ауданнан Шөребек
телефон соққан. Өзі сондай ашулы
көрінді. Айқайлап, жекіп сөйлегенде телефон құлағын қоса жарып жібере жаздады.
«Әй; Шернияз,- деді ол аман-саулықты шешесінің жатырыңда ұмыт қалдырған әдепсіз
жандай бірдей дауыс көтеріп,- сен, немене, Шереке деген сайын шатқалақтап,
бұтқа толып кеткенің...» Шернияз не істеп, не бүлдіріп қойыппын дей беріп еді.
Ол салғаннан жекіп,сөйлетпей тыйып тастады. Сонсоң үнсіз тыңдауға көшкен.
Сондағы сөзінің ұзын ырғасы мынау: Нарқоспаққа қысастық жасағанды қашан қоясың
дей ме-ау, оған трактордың бұзығы, агрегаттың сынығын, комбайнның қисығын
беріп, екі күннің бірінде сорын қайнатып, өзін мазақ етіп, сыртынан сақ-сақ
күліп жүреді екенсің дейме-ау әйтеуір, қойшы аузына келген жынды құсып-құсып,
жеңілденіп шаршағасын бір-ақ басылған. Соның өзінде де сөзінің соңын алапат
зілмен бітірген.Шөребек телефон трубкасын сарт еткізіп ершігіне аунатып тастай
салғанда бұ да орнына қойған. Сосын оң қолының салалы саусағымен маңдай шашын
сипап, үнсіз ойға шомып отырып «Бұл тегін емес» деп қайта-

қайта басын шайқай берген еді. Жасында біраз жыл тергеуші боп
кызмет атқарып талай қылмысты істерді ашқан тәжірибелі бұрынғы заң қызметкері
Шернияз Сардарбековичтің түйсігі қазір де өте сезімтал қалпында еді. Жаңа
әзірде өзіне жылап келген жігіттің тракторының моторын түн жамылып кеп бұзып, зақымдап
кеткен знянкестің ел адамы емес, не де болса өзіне қаскөй кісінің кылығы екеніп
бірден жазбай таныған. Себебі бұл кез ер елдің бағын күндемейтін, ел ердің
бағын қызғанбайтын соғыстан соңғы беймарал таза жыл болатын. Ер де, ел де бір-біріне
сүйеніп, қайта қаз басып, ілгері жылжыған сәт

болатын. Алайда. оның кылмысты
жалпы елден емес, сол ел ішінде
шегіне түйін  айланып, жеке бастың мүддесі жолында кімді болса да құрбан етіп шалып жібере салатын қаныпезер жандардан іздеуі міне содан еді. Сөйтсе жаза баспасын жіті
сезген-ді. Сол оймен Орманбет қариямен оңаша жолығып, бұйымтайын құпия сырғып
айтқанда ол іздегенге сұраған деп, қос-көзі жалт-жұлт етіп ойнап, жанып түсті.
Бірден келісімін де берді. Бұған, біріншіден, еткенде Шернияздың өз талап-мұңына
ден қойып, тыңдап, колхоз адамдарына ара түсіп, Нарқоспақпен қатты тілге келіп
жүз шайысып қайтып бет көріспей кетуі себеп болса, екіншіден қара нойысқа деген
өз өшпенділігі басты түрткі болып еді. Директор інім, мен тұрғанда саспа. Жақсылыққа
жақсылық. Бұның бәрі не де
болса Нарқоспақ қоздатып жаққан бықсық. Содан келген зауал. Әлиакпар өтірік
айтпаса,

әне бір күні Шерниязды аяктан тартып шалқасынан түсіретін
шырғалаң қазірдің өзінде
кұрылып жатыр. Сенген қойың сол ғой сенің де. Сонда көрерміз әуселесін деп еді,- деп сәл мүңдана ойланып тұрды
да, кенет дүр сілікініп:- Ары
кетсе екі жетінің беделінде сені сүріндіріп, мұқатпақ- болған сабаздардын,
сойғақты ізін тауып,
төбесінен дуңк еткізіп бір-ақ түсірем. Осыған, інім, қолыңды бер!-
деген. Екеуі осы байламға
тоқталып, келіскен сыңайда үйлеріне тарасқан еді. Орманбет ақыры уәдесінде тұрыпты.
Кеше сенімді бір адамды өзіне шапқылатып жіберіпті. Ол өзі сырға
берік, салауатты кісі көрінді. Ор-анбеттің айтқанын да, өзінің керген-білгенін
де бәрін баян етіп, жұмбақ көмбенің үстінен түсіргендей болып кетті. Қолхозға көмекке жіберген трактор,
агрегат, комбайндарды пайдаланып бола бергенде бүлдіріп, бұзатын Әлиакпар екен. Оны бұл іске итермелеген, біріншіден Нарқоспақ болса, екіншіден «директорды
сүріндірудің ең тиімді жолы осы» деп
Әлиакпардың өзі бүған мұрындық
болған көрінеді. Ал үрланған техника жабдықтары басқарма қорасының оң жақ бір бүйірінде тығулы жатыр. Оларды өзі баулаған
шөппен бастырып, жасырып қойған» деген жат әрі суық сөзді алғаш естігенде
директор ашу-ызадан өзін-өзі
ұстай алмай сұмдық қалшылдап кетті.
«Ойпыр-ай, бұндай да жауыз адам

болады екен-ау, білсемші бұрын... Қоғамға жасалған қастық па, жоқ әлде маған жасалған қастық
па?! Бұл на сонда?!»- деп аңырған
бойы дағдарып отырып қалды. Шернияздың бір қасиеті - онда жасу,
мұқалу деген жоқ-ты. Ол табиғатында жаманның да бойынан жақсылық табуға
тырысатын адам болатын. Сонан ба, кім білсін, әйтеуір ол біреу өзіне қысастық
жасап тиіссе бітті - от пен көкке қабат суғарылған семсердей өткірленіп,
жарқ-жұрқ ойнап, жарқырап шыға келер еді. Сол қасиетінен әлі танбапты. Әлгі
жаулық әрекеттің бәрін істеп жүрген Нарқоспақ екенін білгенде жүзі қабартып кетті.
ЬІза-ашудан тұла бойының қаны атқақтап басына теуіп шыға келді. Содан ішіне
жалын түсіп, көкірегін, өзегін күйдіртіп, өртеп бара жатқандай сезілді. Шернияз,
бірақ, ашуға ерік бермеді. Бәрін ақылға салып, сабырмен шешкенді жөн көрді.
Ертең жүрмек боп отырғанда түнімен жауған қар жер-дүниені көрсетпей ақ ұлпаға
қалың орап, бөктіріп бүркеп тастады,

Сөйтіп екі аралықтағы жол тас бекітіліп байланып қалған. Енді ептеп ойлап
көрсе, кешелі бері борап, ұйтқып жауған қар да, ол тыйыла бергенде күннің іле
суыта жөнелгені де директордың пайдасына шешіліп тұрғандай болды. Ол ендігі
жерде көп толғанып жатпады. Нарқоспаққа осындай қысталаң шақта қол ұшын беріп,
көмек жасай жүріп, орайын тауып қора-қопсысың түгел ақтарып, жоғалған, .ұрланған
жабдық бөлшектерді іздеу еді. Оның мана ертеңгісін тележка тіркеген бір
трактор, шана тіркеген бір тракторды алға салып, «Бірлік» колхозына суыт тартып
кетуіне міне осындай сыр бар-ды, Нарқоспақ Шернияздың бүл қамқорлығын басқаша қабылдап
еді. Хабар салмай, кемек сұратпай өздігінен шана, тележка тіркеген қос
тракторды салдырлатып салып ұрып келген директордың суықтан қабартып түтігіп
кеткен ызғарлы жүзін алғаш көргенде іштей бір

тоғайып қалған-дьь «Ә, бәлем, Нарекеңмен ойнаған қалай екен. Шөребек
досым бүл жолы жарады. Төбеңнен құдық
қазып, туралатып жіберген бе,
қалай? Бар керек-жарағыңды ала caп өзің-ақ
жүгіріп жетіпсің» деп іштей мырс-мырс күлсе де, онысын былайғы жұртқа

сездірмеді. Қайта әріптесін жайраңдап жылы қарсы алған кісі бола қалды. Шернияз қысқа амандықтан соң
оны-мұны шаруаңа жұмсарсың деп шана тіркелген тракторды Нарқоспақ-

тың билігіне берді де, тележка тіркелген тракторды өзіне қалдырды.
Нарқоспақ «Бұны да маған берсеңші. «Сый қылсаң сыпыра қыл деген» деп қиылған
болып Еді. бірақ оған Шернияз көне қоймады. «Құмға отын әкелуге бара жатыр» деп
жорта сылтау -айта салды.

Екеунің ендігі тұрысы
мынау: бірі - жауап алып тұрған тергеушіге ұксаса, бірі - қылмыс үстінде қолға түскен
ұрыға үқсайды; бірі - мысық, бірі - тышқан секілді: мысық қайтсем екен дейді,
тышқан қайтіп сытылып, қашып құтылып кетсем екен дейді. Әйтеуір екеуі де
бір-бірін аңдып, арбасып-ақ тұр. Шернняз бұдан әрі сиыр бұйдаға салып сөзді
соза бермеді.

-        Нареке, соңғы
рет ескертем. Мынау не? Айтасыз ба, жоқ па?!- деді түсі суп-сұр болып. Нарқоспақ тағы да үндей қоймап еді.

-        Адамшылықпен шыныңды айтқамда жабулы
қазан жабулы күйінде калатып еді. Енді өкпелеме. Бұл істі тергеу орнына тапсырудаи өзге
жол жоқ,- деп соңғы байламын айтып, ілгері қозғала берген. Сол заматта. Нарқоспақ бұрын-соңды ел көрмеген сұмдықты
бастап, алып денесімен бір уыс  боп шегіп
отыра қалып, Шернияздың аяғын құшып, етігін қонышынан сүйіп, өгіздей өкіріп жылап
жіберді.

-        Айналайын, Шереке, құлың боп өтейін бұ
жалғанда. Тергеу
орнына тапсырма. Тапсырсаң
темір тордың ар жағында шіріткенң
емес пе білдей бір азаматты. Қөзің қиып қалай бермексің мені. Қінәмді мойындап,
алдыңда арыла айтайыи. Айтсам кешесің бе иттітімді.

-        Айт.

-        Кешесің бе?

-        Кешем.- Шернияз ашу үстінде қалай уәде
беріп қойғанын аңдамай калды.- Бірақ бәрін айт. Арыла айт. Тугел!-деді қатқыл бұйырып.

-        Айтам.
Айтпағанда ше?!- Нарқоспақ қаңғалақ қағып ұшып кете жаздады. Үлкен, ауыр денесі
елпектегенде бір түрлі жеңілейіп кеткендей сезілді. Шернияз жөткірінді. Онысы: айта бер,
тыңдап тұрмын деген сыңайы еді. Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады деген сөз бар
қазақта. Сол айтпақшы, -менің де бүгін сынған күнім. Сенің алдыңда қылмысты іс
істеп, қара бет болған  күнім,- деп сөзін
салмақты бастады Нарқоспақ, Сонсоң аз-кем үнсіз ойланып тұрып қалды. Іле сөзін қайта
жалғады.- Ел басқарған кісі пенделіктен бір мойын озық арлы азамат болуы
керек-ті. Мен, алайда, ондай биік өреден көріне алмадым. Пенделіктен де бір мойын
қысқа сорлы тірі жан екенімді осы бүгін ғана біліп, соны таза мойындап отырған
жайым бар қайта,- деп өзін тіпті іске алғысыз ғып тастады. Шернияз осы шын
айтып тұрма деп күдіктене бетіне тесірейіп қарап еді. Қарақошқылдапа күреңіткен
жүзінен ештеңе айыра алмады. Әйтсе де, ол Нарқоспақ, шын айтып тұрмаса- өзін
осынша құрбан етіп, ағынан жарылып арылмас еді ғой деп ойлады.

-        Шереке, пенделік те кісінің өн
бойына құрылып қойылған қасқыр қақпан көрінді. Оған бір түспе... Түссең кайтып шығуың тіпті мүмкін
емес. Пенделіктід құрбаны боп кете барады екенсің. Кім біледі, сондай күйкі пенделіктің әсері болды ма, жоқ әлде
азғырынды тілге еріп,
босқа арандап қалдым ба, қайдам, әйтеуір саған ор қазбақ болғаным анық еді - деді Нарқоспақ екі беті шылп етпей.

- Ор қазбақ болғаным анық еді дейсің, ә. Орды үйіңнің түбінен әлдеқашан
қазып қойып,- деді Шернияз кекесін күліп. Heгe күлгенімді Нарқоспақтың өзі түсінсін
деді ме, әйтеуір бауланған шөптің астында үюлі жатқан жабдық бөлшектерді
көзімен мегзеп көрсетіп, қылмысын және бір еске салып етті. Нарқоспақ үндей
алмай қалды. Аздан соң Шернияз:

-        Нареке, мына
жабдық бөлшектер сізге не үшін қажет болды? Айыпқа бұйырмасаңыз айтыңызшы?- деп жәй әшейін сұрай салып еді, Нарқоспақ тіпті ойланып

жатпады:

-        МТС
директоры бізге ылғи қысастық жасап, бүлінген, бұзық техиикаларды жібереді деп
сені жоғары ға жек көрінішті етіп көрсету үшін осылай істеу қажет болды,- деп бірден дүңк еткізіп
қойып қалды. «Ойпыр-ай, мына зәнталақ қантеді. Ішіне құрық

бойламайтын зәлім
сұм екен ғой» деп тіксініп қалған Шернияз:

-        Жарайды, жоғарыға мені
жаманатты көрсетіп, дегеніңе жете ғой. Сонда саған не түседі?- деп сұрады себеп-салдарын
әлі де біле түскісі келіп.

-        Ой,
Шереке, не түседі дерің бар ма. Алжасқан кісі
не істемейді, неге бармайды.
Сені қызметтен тай дырып, орныңа өзім
құнжиып қона қалмақ болғаным жоқ па. Оның несін жасырайын енді,- деді өз қылмысына өзі күйінген Нарқоспақ шамырқана сөйлеп.

Шернияз басқарма сөзіне қапысыз иланғандай болды. Әйтсе де:

-        Нареке, менің орныма сонша неге қызықтыңыз?
Басқармалық та анау-мынау кісінің басына тарлық жасай бермейтін белді қызмет
еді ғой. Оның несі жақпай қалды сізге?- деп бір сауалды көлденең тоса қойды.

Нарқоспақ шынын
айтты.

-        Қазіргі жалғыз құдай МТС директоры болып
қалған жоқ па. Талас өңіріндегі бар колхоздың басқармасы түгел соның аузына
қарайды...

-        Жә, жетер!-деді Шернияз жақтырмай әрі
сенге көшіп,- Өзің бір барып тұрған нағыз карьерист екенсің ғой. Мұндайыңды кім
білген бұрын?!

-        Қараріс деген не?

-        Қараріс емес, карьерист,- деді Шернияз
ызаға булығып. Сонсоң Нарқоспақтың тумысында орыс сөзін айтып көрмеген қара
ноқай жан екенін ойлап:-Ә, сен бұл сөздің қазақша мағынасын білмейді екенсің
ғой. Дұр...рес. Карьерист қазақша мәнсапқор деген сөз. Енді түсінікті ме?
Мәнсапқор!-деді дауыс көтере сөйлеп. Нарқоспақтың жүні бұған да жығыла
қоймады.Қайта пәс көңіл танытып:

- Мәнсапқор
екенсің дейсің бе?- деді қайталап сұрап- Сонсоң оны қоса құптағандай сыңай аңдатып:-
Болсақ болармыз. Жұмыр басты пенде емеспіз бе, тәйірі,-деді басын ойлана үнсіз
шұлғып. Шернияз бұған дауа жоқ екен деп ойлады. Ар-ұят дегеннен таза жұрдай
адамда қайдан дауа болсын деп және ойлады.

-        Нареке, әлгінде сіз бір сөз кезегінде
«Азғырынды тілге еріп, босқа арандап қалдым ба» дедіңіз. Соны неге сүйеніп айттыңыз?-деді
Шернияз кенет ол ойламаған тосын сауал қойып әрі сізге қайта көшіп.- Әлде «өйтіңіз»,
«бүйтіңіз»: деп азғырған кісі болды ма?

-        Иә,- деп Нарқоспақ тағы да қолп ете
түсті.

- Кім?

-Шөребек.- Ол, бірақ, осы екі ортада «Менің бұл ашықауыздығым кейін
алдымнан шығып, өзімді ұятқа қалдырып жүрмей ме? Күні ертең Шөребектің
бет-.жүзін ұялмай, қызармай қалай көрем? Онымен бірге қалай жүрем?» деп бас
қатырып ойланып жатпады. Сол  жолы: «Пәле-жаладан
өзім аман болсам жетеді» деп арды да, ұятты да... бәрін қиналмай құрбанға оп-оңай
шалып жібере салған еді.

-        Ым..м. Өзім де солай ойлап
ем,- деді Шернияз үнсіз қиял кешіп. Сонсоң Нарқоспақтың қарақошқыл күрең жүзіне
қадалып суық қарады - He істейміз?

«Мынау көншейін деді ме, немене, бәрін айтқызып- айтқызып алып» деп оқыс
шошынған Нарқоспақтың бойы да сол заматта суынып жүре бергендей болды. Жаңа
Шернияз «өзім де солай ойлап ем» дегенде бар кінә, бар ауыртпалық Шөребекке
түгел ауғандай сезіліп

қалып еді. Енді не боп кетті.
Ойпыр-ай, мына қу жалған дүние қас қағым сәтте
қалай-қалай құбылып өзгереді»
деп күңірене күрсінді. Көкірек кере күрсініп алды да бар күшін жинап, бар өнерін салып:

-        Өзің
біл, Шереке?! Өзімдей бір азамат еді. Қара бастырып,
құдай алжастырған екеп десең
кеш. Әлгінде «кешем» деп те уәде беріп ең ғой. Кеш мендей сорлы бейбағыңды. Кеш мендей қара төбет итіңді!-деп аяғынан тарс құшақтап ап жібермей, етігін қонышынан сүйіп, кешірім сұрап өкіріп жылап жатып алды. Салауатты үлкен кісінің бала құсап өкіріп
жылағаны мұншалықты қорқынышты естіледі деп кі.м ойлаған. Шернияздыд тұла бойы тітіркеніп, қалшылдап кетті.
Сасқанынан:

-Кештім, Нареке,
кештім!-дей берді. Шернняз  Нарқоспақ тыққан жабдық-бөлшектерді

өзі алып қалған екінші трактордың тележкасына түгел салып, МТС-қа жедел жөнелткен.
Содан кейін өзі де көп кешікпей атына мініп, асығыс жүріп кеткен. Ол ауылдан ұзап,
бір бел асып көрінбей кеткенше Нарқоспақ көз алмай соңынан ұзақ қарап тұрды. Қанын
ішке

тартып, сұп-сұр боп сазарған бойы тістене, өшіге қарап тұрған еді. Шернияздың қарасы көзден таеа болғанда
үйге тапырақтап асығыс кіріп келді де, ай жоқ, шай жоқ дөң-геленген жозы
үстінде тұрған бөтелкеге тұра ұмтылды. Сосын оны қырлы стақанға толтыра құйып
ап іркілмей бір-ақ тартты. «Үһ - деді- сосын,- Үһ. Ащыны ащы басады деген рас болмаса неғылсын
осы. Жаным жай тауып, жадырап қалғанымды
қарашы» деіп жіпсіген маңдай терін сүлгімен сүртіп, төрге қалың төселген көрпе үстіне шалқасынан сұлай жата кетті. Көзін тарс жұмып
ап тез ұйықтап кетпек болды.
Бірақ, қос құлағы желді күні
бағанаға керілген сымдай зың-зың
етіп, лыстан дыбыс тартып, ұйқысын шайдай ашып жіберді. Оның үстіне баулап жиналған шөптің
астында тығулы жатқаи техника
бөлшектерін айырмен ашып көрсетіп «мынау. не?» деп зірк-зірк етіп, құдды түтіп жеп жіберердей боп сұмдық ашу шақырып, сұп-сұр- боп қадалып тұрып алған директордыц ызғарлы кескін-келбеті көз алдына елестеп, сұсты жақпардай үрей тудырып, қарауытып тұрып алды. «Беу, дәурен-ай, құтылдым ба,жоқ па,-деді көкірегі қарс айырыла
күрсініп.- Шақша басымды
шырмауықтай шырмап, шыңыраудың
түбіне тастап, жұта
жаздады-ау, көк соққан неме,- Сосын
дүр сілкініп, сыртынан дөң айбат жасап:-
Бәлем,

тұра тұр. Көресіні
менен көрерсің әлі. Сен
жарлауытқа өскен
биік бәйтерек болсаң, мен жарға соғылған бура жалды көк толқынмын. Ендеше менің бүгінгі жеңілгенім - толқынның
жарға соғылып, кейін шегінгені секілді жәй бірдеңе. Шегінген
толқын қайтып жарға соғылмай тұрмайды.
Бір шегініп, бір соғылып,
мерзімі жеткенде ақыры жарлауытты да
құлатады, жарлауытта өскен биік бәйтеректі де құлатады. Осыны
есте тұт, Шернияз. Қашанғы жеңіске жете берем дейсің.
Күндердің күнінде сен де толқын шайып түгескен жарлауыттың кебін құшарсың әлі» деп арман-ойын ескі жырдың үлгісінде біраз толғап өтті. Сәлден соң мазасызданып екінші жамбасына
аунап түсті. Одан бергі жамбасына
аунап сұлық жатты. Бірақ қалай дөңбекшіп ыңыранса да бәрібір басын
торлаған қалың ойдан арыла алмады.
Сосын атырылып тысқа шыққан. Тысқа шыққанда да бітірер ісі шамалы
болды. Қораның қара көлеңке түкпірінде байлаулы тұрған семіз ту биенің алдындағы шөбін қопсытып, жаймалап қоймақ боп солай қарай жүрген. Кештен бері іш пысты
боп қалған ту бие иесінің аяқ тықырын танып, кісінеп есендескендей
осқырынып-осқырынып қойды. Нарқоспақ  қасына
жақын барып, «так, так» деп алақанымен ал-қымынан, омырауынан, мойнынан
сипалап, бойының дірілін аздап басып тұрды. Сонсоң жалынан ұстап керді. Айдан
астам уақыт бойы құнарлы жем, көрпе жоңышқа жеп бордақылануда тұрған мал ересен
семіріпті. Жалына иесінің жалпақ күрек қолы батпады. Соны аңдағанда Нарқоспақ мұртынан
әнтек күліп қойды. «Алдағы жетіде сойып, жарты етін Шөребекке сыбағаң деп
апарып берсем қайтеді. Онда Шерниязды құйрық басып жылы жайғасқан жерінен түп
орнымен қопарып, суырып алып, орнына тік еткізіп мені қоя салмай ма» деп іштей
әлдекімге жұдырығын түйіп, сыртынан кіжініп-кіжініп қойды. Оған семіз ту биенің
жарты еті жарты әлемнің бнлігін қолына түгел көшіріп алып беретін

кұдіреттей көрініп
кетті.

VII

Күн намаздыгер болып калған мезгіл еді. «Бірлік» колхозынаң суыт жүріп
жеткен директор кеңсе алдына кеп аттан түсіп, ағашқа шылбырынан жаңа байлап
жатқан. Кенет арт жақтан шарпылысқан айқай-шу естіліп қалды. Жарыса кабат
шыққан терт-бес дауыс

кешкі суық ауаны қақ жара жыртып, дар..р - дар..р айырып жібергендей еді.
Шернияздың тұла бойы тітіркене дір етіп, жалт қарағанда Жарықбастың далаңдап осылай
қарай қашып, оны төрт-бес әйелдің айқайлап, ашулы қуып келе жатқанын көрді.  «Ант рған неме тағы нені бүлдірді екен?» деп
ойлап, шыдамсыздана тосып состиып тұрып қалған. Іле ол.ар да түрлері ерт сөндіргендей
алау-далау боп тапырақтап жетті. Кешкі шытынаған аяз болмаса аспан лақтырған
мен жоғалып табылғандай ашық-ты. Жер беті де қалың ақұлпа қармен көмкеріліп,
кешкі күн нұрымен шағылыса ойнап, жаркырай көрініп, сондай тазалықтың, кіршіксіз
пәктіктің нышанын молынан аңғартып тұрғандай еді. Ойда жоқта улап-шулап жеткен
мына кісілер сол сүлу көріністің тұнығын шайқап, қозғап жібергендей тіксініп
қалған Шернияз:

-        Әй, не болды сендерге? Апақ-сапақта ауыл
үстін шулыған етіп,- деп оқыс дауыстап сұрап еді, басты ебіл-себіл боп қуып
келген әйелдердің бірі:

-        Оны мына завхоздың өзінен сұраңыз?- деді
екі беті нарттай қызара бөртігіп. Жүгіргенде екі самай шашы қобырап, ұйпа-тұйпа
боп орамалының сыртына

шығып кеткен
екен. Сол бала қораздың мойын жүні секілденіп тікірейіп, бүйраланып суық ауада
дір-дір етіп қалтырап тұрғандай көрінді. Ол осының өзінен-ақ бұның тегін нәрсе
емес екенін жіті түйсініп:

-        Мына кісі не
деп тұр? Тағы бірдеңені бүлдіріп, бұларды бөрліктіріп келгеннен
саумысың, сен бейбақ?!- деп Жарықбасқа алара суық қарап еді. Ол
бұл екі ор^

тада түк болмағандай асып-саспастан:

-        Тәйірі-ай, не
болушы еді. Жәй әшейін ұрғашылығы
ұстап, кісіге ұрынып жүргені де. Әйтпесе менің не жұмысым бар бұларда. «Қатынға жуыма қаласы жұғады, балаға жуыма пәлесі жұғады» деген міне осы. Бұлар, затында, өстіп кісіге соқтықпай жүрмесе көңілдері көншитін бе
еді,- деп ілгері озып ете бермек болып еді, әлгі әйел жолын кес-кестеп еркіне
жібермей:

-        Шернияз
Сардарбековнч, бүған сеңбеңіз. Айтып тұрғаны ылғи өтірік. Біздің арымызға
тиетін қатты-қатты сөздер
айтты. Мен бұны сол сездері үшін сотқа берем.
Бес қарыс аузын аңқайтып -абақтыға жаптырам,-деді Жарықбасты жеңінен тас қып
ұстап турған бойы тұлданып.

-        Рас
па?-Директор қадала сұраған. Жарықбас
оқыс бұлқынып, қолынан босап шықты да әйелдің өзіне төне тұра ұмтылды.

-        Өтірік пе-пәшістің қатыны екендерің?!
Әйтпесе тапсырған істі орындамай омалып отырмас едіңдер ғой түге. Күре деген
жердің қарын неге күремедіңдер, а?!- деді ақырып.

-        Шернияз Сардарбекович!
Шернияз Сардарбекович, естідіңіз ғой не айтып тұрғанын. Сіз білесіз бе... бұл
үшін кісіні қандай жауапқа тартатынын,- деп пәле іздегендей әлгі шынашақтай
сары әйел шыр-шыр етіп безек қақты.

- Бұ бейбастақты қалай түсінуге болады, жолдас директор! Біз бұған көнбейміз. Жоғарыға шағым жазамыз,- деп екінші әйел шаптықты.

-        Бұған, сірә, тыйым бола ма, жоқ па?! Неткен көргенсіздік... Басқа балтай-шалтайды
білмеймін. Көзіне көк шыбын
үймелетіп, тура баяғыдай ит
жеккенге айдату керек,- деп үкім-кесімін өзі
жариялап үшіншісі тіпті
бәрінен асып түсті. Шернияз
бұдан артық шыдап тыңдап тұра алмады. Қапелімде өзінің не істеп, не қойғанын да
білмеді. Қара құрымнап тігілген офицер етігінің қонышына жаңа әзірде аттан
түскенде екі бүктеп, сұға салған сегіз өрім бұзау тіс қамшысын жалма-жан жұлқа
тартып суырып алып, серпе көтеріп, Жарықбасты иықтан ала тартып-тартып жіберді.
Жалғыз бөріні ортаға ап қамап ұстап, әрі тартқылап, бері тартқылап, әр жерінен
қарпып тістеп, жұлмалап, әбден ит сілікпесін шығармақ болып кілең қаншықтай
шаптығып, түлен тұтып түтігіп тұрған әйелдер мынадан кейін не істерін білмей
бәрі де сілтідей тынып, состиып-состиып сілейіп үнсіз тұрып қалысты. Аздан соң
өзгелерден бұрын ес жиған бірі аптыға сөйлеп:

-        Шернияз Сардарбекович, бұныңыз не? Ұят
емес пe? He
болды сізге? Аясаңыз етті бұ
бейбақты!-деді араға түсіп.

Шернияз жалт бұрылып қараған еді.
Әлгі әйелдің суық
сәуле шашып жасылданып үлгерген отты жайдары ендігі мезетте қайтадан
жалынышты жаутаңдап мөлдірей қалыпты. Жаңағы жауар бұлттай түнеріп, аямасқа бекініп, ашынып жеткен ашулы сұстан ырымға
түк қалмаған. Ол оқасы жоқ
дегендей әйелге бір қарап, қолына қамшысын бүктей білемдей ұстап, сырт айналып
жүріп кетті. Әйелдер ығысып кейін қалып қойды. Артынша жұмыстарына тарасты. Кабинетіне бүгін келген хат-хабар, қатынас қағаздарға қол койып,
кейбіріне бұрыштама соғып, тағы сол сияқты ұсақ-түйек шаруалармен танысып едәуір
отырып қалған еді. Кенет қаусырмалы екі есікті екі жаққа серпіп, салдыр-гүлдір
еткізіп айқара ашып ішке Атамқұл шал алқынып кіріп келді. Алды--артына қарауға мұршасы
болмай бешпетшең, жалаң бас асығыс жеңіл шыға салса керек. Қақаған суық аяздаң
екі беті, құлақ-шекесі түгел қызарып, түктене домығып ісініп кетіпті.

-        Жайша ма, ақсақал?- деп сұрады кабинет
иесі бұл суыт жүрістің аса тегін нәрсе емес екендігін бірден сезіп.

-        Қайдан жай болсын,-деді Атамқұл
аптығып.- Апа итке не істемедің деп камшы көтеріп едің? Мойнымның канын керсетіп
қағаз алам... Сені сотқа берем. Жауапқа тартқызам деп атқа міне caп ауданға
шауып кетті, әне!

-        Барсын  өзіне жақсы болса көрерміз соңыра,- деді
Шернияз онша саса қоймай.- Бұны естігенде Атамқұл тызалақтап кетті

-        Оу, қарағым, сонда қалай? Қол
қусырып босқа отыра бермекпісің осылай. Жо..оқ, бұның жарамайды. «Сақтансаң
сақтаймын» деген құдай. Онсыз да ана дөймен қабағың жараспай жүр еді. Енді
қайтпексің?! Мына қылығынды құлағы шалса шілтиген шертік неме жерден
жеті қоян тапқандай есі шыға қуанып,
санын шапақтап секіретін болды
десеңші!-деді Атамқұл кәдімгідей мұңайып.

-        Ой,
ақсақал, оның несіне қиналасыз. Біз не істеп, не қойдық, не
тындырдық, не бүлдірдік,..
бәрін бағып, қадағалап отырған әділ өкімет бар емес пе, Бір кісі не шешіп, не тындыра қояды дейсің, тәйірі,-деді Атамқұлды жұбатқан болып.

-        Дегенмен
куйдірмесе де күйелеп жүре ме дегенім ғой.-
Шал әнтек жөткірінді.

Директор Атамқұлдың
ықылас-пейіліне дән риза боп қалды.

-        Рахмет,
ақсақал. Бірақ Жарықбастың қолында не тұр, Тулап не бүлдіре қояды дейсіз. Оған қапа
болмаңыз. Қарияның көңілі жаңа орнына түсті.

-        Шырағым,
«Бас жарылса бөрік ішінде,
қол сынса. жең ішінде» деген атамыз қазақ. Сол оймен үш-төрт жігітті Жарықбастың соңынан шапқылатып жібердім. «Қуып жетіп көнсе - өз еркімен,
көнбесе - қол-аяғын матап, атқа өңгеріп, тура деректірдің өз үйіне желкелеп әкел.
Арызданған арсыздың аптығын басып, төмен тұқыртып қоймасақ болатын емес»
дедім,- деді ол ел бірлігін ұстанған абыздық снай аңдатып.  Шернияз көңілді дауыстап күліп жіберді

-        Бәре..келді  Ақсақал-ау, маналы бері осылай демейсіз бе... Кісіні
күпті ғып қойғанша. Міне, ұны ата жолы, ел салты дейді. Қисық-қыңырды, асылы,
осылай

іезге салып түзетер болар,- деп ағысты қиял кешіп едәуір отырды.

Шернияз бен Атамқұл кеңседен шығып үйге бет алғанда қуғыншы жігіттер де
Жарықбасты орта жолда қуып жетіп ұстап, аулаға жаңа ғана ат тұмсығын тіреп, жерге
түсіріп алып жатыр еді. Шернияз келе айқайға басты.

 

-        Әй, найсап, сен кімнің
үстінен арызданып ауданға шаптың, а?! Сонда қай бетіңмен бармақсың-ей, сен?! МТС-та жұмыс істейтін неміс
әйелдерін «пәшістің қатындары» деп тілдеп едім. Директор соларға ара түсіп, мені
қамшымен тартып-тартып жіберді» деп өз артыңды өзің ашпақ па ед әлде. Аш...
аша ғой... кімнің қылы қисаяды екен сонда?! Менің бе, сенің
бе?! Әрине, сенің-деп өз
сөзін өзі нықтап, қоштап қойды да, іле санқылдап қайта сөйлеп кетті.- Ей,
жетесіз тексіз біреу болмасаң әуелі сен не айтып, тіліңді қалай сүйрелеткеніңді сезер едім-ау, Білемісің сол үшін сені қандай жазаға тартатынын. Сол қатерден мен сені мына қамшымен екі-үш дүркін салып қалып аман алып қалған жоқпын
ба, а! Әйтпесе көрер едің қай жерде көзің көкшиіп ендігі боздап отыратыныңды.
Өй, жақсылықты білмейтін тексіз ит! Жарықбас кісіге тіл тигізіп, оны қорлағаны
үшін жауапқа тартылып, темір торлы абақтыдан бір-ақ шығатынын сонда барып түсінгендей
болды. Шернияз оған жирене қарап, сырт айналып, бұрыла берген.Жарықбас тамам жұрттың
көзінше жүгіріп келіп, Шернияздың қос тізесін құшақтап, өкіріп отыра кетті

-        Құзыръща құлдық, Шераға. Кешір. Ашу үстінде арандап өзіңді ұятқа қалдыра жаздаппын. Бала-шағамның атынан жалынып өтініп
сұраймын. Кеш! Кешір мені!-деді
көзіне жас алып.

-        Тек!- Шернияз
оқыс жекіп қалды.- Бала-шағаңды ауызға алмай сөйле. Жарықбас сол шөгіп отырған күйі тізерлей жөнеліпқасына жетіп
барды.

-        Айтқаныңыз болсын, Шераға. Кешші... енді
қайталасам қарғыс атсын мені.

Осы кезде Атамқұл
сөзге араласып:

-        Шырағым, Шернияз, тамам жұрттың көзінше
ботадай боздап кешірім сұрап тұр ғой. Қайтесің... кешесің де...
Иттік - әрбір жұмыр басты пендеге
тән қасиет болғанда, оған кешірім жасап, оны түзеп, тәрбиелеп, ел қатарына
қосу өзің сықылды әрбір
азаматқа тән қасиет емес пе еді,- деп
күңірене толғап барып тоқтады.

-        Жарайды. Бірақ
тілі тиген аңа әйелдерден де кешірім сүрасын. Ұят болады. Қазақ елі кісілікті білмейді екен
деп жүрсе... нағыз масқара,
міне - сол!-деді әңгіме осымен бітті
деген сыңай аңдатып.

-        Сұрамай қайда барады? Әлбетте сұрайды.-Жарықбас үшін Атамқұл жауап берді.

-        Ендеше
үйге кіріңдер,-деді Шернияз ауылдастарына шын көңілі түсіп.

-        Рахмет,
Шераға. Біз қайтайық. Үйде
мал-жан бар дегендей... Оның үстіне
ауыл адамдары емеспіз бе,- деп жастар
жағы сыпайылық жасап үйлеріне
тарасты. Атамқұл, Жарықбас, Шернияз үшеуі ішке беттеді. Жәмила дастарқан
жайып, шай жасап қойған екен. Бәрі жас
ерекшеліктеріне орай, төрге шығып, жайғасып отырысты. Алғашқы кесе өздерін бір-бір жағалап өткенде немересін қолынан жетелеп, үстеріне
Шернияздың ше-шесі Қызайым
кірді. Жарықбас қолға ұстаған
кесесін аузына апарып, ыссы шайды аңдамай ұрттап калған еді. Кимешегі қарқарадай
боп ағарып ішке кіріп келе жатқан директордың қарт анасын көріп, асығыс жұта
салды. Ыссы шай өңешін, көкірегін күлдіретіп күйдіріп жібергендей болды. Жарықбастың
көзінен екі түйір жас ыршып шығып кетті. Сонда да оны ерен қылмады. Сұқ саусағыңың сыртымен сүйкеп сүртіп жіберді. Сосын: «Қайран менің асыл қарт анам келе жатыр екен ғой» деп орнынан жал-

ма-жан ұшып
тұра кеп қаңғалақ қағып
Қызайымға қос қолын ала жүгірді.

- Аман-есен жүрмісіз, шеше? Күйлі-қуаттысыз ба? Ден-саулығыңыз қалай?-деп тарамыс
кәрі қолын жібермей ұзақ толғап ұстап тұрды да, кенет қасындағы немересін
жерден тік көтеріп ап маңдайынан сүйіп:-Өй, мынау Бекмұрат па? Қандай дәу жігіт
боп ескен. Тіпті танымай қалдым ғой өзін. Қайран асылдың сынығы-ай, сымбат-көркіне
көңілім де, көзім де тойып тұрау. Тфә! Тфә! Тіл-аузым тасқа,- деп
жік-жапар болды

да қалды. Осы
кезде терде отырған Атамқұл
еңсесін тіктеп көтеріп алға қарап:

-        Оу,
Жарықбас, шырағым, шешеңді
жаңа көргендей болдың-ау тегі. Бізге де көрісуге мұрсат берсеңші кішкене,- деді күле сөйлеп. Сосын:- Бәйбіше, армысыз?- деді
көкірегін кере бір-ақ дем
алып.

-        Шүкір. Өзіңіз
де есенбісіз, қария?- деді Қызайым да оған жарқын жүз бұрып.

 

Қос қарияның осы емен-жарқын
қысқа аман-саулығының өзінен-ақ олардың өзара сыйластығын, бір-бірін қалай құрмет тұтып, қадірлей
білетіндігін аңғару аса қиын емес-ті.

Төрге кеп қайта
жайғасып отырған соң да Жарықбастың аузы сөзден босамады.

-Қайран асыл анам-ай, қадіріңді білмей жүр екенбіз. Жөніңіз бәлек-ау осы.
Әлгінде ғана далаға келгендей көңіліміз бір түрлі құлазып, жүдеп-жадап отырғандай
едік. Бәрі өзідіз барда екен ғой, жарықтық. Міне, ақ түйенің қарыны жарылып,
әп-сәтге берекеміз кірді де

қалды,- деді екі беті шылп етпей. Бұған Жәмиланың қарадай жыны келіп, сұмдық

ашуланып отырған
еді.

-        О жаның шыққыр, қу шешек.
Кісіні көзін бақырайтып қойып өтірік мақтағанда аяқтыға жол, ауыздыға сөз
бермей тайпалған жорға боп кетесің, ә. Әйтпесе кеше ғана емес пе"-еді
апамның саған: «Малдың кезегіне мініп барайын атының майын,-бір күнге қисын»
деп олқалап сұратып блла жүгіртіп жібергені. Апамды сыйлайтын болсаң сонда неге
бермедің жаман қойторыңды. Бүгін кеп «Қайран асыл анам-ай, қайран қарт шешем-ай!»
дегі ардақ тұтып арқадан қаға қалыпсың, қу шешек!-деп жеңгелік әзілге сайып,
бетін аймандай қылды. Жарықбас, бірақ, бұған қыңа қоймады.

-        Жеңеше-ай, «шешек, шешек,»
деп отырып кісінің ішегіне түйін байлап жіберетінің бар-ау осы,- деп лекітe
өтірік көлгірсіп күлді де, Іле сабырлы қалыпқа көшіп- Айналайын анаға бұ
дүниеде не жетеді Мойныңа мінгізіп арқалап, жарты әлемді кезіп тентіреп
аралатып көрсетіп өтсең ғана соның өзінде бір-ақ күндік бөлінген ұйқысын
әзер-әзер өтеп шығады екенсің. Неткен құдірет десеңші. Ендеше бұл кісілер үшін
бір аттың майы деген ңе, тәйірі. Соны да сөз етіп... ерттеп бермейін дедім
бе... со күні аяқ астынан бір тығыз шаруа шығып қалып... құрғыр қолды сол кесіп
қойды емес пе,-деп өз басын әлденеден ақтап, арши сөйледі. Сосын Шернияз жаққа көз
қиығын ақырын бір тастап өтті де, әжесінің тізесін жастанып кәмпит сорып-жатқан
Бекмұратты «Айналайын-ай» деп еркелете басынан сипап-сипап қойды. Іле жеткірініп
алға ұмсына түсті де Жәмилаға тіктеп қаpaп:-Жеңеше, әлгі сөзді әзілдеп айтсаңыз
да өкпеңіз орынды көрінді. Амал не, күрең жорғама көзіңіз түсіп қалған екен.
Меселіңіз қайтпасын,- деп іркіліп аптығын сәл басқандай болды. Ол бұл мезетте
«көзіңіз күрең жорғаға түскенше маған түссеші, жеңеше!» деп қуақылана ойлап
мүдіріп қалған еді. Соны үйдегілер сезіп қалмасын деп қуыстана өңін тез билеп,
іркілмей іле сөйлей жөнелді.

-        Оның үстіне қадірменді
Қызайым апамның немересі ер жетіп жігіт боп қапты. Ініме мінгізген атым
болсын. Ертең үйге келсін. Күрең
жорғаны шылбырынан ұстатып жетелетіп
жіберейін өзіне,- деді аса
жомарттық танытып. Жәмила шоқ басқандай ыршып түсті.

-        Айналайын-жорға да мінгізбей-ақ
қой, торқа да кигізбей-ақ қой бізге. Тек кісіге ұрынбай тыныш жүрсең болды.
Күрең жорғаң бізді,.аңдаусызда орта жолға лақтырып тастап кетіп, шылбыры
мойнымызға тұзақ боп түсіп жүрер кейін. Пәлеңнен аулақ, айналайын,-деп азар да
безер болды. Жарықбас. жорғамды алмасаңдар табанда бауыздалып өле қалам деп
нақа қиыла тұрғандай. Үйдегілер бұған едәуір күлісіп, жадырасып қалды. Шернияз
кенет әңгіме бетін өзгертіп, екі жаққа да оңтайлы әрі ортақ басқа желіге бұрып
жіберуді көздеп:

-        Жәке, қысыр әңгімені қайтесіз.
Онан да мына қара майды қара буханка нанға- қалың етіп жағып, соғып алсаңыз,
несін айтасыз, тоғыңыз тура тоғыз күнге дейін басылмайды. Ертеңнен қара кешке
дейін борсық атып жеп, соның майлы сорпасынан боршып терлегендей буың бұрқырап,
аяғыңнан шауып, жеңіл жүресің,-деп қызықтыра түсіп, ортаға қойылған тарелкадағы
әлгі қара майды шетінен қасықпен шекіп алып, қара буханка нанға жағып, біріші
өзі қарпып жей бастады. Оньщ қара май деп жеп отырғаны балықтың қара икрасы
еді. Әсіресе бүл Талас өнірін жайлаған қалың жұртка таңсық ас-ты. Түрі, түсі
бөлек бұл тағамға қол созуға Атамқұл да,.Жарықбас та қорқа соғып, шошынып
отырған. «Қойдың майы ақшыл, сиырдын, майы сарғыштау келетін еді . Мынау біз
білмеген қандай мақұлықтың  өнімі болды
екен» деп таңырқап аракідік бір-біріне жаутаңдап қарасып та қояды.

Үй иесі оларды
онан сайын қыштап, қинай түсті.

-        Жемесеңдер де... ең болмаса
дәмін татып көріңдерші. Сонсоң өздерің-ақ «қой» десе көнбей тауысып жел
қоясыңдар түге,- деп болмай қадалып тұрып алды.

-        Әйтеуір ақ қойдан алынған май
емес қой,- деп Атамқұл анықтап біліл алмақ болып еді. Шошқаны ауызға алмай ақ қой
деп жорта атап отырған шалдың көңілін қапысыз таныған үй иесі:

-        Жо..оқ, ақ қойдың майы емес. Кезі
келгенде оны да жейтін боласың әлі..
Осы бастан етіне, дәміне тіліңізді үйрете бермейсіз бе қайта,-деп күлді
әлденені еске

түсіріп.

-Неге
күлдің?- Атамқұл Шернияздың жүзіне барлай көз тастады. Ол шалдың көңіліне күдік алыл қалғанын жазбай
таныды, таныды да орнынан көтеріліңкіреп қайта жайғасып отырды да:

-        Ақсақал, Жолдыбай
қарияның бұрнағы жылы қалаға барған сапары есіңізде ме?-деп сұрады,

-        Heгe болмасын... есімде,- деді Шернияздыд не айтқысы келіп отырғанын жаңа түсінген Атамқұл
да жымың-жымың етіп күліп, Оқиға былай болған еді. Жолдыбай табиғатында
қарапайым, жуас кісі болатын.
Сол жолы баласы екеуінің базарға алып
барған малы кешке-жақын әзер өтеді. Одан дүкен аралап, киім-кешек, мата-сата, онымұны

сатып алам деп жүріп әбден қарындары ашып, сілелеп қатты шаршайды. Содан
екеуі  жүрек жалғап ап-жолға шығып кетпек
болып бір асханаға кіреді. Баласы асып-сасып жүріп әйтеуір жұрт ішіп жатқан сұйық
тамақ қой деп ақшасын төлеп екі тарелка борщ құйғызып алып келеді. Жолдыбай қария
сорпаның бетіңде қалқып жүзіп жүрген шошқаның майын, арасында жүрген екі-үш түйір
кесек етін көріп, оны баласына қасықпен алып беріп жатып: «Мынау әлгі ақ қойдың
еті мен майы көрінеді. Сенжей
сал, қарның ашты ғой, айналайын. Мен сорпасын
ғана ішейін. Қанша дегенмен қазақ үшін жат, харам
мақұлықтың еті ғой» деп өзі
сорпасына нан турап, соғып алыпты. Әкесінің сол қулығын кейін баласы аңқаулық жасап: «Қалаға барғанда
кекем столовойдан алған тамақтың

етін шошқаныкі екен деп маған беріп, өзі сорпасын ғана ішті. Сондағы етке
бір тойғаным-ай, әлі есімнен кетпейді» деп жақын бір досына өзінің қалаға
барғанын сездірмек боп мақтанып айтып, қойған екен,.Ол құүрғыр да құйрығын
бассаң аузы сөйлейтін, аузын бассаң құйрығы желпініп жел жіберіп қоятын ашық
ауыз біреу болса керек. Қасқыр тартқандай дүрліктіріп бүкіл ауылға жайып
жіберіпті. Екеуінің осы қазір еске алып өзара күлісіп отырғандары міне сол еді.
Шернияз кенет:

-        Ақсақал,
әскерде болған ардагер кісілердің бірісіз. Сонда неғыпты... ырымға болса да ақ қойдың етінен дәм татқан шығарсыз,-
деп қуақылана сұраған болды да, артьшша:-Жоқ әлде Жолдыбай қария құсап сорпасын
ішіп, етін қасындағы кісілерге үлестіріп беріп отырдың ба,- деп күлді.

-        «Әр нәрсе өз сәтімен» демекші, уағында
бәрі де болды ғой. Оның несін сұрайсың енді... Құдай өзі кешірсін,- деп Атамқұл бәрібір
шынын айтпай екі ұштылау

жауап берді.

-        Жарайды, ақсақал.
Ішіңізге терең жасырған
көмбеңіз бар көрінеді. Оны
тырнап ашу, алайда, біздің, азамат
басымызға лайық емес шығар. Бірақ мына дәмнен ауызыңызға бір шекіп салсаңыз
қайтеді,-деп Шернияз тақымдап және болмады.

-        Өзі ненің
майы?

-        Балықтың майы.

-        Қойшы. Қайдағы
балық?

Шал үй иесінің жүзіне таңырқай қарады. Шернияз шынын айтты.

-        Орал қаласында
ана жылы бірге соғысқан қанды көйлек
жауынгер досым бар еді.
Посылкамен сол жіберіпті.

-        Азамат екен.-
Атамқұл риза болған пішінде
мұртын сипап, сылап, ширатып
сәл ойланып отырда да: Қой, олай
болса ауыз тиелік,- деп пышақ ұшымен ептеп шекіп
ап нанның түйір кесегіне жағып, аузына салып бір шайнап, екі шайнап дәмін татып көріп, артынша асығыс жұтып жіберді- Өй, мынауыңның дәмі де,
иісі де өзіміздің малдың сары майынан бөлек қой, шырағым. Шынында бұ
не өзі?- деп таңырқап және
сұрады.

-        Қара икра
дейді.

-        Қара ікірә.

-        Иә.

-        Ым..м,
Естімеген елде көп деген міне
осы,- деп сақалының ұшын ернімен тістелеп, қымқырған бойы
аз-кем ойланған болды.

-        Ақсақал,-деді
Шернияз осы мезетте көшелі әнгіме айтатын кісінің сыңайын аңдатып,- ертеде бір
балықшы ауылдың қызы біздің қыр еліне келін болып

түсіп отырып, бірде: «Бал татыған балықты кергіп жемейтін
сорлы басым қолаңса сасыған қой етіне қор болдым-ау»
деп жылаған екен. Сол қандас қарындас айтпақшы,
бұл қара икра балықшы ауылдың сыйлы кісі келгенде алдына әспеттеп қоятын қадірлі
тағамы. Сіз

бұны қорсынып
қолға да ұстап көргіңіз келмейді, еще,- деп кінәлай сөйлеп еді.

-        Қолаңса
сасыған деп қой етін кергіп жемесе, балықшы ауылдың ол қызына да құдай береке берсін ендеше,- деп Атамқұл
жақтырмай қалды.- О несі-ей! Жемесе
жер қапсын. Біреу оған же деп тұр
ма екен қиылып, а?! Қолаңса
сасыған деп қазақы момын түлікті сонша
тілдегені несі, аруақ атқырдың!- деп өзінен-өзі шекесі қызарақтап шыға
келді. Үй иесі шалдың ашуын
әрең басты.

-        Ой, ақсақал, сізге не болды? Соған
да кісі шаптыға ма екен? Жәй әшейін айтыла салған бір сөз де...

-        Жо..ға, қолаңса сасыған деп... қолтық астына қанжар ұрғандай боп сейлегеніне
кісінің жыны келеді екен де,-- деп
ентігін біразға дейін баса алмады. Шернияз енді басқа тәсілге көшті.

-        Қария, қыр елінің бір қызы сол балықшы
ауылына келін боп түскенде айтқан сөзін білесіз бе?- деп сұрады шалдың қүлағын
елең еткізіп.

-        Жоқ

-        Ендеше тыңдаңыз,

-        Қош. Құлағым сенде,- деп Атамқұл еңсесін
тік тегі, түзеліп қайта жайғасып отырды.

-        Қоңырсытып үйткен қойдың майлы етін
кергіп жемейтін сорлы басым күлімсі сасып, қылтанақ-сүйегі тамақты қапқан арық
балықтың арзан сұйық сорпасына

қор болдым-ау деп жылаған екен.

-        Алда
байғұс-ай! Қайтсін енді...
Қыз күніндегі қызылды-жасылды қызықты дәурені, молшылық дәулеттің арқасында
бұлан қағып өскен еркебұлан өмірі көзден бұл-бұл ұшып,
көкірегінен керней тартып еткен-ақ екен, бейбақтың!-
деп Атамқұл оқыс аяушылық білдіріп қалды. Сәлден соң алдындағы қара икрадан
тағы шекіп ап нанға жағып жатып:- Бү
қара ікірә, шынындаг балықтың несі?- деп қадалып қоймады,

-        Уылдырығы.

-- Уылдырығы.- Шал сұмдық таңырқай қайыра сұрады.

-        Иә, уылдырығы.

-        Бұны қалай
алады?

-        Ішін жарып.

-        Ненің?
Балықтың ба?

-        Иә, балықтың.

-        Оу,
шырағым, сонда қалай болғаны? Бұның
өзі, сайып келгенде, анасын қарнын
жарып өлтіріп, баласын сирағынан
суырып ап, соның етін асып жегенмен пара-пар сұмдық нәрсе ғой,- деп көзі шарасынан шыға шошын қолыңдағы нанға
жағылған қара икраны солайымен дастарқан
үстіне серпіп тастап жіберді. Сосын Шерниязға жүз бұрып қарай алмай бүгежіктеп:- Япьр-ай, қазіргі оқыған, білімді,
саналы кісілердің кей тірлігін түсінуден қалып барамыз ба, қалай? Қара ікірә
деп алдыма ардақтап қойғаны балықтың
ішін жарып алған уылдырығы болды ғой. О қйдай тоба! Өзің
кеше гөр. Пайғамбар жасынан асқанда
алжасып ала-тағаланың өзі жаратқан тіршілік анасының уылдырығын
жеп, уызын шкендей болдым-ау,- деп
қатты абыржып қалды. Шал өңіндегі
өзгеріс, құбылысты аңдаған үй иесі:

-        О, қария, бұныңыз не? Әлжуаз
кісі құсап қайдағы жоқты соғып сонша босағаныңыз? Малды тірідей бауыздап жеген
ата-тегің қазақ емес пе,- деп басу айтып

келе жатыр еді, Атамқұл қалт тоқтатып:

-        Шырағым-ай,
сен де қазақты бір жауыз көремісің. Әйтпесе бұ қай сөзің?! Қай қазақты көріп едің буаз биенің ішін жарып,
алдымен құлынын жегенін-деп саңқылдап сөйлеп, бетін қайтарып,- тыйып тастамақ
болды.

-        Жарықбас, сен ше? Сенде
осылай ойлайсың ба?- деп қарт сөзіне шамданып қалған Шернияз түс суытып, Жарықбасқа
алара караған еді.

-        Қайдам.
Былай...нетіп... көріп едім.
Өзінен арбаның кара майының- иісі шыға ма, қалай? Сосын қорқып жегем жоқ,- деді ол екі жағалауға да
соқтықпай ортадай саналап оңай шығып кетуді көздеп.Шернияз күйіп кетті.

-        Бәсе!
Бәсе «Халқым надан болған соң,
қайда барып оңайын?!» деп ұлы Абай тегін айтты деймісің, тәйірі,- деп бас
жағындағы жастықты қолтығына қысып, жамбастап
сұлап жата кетті. Атамқұл күні бүгінге дейін өзі қатты
сыйлап, сыртынан айбар тұтып ардақтап келген қадірменді ел азаматын уәжіне жөнді
құлақ аспай шамырқандырып алғанын жаңа түсінді. Табиғатында иі жұмсак, ақ көңіл
таза шал еді. Енді мына жаққа оңай ауытқып, қалай шыға келгенін өзі де аңдамай
қалды. «Құдай
мені шынымен қара

бастырып алжастырған екен» деп
ойлады. «Әйтпесе қайдағы бір балықтың
қара ікірәсіне бола жөн сөзін дұрыс қабылдамай арлы азаматымды осынша азапқа салып
қояр ма едім, кім білсін» деп
және қымырықты. Аздан соң бойының дірілін күшпен басып:

-        Шернияз шырағым, жаңа жағалауға тартқан жақын
заманның жаңа адамы мына
сендер болғанда, мына біз көненің көн
көзі емеспіз бе. Көн көзіміз
қанша ашылды десек те көр көңілімізге сәуле дарымай,
жетпей қалатын кездер де болады. Ендеше
үніңнен ескен жаңа лепке киіз құлағымыз төселмей, үйренбей жатса оған бола бізді және мына алдыңда шоңқиып отырған жаман шалыңды жазғырмассың,-
деді ағынан жарылып. Осы
жалғыз ауыз сөз араға енді ғана сызаттап, сыналап түсе бастаған жаңа кірбіңді
лезде шайып жібергендей сезілді. Шернияз шұғыл жадырады. Жастықтан басын
жалма-жан көтеріп:

-        Тереңнен
толғап үйренген қайран кәрі бозым-ай!- деді
ризашылдығын жасыра алмай балаша шаттанып. Үлкен астан соң Жарықбас шайға қарамай үйіне қайтып кетті де, Атамқұл
жеке қалып қойды.

- Жарайды, сен
жүре бер. Ауыл арасы ғой, ештеңе етпес. Алла жазса кемпірімнің қасына қараңғыда
жол тауып бірдеңе етіп жетермін,-деді бірге қайтайық деген Жарықбасқа ыңғай
бермеген қалпы кәрі сіңірдей сіресіп. Ол есікті ақырын жауып, тысқа шығып,
үйіне беттегенде Атамқұл айтар ойын неден бастарын білмей азкем аңыра ойланып
отырды да, кенет Шерниязға тіктеп жүз бұрып қарап:

-        Шырағым, әскерде болдың ба?- деп оқыс
сауал қойды.

-        Болдым.

-        Ым..м. Мойныңа қандай қару асындың? Шернияз
бұны неге сұрап отыр дегендей шалға таңырқай қарады. Алайда меселін қайтарғысы
келмей жауап бермек болды.

-        Е..е, ақсақал, біз асынбаған қару қалды
ма о жылдары. Бес қару түгел сампылдап өн бойымызда жүрген жоқ па. Керек
десеңіз, ауыр зеңбіректі сүйретіп, сілеміз қатқан кездер де көп болды ғой....
Оның қайсыбірін түгендеп айта берейін қазір,- деді төбеден жай отын тастап, жайпап
өтпек болған сұрапыл күндерді әп-сәтте ееке ала ауыр күрсініп.

Шал да жорта сұрады,
Шернияз да жорта жауап беріп жатты.

-        Зеңбірегің
әлгі... ұзын ұңғысын ұзақ көздеп ауыр снаряд
ататын қару ма?

-        Иә.

-        ЫҺ..ы. Ендеше
зеңберекпен оқ ататындарды әскер тілінде
не деп атайтын еді. Құрғырдың есіме түспей ұрғаны.

-        Артиллерист дейді,
ақсақал. Немене, сонша қажет пе еді сізге?!

 

-        Е.,е,
шырағым, бұ жарық жалғанда
қажет емес нәрсе бар ма. He жоқ -
кісіге сол қат емес те
бүгінде,- деп өз ойын үзақ толғай кеп, сосын Шерниязға
таман ысырыла жайғасып:-Шырағым, бұны мен текке айтып отырған жоқпын. Жасыңда қалай қалыптассаң, өскенде
де солай боласың. Оған, сірә, шек бар ма. Бұл бір
есептен жақсы да шығар. Ал, бірақ, оғын тура ататын зеңбіректей тік мінезіңнің бары өтірік
емес. Осы тіктіліктен, сайып
келгенде, жапа шекпесең кеп тұстарда
опа таппайсың. Содан арылсаң қайтеді,- деді өтініп
сұранғандай болып.

-        Ой,
ақсақал-ай,- деді Шернияз шалдың
ойын жаңа түсініп,- буын бекіп, бұғана қатайып, дене толысып кетті емес пе. Енді қанша әуреге түсіп, қырнап, жонсаң да-сүтпен бірге сіңген құрғыр мінез өзгере ме, айтшы?! О да бір өзгеруден кеткен дүние ғой...

-        Дегенмен ойланып көрші. Көп артілістер
кешегі соғыстан қайтпай қалған жоқ па. Солар неге қайтпай қалды? Білемісің?

-        Бәсе, неге? Шернияз не айтар екен деп әдейі жорта сұрады.

-        Біздің
әртілістер де жаудың зеңбірегін атып күлін кекке ұшыра білді, жаудың
зеңберікшілері де біздің әртілістерді
көздеп ата білді. Сөйтіп екі жақ та бір-

бірін оңай құртып
лезде жойып жіберіп отырғаны кәне.

- Сонда менің
кінәм мінезімнің тіктігі болғаны ма? Айтпағгыңыз осы ғой.

-        Иә.

- Heгe?

-        Жотаның үстіне орналасқан
зеңбіректей алды-артыңды ашык ұстайсың. Ол аз дегендей кісі бетіне тік келесің.
Қазір күн асқан сайын мінезсіз жандардың заманы боп өзгеріп баратқанын сезіп,
кішкене өзіңе-өзің есеп беріп, жүрегіңнің түбіне тереңдеп үңілгенді білмейсің.
Жолыма кесе-көлденең тұрдың деп, жұмысыма кедергі жасадың деп кей басшылармен
ашық айқасқа түсіп, қызу айтысып кетесің. Міне, сенің кінәң.

-        Түсінсем бұйырмасын. Мінді бетке айту да
қылмыс болғаны ма сонда?!

-        Қылмыс емес. Бірақ мәселе... соны қалай
айта білуде боп тұрған жоқ па.

-        Мәселен, қалай? Білсеңіз үйретпейсіз бе,
ақсақал?

-        Маналы бері
мен не айтып отырмын.

-        Меніңше ештеңе
айтқан жоқсыз. Тек «зеңбірек, зеңбірек» деп күркіреп отырсыз.., Жарайды,
әзілдегенім ғой ақсақал. Сөзімді қайтып алдым,-
Шернияз қарт кісіні көңіліне тиіп,
ренжітіп алармын деп ыңғайыиа оңай
жығыла салды. Атамқұл соны
сезді де, серпіліп сейлеп кетті.

-        Жаңылып, жаза баспасам соғыста
мінәжеет деген қару және қолданылған жоқ па осы. Сол туысы бөлек жан секілді
жаратылысы өзгеше қару еді ғой. Міне, сол оқты әлгі біз айтқан зеңбіректей тік
атпайды. «Мені көрдіңдер ме?»деп жота-қырдың үстіртіне тұмсығын сорайтып жалаңаш
орналаспайды. Оны өзің де жақсы білесің. Өзі тасада тұрады да, жау күші орналасқан
ұяны есеп бойынша нысанаға ап әуелетіп атып, төбесінен дәл көздеп түсіреді. Ал жау
әскері қанша жанығып, жанталасса да қапелімде оқтың қай түстан, қай тасадан
атылғанын біле алмай кезінде талай зарлап зардап шеккені анық-ты. Міне, сенің
сөзің де мінәметтің оғындай әуелеп төбеден бір-ақ түсетін болсын. Сонда ғана
сен ел ішін ала тайдай бүлдіріп, бөрібүжүкпен жүрген қаныпезерлерді тізеге
басып тұқыртып, жеңіске жете аласың. Әйтпесе қайда? Олар да тірі жан - оңай
беріседі деп әсте ойлама, өліспей беріспейді.

-        Дұр..рес, ақсақал. Ақыл-кеңесіңізге
көп-көп рахмет. «Керек тастың ауырлығы жоқ» деген. Қажет болса кейін игілік,
пайдасын көре жатармыз деп ойлаймын.

-        Сөйт, шырағым. Бүкіл
ауыл-аймағың жалғыз сенің аузыңа аңырып карап отыр. Босқа арандап, қосақ арасында
күйіп кетпесін деп тілейміз де кұдайдан. Басқа біздің қолымыздам не келеді.

-        Рахмет,
ақсақал. Игі тілектің өзі үлкен
тірек емес пе.

-        Соны түсінген
саған да рахмет,- деді Атамқұл шын риза
болып. Сосын сәл ойлана түсіп:- Жарықтық Абайдан сөз артылған ба,-деп әңгіме айтып
кетті.- Co кісі айтыпты ғой.
«Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың ескен соң өзің
ғана ті-

лейсің» деп. Әрине,
Абайдың заманы бөлек. Сол
кезеңге қаратылып айтылған сөз ғой.
Бірақ, дегенмен, осы сөздің саған да катысы жоқ деп айта алмаймын. Себебі, сен де жел өтіне қарсы жүріп келе жатқан жалғыз салт атты кісі секілдісін, Оған себеп; тең-түс,
қатар-құрбыларың кешегі сұрапыл соғыста құрбан болып, алды-артың біраз жалаңаштанып тақырлап қалғандығы.
Сондықтан қазір сенің
тілеуінді ел-жүрт та тілейді,
өзің де тілейсің, кейін өзің ғана тілейсің. Өйткені қарауындағы бүкіл ел тап
осы сәтте сұрапыл дауыл-бораннан, қара нәсер жауын-шашыннан, аспаннан түйенің кұмалағындай

тас бұршақ төпеген зауалдан ығып, сені паналаған бір отар қой секілді. Ертең қарны тойып,
асықты жілітіне май жүгіріп, жүнінің
түгі жылтырай толқындап,
жібектей есілген тұста әр қой
өзінше маңырап, өз ерісін
іздейдІ. Қайру бермей өз қошқарларының соңынан жосылтып салады. Сені көзге
де ілмей ілгері тартып кете барзды. Сонда
өз тілеуіңді өзің тілемегенде кім тілейді деп ойлайсың. Ал жаңагы Жарықбас сияқты сыптығырлар бас-

қа түгіл саған тілекші болуға да жарамайды. Қайта соңыңнан ит жүгіртіп қосып, тілерсегіңнен қағып,
табаның асты тілгілеп, тұз құйып татып
жіберуден жүзі жанбайды. Осыны
үнемі жадыңда ұста,
шырағым!-деді молынан шешіліп.Арада
айтылмаған сөз, шертілмеген сыр қалмады. Екеуі түннің бір уағында тарасты. Атамқұлды үйіне Шернияз жеткізіп
салды. Ертеңінде «Шерниязды директор, директор деп төбемізге дырдай ғып көтеріп
жүрсек, несін айтасың, негізі жарымаған тұл біреу екен. МТС-тың
пекарында отқа

қақталған қара буханка нанға арбаның қара майын жағып жеп отыр» деген қауесет тарады. Бұған біреу сенді, біреу сенбеді. Ер-азаматтың бағын күндеген біреулердің жәй әшейін шығарған өсегі ғой деп қолдарын бір-ақ сілтеп, елемей жүріп кеткен кісілер де
болды. Бірақ, неге екенін қайдам,
Шерниязға бүл басқаша әсер етіп, қабағына кірбің салып кетті. Өзін сонда- үстінен қызыл су жүрген көктемгі өзен мұзындай босаң сезініп қалғандай еді. Артынша «өсек те - өкпеге қадалар өкпек суық жел екен-ау» деп қанын
ішке тартып сұрланған бойы қатулана түсті.

VIII

Бұл уақта қыстың сары шұнақ
суық аязы әлі қақап тұрған. Соған орай жөндеуде тұрған техника атаулыны қайта-қайта қадағалап, көзінен тізіп
есебін алып, әрі-бері күніне қырық қатынап, МТС пен кеңсе
аралығында өмірі өтіп келе жаткан
Шернияз Сардарбековичтің көңіл күйі де
жақсы болатын. Оған себеп; күн қақап суытқан сайын ол шиыршық атып, ширай түсетін.
Сонан ба бүкіл жан дүниесі сергіп, серпінді күш танытып, ойға алған қай ісі де
өзінен өзі бітіп, көз алдында
дөңгеленіп жайнап тұрғандай еді. Осыдан
екі-үш жыл бұрын «Бірлік» колхозына әбден бауыр басып орнығып қалған немістерді
бір түнде осын-

да кешіріп алып әрқайсысына жеке-жеке жұмыс тауып беріп, қолдарына бір-бір
нән қара ключті ұстатып қойған еді. Енді ойласа, сонысы табылған ақыл бопты. Бас-аяғы
екі-үш жылдың ішінде төрт тағандап тұралап тұрып қалған MТC-ты қаз тұрғызып, дөңгелетіп
алып кетті. Қазір бәрін жөндеп, сақадан сай дайындап қойған. Комбайн дейсің бе,
трактор дейсің бе, машина дейсің бе, соқа дейсің бе жоқ агрегат дейсің бе,
қойшы әйтеуір, колхоз басшылары сұратқан техника күштердің бәрін де ерттеулі
аттай белдеуден шешіп, көлденең тосып, қолына ұстатып бере салардай әзір-тін. Бұның
бәрі екі жақтың өзара ізгі ниеті, дос, бауырмалдығы арқасында жүзеге асқан игі
жұмыстар еді, әриие. Қазақ ағаштан түйін түйген шебер халық болса, немістің
темірден түйін түйген өнерлі ел екені осы аз күннің беделінде жақсы аңғарылып
қалған еді. Мюллер бастатқан бір топ кісі жоқтан бар құрап, жаңа станоктар
орнатып алды. Сөйтіп онымен техникаға қажетті жеңіл-желпі бөлшектерді өздері-ақ
жасап ала беретін болды. Соған орай Шернияз да оларға ерекше қамқорлықпен
қарады. Олардың қандай тілегіне де үлкен мән беріп, мүмкіндігінше орындауға
тырысып бақты. Әр семьяға келе салысымен жеке-жеке үй тауып берді, азын-аулақ
малдарына шөп түсіріп берді, есік алдарында тау ғып отынды үйіп тастады. Сосын:
«Ал енді жұмыс істеңдер» деді. Олар жұмысқа қызу кірісіп кетті. Күзде, жаңа оқу
жылы басталар алдында бас инженерді кеңсесіне шақырып алып: «Мюллер жолдас,
айт, айт па, сіздердің алдарыңызда ұятты болып отырмыз. Өзің білесің.
Бізде тек қазақ мектебі ғана бар. Оның үстіне
көшіп келгендеріңе небәрі бір-екі айдың ғана жүзі болған жоқ па.
Бұл екі ортада мектеп
салдыруға біздің мүмкіндігіміз болмады
және оған күшіміз де жетпес еді. Сонымен балаларыңызды қайда оқытсақ екен? Соны ақылдасуға шақырып едім» деп
Шернияз оның жүзіне сұраулы пішінмен аңыра қараған еді. Мюллер парасатты,
салауатты жігіт болатын. Директордың толғаныс, қиналысын жіті түсінді. «Шернияз Сардарбекович, со ма сонша таусылып, абыржып отырған себебіңіз?
Балаларымыз қазақ мектебіне барады

да... Оның несіне қиналасыз. Жоқ әлде
қабылдамаңдар деп жеке, арнайы
тапсырма беріп койдыңдар ма түге» деп
жорта күлген. Директор «қой, өйтіп айтқан жоқпыз» деп басын алып қашып, азар да безер болды. «Ендеше сонда оқысын. Нәйеті жиырма шақты неміс үйі бар екен. Солар кайтсе де қалың қазақтың ішіне теңізге қосылған жиырма
тамшыдай сіңісіп, араласып кетпейді деп кәне кім айтты сізге?» деп қайта ол
Шернияздың өзіне кінә

арта сөйлеген-ді. Сөйтіп қап тауындай қиын көрінген жұмысты Мюллердіа жалғыз ауыз сөзі оп-онай
шешіп жүре берген еді. Себебі Мюллер мен Шернияз бір-бірін жақсы түсіне білген
жан достар болатын. Ал бұл екеуінің достығы, жолдастығы, сайып келгенде, екі
жұрттың өзара жақсы түсінісіп, достасып, бауырласып кетулеріне үлкен дәнекер
роль атқарғаны тайға таңба басқандай анық-ты. Алғашқы тұста екі жаққа-да қиын
болғаны рас та еді. «Еліміз кімдермен соғысып жатыр?» «Немістермен соғысып
жатыр.» «Елден сайланып аттанған ер-азаматтар қай соғыста құрбан болып жатыр?»
«Пәшістермен

болған соғыста құрбан болып жатыр» деген сықылды сөздер құлақтарына сіңіп,
оларға деген ыза-кегі тас түйін оқ боп атылып, түтеп, борап түрған уақта салып ұрып
бұлар келе қалды. Тұтас орманды түгел шарпыған қалың өрттен оның қай ағашы
жанбай, күймей аман қалатын еді. Сол секілді бүкіл елдің басына төнген ұлы апатқа
қай семья да ұшырап, бірі - ағасынан, бірі -інісінен, бірі - туысынан, бірі -
ет бауыр жақынынан айырылып, аңырап боздап отырған қайғылы да қаралы кез
болатын. Ендеше осы қырғын-сүргінді немістерден келген кесапат деп ұғынып, солай
түсініп, қабылдап үйреніп қалған бейбіт ел оларды қалай жылы қарсы ала қойсын. Қайта
ата жындары қозып, аруақтап атқа

қонып, сойылға жығып өлтіріп қоймағандарына шүкіршілік
жасасын. Әйтеуір сонымен не керек, оларды алғаш көргенде жергілікті ел қандарын ішке тартып, қанша сұрланып, өшіге қараса да бәрібір кейіннен көктем туа біртіндеп жібіген тондай беті бері қарай бастаған. Оған соғыс ашқан қанқүйлы, пәшістерден бұлардың заты белек бейбіт
немістер екені себеп болған еді. Бірақ қанша дегенмен запы шегіп қалған қазақ жұрты ғой. Баз біреулері онша сене
қоймай: «Әй, қайдам-ау, осылардың түбі шикі
боп сорлатып жүрмесін бізді. Бұлардың
олардан заты бөлек десек те, түптеп келгенде екеуі де аты
бір, тегі бір жұрағат емес пе. Туы
бөлек болғанмен ту...у бастағы түбі бір туысқан. «Қанына тартпағанның қары сын-сын» деген. Қанына тартпай тұра ма бұлар» деп өз күдіктерін жасырмай
айтқан да еді. Кейіннен бұндай сөз кім-кімнің аузымен де айтылмайтын болды.
Оған Шернияз қатты тиым салған.
«Айтқан адамның тілін кесем» деп үзілді-кесілді байлауын қадап бір-ақ білдірген. Содан бертін келе екі ұлт өкілдері өзара
жақсы түсінісіп, үйде де, түзде де қоян-қолтық араласып, шынайы достасып кетті. Қазір немістер қазақша сөйлеп қалжыңдағанда тіпті
қазақтардың өздерін жаңылдырады. Сондай
көңіл жықпас сыйластықтан ба, кім
білсін, әйтеуір сол жылдары туған ұлдардың біразы Немісбек деп
аталып кетті. Бұл екі жаққа да жылылық, таратып, көңілдеріне нұрлы сәуле құйып; жайма-шуақтатып тұрғандай
сезілді. Сөйтіп неміс десе
бізге сұрапыл соғыс ашқан қанқұйлы ел деп түсініп, өшіге қарайтын жергілікті тұрғындардың ұғымы ендігі мезетте өзгеріп: «Қиын кезеңде алыстан арып-ашып
жеткен өз ағайындарымыз екен-ау,
білсекші бұрын» деп әдепкідегідей
осқырынып, үркектеп карамай жылы түс танытып, бір-біріне ажарлы
пейіл ұсынып тұратын болды. Оның үстіне немістер де жергілікті түрғындардың қойын-қолтығына оңай
кіріп, өздерін жақсы көрмесіне жандарып қоймады. Самауырынын түптейтіндердің самауырынын, шәйнегін құрсаулайтындардың
шәйнегін, сандығын жөн-

дейтіндердің сандығын жөндеп беріп, сөйте-сөйте жұртты өздеріне қаратып
алды. Бүрын қаралы жесір келіншек «Күйеуімді қыршыннан қиып, өмірімді көктей
солдырған неміс оғы» деп үйде де, түзде де лағнет айтып зарлап отырса, ендігі
жерде «шатынап, сынғалы түрған ақ шәйнегімді құрсаулап, бүтіндеп беріп кеткенін
көрдің бе, айналайын неміс баланың» деп сыртынан айналып-толғанып отыратын
болды. Бейне бір шаңырағын қара дауыл шайқап, түндік-бауым үзіп, жұлқып, жығып
кеткелі тұрған жерінен неміс баласы көн ққлатпай аман алып қалып, ақ отауын
қайта тігіп бергендегі бар алғысын соның үстіне үйіп-төгетінін қайтерсің.
«Ашынса алласын тілдеп, қайғырса құдайын қарғап шыға келетін қайран қазақ
әйелдері-ай! Көңілдерід түскенде көл, түспегенде тас емен шөлсіңдер-ау.
Айналдым сол мінездеріңнен. Айналдым ақ еділ көңілдеріңнен!»-деп Шернияз сондайда
толқып-толқып кететін. Сонымен немістер де, қазақтар да - бәрі емен-жарқын
жүріп жатқан-ды. Кешке, қараңғы түсе аңғал-саңғалы бітеліп, жөнделген МТС-тың
қырық жамау жаман клубында кино болды. Алдымен әдеттегідей кино журнал көрсетілген
еді. Онда бейнеленбей нақтылы түсіріліп алынған қанды қырғынды алғаш көргенде
бүкіл зал демдерін іштерінен алып сілтідей тыйып қалды. Себебі экранда қанқұйлы
сұрапыл соғыс жүріп жатқан; неміс фашистеріиің совет жұртшылығына жасаған
зорлық-зомбылығы, қысым- жауыздығы, адам төзгісіз тағы хайуаңдығы, фашизмдігі -
баршасы асқан шеберлікпен көрсетіліп жатқан нағыз соғыс шындығы болатын. Соғыс
әлеметін майданда белуардан қан кешіп жүріп бастан кешіру бір басқа екен де, ал
оның зұлмат сұмдығын бейбіт күні картинадан қайта көру бір басқа екен, оны кім
білген?! Соғысқа қатысып, сұрқия жауыздықтың қандай түріне де талай куә болған,
соның қасіретін және бірге шегіп, еті өліп, көзі үйренген Шернияздың өзі де
бұны алғаш көргенде шыдай алмай кетті. Екі беті ызадан қабартып, әп-сәтте
түтігіп шыға келді. Онысы өңінен бұлаңыта шаңытып айқын көрініп тұрды. Өзінің қайда отырғанын да аңдамады. «О, қанішер! О, фашист!» деп тістенгенде тұла бойы тітіркеніп қалшылдап
кетті, Көкірегін ыза жайлады.
Шернияз соғыс біткелі талай киножурнал көрген еді. Бірақ олар тап мынадай әсер
ете қоймаған-ды. Шынында бұл сұмдық картина еді. Қаны сорғалаған соғыс шындығы көз алдына шырқырап қалып қойды., Ауыл жұрты картинаны жаңа
жұрағаттарымен бірге көріп отырған экранда қандай қанқұйлы соғыс жүріп жатса,
бұл уақта залдағы жұрттың сана-сезімінде де, түйсік-ойында да, тұла
бойында да соның жаңғырығы қоса журіп жатыр еді. Содан екі жақ та
қысылып, бір-біріне ұялып қарай алмай экранға қадалған бойы сіресіп қатып қалған-ды. ернияз бен Мюллер әлгінде залдың соңына таман орналасқан қатардың біріне жайғасқан.  Бұл олардың соғыс жайлы түсірілген фильмді
қатар отырып алғаш көруі еді. Сонан ба, кім білсін, бұл жолы екеуі де бірінін бетіне
бірі жөндеп қарай алмай ұялып, әбден ыңғайсызданып бітті. Себебі экранда
көрсетіліп жатқан зұлмат картина тарих бетіне қара әріппен жазылған жауыздықтың
ең шырқау жаман үлгісі болатын. Бұрындары тарих қателігін тарих өшіріп, заман
қателігін заман түзетіп жатса, ал бұны ешбір тарих та, ешбір заман да өшіріп, түзете
алмас еді. Өйткені бүл жиырмасыншы ғасырдағы ұлы апат еді, адам қолымен
жасалған бұрын-соңды болып көрмеген ұлы трагедия еді. Оны, сірә, ұмытуға бола ма?!
Соны ойлаған сайын Шернияз да, Мюллер де өз-өздерінен қуыстанып, ыңғайсыздана
түседі. «Бүгін неғып келе қалып едім» дейді екеуі де іштей опынып. Кенет Шернняздың
есіне «қысылып-қымтырылып жұмақта отырғанша талтайып табытта отырғаным артық
еді» деген әлдекімнен естіген сөзі түсті. Кім айтып еді өзін? Әрі-бері ойлап
көріп еді, есіне түсіре алмады. Басы босқа дал болды. Сосын: «Жарайды кім болса
да тауып айтқан екен» деді өзінің қазіргі жайын құмыға ойлап. Іле Мюллер
ойлаған: совет еліне соғыс ашқан гитлер-

шіл жендеттер болғанымен, бұның бір ұшы неміс халқында жатқан жоқ па. Халық
боп өре көтеріліп, соғысқа қарсы шықса, онда мұндай зұлмат болар ма еді, болмас
па еді, Әй, қайдам... Бірақ соғыс болмағанда біз осынша әуре-сарсаңға түспес
едік. Бұрынғыша бейбіт өмір сүріп тыныш жүріп жатар едік-ау. Енді, міне, жоқ
жерден көңіліміз күпті боп не болса соған алаңдап, жаутаңдап отырысымыз мынау. Шернияз
сияқты ел азаматтары

біздің бұл жайымызды түсінер-ау.
Ал, бірақ, былайғы жұртқа қалай
ұғындырасың. Олар қанша сезіп, біліп тұрса
да Жеме-жемге келгенде «түбі бір туыс емес пе, қанына тартпай тұрар деймісің, тәйірі» деп бізге күдік артпай әсте тынбайды. Қанша дегенмен қазақ халқы да бүкіл
совет жұртшылығы секілді соғыстан жапа шеккен ел ғой. Сол қасірет қайғысы әлі күнге дейін тәнінде
сыздап, көкірегінде азалы
керней тартып тұрған жоқ па. Ендеше бұлар
бізді неге жазғырмасын. Жазғырмаса да соғыс ашқан қанқұйлы фашистің біздің елге
ертеректе шығындап ишығып
кеткен бір жұрағаты деп қарайды ғой. Бұдан артық қандай жаза керек еді біздей сорлы бейбақа!»- деп. Шернияз
ойлаған: Мюллер босқа күдіктенеді. Соғыс ашқан неміс халқы емес қой. Фашизмнің
сойылын coққан қарғы баулы көк жендеттер емес пе. Оның несіне қуыстанады. Оның
үстіне құрсағынан қару асынып тұған бұрынғы Германияның немістері мен біздің
жерде өскен немістердің айырмасы аспан мен жердей; қалай десек те екеуі
бір-біріне қарама-қарсы екі системаның, екі қиырдын, өкілдері боп табылады.
Тәлім-тәрбиес.і де бөлек. Бұл екеуі бір бидайдын, екі түрлі дәндері секілді -
топырағына қарай өсіп жетілген." Ол үшін бұларды жазғыруға бола ма?!-деп.,
Жас өспірім балалар болмаса әдетте, қазақтың ересек кісілері киноға онша көп
келе қоймайтын. Бүгін де солай болғанға ұқсайды. Шернияз ақырын көз жүгіртіп
карап еді. Кілең мектеп окушыларынан өзге үлкен кісілерді көре алмады. Ал
жиырма шақты неміс семьясы тайлы-тұяғына дейін қалмай түгел жиылып кепті. Бұдан
басқа қызық жоқ - енді қайтеді. Келмей қайда барады? Кенет сұмдық бір картина
көз алдарынан жойқын-жойқын әлемет із тастап жосылып өткендей болды. Залдағылар
заматында демдерін іштерінен ап сілтідей тынып, қарсысына кадалып отырып
қалған. Өйткені бұ уақытта экранда жаңа босанған жас ананы қақ жүректен атып
өлтіріп бауырындағы қызыл шақа сәбиін қол-аяғын тырбаңдата ербеңдетіп айырып
алған бойы лапылдап жанған алау өртке тыр жалаңаш шырқыратып лақтырып тастап
қаннен-қаперсіз кете барған фашистің жауыздығы көрсетіліп жатыр еді. Бұны
көргенде жас қыздардың көздерінен жас ытқып шығып кетті. Кейбірі өздерін ұстай
алмай тіпті сол отырған жерлерінде егіліп жылап та жіберді. Ал естияр ересек
балалар қандарын іштеріне тартып, үлкен кісілерше, екі беті құп-қу боп әбден
сұрланып алған. Неміс жендеті экранда емес,

жерде болса қуып жетіп ұстап ап
түте-түтесін шығарардай өшіге ызалана
қарайды.

Кектене түйіледі. Басқасы басқа, мына әлемет көрініске Шернияздың өзі де
төзбеді. Көзінен оқыста ытқып шығып кеткен жалғыз түйір мөлдір тамшы төмен
сырғып кеп бетінің ұшына дір-дір етіп қалт тұрып қалды. Бейне бедеу сұр тастан қысылғанда
шыпшып шыққан суық жалғыз тамшы секілді. Шернияз оны қасындағы серігіне
байқатпай сұқ саусағының қырымен лезде сүртіп жіберді. Сүртіп жіберіп экранға
қайта қараған. Бүл тұста әлгі жендет үлкен баласын қолынан жетектеп, кішісін
көтеріп жанұшыра қашып бара жатқан ананың, қорқыныштан екі көзі атыздай боп
шығып, сары шашы ұйпа-тұйпа боп, қобырап жайылып кеткен ананың ту сыртынан
мылтығын кезеніп

тағы да тұра калған еді. «Ойпыр-ай, мына сұм қайтеді? Ана біткенді бауырындағы баласымен
бірге атып, отап, қынадай қырып бітірді-ау түге!» деп оқыс дауыстап қалды.
Сөйтті де қасында отырған Мюллерге секемденіп жалт қарады. Одан екі беті нарт
боп жанып, өз-өзінен қысылып, экранға қайта телмірген. Бұл көзқарастан фашистер
осындай жауыз болғанда енді қандай болмақ еді деген кесімді суық үкімді аңғару
аса қиын емес-ті. Осы кезде Мюллер де қуыстанып жалт бұрылып қараған еді. Ол,
бірақ, қанша қадалса да Шернияздың жүзінен өздерін жазғырған күдікті ештеңе
таба алмай әбден пұшайман болды. Әйтсе де оның «Мына жазған неме неміс жендеті
мен бізді салыстыра қарап отырған жоқ па» деп жаңа әзірде іштей күдіктеніп
қалғаны өтірік емес-ті. Шернияздың жүзіне де сол себепті жаутаңдап қайта-қайта
қарағыштай берген еді. Қанша дегенмен ары таза, қаны таза неміс халқының  бір өкілі емес пе. Экранда
кездескен ана мен баланы

атып құлатып, жайпап келе жатқан қандасының
хайуан жауыздығына бұдан артық жүзі шыдап қарап отыра алмады. Құйрық басып нығыз отырған жерінен жын соққан
кісіше әлденеге ызалана тістеніп тысқа ашулы беттеді. Соңынан Шернияз да ере
шығып еді. Сонда көрді: кешкі суық аязда Мюллер ерніне қыстырған папиросты үстін-үстіне
сорып, қою түтінін аспанға ата бұрқыратып,ызалана тартып тұр екен. Шернияз
Мюллердің ішіне

әлдеқалай шоқ түсіп, өртеп күйдіріп бара жатқанын содан-ақ жазбай таныды.
Бірақ ләм-мим деп ештеме айтпады. Тек темекі сұрап тартты. Папиростың көкала
түтінін аузынан әуелетіп шығарып, ермек етіп ойнап, қасында томаға-тұйық күйде
үнсіз тұра берді. Едәуір уақыттан соң:

-        Бұ  сұрапыл соғыс үшін бүкіл бір неміс халқын күйдіруге, жазғыруға бола ма?-деді Мюллер
ауыр күрсініп.

-        Жоқ.

Мюллердің көздері жарқ етіп жалт
қараған еді. Шернияздың шын айтып тұрғанын нұрлы жанарынан көріп, іші
бір түрлі жылып сала берді. Сол жылылық өңіндегі суық ызғарды да
қоса жиып, сыпырып алып кеткендей болды. Үш күн, үш түн бойы кейде жапалақтап,
кейде ұйтқи суырып жауған қар жер-дүниені көрсетпей қалың бүркеп, молынан басып
жатып қалған. Қарға адым жер жүрудің өзі кім-кімге де мұң болды. Соның алдында
ғана Шөребек Шілтекбаевич бастатқан екі-үш өкіл шаруашылықты аралап көрмек боп,
жолға суыт шыққан еді. «Бірлік» колхозында тұяқ серппей жатқандарына міне үш
күн, үш түн болды. Шернияздың, бірақ, олармен жұмысы болған жоқты. МТС-тағы
шана, тележка тіркеген тракторларды көмек сұратқан шаруашылықтарға қылдай ғып
тең бөліп берді де, өзі соларды сырттай бақылап кеңсесінде қызмет істеп отырып
қалған еді. Кенет алдында маналы бері тілі кесілгендей мелшиіп үнсіз тұрған
қара телефон шар-р етіп безілдей жөнелді. Шериияз телефон құлағын жайлап
көтерді.

- Да..а. Иә, мен
тыңдап тұрмын.

-«Бірлік» колхозында қарға малтығып жатқаныма бүгін үш тәулік болды. Сен,
немене, мені осында жамбасын сипап жата берсін дейсің бе? Әйтпесе өзің біліп машина жібере салар едің ғой. Жоқ әлде тұғырымнан тайып жығылып қалармын деп қорықтың ба?- деді бірден
дауыс көтере сөйлеп. Шернияз дауыс
иесін салғаннан жазбай таныды. Бұл Шөребек Шілтекбаевич еді. Онсыз да қарны
тойса мұрнын шүйіріп қасындағысын танымай қалатын заты қазақ емес пе, несін
айтасың, қысқы соғымның сүр еті мен ішкен арағы оны біржола көкіректетіп
жібергендей көрінді. Оның бұлай амандық-саулық жоқ бірдем өктем, бұйыра
сөйлегенін әдепкіде Шернияз шам көрсе де қызмет дәрежесін сыйлап, байыпты жауап
бермек болды.

-        Шөребек Шілтекбаевич, екі ортаға жол түскен
жоқ қой әлі. Оның үстіне қар қалың жауған. Кім-кімнің де жолын кесіп, байлап тұр.
Әуелі машинаны айтасыз, аттың өзі омбылап әрең жүреді,- деді мән-жайды ақырын
түсіндіріп. Алайда, оны Шөребек үғына қоймады. Даусын бұрынғыдан да қатайтып,
қайта өршіп кетті.

-        Әй, мен кімге айтып тұрмын. Машина
жібересің бе, жоқ па?! Шернияз
барынша сыпайы сөйлесуге тырысты.

-        Шөребек Шілтекбаевоч, мына қалың қарда
машина жүре алмайды ғой. Айтқанды түсінсеңізші,- деді. Шөребек оған да көне
қоймады.

-        Түсінбесемші,- деді сырбазданып.

-        Оны өзіңіз біліңіз.

-        Білсем сол. Көктен қаз,
жерден қаз, қайтсең - де бір машина тауып осында жіберетін бол. Вот,
все. Шернияз күйіп кетті. Бірақ сонда
да сабыр сақтап:

-        Шөребек
Шілтекбаевич, бала болып кеткенсіз бе, немене?! Айтқанды неге түсінбейсіз?!- деді.

-        He
тантып тұрсың-ей, сен. Саған енді біз бала болдық па, а?!-деп ақырды.

Шернияз «бала болмасаң да мына
қысылшаң күнде басқа түскен пәле боп тұрсың-ау» дегісі келіп тұрды да,онсыз да айналасынан жаланып,
ізденіп жүрген алаяқтан бойын аулақ ұстағанды жөн көріп, ыңғайына оңай жығыла салды.

-        Шөребек Шілтекбаевич, мен
сіздің арыңызға, жеке басыңызға тіл тигізіп, беделіңізге нұқсаң келтіретін сөз
айтқаным жоқ. Тек бар болғаны: аттың омырауын

қағатын қалың
қарда сізге машина жібере алмайтынымды түсіндіріп өттім ғой деп ойлаймын. Ендеше,
мен қалай айыпты болам.

-        Айыптысың.

-        Heгe?

-        Сол.

-        Онда тиісті жерде жауап берермін. Ал
енді осымен сөзді доғарсақ қайтеді, жолдас Шілтекбаевич!-деді Шернияз да айылын
жия қоймай қасарысып.

 

-        Олай болса көп
сөзді қой да машина жібер.  Екеуі сөзді басынан кайта бастап бір-біріне
жеңсік бермеуге айналды.

-        Машина
жіберілмейді.

-        Heгe?

-        Екі араға әлі
жол түскен жоқ. Қар қалың.

-        Қолыңмен күресең
де жол салып, алда-жалда машина тауып жібермесең... онда менен жақсылық күтпе, жолдас Сардарбеков!- деді Шөребек те барынша ыз-

барланып.

-        Тапқан екенсің ақымақты. Екі телефонның құлағы да ершігіне бір мезгілде сарт

етіп қонды. «Бұ итті .баяғыда орнынан жұлып тастау керек еді, Енді көрдің бе...
тамырын терең көмген алып емендей қозғала қоймауын»- деді сөзінің өтпегеніне
ыза болған

Шөребек күйіп-пісіп. «Құтылдым ба, жоқ ла. Үһ, жаным-ай!-деді Шернияз
маңдай, мойын терін бет орамалымен сүрткілеп.-Тырнадан қарауыл қойсаң басыңнан
қиқу кетпес деген, міне, осы. He айтқанға көнбейді, не істің жөнін білмейді. Ендігі
мезетте қайтіп жұмыс істесеміз, а!» Сөйткенше болған жоқ, телефон тағы
да шарылдап

безілдей жөнелді.
Шернияз құлағын және көтерді.

-        Алло... Да!

-        Шернияз,
той жасай бер. Айтқаныңнан
қайтпай тілегіңе жететін болдың.
«Бірлік» колхозына құдай айдап бір тракторисің келе қалған екен. Ендеше сол жеткізіп салсын бізді.

-        Ол қайда тұр?

-        Осында.

Шөребек «Шернияздың беті бері
қарады, енді қайтер екенсің?» дегендей тракторист
жігітке сұсты қадалып, өңменін тесіп
жібере жаздады. Оның бұлай тесірейіп, ата қарауылда себеп жоқ та емес-ті. Әлгінде
Шерниязға сөзі өтпей әрі М'ТС-қа
желдіртіп суыт жүріп кетуге
көлік таппай әрі-сәрі хал кешіп, сарсылып отырғанда
«Бірлік» колхозына бөлінген жалғыз
трактор іздегенге сұраған деп соның үстінен дөп түскен еді. Бұны алғаш көргенде Шөребектің көктен тілегені жерден табылғандай
боп қуанғаннан көздері
алақ-жұлақ етіп шапыраштанып кеткен.

-        Жігітім, бізді
МТС-қа, қала берді аудан орталығына жеткізіп саларсың,-деген ай-шай жоқ бірден
бұйыра сейлеп.

Тракторист өзіндік-беті бар, ойы бар Атжалман есімді өжет
жас жігіт еді.

-        Сіз
кім боласыз?-деп сұрады төбеден іускендей дүңк етіп.

-        Е..е,
жігітім, мені танымағаның
жарамады,-- деп ызалы мырс етіп күліп
сырт айнала берді Шөребек. Сол
кезде жерден жік көргендей оқыс ашуланған Нарқоспақ:

- Ей, малғұн, Шөкеңді танымай сені қара басты ма, а?!-деп тракторист
жігітті басынан нұқып-нұқып жіберді.

-        Бәсе, десеңші... Есі дұрыс па
өзінің?-деді Шөребектің қасында еріп жүрген екі өкіл де үсті-басы май-май
трактористке тыжырына жақтырмай қарап. Бұл жас жігіттің қытығына қатты тиді.
Табанда қитығып қалды.

 - Таниын, танымайын... бәрібір одан
келер-кетер пайда жоқ қой қазір. Немене, қайда жетелесе сонда желіп кете
беретін мені бір бұйдалы тайлақ көремісіңдер түге. Оларыңыз бола қоймас,
ағайлар!- деді іштей әлденеге бекіне түсіп.

-        Әй, сен Шөкеңді тыңдамайтын соншама кім
едің? Үлкен басын кішірейтіп алдыда кеп ауданға жеткізіп сал деп етініп тұрса...
Оу, боқ мүрын, саған одан өзге не керек еді. Осының өзі саған көрсетілген құрмет
емес пе біле білсең. Әйтпесе бір ауданды өргізіп, тұрғызып үйренген үлкен кісі
бұт артар көлік таппай қалды деймісің, тәйірі,- деді Нарқоспақ Шөребекке осы тұста
тағы бір жағынып қлуды көздеп. Атжалман міз бақпады. Басқарманың
қоқан-лоққысынан да,.аяр тілінен де қорқып саспады. Бойын тік ұстаған қалпы
басқарманың көзіне тіктеп қарап:

-        Нареке, мені МТС директоры колхозыңызға
кемекке жібергенде әрі-бері еткен кісілерді тасы, межелі жеріне жеткізіп салып
тұр деп жұмсамаған болар. Еңдеше неге трактор сұраттыңыз. Керегім болмаса
жасырмай айтыңыз?- деді ызбарлаиып.

- Онда сенің
шаруаң болмасын сұратам ба, жоқ па - ол менің жұмысым. Ал әзірше айтқан тілді ал
да Шөкеңді қасындағы кісілермен бірге ауданға жеткізігс

сал.

-        Жеткізіп салмасам ше?!-Жігіт қитығып,
қасарысты да қалды.

-        Heгe? Жеткізесің!- Басқарма белден баса
сенімді сөйледі. Бірақ одан Атжалман да қыңа коймады.

-        Бұл
өктемдігіңізді, ағасы, өз
колхозыңыздың адамдарына көрсетіңіз. Біз сізге бағынышты кісі емеспіз. Так что... бұдан былай біздің алдымызда
ойланып сөйлегепіңіз жөн бөлар,- деп бұрылып жүріп кете берген еді,басқарма
жеңінен тартып тоқтатып:

- Әй, қайда барасың?.- деді көзін ақшитып.

-        Қайда барушы
ем... Ауылға қайтам да...

-        Қайтпайсың.

-        Heгe?

-        Сол. Шөкеңді
ауданға жеткізіп саласын, дедім ғой әлгінде.
Бір айтқанды неге ұқпайсың осы, а?!

-        Апармаймын:

-        Heгe?

-        Оны МТС директорынан сұраңыз. Мына жауапты естігенде Шөребек Шілтекбаевичтің
көзі алақандай боп кетті. Оның әлгінде «бұлар бірінің аузына бірі түкіріп
қойған ба, немене?» деп жалма-жан телефонға жармасқаны міне -содан еді. «Арнайы
машина тауып жібермесең де құдай айдап өздігінен келе қалған жаман тракторын
беретін шығар, неғыпты» деген көңілінде сенім де жоқ емес-ті. Сөйтіп ар жағынан
керекті кісісін дереу тауып алдыма: «Әй, сенбесең өз құлағыңмен есті» деп
трубканы жігіттің қолына жекіп ұстата салған. Оның бұл әрекетінен де бәрібір
түк шықпады. Себебі Атжалман МТС директорынан жаңа нұсқау алып, құмға отын
тасуға суыт жүрмек боп тысқа асығыс

беттеген. Басқарма жолын кес-кестеп қалт тұра қалды.

-        Әй, иттің
баласы қайда барасың?- деді жеңінен тағы
да ұстап тоқтатпақ болып.

Атжалман
бұған кәдімгідей шамырқанып қалды. Басқарманың қолын сергіп қағып жіберді.

-        Жолдан былай тұрыңыз.

Басқарма
ес жиып, өз-өзіне келіп, бойының дірілін

басқанша Атжалман тысқа шығып, сыртқы есікті тарс

жауып үлгерген еді.

 

- Қап! Мына иттің қорлығын-ай!-деді басқарма азу
тісін шақырлата қаршылдатып.

Шөребек мына көрініске көрінеу
төзбеді. Шернияздың жағдайын түсініп тұрса да ендігі жерде түсінгісі келмеді. Қалайда оған кінә арта қарады. «Осыдан көлік тауып
жібермей көр, ісім сенімен болсын» деп тістенді. Құдіреті жетсе тапап, жаншып, құрдымға жөнелтіп жіберердей
сұмдық өшікті. Сол ашу үстінде тағы да телефон соққан еді. Ш.ернияз
бәрібір жылы ыңғай таныта қоймады. Айтқанынан кайтпай табандап отырып алды.

-        Жолдас
Сардарбеков, сонда немене, мені осында

жата берсін деймісің,- деді
телефонмен айқайлап.- Машина тауып жібер дегенім қайда?! Шернияз бұдан кейін де жерге қардың
қалың түскепін, ендігі мезетте жол болмаса машинаның жүре алмайтындығын
әлденеше рет түсіндіріп айтып көрген еді. Шөребек бәрібір оның сөзіне құлақ аспады. Тіпті ұққысы келмеді.
Сонсоң Шернияз да жұмсақтауды қойды. Ежелгі тіктігіне басты.

-        Қалай десеңіз олай деңіз, Шөребек
Шілтекбаевич. Айналасы екі-үш
кісіге бір трактор, бір машинаны мініп жүруге босата алмаймын. Онсыз
да қыруар шаруа бастан асып жатыр.
Түсініңіз.

-        Мен бірін ғана
сұрап отырған жоқпын ба?

-        Мына
қалың қарда машина өздігінен
жүре алмайды. Оны трактор сүйретпесе қалай жүреді. Ендеше бұл машинаға
қоса бір тракторды және босату керек деген сөз,- деп және түсіндіріп өтті.  Шөребек
оған да тоқтай қоймап еді. Шернияз ашуланып телефон құлағын ершігіне сарт
еткізіп қалай тай салғанын адамай қалды. Сол кезде сыртқы ееікті ақырын
сықырлатып ашып ішке біреу кіріп келе жатты. Шернияз «бұ кім болды екен?» деп
еңсесін тіктеп алға көз тастап еді. Үсті-басы қырау-қырау боп ішке енген кісінің
аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Сейтжан Байзақов екенін таныды. Сейтжан
жас жігіт еді. Арсалаң қаға жүгіріп келіп сәлем берді.

-        Ассалаумағалейкум, аға.

-        Алейкумсалам. Екеуі қол
қағысып жылы-шырайлы амандасты. Шернияз бен Сейтжан пікірлес кісілер еді. Сондықтан
екеуі де бірін аға, бірін іні көріп, өзара сыйласып, тату жүретін. Жасы кіші
болғасын ба, жоқ бір кезде сол тәрбиелеп өсірген ұстаз болғасын ба, әйтеуір Шернияз
десе Сейтлжан қаңғалақ қағып ұшып тұрады. Және әлі күнге дейін айтқанын екі
етіп көрген жері жоқ-ты.  Сейтжанға
салсаң Таласірінде Шернияздан өткен

білікті азамат жоқтай көрінеді. Істің де, сөздің де жөнін білетін жалғыз
сол боп көз алдында жоталақып тұрады. Бірақ ел ішінде де небір сойлар жүрген
жок па. Олар Сейтжан жақсы көрді екен деп, Сейтжанның жанашыр жақын туыс ағасы
екен деп Шерниязды төбесіне туғып көтере қоймайды. Қолдарынан келсе соңынан ит
қосып жүгіртіп, балағын тістетіп, өрім-өрім етіп талатып жіберуді-ақ ойлайды.
Дегенмен кұдіреті күшті құдайдан қорқып... жо..оқ, құдайдан қорықпайды. Құдай
жоқ болса одан неге қорқады. Өкіметтен сескеніп, ондай сұңғыла сұмдыққа беттен
басып бармай жүрген жоқ па. Әй, бірақ, қашанға дейін бармайды дейсің... барады
ғой... барады.... Сейтжан ішке енгесін бойы жылынып кәдімгідей елтіп ойланып
отырып қалып еді. Оқыс шар еткен телефон даусы ойын бөліп жіберді. Кабинет иесі
телефон құлағын әдепкіде көтеріп тыңдап көрген. Ар жағынан гүжілдеп ашулы
естілген жуан дауысты танып, оны одан әрі тыңдағысы келмей телефон құлағын стол
үстіне ақырын қоя  салып, екі қолын
алдына айқастыра ұстаған бойы маңдайын сүйеп ойға шомып үнсіз отыра берді.
Сонсоң едәуір уақыт өткенде барып телефон құлағын қайта көтеріп:

- Ал..ло. Шөребек Шілтекбаевич, бала емессіз, шара емессіз, сізге қанша рет
түсіндіріп айтуға болады? Жөн сөзге тоқтасаңызшы кішкене. Осында шанаға ит жегіп
келсеңіз де жетіңізші әуелі. Сосынғы шаруаны өз міндетіме алайын,- деді барынша
сабырлы сөйлесуге тырысып. Шөребек Шілтекбаев жарайды деп те, жарамайды деп те
айтпастан телефон трубкасын ершігіне ашулы тастай салдьі. Осының
өзінен-ақ бар мән-жайды жіті

түйсінген Шернияз Сейтжанға ақырын жүз бұрып қарап:

-        Ал, інім,
түскі үзіліс боп қапты. Үйге барып, тамақтаңып қайтпаймыз ба?-деді әнтек күлімсіреп.

-        Қарсылық
жоқ,- деп Сейтжан да лып етіп қоштай кетті. Жәмила мол етіп кеспе көже істеп қойған еді. Екі азаматтың ыстық тамақ
ішкен соң бойлары жылынып, маңдайлары жіпсіп, құрыс-тұрысы лезде жазылып жүре берді..
Түс қайта өгізге мінгені бар, түйеге мінгені бар, атқа мінгені бар Шөребек
Шілтекбаевич бастаған өкілдер суыт келіп жетті: Бәрі де МТС директорын әп-сәтте
түтіп жердей сұмдық ашулы еді. Әсіресе Шөребектің түсі түктеніп, түтігіп
кеткен. Көзінен суық ызғар шашып,Шерниязға шаншыла қарайды.

-        Жаман атқа жал бітсе жанына
торсық байлатпайды деуші еді. Жал бітейін деген екен саған да. Әке, көке деп қанша жалынсақ та жалыңа қол
апартпай азар да безер болдың сонша. Немене... бізді... қарға адым жер жүре алмай төрт тағандап жолда тұрып қалады дедің бе?!
Көріп тұрған шығарсың. Сен қарайласпасаң да... шыбын жанымызды өрге сүйреп
жетіп жығылдық, әйтеуір,- деді қара сұр жүзі сұмдық қабартып.

Шернияз сөз
шығындап жатпады.

-        Шөребек Шілтекбаевич, қонам десеңіз үйге
жүріңіз. Алда-жалда  жолдан қалмайын
десеңіз, оны айтыңыз. Көлік әзірлетейін,- деп еді, Шеребек оқыс мінез көрсетіп
арс ете түсті.

-        He деп тұрсың? Әлі он екіде бір нұсқаң
дайын емес пе сенің?

-        Сабыр етіңіз. Шөребек Шілтекбаевич.
Көлік те, сіздерді ауданға дейін бастап алып баратын жол басшы иесі де... бәрі
әзір. Тек үйге бас сұғып кіріп, ыссы шай ішіп, бой жылытып алсын дегенім еді
сіздерге,-деді қонақжайлылық танытып. 

-        Жоқ  жүреміз,- деді Шөребек түсін суыта салып

-        Еркіңіз білсін.

Шернияз осылай боларын
күні бұрын сезген тәрізді, МТС-тың атын бағатын Көкжасық Көкшені шұғыл алдына
шақыртып ала қойды.

-        Ақсақал, мына кісілерді
ауданға жеткізіп салып қайтасыз,- деді кабинетінде отырған игі жақсыларды көзімен
мегзеп көрсетіп.

 - Құп!

-        Ендеше жолға жиналыңыз.

-        Жиналатын түк те жоқ. Бәрі
әзір.- Қөкжасық Көкше кабинет ішінде қаз-қатар caп түзей отырған өкілдерге
жағалай кез жүгіртіп өтті де, есікке беттеді. Жүретіндерің соңымнан еріңдер деді.
Іштегілер тысқа асығыс ақтарыла жөнелісті. Шөребек Шілтекбаевич МТС-тың жемге
тойып, шиыршық атқан жуан торыларын көргенде әдепкіде қайсын таңдап мінерін
білмей едәуір сарсылып тұрып қалған еді. Соны сезгендей Көкжасық Көкше бір
жағынан шапқа түртіп қыздыра түскендей болды.

-        Шырағым, сенің басшы деген атың бар, менің
қосшы деген атым бар. Сен басқарған елдің хал-ахуалын білмеймін. Бірақ мен
баққан аттың коңын өзің көріп

тұрсың.. Бәрі де жүзіктің көзінен өтердей лыпып тұрған жоқ па. Кәне, таңда!
Бір жолға қолыңды қақпадым,- деді жомарттық танытып. Шөребектің жүрегі шым ете
қалды. «Ойықтың мына жаман шалы қайтеді-ей!- деді ішінен тіксініп.- Тілінің шақпа
уы бар ма, қалай? «Шырағым, шырағым» деп шыңырауға бір-ақ салып жіберейін деп,
тұрған жоқ па, әйтеуір». Ол атшының жүзіне сыр аңдап барлай көз тастаған.Әкі шал
жуық маңда өңін бере қоймады. Онсыз да қоңырқай кене жүзіне сұс жиып, сұрлана
қалған. Бедеу, бетбақ даланың бедірейген сүп-сұр кескінін көзге айна қатесіз
елестеткендей еді. Шөребек ішінен тікен қадалғандай тыжырынып сырт айналып бұрылып
кете берген. Атшы шал жалма-жан жеңінен тартып тоқтатып:

-        Әй, қайда барасың? Таңдаған
біріңді мінсеңші, бар болғыр-ау. Мына жұрт қақаған суықта қашанғы тұра бермек
жалғыз сенің жолыңды тосып,- деді даусына сәл ызғар қоса сөйлеп. Шөребек сосын
қаз-қатар байланған өңкей жарамды торыларды жағалай сүзіп шығып, қайсының
жалына қол артсам екен деп көп таңдап жатпады. Алғаш көзі түскен жуан
торылардың бірін шылбырынан шешіп ап былай жетелеп шығып, үзенгісіне аяғын
созып сала берді. Іштеріндегі мәртебелі кісі елден бұрын атқа қонып, аудан
жаққа тізгін бұрып тебініп сыдыртып жүріп кеткенде өзгелер де одан қалмай
бүйырған көліктеріне же-

ңіл ырғып мініп соңынан шоқытып шаба жөнеліскен. Тек Шернияз ғана Сейтлжанды
қайыра щақырып, жұрт көзінен оңашалау жерге атын шылбырынан жетелеп алып барып,
нан исі: бір шиша арақты қалың сырт киімінің ішіне тыққыштап орап беріп жатты.

-        Аудан қайда, біреу қайда? Оған жеткенше
көк мұз боп сіресіп катып қалмасандар жарар еді. Көрдің бе бет қаратпай жаланып
күннің қақап түрғанын. Жолда  бой
жылытуға керек боп жүре ме, кім біледі,- деді бұны да көңіліне  қуат етіп.

Сейтжан жанашыр
ағасының орап берген елгі заттарды көп кергімей койнына сүңгітіп жіберді де,
атын тебініп ертерек жолдастарын қуып жетіп алмақ болды. «Тураушыдан да туғаның
болсын» демекші, Сейтжанның тақымына ең бір жарамды ат тиіпті. Қалың қарды апайтөс
омырауымен жарып, ілгері қозғалғанда қайыс тілген өткір ұстараның жүзіндей
жеңіл сырғи жөнелді. Бәрінің алдында ерге шаншыла жайғасқан бойы қаздиып Шөребек
Шілтекбаевич кетіп бара жатты. Қасындағы серіктерінің біріне де көз қырын
салмастан әлі тура тартып келеді. Осының өзі-ақ оның Шерниязға, Шернияздың
төңірегіне жиналған ауыл жұртына дөң айбат көрсетіп бара жатқанын айна-қатесіз
жеткізіп, хабарлап

тұрғандай еді.

X

Үш күн, үш түн
жауған қар шынында да жерге қалың түсіпті. Көксе аттардың тізесін, омырауын
қағып жөнді жүргізбей келеді. Ойықтан шыққандарына үш-төрт сағат өтсе де жол
ортасынан әлі аса қойған жоқ-ты. Аудан мен Ойық арасы күн ашық, жер қарада өзі-

нің талай жүрген жері еді. Онда астында оқтаудай жұмырланып бауырынан
жараған бесті айғыр болатын. Межелі жерге арқырата кесілтіп, көзді ашып-жұмғанша
желдей есіп желдіртіп жетіп баратын. Қазір олай етуге болмай қалды. Жерге қалың
түскен қар аяққа

оралғы, тұсау боп кім-кімді де тұралатып шырмап, ұстап тұрғандай еді, Сонан
бұлардың өгіз аяңмен ілбіп әзер жүріп келе жатқан жайы бар-ды. Күн жылы болса бұның
бәрі ештеңе емес еді. Бесінге ауа тіпті суытып кетті. Жапан даланы қалың бүркеп,
ораған қардың ызғары бар, қардың бетімен суырып, сырғыған ызғырық желдің сызы
бар - екеуі екі бүйірден қадалғанда кім-кімді де ат үстіне сірестіріп, қатырып тастардай
аса зәрлі көрінді. Соны сезгенде Шөребектің тұла бойы тоңазып, сұмдық
қалтырады. Іле іші де

мұздап, ұлып қоя берді, Ол қой бастаған көсем серкедей боп құрып бойы алда
келе жатқан. Ауылдан бес-алты бел ұзап шыққанда кешкі суықтан екі көзі
жасаурап, беті қоса домығып ісіп, тоңып, жаурап, ат тізгініне ие бола алмай өз басымен
әлек боп кетті. Сонсоң Шөребек мінген аттың шылбырын Көкжасық Көкше жетекке
алып, ендігі .мезетте жол бастаушы боп алда сол жүрген. Көкжасық Көкше жасында
қанша берекесіз болса да, қазіргі сәтте мына таптың ішінде одан өткен жырынды
кісі жоқ еді. Сол өз қадірін жақсы сезінген ол оқта-текте мойнын артына бұрып;

-        Әй, ерсеңдерші түге. Менен
көз жазып қап... айдалада сақылдаған сары шұнақ аязда адасып қатып қалып
жүрсеңдер... Үй-іштеріңе не бетімді айтам,-деп қамқорси сөйлеп көшелі кісінің
сыңайын алдатып қояды. Сонан біраз жер жүрген соң соңына жалтақтап қарағанды
қойды. «Ерсеңдер әне, ермесеңдер әне, өзімнің ұпайым түгел» деген болу керек,
Шөребектің атын шылбырынан мықтап ұстап жетектеген бойы бағытынан та-

бап аудармай ілгері тартты да
отырды. Ойықтан бағана алғаш аттанғанда ерге шаншыла жайғасқан Шөребектің кәдімгідей сұс, айбары бар секілді еді. Қазір соның бәрінен айырылып, мойны салбырап, салы суға кетіп
қапты. Қешкі суық аяз ішіне кеулеп еніп, тұла бойын тугел жайлап, қатырып сендіріп
тастағанға ұқсайды. Бірақ оның есесіне бұл жолы Көкжасық Көкше айбынды көрінді.
Белін қыл шылбырмен шарт буып, найза қара шыңдай ерге шаншылып апты. Сырт
қараған кісі оны ат үстіне мықтап танып, байлап қойған ба дерлік еді. Шөребек
кенет артына бұрылып қарап еді, жолдастарының кейіндеп кеп қалып қойғанын
көрді. Көкжасық Көкше екеуі құдды бір сыбағадан құр қалғандай

асығып, едәуір
алға шығандап шығып кетіпті. Бірақ ол бұл арада жол серіктерінің өзінен неге
жырылып қалып қойғанын ойлап, онша көп бас қатырып жатпады. Керек десеңіз мән
де берген жоқ еді. «Алда соры қайнаған байғүстар-ай, ең болмаса сендерге аттың
да жа-

рамдылары бұйырмапты-ау. Өңкей тобығынан тұралаған жаман
жабыларға тақымдарың тигесін, тағдырға не
шара, көрген күндерің осы да, тәйірі» деп қайта аяушылық білдіріп өткен-ді. Бағана ауылдан едәуір жер ұзап
шыкқанда Сейтжанмен жүріп келе жатқан өкіл жігіт:

-        Әлден тоңа бастадық. Кешкі,
түнгі суыққа қалсақ не болар екенбіз,-деп көңілдегі күдігін жасырмай оқыс айтып
қалған еді. Сейтжан ұрымтал тұс осы сәт екенін, оны қайтсе де қапы жібермеу
керек екенін ойлап, әлдене демек боп тамағын қырнап жөткірініп қалды. Себебі
«жолда тоңсаңдар бой жылытуға керек болар» деп Шернияздың қойнына салып берген
бір бөтелке арақты қасындағы қос серігіне қалай сездірерін білмей әбден
сарсылып келе жатқан еді. Серігінің мына сөзінен соң іркіліп жатуды тіпті өзіне
оғаш санады. Төбеден түскендей дүңк еткізіп бір-ақ айтып салды.

-        Мына «көк мойын» тұрғанда
саспа, жігітім. Аузынан екі-үш дуркін жақсылап тартып жіберсең болды. Одан
арғысын сенен сұрап жатпайды. Өн бойыңды қыз-қыз қайнатып дуылдатып ала жөнеледі,-
деп қойнындағы бәтелкені суырып алып ұсына қойды. Ол Шабдал есімді өзі
құралпы жас жігіт еді. Жаңа жол
үстінде бір-бірінің ат-жөнін сұрасып, танысып, жақсы біліскендей болған. Ауаткомға кеп қызметке орналасқанына небәрі екі жетінің жүзі
бопты. Ішінде не жатқанын кім
білсін, бірақ көрер көзге
салауатты,

салмақты жігіт екені аңдалады. Сырт тұлғасынан, кескін-келбетінен
қанша қадалып үңілсе де
Сейтжан кінәрат таба алмады.
Әйтеуір дұрыс жігіт секілді көрінді де тұрды. Шабдал қызметке жаңа кірісіп, коллектив мүшелерімен
енді-енді таныса бергенде Шөребек қасына ертіп ап  «Бірлік» колхозына суыт жүріп кетіпті. Содан
бері Шөребектің төбесінен құс ұшырмай, маңына шыбын қондырмай қорғаштап,
сенімді, бір жанашыр адамына

айналып, қасынан
екі елі қалмай жарбиып келе жатқан жайы бар-ды. Шабдал бөтелкені алғаш көргенде
әкесі базардан оралғандай кәдімгідей қуанып қалды, Даусы да жарқын-жарқын
шығып, жанар оты жарқ-жұрқ етіп ойнақшып, жайнап сала берді.

-        Өй,
маналы бері неге айтпағансың. Бәсе,,. бәсе... өзім де солай ойлаған ем-ау...Дәуде болса осы... ақыл-сабырын соңына
сақтай білер асылдың сынығы шығар,-деп қателеспеген екем,- деп итаяқтай аузын жайып жіберіп ыржиып күліп алды. Сонсоң бұған жадырай қарап:-
Бастаймыз ба?-деді.

-        Бастасақ
бастайық

- Ал ендеше Ол арақтың тығынын жалма-жан ашты да, бөтелкенің көк мойнын
аузына бойлата тығып жіберіп, лақылдата жұта жөнелді. Сейтжан әдепкіде
«мына кәпір қайтеді? Арақты
суша сіміреді ғой. Шашалып... бір пәлесіне қалдырып жүрмесе жарар еді» деп қорқа соғып қалып еді. Сөйтсе онысы жәй әшейін әурешілік екен. Шабдал еркін сілтеп, еркін сіміретіндердің сойынан боп шықты. Шиша толы арақты жарымына дейін аузына

бір-ақ тартты.

-        ҮҺ,
жан-ай!-- деді сонсоң
көкірегін кере дем алып.- Етек-жеңімнен кеулеп, ішіме еніп
азынаған суықты тысқа бір-ақ айдап қуып шыққанын қарашы жарықтықтың. Әйтпегенде
бүгін түннен қалмай осы жол үстінде ішегіме мұз
байланып қатып өлер едім,-деді басы жоқ,
аяғы жоқ өз-өзінен сөйлеп. Сонсоң Сейтжанның жүзіне аңтарыла қарап, көзімен өздерінің
соңында келе жатқан үшінші өкілді мегзеді, Сейтжан артына

бұрылып:

-        Ағасы, мынаған қалайсыз? Аздап тартып
жібермейсіз бе? Бойыңыз жылынсын,- деп ұсыныс жасап дауыстап айтып көріп еді,
анау жер астынан жік көр-

гендей ат-тонын ала қашты.

-        Ойбай, атама.
Құрт көзін. Зәмзәм суы болса да татып
алмадым,- деді шақша басы қалтылдап. Осы арақты
ішпесең болмайды деп нақа біреу жанын салып қыстап тұрғандай сонша тулады. Сейтжан осыған да кісі ашулана ма екен деп таңырқап қалды.

-        Ішпеймін
десе ішпейді ол. Жатқан бір
қырсық.- Шабдал тыжырына қолын
сермеді, Іле Сейтжанға жүз бұрып қарап:- Оу, Секе, өзің ішпепсің
қой. Бұның нe?- деді.

-        Ішем ғой.

-        Е, бәсе. Heгe ішпейсің? Іш,- деді Шабдал өз арағын өзіне қыстап ішкізбек
болып.

Бұдан кейін Сейтжан
да көп тартына беріуі еді. «Қой, бұным жарамас» деп бөтелкенің аузынан сақтана екі-үш дүркін жұтқан болды. Сонсоң оны қойнына қайта тығып жатып:

-        Ойбу,
Шабеке, тарс есімізден шығып кетіпті. Ана үлкен кісінің алдынан өтпеппіз ғой қара басып, кейін ұят боп жүрмей
ме?-деді аңырған қалпы оқ бойы алда келе жатқан екеудің бірі - Шөребекті
иегімен мегзеп көрсетіп.

Шабдал Сейтжандай
емес әкі жігіт көрінді. Әй, қойшы соны. Ішіп алса ішін шапақтап жатып алатыны
болушы еді. Жол-жөнекей тағы да өнер шығарып, басымызға әңгір таяқ ойнатып,
мазамызды алыл жүрер,- деп өзінше сақтық жасаған болды. Сейтжан жол серігінің
түпкі пиғылын қапысыз тaныды. Өйткені Шөребек  Шілтекбаевичті қанша ішсе

де айналасына жынын
бүркіп, отырғандардың берекесін алып бітетін онша оспадар кісі емес екенін бұрыннан
жақсы білетін еді. Сондықтан Шабдалдың әлгі сөзіне сене қоймады. Қайта жардан құлаган
жалғыз шиша арақтың түбі көрініп қалғасын соны қызғанып, со-

 

 

ған ортақ болады-ау деп ат ізін әдейі қалың шиырға айдап салып отыр деп
сезінген. Себебі сол сәтте: «Шөребек Шілтекбаевич үлкен ақырдан жем жеп, үлкен астаудан
су ішіп үйренген қазіргі дөйлердің бірі ғой. Бөтелке түбінде көрінген
жалғыз-жарым ұрттам арақ

жұмырына жұғын бола ма. Онан да оған өзім таңдай жібітіп, бой жылытып барайын» деген жымысқы пиғылы Шабдалдың бет құбылысынан айқын аңғарылып тұрған-ды. Бұл мезетте Шөребек те қалың ой құшағында келе жатқан. Артына
бұрылып жол серіктерін бағдарлап ақырын байқастап еді. Олар бұның өзіндей емес
- ат үстінде бір уыс боп шегіп, құрысып қалмапты. Бүған қарағанда мығым
отырғандай әлдеқайда әлеуетті, еңселі көрінді. Аттарын бұлардың табан ізіне
салып қойып, тізгіндерін бос еркіне қоя беріп, қаннен-қаперсіз, жайбарақат келе
жатыр. He озып алға шығып кетпейді, не шабандық

жасап қара үзіп соңында қалып қоймайды. Әйтеуір арақашықты бір қалыпта ұстап,
ақырын сүйретіле басып жүріп келеді, Шөребек құранды ерге тіктеліп, жағалы
қалың пальтосының етегін тақымына қымтап, жөнделіп қайта отырды. Сонда
да бәрібір жылына қоймады. Ойықтан бергі
жердегі жалпақ, жалаңаш даланың сақылдаған сары
шұнақ аязы қойсын ба, топ басшысының тұла бойы мұздап, қатты тоңып келе жатқан. Кенет жота, жұ-

лынына мың, миллион суық ине жапа-тармағай жауын жүре бергендей болды. Шаншып ала жөнелді. Шөребектің денесі
тітіркеніп, тісі тісіне тимей сақылдап кетті. Шыбын жаны көзіне көрінгенде іле ышқынып тақалды. «Япыр-ай, тұла бойымды суық ұстап, ауырып төсек тартып жатып қалмасам
жарар еді,- деді сәлден соң есін жиғандай болып,- Дүние күйіп кетсе де екі ортаға
жол түскенін күтіп, жылы оранып неге жата тұрмадым басқарманың үйінде. Ол үйдің
иесі де, әйелі де тегінде ішім-жемі мол, қолдары ашық әлуетті жандар көрінді. Жылы-жұмсақтарын
аузыма тосып, бір қыс бойы бағып, қағам десе кім колдарын қағар еді,., Әй, өзім
де бір соры арылмаған тас маңдай жан болдым ғой түкке түсінбейтін. Төрге озған
басымды көрге сүйрегендей боп сүметіліп келе жатқаным мынау енді. Осыдан жан
қалса - қалды, қалмаса... одан кейінгі тірлікті бір құдайдың өзі білсін...
Дегенмен мен өлді екен деп дүние бәз баяғы қалпынан өзгере қояды деймісің,
тәйірі.» Көз алдына сол заматта қара жамылып аңырап боздап отырып қалғай
әйелінің мүсәпір кескіні елестеді.Бұрынғы айдын-анбарынан ырымға жұрнақ та қалмаған.
Кепкен қу ағаштай әп-сәтте қаңсып, қатып- семіп қапты. Түлеген жыланның
түгіндей ылғи жылтырап, жарқырап жүретін беті де қазіргі тұста көне тартып, ақ
тозаң шаңытып тұрғандай, көрінді. Жоқ... кенет...сол көне суреттің арғы жағынан
жүзі таныс жаңа бейне ойда жоқта оқыс шыға келіп ай-шай жоқ бұның үстіне иманын
үйіріп төне түсті. Шөребек әуелгі заматта «бұ кім болды екен?» деп таңырқаған
жүзбен жалт қаpaған. Сөйтсе өзінің әйелі Нағима екен. Heгe екені белгісіз, өңі сұмдық сұрланып, әп-сәтте түтіп жердей бұғап

ашулы төніп келе жатты. Бұл
шегініп тұра қаша жөнелмек болып еді, кеудесі ауаға асылып қалғандай не алға, не артқа жылжымай салмақ тартып, табандап тұрды
да қалды.

Көзіне көзі түсіп кетіп еді. Иманы тас төбесіне
үйіріліп бір-ақ шықты. Себебі әйелінің қос көзіне бірдей суық зәр жиылып, ащы запыранын атып жіберердей боп көкшілденіп үлгерген еді. «Әй, шөтке
бас Шөребек! Айтқанды ұқтың ба
кезінде. Тілімді алдың ба, а?! Мені осындай мүсәпір сорлы күйге түсірген
сенсің, білдің бе?! Жас өмірімді өксітіп, көңілімді шемен
шерге толтырған да сенсің! Енді
міне анасының бауырынан ажырап, бөлек жайылған торпақтай қарақан басыңды күйтпей қапсың. Бұның жарамайды, Шөке, жарамайды... Менің мынау кісі көргісіз кескін-келбетіме, теңіз айдынында
толқын қуған қайықтай қалт-құлт етіп тірлік кешкен жетім тағдырыма кім жауап
береді? А!» Шөребек едәуір мәңгіріп ойланып қалды. Иә, бәсе...Кім жауап береді?..
Айтпақшы бұл неге жауап беруге тиіс. Осыдан үш-төрт күн бұрын ғана Шәкеңді
«Бірлік» колхозына сылап-сипап шығарып салғаны кәне оның? Енді оған не көрінді?
Бұнын, оған тау кездіріп, тас арқалатып, бейнет шектірген кезі болмап еді ғой. Ендеше,
сонша неге жүдеді? Өзіне деген өшпенділігі сонша неге артты екен? А?
Түсінсем бұйырмасын. Жер түбінен
бері өзіңе сенімді серік боп қойныңда жатып бауырыңды жылытып келген жаны жайсаң әйелің енді
бір айнала беріп, жоқ жерден сылтау тауып, өзіңмен өшігіп, ұстасып жатса - оның несі жақсы дейсің, тәйірі. Онда ол құшағы
өрт жарың емес, уын тіліне жиған қаpa шұбар жылан болғаны да... Одан өзге не демексің  оны?! Ол өз әйелінің кескін-келбетін көз
алдына елестетіп; өзімен өзі сөйлесіп келе жатқанын едәуір уақыттан соң барып
сезді. Сол заматта өз-өзінен қысылыс тауып ұялып калды. «Маған
шынында бірдеңе көрінейін деген

шығар,- деді артынша құмыға ойға шомып,-Әйтпесе не... айдалада... ат үстінде келе жатып
үйде қалған әйелмен жынды
кісіше керілдесіп сөйлескенімді көрген жұрт
не дейді? Айтшы, неге жориды?!» Шөребек
бір сәт босап, тарамдалып тарқатылған жүйке
жіптерін қайта шумақтап әп-сәтте жиып ала қойған,
Әйтпесе ол су түбіне шым-шымдап батып, жоғалып бара жатқан-ды. Оған себеп:
бұл уақта кешкі суық аяз сүйегіне
өтіп, оның өн бойын ғана мұздатып, тоңдырып
қоймай ақыл-естен де қоса айыра бастаған еді. Атын шоқырақтата қалың карды кақ жарып, омыраулай шауып, аздап бой
жылытып алуды ойлаған.Сол дәмемен ат сауырына қамшы басып, ілгері атырыла
жөнелмек болған. Алайда, оның бұл қаракетінен де бәрібір түк шықпады. Өйткені
ол қолын көтеріп қамшы

сілтей алмады, не ат бүйіріне өкшесін қадап және тебіне алмады. Ат үстінде қоладан
құйғандай сіресіп қатып қалған еді. Ол ақырын мойын бұрып соңында келе жаткан
жол

серіктеріне тағы да көз caп қараған. Жол серіктерінің қыры әлі жығыла
қоймапты. Осы қақаған суықта аудан түгіл облыс орталығына жолаушылап барып қайтса
да қылына қылау түспестей көрінді. Олардың атқа нығыз отырысыман Шөребек соны аңғарды.
«Япыр-ай, неткен дәті берік жандар еді» деп қатты қайран қалған. Іле Көкжасық
Көкше мінген аттың ізімен өздерінің ауданға тура, түзу тартып келе жатқандарын
аңдап және ойға шомды. Сол сәт көзіне үйде де, түзде де берекесіз қылығымен аты
шыққан бос белбеу Көкжасық Көкше емес, қақаған қарлы суықта өздерін адастырмай ауданға
бастап-алып келе жатқан кешелі кісі Көкше боп бар тұлғасымен жарқырап жақын
көрініп кетіп еді. Сонда... сонда деймін-ау...өзінің сол жаман Көкжасық Көкше
ғұрлы бола алмағаны ма?! Ішін қара мысық аяусыз тырналап жатқандай болды. Соны
жаңа аңғарып, оқыс ыңырсып, ыңыранып қалды. Жаңа әзірде бауырын жылытқан жайсаң
әйелі өңі сұп-сұр боп бедірейген кескінмен бекер көзіне елестемеген екен.
Сөйтсе сол елес-кескінде бұл осы кезге шейін аңғарып сезбеген және сезбей де өте
беретін сұмдық сыр жатыр екен ғой, оны кім білген?! Әйелі әлгінде:«Әй, шөтке
бас Шөребек! Айтқанды ұқтың ба кезінде Тілімді алдың ба, а!»-деп қалш-қалш етіп
қадалып тұрып алса, сайып келгенде, оған да себеп жоқ емес-ті. Енді ойлап көрсе,
пәленің бәрі осы тіл алмаудан өршіп, өрістеп кепті. Содан бір кезде ерге
домалаған тастары енді қайтадан ырзық кемітіп, еңіске құлап құлдап төмендей
бастапты. Оны да қазір түйсініп, сезіп келе жатқан жайы бар. «Дүниедегі
қарғыстын, ең жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деп отырушы еді бұрынғылар.
Сол айна-қатесіз дәл келген жоқ па. Әйтпесе Шәкеңнің кісінетіп күреңді
мінген тоқ, думанды күні қайда?.. Күндей
күркіреп өткен құдіретті бал дәурен қайғысыз кезі қайда?.. Көзден бұл-бұл ұшып жоғалмаса... қайда? Қайда?!. Шөребек өзіне-өзі жауап бере алмады. Томсарып тұншыққан бойы шөгіп үнсіз отырып қалды. Шөгіп отырып қалмағанда
қайтеді? Қапелімде қалбалақтап не
айта қойсын. Айтсын, айтпасын пәленің бәрін тіл ал-

маудан шегіп отырған жоқ па. Көресіні содан көріп отырған
жоқ па. Иә, солай... Ендеше мына тірлігіне жол болсын. «Ақсақ қой
түстен кейін маңырайды» демекші, Шөребек Шілтекбаевичтің ақылы енді кіріп,
баламен де, шағамен де айтысып өткен ит ырғылжың тірлігіне және опынып, өз
ісіне өзі есеп беріп келе жатқан алғашқы саналы тұсы еді бүл. Алғаш рет
айдалада, қарлы жапан далада өзі мен өзінің бетпе-бет келуі еді бұл. Сонда өзін
де, өзгені де жіті түсініп танығандай болған. Бұның атын шылбырынан жетектеп
алда келе жатқан Қөкжасық Кекшеге көз caп тағы да қарап еді. Ол соңына ерген
кісілерге бұрылып та қарамай ауданға маңдай түзеп, қалың қарды ат тізесімен қақ
жарып, ілгері жылжыған бойы қаннен-қаперсіз тура тартып келеді екен. Соңында
керген арқандай түп-түзу боп шү-

батылып жалғыз
аяқ жол қалып жатты. Сол жолмен бірінің соңынан бірі тізіліп бұлар
келе жатқан. Өмірде де осылай
түзу, тура жүретін болса онда бұны кім тілдер еді, кім сөгер еді. Бірақ көп
жағдайда жолдан тайып, шектен шығып кетіп жүрген жоқ па. 

Бұған кім кінәлі? Өзі ме, жоқ жолына кесе көлденең тұрмақ
болған өзгелер ме? Айтшы, кім кінәлі?! Ол бұған да жауап таба алмады. Шынын
айтқанда қылша мойнына сала құлаш галстук тағып, абажадай кең жұмыс бөлмесінде
бойын күтіп, сыланып-сипанып, таранып, жұтынып отырғанда бұл жалғанда одаң
өткен сырбаз, одан өткен маңғаз кісі жоқтай көрінуші еді. Ақылы да кім-кімнен
де кем емес-ті. Бірақ неге екенін қайдам, «кейін осы неме мені тайдырып, орныма
өзі болайын деп жүр» деп қауіп ойлады ма, кім білсін, әй-

теуір, жұмыс бабымен ұсыныс тілек айтқан кісілермен жаудай жағаласып кете
баратын әдет тауып, жоқ жерден басына бейнет, cop тілеп алатын күйге ұшыраған. Сөйтіп,
Шернияз сияқты іс басында отырған білікті азаматтармен қайта-қайта сөзге кеп
калып, тіпті бет жыртысып, абырой-атақтан да. жұрдай боп айрылып тынған-ды. Алайда, оны ойлаған ол болмады. Мүйізін кекшитіп кері ұстаған даңғой кер бұғыдай
басын жоғары көтеріп, шалқалап шатқаяқтап кетті. Сонан басын тауға да соқты,
тасқа да соқты. Алда қазулы жатқан орды байқамай талай омақаса құлап түскен
кездері де болды. Бірақ бұның бәрі тасты тескен тамшыдай біртін-біртін жүйкесін
жұқартып, қажытып, тоздыруға айнал-

ған еді. Қазіргі мына кейпі елден
аласталған тентектей сүп- сүйкімсіз
жүдеу болатын. Соны өзі де сезіп келе жатқан. Сол сәт өзін жапанда жортқан бұралқы итке ұқсатып көрген. Іле өз-өзінен жігері
құм бола жасып, жүрегі қанжылап қоя берді. Күйінгені сонша кісі қатарынан өзін сызып тастағысы кеп кетті.
Бірақ сызып тастай алмады. Оған да асқан ерлік керек екен ғой, кім білген бұрын?! Оның бұлай
түңіліп, өзінен-өзі жиреніп безуінде үлкен себеп бар-ды. Ол - оның бір белді
бір ауданның басшысы бола тұра күнделікті қат-қабат тірліктің терең астарына
жіті үңіліп зер салмай үстірт қарауы, соған жете мән бермеуі еді. Таратып
айтқанда өзі білмей, білгеннің тілін алмауы еді. Енді бәрі кеш. Асылы сынған
кірпішті қиюластырып орнына салуға болар, ал бірақ өткен күннің өкінішті
қателіктерін түзету бұның қолынан келе ме, жоқ па... Әй, қайдам... эгоистігі
бір жақтан, мәнсапқорлығы бір жақтан қол байлау боп тағы да сорлатып жүрмесе
қайтсін... Шөребек Шілтекбаевич бүкіл өткен өміріне үңіліп, байыпты барлау
жасамаса да, соңғы екі-үш күнгі тірлік қарекетіне ақырын зер caп байқастап
қараған еді. Сөйтсе осы екі-үш күннің беделінде жіберген қателіктерінің өзі бір
кісінің ғұмырына жетерлік нәрсе екен. Бітеу жараның алынбаған аузындай бергі
жағы -сол бүтін күйінде көзге жылтырап көрініп тұрғанмен, алайда оның арғы жағы
сығып қалсаң бырт етіп ішіндегі іріңі тысқа атып шыққалы тұрғай кілең қызыл сом
еді. Ол қазіргі сәтте бұл қалай болды, неден пайда болды-соны көзінен тізіп санап
есепке алып, ой елегінен жайлап өткізе бастаған. Шынын айтқанда бұл үш күн, үш түн
бойы бұрқап жауған қарды сылтау етіп, аудан қайдасын, деп қасындағы жол серігін
ертіп, табанын жалтыратып тайып тұрмай ел азаматтарына тән соны қылық танытып,
қазіргідей аласапыран қарбалас шақта құмдағы малшыларды аралап, жағдайларымен
танысып, қажет жерінде қолма-қол көмек көрсетіп қайтуы керек еді. Ол буның
қаперіне кіріп шықпады да, өз ісін түзік санап, кейін қайтып кетті. Сонда не
түсті? Шөребек Нарқоспақтыц азғырынды тіліне еріп, оңбай арандап қалғанын жаңа
сезді. Онсыз да қызмет дәрежесін зор мәртебе тұтып, көкірегіне нан пісіп шатқалақтап
жүрген кәдімгі қуыс кеуде даңғой қазақтың бірі еді. Оған түнімен
ішкен арақтың буы мен Нарқос-

пақтың өтірік қолпашы қосылғанда бұл өңірде өзінен өткен мойны озық пенде табылмай қалып еді.
Бетке шығар майлы қаймақ сол боп,
үрлеген шардай ісіп-кеуіп, қампия берген. Сөйтіп өзін осы
өңірдегі жалғыз дарабоз сезінген. Кеше түнде бөсіп отырып: «Құмдағы малшыларды машинамен араламасам
болмас. Осы қақаған суықта, осы қалың қарда колхоздың жаман торысымен тепеңдеп
мойны қашық құмның ішіне сұғынып жетіп барға-

ным адам атына да, құдай атына да жараспас» деп қалай айтып салғанын
әдепкіде өзі де аңдамап еді. Кейіннен мына қалың қарда жеке дара машинаның
өздігінен жүре алмайтынын және жүрсе де ең ақыры сүйегі саудырлаған ескі
машинасын да тәңірінің жеке сыйлығындай көріп, Шернияздың бәрібір көзі қиып
бере салмайтынын таразылап ойлағанда екі оттың ортасында қалғанын сонда барып
бір-ақ сезген. Машина сұрап

ала алса жақсы, ала алмаса өзін
алыстан торуылдап, жүріс-тұрысын, әрбір басқан қадамын аңдып,
бағып отырған Нарқоспақ сияқты бақа басты пақырларға мықтап таба болатынын және сезді. Алайда оған бұл тым кеш кірген еді. Сонда «Бәрібір енді шегінгенмеп пайда жок» деп көңіліне бір сыр түйгендей
болған. Онысы: «Шернияз қызмет
дәрежемді сыйласа да бір машина тауып бермес деймісің, неғыпты» деген үміт еді.
Сонымен бірге көңілінде күдік те жоқ емес-ті. «Аттың сыры иесіне мәлім»
демекші, бұл білетін Шернияз болса... Әй, қайдам... машина тұрмақ МТС- тың
жемге көзін сатқан жаман тұғырын да бермей қай-қайтып айдап шықпасына кім
кепіл. «Ауылымның тұсынан әрі-бері өткен қыдырма жолаушыларға көлік тауып беріп
 тұратын, айналайын, мен бұрынғының ат
бекет қорғанын күзеткен қызметші емеспін. Барам деген жеріңе ирек қамшылап, ит
айдап жетем десең де қой демеймін, бірақ көрген жерде ауыл бар.деп салып ұрып жетіп
келгендеріңді қойыңдар түге. Далада шашылып жатқан есепсіз дүние жоқ.
Айналайын, қиналғанмен қайтейін... кеп қапсың, мына біреуді мініп барып келе ғой»
деп МТС-тан жорғалаған тышқан да шығарып қолыңа ұстатып беріп жібере салмаймын
десе не бетіңді

айтарсың. Бұның
қызмет дәрежесі үлкен болғанымен бүкіл
техника тізгіні соның қолында түрған жок па. Кілт кімде,
алда-жалда есікті ашу, ашпау да соның еркіндегі шаруа емес пе. Ендеше кіріптар болмай қайтеді. Шөребек үйдегілерге байқатпай ақырын
күрсініп

қалған.
Сонсоң жеңілденген қалып
танытып, өз кеудесін өзі көтеріп,
таңдағы шақыратын қораздай қоқилана түскен. Ол, бірақ, қанша тыраштанса да,
қанша ашу шақырып, канша байбалам салса да ертеңінде бәрібір Шерниязға сөзін өткізе алмасын тап сол арада білме-

ген еді. Жер түбінен
екеуі ұстасып, бір-бірін іштей жек көріп қанша жақтырмай аңдысып келе жатса да,
шыным айтқанда Шернияз оған машина бермейін деп әсте ойлаған жоқ-ты. Оның
үстіне Шөребек те қасақана әдейі буынсыз жерге пышақ ұрғандай болды. Ат
омырауын қағатын қалың қарды бұзып, жол салып жүре алмайтынын көріп, біле тұрып
машина сурағанын қайтерсің. Ал берді - сонда не түседі? МТС ауласынан ұзап
шықпай жатып, тұмсығын қалың қарға малып, малтығып төрт тағандап тығылып, әрі
тарт та бері тарт боп мықшындағанын қызық көріп, тамашалап тұрмақ па сонда. Шөребек
мана құмдағы малшыларды
аралауға машина сұрасам бермей қояр деген қауіппен әдейі аудан-

ға жеткізіп сал деп жорта қолқа
салған еді. Аудан десем айбарлы естіле ме деп ойлаған.
Алайда оның бұл ойы бәрібір жүзеге аспады...
Енді міне МТС-тың жемге тойған жуан торысының үстінде суырынды қардан торқа жамылып,
әрі жаурап, әрі жабырқап, мүскінді хал кешіп,
сүметіліп әзер келе жатыр. Бұған
да шүкір, тобан аяқ боп жол үстінде тұралап тұрып
қалған жоқ қой, әйтеуір. Мана директордың машина бермегенін
өзіне жасап отырған қысастығы деп түйсінген еді. Қазір соған іштей алғыс айтып
келеді. Бір жақсылықтың бір жамандығы болса, бір жамандықтың-да бір жақсылығы
болады екен деп ғайыптан жаңалық ашқандай өз-өзінен мәз боп қуанып келе жатты. Іле
машина бергенде не істер едім деп ойлаған. «Онда бірдеп құмға тартып кетер
едім» деді өз-өзіне сенімді дауыспен құлшынып. Бірақ... сол заматта қалың қарда
малтығып, омбылап, астындағы жуан торының әзер жылжып келе жатқанып байқап:
«Ойпыр-ай, мені құдай сақтаған екен бір жолға. Әйтпегенде таза құритын екем.
Мына қалың қарда машина қайдан жүре алсын. Байқаймын... сірә,
жүре алмайды-ау. Мықтағанда сонау
Қызылжиекке дейін жол табанын
аршып, бірдеңе етіп жетер. Сосынғы тірлік
не болады? Алда-жалда қалың
қарға тығылып, айдалада қалсақ... «Ойбу, атама. Оның бетін әрі қылсын... Онда қалғанымыз да солай сі-ресіп.
Соңымыздан қашан кісі шығып, бізді іздеп тапқанша кім бар, кім жоқ» деп
қараптан қарап келе жатып өз-өзінен сұмдық шошынды. He де болса Көкжасық Көкшені
алға салып, аудан қайдасың деп тартып кеткенім ақыл болған екен. Әйтпегенде...
«мал, мал» деп далақтап құмға шауып
барғанда ойда жоқта адасып, бір
жырада суырынды қардың астында көміліп, ендігі бүктетіліп жатып қалар ма едік, кім білсін... Құмдағы малдың тұяғы
шетінесе оған жауап беретін кісі бар. Оған бақташы да, колхоз басшылары да, қала берді бұның өзі де жауап
береді. Ал айдалада, қарлы боранда әлдеқалай адасып, бұның өзі алда-жалда үсіп
өлетін болса онда бұған, айтшы, кім жауап береді? Кім?!» Шөребек азу тістерін
қаршылдата ашулы тістенді. Ешкім де жауап бермейді. Ешкім де!..»

Кенет басы айналып, көз алды қарауытқандай болды да, ,неге екені белгісіз, өзіней-өзі
аттан аударылып құлап бара жатты. Беті жылан қабыршақтанып енді-енді қата
бастаған қалың кебік қарға бар салмағымен төңкеріле гүмп етіп құлады. Соңында
келе жатқандар

бұған дауыстап та үлгере алмап еді. «Біреу айқайлағандай болды ма, немене, қызталақ?»

деп Көкжасық Көкше артына бұрылып
қараған. Сол сәтте иесіз құр аттың өзін жетектеп келе жатқанын көріп,
жөпелдемде не істерін білмей едәуір абдырап қалды. «Ойпыр-ай, бұ неткен сұмдық еді. Шыққыр көзіме сенейін бе, сенбейін бе, қайтейін енді?
Жаңа ғана ат үстінде аш сүлік құсап
бойы он екі бүктетіліп, бүрісіп отырған жоқ па еді. Көзді ашып-жұмғанша
ғайып болғаны ма шынымен... Жер жұтты ма, қайда жоғалды, ә?!» Көкжасық Көкше-ат
ізіне сүзіле қарап аңырып тұрып қалған еді. Соңындағы екеудің астындағы аттарды
оңды-солды қамшылап, өзіне әлде не деп айқайлап асығыс шауып келе жатқанын
аңдады. «О, құрғыр не» ме!- деді сонсоң ызалы мырс етіп.- Қылышпен қиып түскендей
ат үстінен сыпырылып қалған болды-ау...». Ол тізгін бұрып қайырылып кеп жерге
жеңіл ырғып түсті де, қалың қардың арасынан Шөребекті сырып киімінен тартып,
суырып алды. Соның арасынша Сейтжан мен Шабдалдар да жетіп үлгерген еді. Үш-төртеуі
жабылып Шөкеңнің үсті-басының қарын қағып, атына қайта мінгізіп, ілгері
қозғалған. Сол сәтте атын тебініп, Шабдалмен қапталдаса берген Сейтжан ойына
әлдене түсіп күлімдеп:

- Оу, Шабеке, мына бөтелкеңнің түбінде бірер тамшы бірдеңе қалғанға ұқсайды.
Осыдан жұтқызсақ қайтеді, а?!-деп келісімін күтіп жатпастан қойнындағы бөтелкені
суырып алып, оған ұсына берген. Шабдал Сейтжанның орынсыз бұл қолашықтығын
жақтырмады

ма, жоқ «пәледен машайық қашып құтылыпты» деп бойын одан аулақ ұстап,
алдын-ала жасаған сақтығы ма, кім білсін, әйтеуір ол ұсынған бөтелкені алмадың.
Қайта Сейтжанның жүзіне «не айтып тұрсың?» деген кісіше көкірейіп алая қараған.
«Бір тамшы болса да өз таңдайыма тама берсін деп құлқыныңды ойлап келесің, о,
зәнталақ!» деп түйсінген Сейтжан қайтып оны қинай қоймады. Көкжасық Көкше бұл
уақта Шөребектің атын әрі қатарға алып, әрі оның өзін сүйеп алда келе жатқан. Сейтжан
дереу оны дауыстап тоқтатып, қасыпа атын тебініп желдіртіп барды да, Шөребекпен
қатарласа беріп, бір қолымен оны қапсыра құшақтаған бойы шалқалатып аузына арақ
тамызып ішін жылытпақ болды. Бірақ түнгі аяздан тұла бойы мұздап,'тісі-тісіне
жабысып, жағы ашылмай қарысып қапты. Сейтжан сосын көп ойланып жатпады.
Шөребекті сәл шалқайта беріп, онсыз да аз арақты азу тісінің арасынан
сыздықтатып ақырын тамыза бастады. Бір...екі...үш... Алғашқы тамшының
өзі-ақ өзегіне өттей жүгіріп жетті білем, Шөребек көзін жыпылықтатып жалма-жан ашып ала қойды. Еңбегінің жаңғанына Сейтжан
көтеріліп қалды.

-        Көке, қараңызшы... көзін
ашты. Енді атқа отырып өздігінен жүре алады,- деді өзіне аң-таң боп тесірейіп
қарап қалған Шөребекті иегімен мегзеп. Бұл уақта Көкжасық Көкше де тоңып,
аяқ-қолы қатты мұздап келе жатқан. Сонан ба о да сөз тыңдайтын хал жоқ-ты.
Әйтсе де Сейтжанның сөзін жауапсыз қалдыра алмады. Суық сорған- жүзі
қарақошқылдана түтігіп:

-        Жүре алса... бопты. Дегенмен
байқа... құлап қалып жүрмесін тағы да,- деді бұрынғы бағытын бетке алып,
тебініп ілгері қозғала берген ол. Сосын тілі және қышығандай боп:- Кеңсенің қызыл
столында қазықтай қаздиып ап қаһарын тіккенде айналасындағылар кірерге тесік
таппай дір-дір етеді деуші еді түге. Сөйткен сабазың астына қыл арқан батқандай
екі жамбасына кезек ауытқып, атқа қопаңдап жөнді отыра алмай келе жатқан жоқ
па. Сонда бұның батпан құйрығы тек «таққа» отыруға ғана жаратылған ба,
немене?!- деп өз-өзінен күңкілдеп сөйлеп алда келе жатты. Шөребек бұл уақта
ес-түстен айырылып, әлденені еске түсіріп, ойлаудан мүлде қалған еді.

XI

Түннің бір
уағында ауданға жеткен олар алдымен Шөребек Шілтекбаевичтің үйіне ат басын
тіреген. Сөйтіп айналасы биік дуалмен қоршалған көк қақпалы үлкен үйдің алдына
кеп бәрі жабылып Шөребекті жерге түсіріп жатқан еді. Іштен ебіл-дебіл боп әйелі
жүгіріп

шығып, келген кісілерді түстеп танып жатпастан Сейтжан мен Шабдал екеуі екі
қолтығынан демеп, көтеріп үйге қарай алып жүрген күйеуін жаңа көргендей бас caп
құшақтап жылап, түн пердесін қақырата жырта айқайлап, аңырай жөнелді. Көкжасық
Көкше елге берекесіз, тірлігімең аты шыққан қанша ұшып-қонба күйгелек жан болғанымен
«ит жоқта қораға шошқа үреді» демекті, ел ақсақалдары жоқта бала-шағаның арасында
соның да басалқалы кісі бола қалатын мінезі жоқ емес-ті. Шөребектің әйелінің
мына қылығына тұла бойы түршігіп, кәдімгідей тіксініп қалды, «Текі қайдағы жоқ жаман
ырымды бастап... түн ішінде... елді шошытып, дауыс шығарып жылағаны несі, бұ
аруақ атқырдың» деп жүзі күреңітіп, кенет ашу үстінде сол ойын оқыс айтып қала
жаздап, өзін әзер тежеді. Сосын даусын мейлінше жұмсарта сөйлеп:

-        Қой, келін. Бұның не ел аман,
жұрт тынышта барқырап жылап жаман ырымды бастағаның?- деп жүзіне аз-кем көз
тоқтатып қарап жұбатқан боп тұрды да, кенет өзі де күтпеген тосын жайды
соқтыртып айтып кетті,- Келін шырақ ашып айтты деп айыпқа бұйыма. Азаматың
биттің қабығындай жұқа кісі көрінді. Қалай ел басқарып жүрген? Мына қақаған
суықта ұшып кетпей қайта шыбын жанының сүйретіліп аман жеткенін айтсаңшы
бәрінен де. Осыны айтты да Көкжасық Көкше Нағиманың үйге жүріңіздер деп лебіз
білдіргенін күтіп жатпастан есікке беттеген. Көкжасық Көкше бас сұғып ішке енген
соң да үй иесі әйелінің бетіне аңырап қарап, босқа қол қусырып тұрмады.
Шөребекті тік көтеріп ішке кіргізген Сейтжан мен Шабдалға «жоқ, ол жерге емес,
мына тесекке былай жатқыз» деп бұйыра сөйлеп, іске қолмақол араласып қызу
кірісіп кетті. Іле Нағимаға
тіктеп жүз бұрып:

-        Келін, осы
үйде қойдың құйрық майы бар ма?- деп
қадала сұрады. Бұл суық көз қарастан әдепкіде шошып қалған Нағима:

- Бар,- деді неге екені белгісіз тұла бойы қалш-қалш етіп.

-        Қанша?

-        Бір білем.

-        Ым..м, Жарайды әпкел. Көкжасық
Көкше Шөребекті шешіндіріп, қойдың құйрық майымен жақсылап сылап, үстіне қалың
көрпе жауып, ұйықтатып тастады. Сол заматта Көкжасық Көкше Нағимаға тәңірінің
өзі осы үйге әдейі жіберген қолы шипалы тәуіптей көрініп кетті. Нағима оны риза
ғып аттандырып салмаса қолы ашық бәйбіше атына кір жұқтырып алатынын табанда
бажайлап, қора ішіндебордақыда тұрған екі қойдың бірін  сойып, жақсылап сыйлап жібермек болды. «Азар
болса қасқа сиырдың бұзауы кетер» демекші, мықтаса жарты қойдың етін жеп
аттанар -о да тұрған не бар. Ел үстінен ырзығын айырған дөй азаматтың
жиған-тергені қайда қалмай жатыр- бүгінде. Ендеше конақасыға берілген жарты қойдың
еті кім-кімнің де қабырғасын мұздай жаймаса да бұның өзі Шөребекке де, оның
әйелі Нағимаға да үлкен сын еді. Соны түп тайырынан жеті таныған Нағима керігіп
көп ойланып жатпады. Абыл-ғұбыл -жүгіріп барып көрші үйдің еркегін шақырып
келді де, қорадағы семіз екі қойдың бірін әп-сәтте сойғызып, сонсоң

артынша қазанға да мол етіп ет салғызып асып үлгерген еді. Жеке дара өзіне
бас тартылып, алдына үлкен табақ ыссы мол ет буы бұрқырап тұра қалғанда Көкжасық
Көкше әдепкіде қатты састы. Біресе жеке ыдысқа салынған басты ұстап, біресе
үлкен шара табақтағы мол етке ұмтылып, қайсысын жерін білмей абдырап, әрі- сәрі
болды да қалды. Қайтсін... Бұл
- оның тумысында көрмеген сый-құрметі еді.Көңілі зерек Сейтжан соны аңдап қапты.

-        Ақсақал,
басты алыңыз. Өзіңізге атап
сойылған малдың басы ғой.
Қысылмаңыз...- деді Көкжасық Көкшенің
абдыраған көңіл күйін басқандай болып, - Көкжасық Көкше басты қолға ала беріп, үлкен табаққа, көз caп қараған. Артынша жан даусы шығып:

-        Өй,
Сейтжан, тоқтай түр,- деді де жан қалтасынан үлкен шаршы орамал суырып алып,
оны дастарқан үстіне көлдей ғып
жайып жіберді. Шалдың оқыс бұл қылығы үйдегілерді тегіс естен тандырғандай еді.
Нағима да, Сейтжан да, Шабдал да бұғаң не дерін білмей іштен тынып үнсіз отырып
қалған. Бірақ Көкжасық Көкшенің оны елеп жатуға мұршасы болмады. Табақтағы
уылжып жақсы піскен мол еттің көбін көлдей көн

орамалға салып,
түйіп байлап алды да, Нағимаға тіктеп бұрылып қарап:

-Келін шырақ, ертең де күн бар ғой. Мынаны шоланға шығарып мұздатып сақтап
қоярсың,- деді қарамы мол түйіншекті ұсынып жатып.- Ертең үйге жүрерде ұмыттырма.
Е..е, сөйт шырағым,-- деп және екертіп қойды.

XI

Құмдағы малға жемшөп тасылып жеткізіліп бітті, енді қауіп жоқ деген мезетте
барып Шернияз көктемгі науқанға: шұғыл кірісіп кетпек болды. Бұл екі ортада ауданға,
қалаға жол түсіп қалған еді. Ойық МТС-ы қаладан мойны қашық өңір болғандықтан
тракторға деген керосинді және де басқа да қажетті техника жабдықтарын осы
бастан тасып жеткізіп алуды көздеген ол өзіне де, өзгеге де тыным бермеді. Қарамағындағы
әрбір кісіге жеке-жеке жұмыс тауып берді де, өзі соларды сырттай бақылап,
бағдарлауға көшкен. Бәрі де өзі ойлағандай жүзеге асып келе жатыр еді. Қаладан
май тасып жүрген бензовоз ойда-жоқта аударылып жарылғанда бірге жанып кеткен
шофер жігіттің өлімі әсіресе Шерниязға қатты соққы боп тиді. Себебі өлген жігіт
МТС механигі Фриц еді. Шернияз бұны тексере келгенде бензовоздың бұрынғы шоферінің
ауырып ауруханаға түскенін, сосын төрт доңғалақ босқа қаңтарылып тұрып қалмасын
деп рульге механиктің өзі отырып, қалаға суыт жүріп кеткенін білді. Іле:
«Әттеген-ай, қалаға күнде қатынап журген көзі қарақты шофер жігіт машинаны өзі
айдағанда бұндай сұмдық болмас па еді, кім білсін,- деп опынды.- Енді не болды?
Ел аман, жұрт тынышта қимас бір адамымызды қолдан шығарып ап ұятқа қалып отырғанымыз
мынау». Ойық ауылына сұғынып кіре берістегі қырқа төбеден төкеріле аударылып,
алау жалынын аспанға атып лапылдап жанған бензовоздың жанына алғаш екпіндеп жүгіріп
 жеткен де осы Шернияз еді. Жеткенмен,
бірақ, не пайда. Қол ұшын созып, алау өрттің қызыл жалын құшағынан боздақ жасты
құтқарып аман алып қала алмады. Тұла бойы лапылдап жанған шофер аударылған машинаның
кабинасынан сүйретіліп шығып, «по..мо.ги..те ..е» деп жанұшыра қышқырып
айқайлаған бойы қалың жарды басымен сүзіп қақ жарып, жер бауырлап ілгері жылжып,
екі-үш қадам тұсқа жеткенде тұмсығын жерге қадап сылқ түсіп сұлық жатып қапты.
Өлі денесінен қара қошқыл түтіннің күлімсі иісі шығып, мұрынды жарып бара
жатты. Шернияз жүгіріп жеткен бойда қар үстінде сұлап жатқан Фрицтің өлі
денесін еңкейіп тік көтеріп алып кетпек болған еді. Ойбай, тиме, денесін
ыдыратасың,-деген оқыс дауысты естіп, шошынып кейін шегініп кетті. ..Бұны
айтқам Атамқұл қария еді. Ол Шернияздың қасына адымдап қатты жүріп келіп:

- Шырағым, көрдің бе байғұс баланың пісіп қалғанын. Құдайдың ісіне шара бар
ма. Денесі суып, салқын тартпай енді оны орнынан қозғауға болмайды. Сәл тартсаң
буын-буынынан бөлініп, еті сүйегінен ажырап, ыбылжып шыға келеді. Бүйтіп
аруақты қорлауға бола ма түге. Кейін, кейін шегініңдер,- деп басалқалы сөз айтып,
өлік үстіне ентелеп төніп келген қалың тобырды кейінге ысырды. Шернияз жалт
бұрылып қарап еді, шалдың өңінен қан қашып, әп-сәтте сұмдық сұрланып үлгергенін
көріп жым болды. Себебі жас жігіттің қайғылы қазасы бұл уақта кім-кімге де оңай
тиіп тұрған жоқ еді.

- Япыр-ай, көз
алдыңда өртеніп, өліп бара жатқан боздаққа қол ұшын беріп, көмек  өрсете алмағаннан жаман нәрсе жоқ екен-ау бұл жалғанда-деді
көкейіне өксік тығылған Шернияз шарасыз халде сарсылып.  Е..е, шырағым, көресің. Көресін, де көнесің
деген міне осы,-деді
Атамқұл да шарасыздық кейіп танытып. Сол кезде жиналған жұрттың ішінен біреу не
қуарғаны, не қуанғаны белгісіз:

- Өмірден бір
Фриц кетті,- деп оқыс дауыстап қалды. Шернияз жалт караған еді, бірақ жиналған
тобыр жұрттың ішінен дауыс иесін тани алмай пұшайман болды. Жұрт өте көп
жиналған еді. «Қап! Тапқанда әкесін көзіне көрсетер едім, қарашы!» деді жүзі сұмдық
қа-

бартып.

XII

Осыдан үш-төрт күн өткенде Шерниязды шұғыл ауданға шақыртып алып кетті.
Ертеңгі сағат тоғызда асығыс жеткен ол Шөребек Шілтекбаевичтің кабинетіне тура
тартқан еді. Ол алыстан жиені келгендей бұны жылы ұшырай қарсы алды. - Бәре.кел..де..е.
Өзім де ойлап ем-ау айтылған уақытта атылған оқтай дәл сарт ете қалады деп.
Міне, азамат. Кел. Төрлет,- деи Шерниязға аяқ астынан жік-жапар болды да қалды.
Шернияз осының өзінен-ақ Шөребектің өзін мұнда тегін шақыртып отырмағанын жіті
аңғарды. Сосын іле

тұйықталып, неге болса да тас түйін бекініп, іштей айбат
шеге қам жасай бастаған.

Артынша Шілтекбаевтің жузіне
ақырын көз жүгіргe сыңай қарап еді. Сол сәтте оның өзін
жайдарлы ұстап, жадыраңқы отырғанын көріп, өз-өзінен тіксініп қалды. «Маған деген терең
орыңды күні бұрын қазып, дайындап
қонып, алдыңа шақыртып келтіріп отырған:

нан сау емес шығарсың, сен
бейбақ!» деп іштей құмыға
ойға шомған Шернияз іле қайта ширықты. «Сенен келген керді көріп алдым. Ал енді айта бер мені алдыңа шақыртып
алғандағы мақсатыңды. Күліп отырып күңірентіп
шығарам дейсің, ә? Ол ойың бола қоймас» деді
тістеніп. Сөйткенде өңі сұрланып, қарсысына суық ызғар шашып, сұстанып шыға келген еді. Бұны көргенде Шөребектің
жүні жығылып, қыбыжықтап қалды.

Іле өңін
билеп ала қойды. Сосын түсін суыққа салып:

-        Жолдас
Сардарбеков балапанын қорыған күрке тауықтай
бір кезде бұ пәлекеттерді
қанатыңның астына алып, бауырмалдық көрсетіп, арлы азамат атанып көзге
түсіп едің. Енді не көрінді саған? Өзіңдей Нарқоспақ әне... қыстың көзі қырауда
мал екеш малдан да шығын бермей жатқанда...
сен болсаң бүйректен сирақ шығарып, МТС-тың маңдай алды механигін шофер етіп ұстап, қалаға неше дүркін ықтиярсыз жұмсап, ақыры өлтіріп тындың. Бұны қалай түсінуге болады, жолдас Сардарбеков!- деді қадалып.-
Машинаны бірдеңе ғып списать етуге болар. Ал адамды қалай списать етерсің, а?!

Шөребек Шілтекбаевич істің ретін
жақсы білмесе де қай жерде қалай және
не айту керек екенін жақсы білетін сұңғыла кісі көрінді. Сонымен бірге
оның кісі қайғысынан қуаныш, рахат
таба білетін қасиеті де жоқ емес
екені осы жолы сезіліп қалып еді. Соны аңдағанда Шернияздың тұла бойы тітіркеніп, қалшылдап кетті.

-        Шөребек Шілтекбаевич, сөзіңіздің астарын
түсінбедім. Сонда қалай? Бензовоз шоферін өлтірген мен деп ойлайсыз ба?

-        Енді қалай деп едің. О заманда, бұ заман мехапиктің
машина айдап, май тасығанын
қашан көрдің, а! Ол сенің жұмсауыңмен
қалаға барып, қайтып келе жатқанда авария жасап, аударылып өлген жоқ па.
Ендеше, бұған кім кінәлі? Мына сұмдықты естігенде Шернияз қанына қарайып кетті.
Әйтсе де ұстамдылық жасап, сабырлы сөйлеп, болған жәйтті кеңінен түсіндіріп
өтпек болды.

-        Шөребек Шілтекбаевич, бұ
арада бір-бірімізбен кінәласып жатудың қажеті бола қоймас. Фриц... өлген жігітті
айтам... бензовоздың бұрынғы шофері ауырып жатып қалғасын машина босқа
қаңтарылып тұрмасын деп соның орнына қалаға барып май әкеле салмақ болған еді. Жазмышқа шара бар ма. Ойық аулына кіре берістегі
қырқа дөңде машина аударылып
жарылды да, өзі сонымен бірге өртеніп
 жанып кете барды. Жалын-дап тұрған жігіт
еді, ақыры жанып кетті. Оған не айтарсың енді. Сондықтан көп шулыға бермей сабыр сақтай отырып, ақылға салып, марқұмның семьясына көмек көрсетіп, өлген жігітке пенсия
тағайындау жағын қарастыру қажет деп
ойлаймын.

-        Пенсия
берілмейді.

 - Heгe?

-        Сол.- Шөребек стол тартпасынан екі-үш
беттік қағазды әлдеқалай суырып алып Шернияздың алдына көлденең тастай салды.-
Оқы. Сонда түсінерсің не себепті пенсия берілмейтінін,- деді қатқыл сөйлеп. Шернияз
өз үстінен жазылған арызды асықпай оқып шықты. Арызда келтірілген
деректерге сенсе Фрицті қолдан өлтірген Шернияздың өзі
керінеді. «Басында дос-жар
кісі боп келсе онда техника тілін білетін мамандар
жетіспегендіктен еді, Ендігі мезетте олай ете алмайды. Себебі қазіргі уақта ел ішінен де техника тілін меңгеріп, тізгіндеп ұстай білер жастар өсіп жетіле бастады. Шернияз
енді бұрынғыдай немістерге жайыныштар емес. Айтқанға көнсе - көнді, көнбесе-айрыққа теуіп, шеттерінен жұмсай
беретін дәрежеге жетті. Сосын
өштескесін осылай шетке қағып, өзегін жұлып қолға беретін болған жоқ па» деп
қайдағы-жоқты сықпыртып жазып шығыпты. Ол өз көзіне өзі сенгісі келмеді. Сенбегенде, бірақ қайтпек еді.
Өтірікті. шындай, ақсақты тыңдай етіп, үстінен домалақ арызды жазып жібергесін.
Бұл елі үшін

шыбын жанын кезінде оққа байлап, отқа да салған арлы азаматын болмашы
нәрсеге бола қолдан ұстап беру емес пе. Әй, бірақ, кім біледі... уағында қара
танымаған қазақ едік, енді міне көзіміз ашылып, сауатымыз артқан озық заманда
арыз жазудан да алдына жан салмайтын майталман жүйрік боп бара жатқан жоқпыз
ба, тәйірі. Шернияз домалақ арызды тағы бір қайыра оқығанда бұны кімнің қолынан
шыққан пәлекет екенін жазбай таныды. Қағаз бетіне түскен ойдақ-сойдақ жазудан емес,
ондағы сөз, сөйлем құрылысына қарап, бұның кімнің жүрегінен туындаған қарау
пиғыл екенін айна-қатесіз ажыратып еді. Бұған оның заң орындарында, тергеу жұмыстарында
ұзақ жылдар бойы қызмет ат-қарғаны көп себеп болған-ды. Басқаны былай қойғанда «басында
дос-жар кісі боп келсе онда техника тілін білетін мамандар жетіспегендіктен өлі»
деген сөйлемнің, өзі-ақ «бұны жазған Нарқоспақ» деп айдай әлемге әйгілеп тұрғандай
еді. Шернияздың енді күдігі қалмады. Шөребектің сұрғылт жүзіне сыр аңдағандай ақырын
көз жүгіртіп қараған. Ол бұған сол заматта: «Ә, бәлем, енді қайтер екенсің?
Қалың жыңғылға құрған қасқыр қақпанға өз аяғыңмен кеп аңдаусызда өзің түстің
бе. Одан енді тілерсегіңді қиып тастап кетпесең, сірә, құтылуың қиын болар» деп
ішінен мырс-мырс күліп отырғандай көрініп кетті. Бұған Шернияз қыңа қоймады.
Еңсесін тіктеп орындыққа қайта жайғасып отырды да:

-        Шөребек Шілтекбаевич, айыпқа бүйырмаңыз. Бұ арызды жазған кім? Білсеңіз
айтыңызшы?-деп әдейі жорта сұрады.

-        кім біледі...
өз төңірегіңде топырлап жүрген жылпостардың бірі болмаса.

-        Жоқ!-
деді кенет Шернияз жұлып алғандай оқыс
дауыстап қалып.- Жоқ! Менің
маңымда жүрген кісілердің ісі емес бұл. Бұны жазған, мен айтсам, мына сізді төңіректеген маңдайшаптың бірі. Дәлірек айтқанда жатқан жерінде ұятын ұмыт қалдырып
әдеттенген

Нарқоспақ. Бұны естігендс Шөребектің қос көзі шарасынан үлкейіп шығып
кете жаздады.

-        Кім айтты?- Ол орнынан өңі
құп-қу боп ұшып тұра келді де, бейне ұрлығы ашылып қалған кісідей қыбыжықтап,
мойны сылқ етіп орындыққа қайта отыра кетті.

-        Кім айтты дерің бар ма, Шөреке.-
Шернияз енді байыпт-ы сөйлеуге тырысты.- Шөре-шөремен жүргенде, шеңгел қайдан
шуылдайтынын ұмытып қалды деп ойлайсың ба мені. Жо..оқ, ұмыта қоймаған
шығармыз. Талас өңірінің бүкіл, елге әйгілі қара дауыл бораны мына құбыладан
екіленіп соққанда, менің төбеме үйірілген қара бұлтты мына сенен ескен өкпек
жел айдап кетпейтін бе еді. Оны қалай ұмытайын мен. Шөребек әдепкіде не айтарын
білмей жанарымен жер шұқып шөгіп отырып қалып еді. Шернияз оны біржола тұқырта
түсейін деп ойлады ма, кім білсін, үстемелетіп тіліне оралған сөзді тартынбай
айтып жіберді.

-        Маған қарап бір ит үрсе
«айналайын-ай!» деп қаңғалақ қағып жүгіріп барған бойда шыр-шыр тумсығынан
шөпілдетіп сүйіп алар қылығыңды қашан қояр екенсің сен. Нарқоспақты ғой менімен
жаудай жаға ласқаны үшін ғана жағасынан көтере дәріптеп, үстіне шаң жуытпай ұстап
отырсың. Ол сондай-ақ кімнің шікірнәсі еді. Басқаны былай қойғанда бұның өзі
азамат атыңа ұят емес пе,- деп ашуы бетіне бұрқ етіп теуіп шыққанда өзі
орындықтан атып тұрған бойы адымын асығыс басып есікке беттеген. Осыдан
кейін-ақ ел ішін кернеп екі ұдай қауесет сөз тарады. «Ойбай, несін айтасың,
алдағы бірер айда МТС директоры Шернияз Сардарбековичті орнынан босататын
бопты. Ақыры өжеттігі, беттілігі түбіне жетсе керек. Қазіргі кезең азаматтың
қабағын бағатын заман емес, заманның қабағын азамат бағатын уақыт емес пе»
десіп, жұрттың бір тобы ақылгөйсіп ерекпісе, енді бір тобы: «Қой, бекер болар.
Шерниязды орнынан қозғағаннан гөрі Шөребек Шілтекбаевичті ұшырып түсірген оңай
шығар. Жер ортасы жастан асып, ескі етіктің ұлтанындай шегелері босап, ұшып-ұшып
кеткелі тұрған жоқ па, тәйірі» десіп, өзара қызу айтысып жатты.

Сол секілді жұрт
арасында: «Жеті атасынан қыдыр дарып, өсіп, өркендеп келе жатқан Шөкең де оңай
кісі емес. Оны құрдым су түбіне батырам деген жырындылардың талайы уағында сол
жылымға өздері жұтылып кете барған. Ендеше, бұл сапарда да оның тізе бүгуі екі
талай: қанша дегенмен сан сұмдықты бастан өткеріп, тісқақты болған сұңғыла емес
пе - бір қапысын табар» деушілер де болды. Арада біраз күн өткенде Шерниязды
ауданға қайта шақыртты. Аупарткомның кеңсесіне асығып келе жатқан. Кенет өкпе
тұстан біреу қосылып, бұны қуып жетпек боп ентелеп жүгіріп келеді екен. Шернияз
сонда да қарайлай қоймап еді. Анау шыдамай:

-        Шераға!-деп
дауыстап тоқтатпақ болды. Шернняз
дауыс иесін танып күтіп тұрып қалды.

Бұл - Сейтжан еді. Ол жүгіріп жеткен бойда ентігін де баспастан:

-        Шераға,
қамданыңыз. Сізді аналар бүгінгі бюродан қалдырмай қызметіңізден босатпақ боп
жатыр,- деді аптығып.

-        Кім? Кімдер?!

-        Шөребек,
Нарқоспақ бастаған топ.

-        Солай де.-Шернияз
көңілді дауыстап күліп жіберді.- Оны уақтысында көрерміз кімнің босап, кімнің орнығып қалатынын,- деді сенімді жымиып. Сосын сабырлы қалыпқа көшіп:-Оу, Сейтжан, өзің
де бюро мүшесі емес пе едің. Қатысатын шығарсың,- деді.

-        Қатыспағайда...

-        Айып болмаса
айта қойшы, іңім. Бұ сапарда
кімдердің сөзін қолдамақ ойың бар?- Шернияз оның жүзіне әдейі сынай қарады.

-        Әрине, сіздің
сөзіңізді ұстанамын. Оны неге сұрадыңыз,
Шераға. Әлде маған сенбейсіз бе?

-        Heгe сенбейін. Сенем. Бірақ мен ұстанған принцип дұрыс болмаса
ше... Қосақ арасында босқа күйіп,кейін опынып жүрмейсің бе? Ойладың ба соны?

-        Жоқ.
Күймеймін. Себебі сіздің тұлғаңыз тек әділет, шындықтан ғана сомдалып құйылған. Өміріңіз де, өнегеңіз де маған үлгі. Бұл - Сейтжанның шын сөзі болатын. Шернияз әдепкіде
жөнді сеніңкіремей көзіне үңіле қараған еді. Алайда жарқ-жұрқ
етіп ұшқын шашқан нұрлы жанарынан түйір жалғандық таппады.

-        Рахмет, айналайын. Өркенің өссін. «Қызмет
бабында күнделікті тіршіліктен өрбіп өрістеген қызыл кеңірдек айтыс-тартыста
яки қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ боп тұрған аумалы-төкпелі кезеңде
бала да болса сөзіңді сөйлер кісі табылғаны қандай ғанибет еді»-деп бұ уақта
Шернияз еріксіз толқып келе жатқан. Әлден соң кеңсеге жақындап келе бергенде
Сейтжанға бұрылып:

-        Айналайын інім, сенен өтініп
сұрарым: бұ бюрода менің сөзімді сөйлеп, әлден жарқылдап көзге түсе бер ме. Әлі
буының "бекіп, бұғанаң қатқан жоқ. «Менің сойылымды соқпады, Шернияздың
жағына шығып кетті» деп бұны көңіліне кек қып түйіп, бірде болмаса бірде мына
сені тобықтан қағып, ұшырып түсіріп жүре ме, кім білсін. Онан да әліптің артын
бағып, кім не деді - соны бүге-шігесіне шейін қыртысын ақтарып қарап,

үнсіз тыңдап ұғынып отыр. Кейін кезегі келгенде сілкінісерсің, семсер боп та
сермелерсің. Асықпа, уақыт бар әлі,- деді түсін суытып.- Сейтжан: Heгe? Бас бағып қалай үнсіз бұғынып қалам. онда
бұл әділетке жата ма?- дегенше болған жоқ, Шернияз
аяғын асығыс басып одан бұрын ішке кіріп кетті. Жұрт бюродан өте кеш тарады. Бюроны
басқарған Шалахметов жолдастың өзі еді. Ол асықпай жұрттың бәрін сабырлы
тыңдауға кірісті. Алды-арты кең білікті басшы еді. «Қысылмай ойларыңызды еркін
айтып, еркін жеткізуге тырысыңыздар, жолдастар. Шындық түйіні таласта шешіледі»
деп сөз арасында ескертіп қойып отырды. Алдымен ауылшаруашылық
басқармасының бастығы Шөребек Шілтекбаевичтің баяндамасы тыңдалған еді.
Баяндама көңілдегідей болмады. Оның үстіне ол қағазға түсіріп жазып алғанын өзі ежіктеп жөндеп оқып та бере алмады. Әдетте мінбеге көтерілген қай шешен де сөзінің бас жағында шаруашылық
жетістіктеріне кеңінен тоқта-

лып, оны аспанға көтере дәріптеп келеді де, соңында кемшіліктеріне ойысады
ғой. Шөребек Шілтекбаевич те сол үрдіс дәстүрден аттап кете алмап еді. Баяндамасының
бас жағында қысқы мал қыстатуға байланысты атқарылған жұмыстарға ептеп тоқталып
өтті де, содан кейінгі жерде МТС директоры Шернияз Сардарбековтің жеке басына
соқтығып, күйттеп кетті. Аупартком хатшысы:

-        Шөребек Шілтекбаев жолдас,
сіз айтқандай Шернияз Сардарбековтің жеке басының кем-кетігі бізге қажет емес. Бізге
оның жұмысындағы
кемшіліктерін айтыңыз,- деді қатқыл ескерту жасап. Шөребек:

-        Кеңес
Шалахметович, кешіріңіз. Өзім де сол мәселеге жаңа-жаңа ойысып келе жатырмын,- деді де, МТС-тың қазіргі жұмыстары
жөнінде қысқаша айта келіп, Шернияздың міндерін тағы тәптіштеп
теріп кетті. Тіпті қыза келе:
«Кадрларды қалай болса солай ауыстырып, кез- келген уақытта кез - келген жаққа жұмсай
береді. Бармаса қызметтен босатады. Жақында сондай өзім білермендіктің
салдарынан Фриц деген механик машина руліне отыруға мәжбүр болды да,
ақырында ол авария жасап, бензин толы
бак жарылып, өртеніп өлді» деп
соқтыртып өтті. Бұл -
Шалахметовке кәдім-

гідей әсер етіпті. Шерниязға қадалып:

-        Сардарбеков жолдас, бұған сіз не айтасыз?- деді
түсін суытып,

Шернняз орнықты сөйлеп, болған
жәйтті қысқаша түсіндіріп айта бастап еді. Шөребек шеке тамыры білеулене "қызарып,
сасық күзендей шақ-шақ етіп, директорды сөйлетпей қайта-қайта сөзін бөле берді, Шалахметов қолындағы қаламсаптың
түбімен стол үстін ты-

қылдатып, сабыр сақтаңыз дегендей ескерту жасап еді. Шөребек оны ерең қылмады ма немене, орнынан атып тұрып, жан қалтасынан
кешегі домалақ арызды суырып алды да «Шернияз ақәділ кісі болса мынау не?» деп жекіп
ұрысқандай боп тамам жұртқа естірте судыратып оқи жөнелді. Бөлмедегілер тым-тырыс
сілтідей тынып қалған. Бәрі де «Ойпыр-ай, бұның арты немен бітер екен?» деп бір-біріне
жаутаңдасып қарасатын секілді. Ал кейбір сақ қулары қазірдің өзінде-ақ
Шернияздан іргесін аулақ ұстағысы кеп, ол отырған тұсқа жақтырмай қарап, көпе-көрінеу
тыжырынып қалысты. Шернияз оны байқаса да аңдамаған қалып танытып, арқасын кеңге
салып, маңдайы жарқырап отыра берді. Шөребек қанша жамандаса да, қанша
пәлекетті үйіп-төгіп даттаса да бүл кішкене сыр білдіріп, осалдық танытпады.
Жауын-шашын сабалап ұрған сайын жүзі жылтырап тұра беретін күз кеуде жартастай
төңірегіндегілерге аса мығым  көрінді. Сырт
көзге солай аңдалған Шернияздың іші шынында әлем-жәлем еді. Бірақ
онысын сыртқа шығарғысы

келмеді. Аш өзегін өртеп,
күйдіріп бара жатқан алауды сыртқа шығармай тұншықтырып көкірегінде ұстап қалды. Алайда ақ
сары жүзіне сондай қатты
толғаныстың: қызыл нұры теуіп, қалқып шыға келгендей болды. «Пәлі, мына Шөкең де, мына Нарекең
де кезінде

Талас өңіріне келген неміс жұрағатына қалай болса солай жүрдім-бардым
қарап, сәті келгенде тілдеп кетуден де жүздері жанбаған қарау кісілер еді. Енді
міне екеуінің емешектерінің езіле қалғандарын көрдің бе түгe. Машина аударылып,
кездейсок ажалдан қайғылы қазаға ұшыраған неміс жігітінің өлімін бұған жауып, қарадай
күйдірмек болғанын қайтерсің тағы, Өздерінше немістердің жыртысын жыртқан бола
қапты. Ой,

шіркін-ай! Бұны мұқатам десе, бұны тұқыртып тағынан тайдырам десе, өзге нәрселер де жетіп
жатыр еді ғой. Ендеше кісі
дәті шыдап бармайтын әлгі сұмдыққа батылы жетіп не себепті желпініп барды екен.
Сонда, немене, сонымен бұны таза мұқатам деп ойлай ма? Өйтсе бұ екеуінің оңбай
қателескені. Хқі, хқі.- Ол өкініп басын шайқады.-- Қор болған қайран ақымақ
бас-ай! Неміс жұрағатына деген Шернияздың көңілі бесенеден белгілі емее пе еді.
Басқаны былай қойғанда Нарқоспақтың қарамағында шілдің қиындай тоз-тоз боп жүрген
 бұ жұртты бір түнде Ойық аулына көшіріп
әкеп, бас-басына МТС-тан жұмыс тауып беріп, үйі жоқтарға - үй, күйі жоқтарға -
күй болғаны кәне бұ Шернияздың. Енді кеп со жұртпен өшігіп жүр екен дегенге кім
сенеді? Айтшы, кім сенеді?!» Шернияз естіп іштей сәл толқығаны болмаса түтігіт,
түгін сыртқа теппей сабыр сақтап жұрттың аужай-ын бағып томаға-тұйық отырған
еді. Кенет аупартком хатшысы Кеңес Шалахметов:

-        Сардарбеков, сізге сөз берсек мына
кісінің қыжыртпасына нендей жауап қайтарған болар едіңіз,-деді бүған арнайы жүз
бұрып қарап. Үні қоңырқай, жылы естілді. Соның өзі бұған үлкен демеу болғандай
сезілді.

 

Ол маналы бері маған
сөз бере ме, жоқ па; бермесе орнымнан тұрып сөз кезегін сұрап көрем, ал
алда-жалда көңілі түсіп бере қалса былай деп айтар едім деп ойын жұптап, іштей
дайын отырған-ды. Бірақ қазір оның бәрі жайына қалғандай болды. Өзінше тың

соқпақ тауып еркін сөйлеп кете барды.

-        Жолдастар!-
деді Шернияз отырғандарды көзімен түгел шола қарап.- Қазіргі жарқын заманда Шөребек Шілтекбаевич жолдас ақты
қара, қараны ақ деп көрсетіп, оның
үстіне қазаға ұшыраған неміс
жігітінің өліміне себепкер болды деп
мені орынсыз кінәлап, тіл тигізе
сөйлеп тұрса - оған да себеп
бар шығар. Бөлмедегілер бұнымен
не айтқысы кеп отыр деді ме сөз түйінін бағып бәрі де сілтідей тынып қапты. Шернияздың
саңқылдап сөйлеген даусына елтіп, қай-қайсы да ауаға асылып-асылып тұрып
қалғандай еді.Жұрттың назары өзіне дендеп ауғанын сезген директор келесі
мезетте әңгіменің тоқ етерін бір-ақ айтпақ болды.

- Жолдастар!- деді тағы да даусы
саңқ етіп.- Өнері өрге жүзген
неміс халқына, әсіресе соның ішінде Ойық аулына көшіп келіп, қазіргі кезеңде
қазақ жұртымен достасып, біте қайнасып туыс боп кеткен неміс ағайындарға деген
менің көңілімді айтып жеткізу қиын, әрине. Оны бәріңіз де жақсы білесіздер. Мен олар үшін былай істеп едім, түген істеп едім деп алдарыңда
босқа ақталып тұрғандай
болмайын. Оны неміс ағайынның өздерінен сұрап саралап көрсеңіздер екен. Алда-жалда
солардың бірі «тфәй, бетіңе» десе онда мен

жер басып тірі жүрмей-ақ қояйын. «Қара қылды кақ жарып үйренген қайран ағаекем-ай! Бұдам
артық не айтпақсың өңкей киіз құлақ тұстастарыңа,- деді іштей Сейтжан дән риза
боп кетіп.- Түсінген кісіге осының өзі жетіп жатыр емес пе. Қайтейін енді,
қолдан келер шара бар ма?!» Сейтжан әлгінде- қасына кеп жайғасқан ауатком председателінің
орынбасары Шабдалға сен қалай ойлайсың дегендей жүзіне бағдарлай қараған еді. Мана-

лы бері екі жағалаудыд қайсысына
шығарын білмей әрі-сәрі сарсылып
отырған орынбасар «мына неменің тіліне еріп, босқа арандап құрып қалармын» деп қауіптенді ме қалай, жүзін бұрып алып кетті. Сейтжан бармән-жайға түсіне қойды. Бюро
басталғалы не Шөребекке жылы жүз бармай, не Шерниязға жылы жүз бұрмай дәл
ортада қаққан сұр қазықтай
боп қақайып тік отырған Шабдалдың қазіргі кескін-келбетін көріп, оның түпкі
арам пиғылын және таныды. «Мына сұңғыла
бюродан соң Шөребек пен Шернияздың қайсысы жеңсе со-

ның соңынан құйрығын бұлғаңдатып
еріп кеткелі дайын отыр-ау. Япыр-ай, неткен зәнталақ еді. Бетіне түйенің мойын көнін қаптап
қойғандай бедірейіп, міз бақпауын көрдің бе пәтшағардың?!» деп іштей күйінді
ол. Сосын Шөребек жаққа әдейі
көз тастап еді. Сол заматта оның орнынан жалма-жан ұшып тұра кеп директорға
шаншылып:

-        Ей,
Шернияз, атты алысқа айдап қайтесің. Онан да
Фрицтің өлімі менің кінәмнан болып еді деп таза мойында. Құда да
тыныш, құдағи да тыныш
болсын,- деп өткем сөйледі ақ көз
ашудан алқымы ісініп. Шернияз
да тартына қоймады. -  Қадірлі Шөреке, қашаннан
бері бұ Фрицке бүйрегіңіз бұрыла қалып еді. Күні кеше ғана емес пе еді... Бар
кесапат ауыртпалықты солардан тартып жүрмейік деп Нарқоспақ екеуіңіз оларды
Қызылжиектің құмына қуып апарып, ең ақырғысы таңдай жібітер тамшы су

тауып бере алмай шөлден қырып ала жаздағандарыңыз кәне?! Ол ұмытыла қойған жоқ әлі. Теңіз
астынан көтерілген жайынның жалпақ
жонындай боп кім-кімнің көңілінде де жоталанып тұрғанын ескергейсіз,- деп қайдан шықсаң одан шық дегендей бірдеп айтып салды. Шөребек пен Нарқоспақтың кезінде қайсы бір кісі құптап,
қызығарлық тірліктері болып еді. Әйтеуір бақ -дәулеті артып, қолдарына билік
тигесін бұ екеуі кімдердің көз жасына қалмады дейсің, тәйірі. Несін айтасың,
талайдың көз жасына қара талқандарын шылап жеп, тоқ ішегін майлы ұстап тарықпай
келді ғой. Әуелі қырық екінші жылдың ыстық аптабында жер ауып көшіп келген
немістерді жергілікті қазақтарға қоспай, қоссақ сынымыз бұзылады деген желеумен
Қызылжиекке түріп айдап тастап, бір апта бойы шөлден қысып, қырып ала жаздаған
жоқ па. Содан бұл хабар облысқа суыт жетіп, одан өкілдер келіп, бұның аяғы ұшығып
кетпесін деп дереу оларды «Бірлік» колхозына жедел

көшіріп, қолма-қол көмек жасалған еді. Шернияздың жаңа қадап айтып тұрғаны, міне, сол
болатын. Шөребек жұрт көңілінен
енді-енді ұмытылып, көмбеге айналып құрдымға кеткен жайсыз бұл оқиғаны директордың
аузынан қайыра естігенде қақ маңдайдан біреу сегіз өрме қамшымен тартып-
жібергендей есеңгіреп, сілейіп тұрып қалған еді. Біткен жерім осы шығар деп
таусыла ойлаған.

- Heгe түрегеп тұрсыз. Отырыңыз,- деген хатшының қатқыл даусын естіп, сол
арада тез есін жиып, орындыққа сылқ етіп құнжия кетті. Кеңес Шалахметович бюро
басталғалы бергі уақта сөйленген сөздерден, айтылған уәждерден біраз келеңсіз
жәйттерге көзі жетіп отыр еді. Бірақ ол ойын тысқа щығармай іште бүгіп ұстай
тұрып, жай-жапсармен әлі де қаныға түспек болды. Шернияз Кеңестің жүзіне сыр
аңдап қанша үңілсе де ол бәрібір ішін бермеді. Түсін суыққа салып, Шөребек пен
Шернияз екеуінің кайсысының ісін түзік сана-

рын сыртқа шығарып және айта қоймады. Соған қарағанда екеуін әлі тыңдай
түспек ойы бар секілді көрінді.Әлгінде «шындық түйіні таласта шешіледі» деп
тегін айтты деймісің, тәйірі. Директордың кейде мына кісінің қызмет дәрежесі үлкен-ау
деп немесе жасы үлкен адам ғой деп жалған сыпайыгершілік жасап, айтар ойын
іркіп, тартынып қала бермейтін өжет қасиеті бар-ды, Кімге де турасын айтып,
тіпті қажет деп тапса сол үшін туралап та кете баратын. Бірақ қандай күнде де
жасып, солқылдақтық жасаған кезі жоқ-ты. Өзін сонда көк тасқын толқынға жеке
дара қойып кетіп қасқайып алға тартқан көк серкедей сезінуші еді. Қазір аңдап
көрсе, сол сезімі өзін де, өзгені де алдамапты, Ендеше неден қорқып, неден сескенеді?!
Шернияздың көкірегін қыжыл жайлады. Кенет көзінде өткір ұшқын пайда боп, ол
алмастың жүзіндей жарқ-жұрқ етіп, от шашып тұрып алды. Бұл - оның ендігі
мезетте неден болса да тайынбайтын, шындық жолында кіммен де ашық айқасқа түсе
білетін көк жойқын құштарлығының белгісі еді. Сол сәт өзі.де сілкініп сөйлегісі
кеп кетті. Соны Кеңес Шалахметовичтің қырағы көзі сонадан шалып қалғандай
көрінді.

-        Сардарбеков жолдас, бұ мәселе
жөнінде сіздің ойыңыз қандай? Соны білсек деп едік, Оның күткені де осы сауал
еді. Орындықтан жеңіл көтеріліп атып тұрған бойда жеделдетіп сөйлеп кетті.

-        Жолдастар, қазақта ауруын
жасырған өледі деген аталы сөз бар. Менің де айтпағым осы,- деп сөзін сыпайы
әрі салмақты бастады.- Бұ мәселе бұдан сәл ертерек ашық айтылуы керек еді.
Бірақ амал қанша толғағы бүгін жеткенге ұқсайды.

-        Бар
болғыр-ау, ол қандай мәселе? Басын ашып айтсаңшы
құрғырдың- деді Шөребек сөзін бөліп; Бұнысы: оның
бөлмедегілерге жақсы жағымен көрініп қалмақ болғандағы
жымысқы әрекеті еді. Оны Шернияз  да, өзгелер де жіті түйсініп қалды.

Шернияз бұл сәтте «неменеге сипақтап,
сөзімді сағыздай соза берем»
деп ойлап, тоқ етерін бір-ақ айтуға ойысқан.

-        Міне,
көрдіңіздер ме, жолдастар! Шөребек Шілтекбаевичтің өзі де бұл мәселені ертерек білуге құлшынып отыр. Енді оны айтпауға біздің
қақымыз жоқ.Шөребек
қарсыласының бұл сөзін кекесін түрінде емес,
жақсы мағынасында тура қабылдап еді. Содан болу
керек, іштей масаттанып: «Е, бәсе, қалай екен? Шынымен артың шыдамады, ә!» деп едәуір қоқиланып қалды. Кенет
сөзінің соды әдепкіден жаңылғандай даңғырлап, құлаққа жағымсыз естіліп,
қатқылданып бара жатқанын аңдап, Шерниязға «ой, бұның не сенің?!» деген
сыңаймен жаутаңдай қараған. Ол енді бұған назар салмаған күйі бір нүктеге
қадалып тұрып алды да, соқтыртып сөйлеп кетті.

-        Қадірлі жолдастар, Шөребек сықылды аптал
азаматымыздың көкірегін дерт шалған қилы кезең боп тұр. Ол дерт - оның тек қана
өзім білем деушілігі, ер көкіректігі, істід байыбына бармай байбалам салып, қызмет
дәрежесі төмен жігіттердің төбесіне әңгір-таяқ ойнататын
оспадарлығы... Осы тұсқа жеткенде Шөребек шыдап отыра алмай: екі беті нарт боп
жанып домбығып атып тұрды.

-        Әй, әй! Ауыз- өзімдікі екен деп жыныңды
құса берме, шырақ!

- Шөребеков жолдас!-деді
ол сөзін бөлгеніне қатты шамырқанып.- Жынымды бүркіп отырған жоқпын сізге. Тек
шындықты айтып отырмын.Сол үшін жазықтымын ба мен.

-        Шындық, шындық деп шырылдап қалып жүрме.
Қасқырдың бөрісі болса иттің тәңірісі бар деген. Байқа! Шөребек дөң айбат
көрсете сөйлеп еді. Хатшы:

 -        Шілтекбаев жолдас, сөзге қонақ беріп,
сәл сабыр етсеңіз қайтеді,- деді қабағын шытынып. Бұдан кейін ол аузына құм
құйылып отырып қалды.

-        Жолдастар! Шөребек
Шілтекбаевичтің соңғы екі- үш жылдың беделінде жасаған қылмысын жіпке тізіп, саралап
көрсек, соның өзі бір қыруар жүк көрінді.

-        Сондай-ақ ол
не бүлдіріп қойыпты?

-        He бүлдіріп
қойыпты дейсіз бе?-деді Шернияздың
даусы қайыра саңқ етіп.- Шөребек Шілтекбаевичтің өз қызмет дәрежесіне лайық еңбек етіп, үлгілі басшы бола білуі аса қажет
еді. Ол, бірақ, сол биік өреден жарқырап
көріне алмады. Heгe?

Шернияз жауап күтіп сәл тыныстап тұрып қалып еді. Анау ләм-мим жауап
қайтара алмай екі беті ұяттан жанып, назарын төмен caп жұрт көзінен жасыра
берді. Бірақ өлетін бала қайда қашса да бәрібір молаға барып тығылады ғой: Сол
секілді Шөребек қанша бұғынып қысылса да, қанша бұрқап туласа да естір сөзін естіп
тынатынын бірден сезді. Шернияз да соны түйсінгендей төсінен қоңыр самал
соқтыртып, едәуір көсілді. «Жолдастар» деп алады да одан- әрі іркілмей
тарта жөнеледі. Сөйтіп, Шөребектің бүкіл қылмысын
мойны-

на қойып, айтып келіп:

-        Байқап,
бағдарлап көрсем бюро
мүшелері бүгін түгел қатысып отыр
екен. Ендеше төрт көзіміз
түгел отырғанда айтайын. Биылғы қыста
«Бірлік» колхозының малы неге көп шығынға ұшырады. Heгe?-деп сұраулы кейіппен бюро мүшелерін
түгел шолып шықты,- Міне, көрдіңіздер ме, айтқыларыңыз келмейді. Көзімізге бақырайып көрініп тұрған шындықты жасырамыз, көкірегімізді сыр-сыр еткізіп жайлап алған ауруды және жасырамыз.
Сонда біздің кім болғанымыз?! Осы
кезде бөлмедегілердің ішінен:

-        Енді бізге
ауыз салайын дедің бе?-деген
жарамсақ күңкіл естіліп қалды.
Шернияз, алайда, оны естісе де естімеген болды.

-        Оның себебі,- деді ол ойын жалғап,- құмдағы малшыларға дер кезінде көмек көрсетілмеді. Сол колхозға өкіл боп
бекітілген Шөребек Шілтекбаев
жолдас өткендегі қақаған суықты желеу етіп, басқарманың жылы үйінен шықпай үш күн, үш түн арақ ішіп жатып алды. Одан соң маған қайта-қайта телефон
соғып: «Ауданға қайтам, машина тауып бер» деп жер тепкіленді. «Кісі бойы қалың қарда машина жүре
алмайды, оның үстіне әлі жол түскен жоқ қой. Жағдайға түсінсеңші... әйтпесе ат
тауып берейін» деген сөзімді құлағына да қыстырмай ақырында өзімді тілдеуге
айналды. Кейін сол машина ермегенімді көңіліне кек қып түйіп, үстімнен домалақ
арыз ұйымдастырып, жала жауып бақты. Қызметімнен алып
тастаттырмақ та болды. Бірақ жөнелдемде қолынан келмей қалды.
Әйтсе де мен бұны білікті басшының
бойына лайықты әрі жарасымды қылық деп қабылдай алмаймын,-деді ол туралы өз пікірін
үзілді-кесілді бір-ақ айтып. Сосын хатшыға жүз бұрып қарап:- Кеңес Шалахметович, өзіңіз көріп отырсыз, бұндай жағдайда ол
кісімен ендігі жерде біздің бірге
қызмет істеуіміз қиын шығар,- деп ызалы дауыс-

тап жіберді.

- Рахмет, Шернияз Сардарбекович.
Рахмет. Әрбір совет азаматы шындықты
сізше сүйіп, қорғап, сізше сөйлеп, жақсы-жаманды әділ таразылап
отырса, әлгі айтылған келеңсіз жайлар
біздің арамызда мүлде болмас еді. Амал қанша... бізге ондайлармен әлі аяусыз күресуге тура келіп тұр. Ничего, күресеміз
де и жеңеміз де. Ол директорға
шын ризашылдығын білдіріп, кәнілі жайланып, стол арқалығына шалқалай сүйеніп,
қайта жайғасып отыра берген. Қас пен көздің арасында төбесіне қатер бұлты
үйіріліп, иманын үйіріп алып бара жатқасын сұмдық қауіптеніп, асып-сасып қалды
ма, кім білсін, әйтеуір Шөребек отырған столын салдыр-гүлдір еткізіп атып
тұрып, Кеңес Шалахметовичке зіркілдеп ала жөнелді. Ей, сен кімді қолдап, қорғап тұрсың? Білеміз сені де...
Шындық, шындық деп шырылдай қапсың ғой бүгін. Кәне, сол тапқан шындығың? Шернияз ба?! Шыр-пырыңды шығарып жүрмесін кейін.
Ойладың ба соны?! Бұл -Қеңестің
бағыныштылардан да, бағынышты еместерден де өмірі естіп көрмеген сұмдығы еді,
Әдепкіде шошынып көзі шарасынан шығып кете жаздады. Шөребек ақ көз ашу үстінде
естен танып, айтпас сөзді аңдаусызда аузынан шығарып ап босқа арандап калғанын жаңа
сезді. Енді бәрібір кеш еді. Ол кұдайдың амалсыздығынан сүмірейіп тысқа
беттеді. Тыста суық сәуле шашқан күн тас төбеден төніп, шақырайып тұрған.
Алқын-жұлқын тысқа асығыс шыққан Шөребек шақырайған күн көзіне тура қарай алмай
жүзін алақанымен келегейлеп, бүркеп, қалқалай берді. Ал іште бүл уақта қызу
айтыс жүріп жатқан. Бюро соңында ұйымдастыру мәселелесі қаралып, Шөребек Шілтекбаевті
аудандық ауылшаруашылық басқармасы бастығы қызметінен босатып, оның орнына
Сейтжан Байзақовты бекітті. Бұған Талас өңірінде қуанбаған, бөркін аспанға атып
секіріп мәз-мәйрам болмаған адам

қалмап еді. Арада бір жеті өтер-өтпесте Шөребек басқа жаққа қоныс аударып
асығыс  өшіп кетті. Оны шығарып салуға
бірде-бір адам келмеді. Әшейіндегі жан досы Нарқоспақ та төбесін көрсетпепті. Япыр-ай,
белді бір ауданда талай жыл қызмет істеп тебесінен құс ұшырып көрмеген Шөребек
Шілтекбаев соншама қадірсіз кісі ме еді. Кім білсін...