ВЕРНУТЬСЯ

Түспалдап ұқтырады түзiң ненi?Жаз ненi айтты, бiлмеймiн күзiң ненi?Түсiнгенiм –жасыл жаз теректерден,сап-сары жапырақ боп үзiлгенi. Бiздi әлпештеп  күзгi бiр самал жүрдiң,Алғашқы әрiп, алғашқы баға алдырдың.Парталарға аң-таң боп қарай-қарай,аттадық бiз де мектеп табалдырғын. Бiртiндеп даусы алыстап аптаптардың,өмiр көштi қолына аппақ қардың.Осылайша көштi өмiр.Балалық шақ,iшiнде қыстап қалды тақпақтардың. Бала тiлдi тақпағы әлiппенiң,Бар ғылымға тастабан – әрiптерiң.Сенi ежiктеп оқудан бастау алып,Менi асырап келедi дәрiптерiң.Әлiппе,әлi оқимын қайталап мен,Түн маған таңқалады ай-табақпен.Сен үйреттiң ғаламның құпиясын,Әлiппе деген мынау байтақ атпен. Ежiктеп әлiппе өзiн ұқтырады,Шаттанып әрiптердiң түпкi мәнi.Суреттерi у-шу боп,бала тiлмен,мен-мен дейдi,көзiңе шық тұнады. Әрiптердiң әрбiрi –дара таңба,Даралыққа үйреткен жаңа таң да.Әлiппе –ұлы Отаны балалықтың,Жиi-жиi оралам сол Отанға.