ВЕРНУТЬСЯ

    Уа, мазасыз тілші достым, қайдасың, 
Қаламымен қоса ұстаған найзасын?
Сен-дағы бір
бейнетқоры майданның,
Елеусіздеу
еңбегіңнен айналдым!
«Елеусіздеу!?»
Жо, жоқ бұным қиянат,
Бұның-дағы жолы шатқал-қиямат!
Әр қадамы
қорқынышты, ауыр-ды,
Қорғасынды кешіп селді-дауылды.
Жүреді әр кез
окоптарды аралап,
Кейде өзін, кейде
жанын жаралап...
Солдатпенен бірге
кешіп азабын,
Солдатпенен бірге
ішеді тамағын.
Солдатпенен күліп, кейде түнеріп,
Кейде мүлгер
қарлы окопқа сүйеніп.
Кейде досын окобында «жерлесіп...»
Сапер болып кейде
өтеді сең кешіп.
Жау сыртына барлаушы боп шығады.
Кейде өзін мерген боп та сынады.
Жаудың-дағы
бақылау шарт жатағын,
Минаныңда
ажырата біл залалын!
Бәрін, бәрін
білуі шарт тілшінің
Адал шыным,
қажеті не күлкінің!
Ол жүреді
осылайша «ел ақтап»
Кей түндері партизанға қонақтап.
Тірлігінен жақын
бұның ажалы,
Бірер тәулік
қоршалып та қалады!
Бұл-дағы ойнап ажалымен, отпенен,
Шабуылды жүрер жедемелші топпенен.
Тілші осылай кеше
жүріп ажалды,
Жырын жүрек қаныменен жазады.
Днепрден,
Дунайдан да өтерде,
Бұның жыры
шабуылға көтерген!
Тілші сөзі
газеттерде басылған
Зеңбіріктен
жойқын оқ боп атылған.
Тілші достым,
бейнетқоры майданның
Сенің осы
еңбегіңнен айналдым!
Ұлтым қазақ,
Өзім қазақ,
Қарапайым солдатпын
Қызығып тұрмын,
Бір сыр бар құрбым,
Жүрегінде солдаттың.
Күт мені, шырақ!
Көрмесек
ұзақ,
Деп жүрме жігіт алдапсың,
Ұсындым қол,
Тіле, тек оң жол!
Ал, қош бол, кетті солдатың!
Изюм, 1943