ВЕРНУТЬСЯ

   Мазасыз Украина түні! 
Түн түнереп,
Тағы да төбемнен түйілді.
Ай мен жұлдызды
артына жасырып,
Түн қара түнегін киінді.
Қатерлі өлім
көлеңкесі
Менің жүзіме
үңілді.
Мазасыз Украина түні...
Мен окопта отырмын,
Батыстан алмай
көз қырын,
Тынысымды ішке
тартып,
Тыңдаудамын
Әрбір жапырақтың сыбдырын.
Тіміскілеген сұм
ажал!
Сұм ажал - төңірегім.
Мен окопта отырмын.
Бүгін естілмейді
бұлбұлдың жыры,
Тек мазасыз
зеңбірек күркірі,
Жаралы алыптай
теңселуде,
Бауырдай жыртылып
Украина қыры,
Қызыл нүктелер
көкке көтерілуде
Оның денесіне
ыршыған
Ыстық қан
тәрізді.
Бүгін естілмейді бұлбұлдың жыры.
Мазасыз
Украина түні!
Түн түнеріп,
Тағы да төбемнен түйілді,
Қатерлі өлім көлеңкесі
Тіміскілеп кеп,
Окобыма үңілді,
Бірақ мен үрейден
азатпын,
Өңештен алмақпын өлімді!
Мазасыс Украина түні...
Изюм, 1943