ВЕРНУТЬСЯ

    "Бірде мен ақ періште - ару көрдім,

Көрдім де, сырқатымнан тәуір болдым!

"Сен мені жебей жүр! - деп, -
келешекте"

Қолына алмас қылыш - қару бердім:..

Ол сонда басқа жаққа сүйреледі:

"Апарып тастайын!" деп үйге мені.

Сол сәтте жолын бөгеп бір періште:

"Осында қалдыршы?" - деп кимеледі.

Әлгі ару өзгерді де ақ қайың боп;

"Мен саған ақыл айтып жатпайым кеп,

Менімен бірге жүрсең - бақыттысың! -

Қауіп пен қатерлерден сақтайым" - деп,

Мінгізді есік ашып - корабльге...

Отырды әлгі ару қыз және бірге!

Бөлмеден аруақ шал шыға
келді:

"Қарағым, неғып жүрсің, талабың не?"

"Жоқ! - дедім сасып қалып, - жоқ талабым,

Салсаң да әзір менің - отқа жаным!..

Әзірше қылмысым жоқ!

Біреулерді -

Болмаса кейде жөнсіз боқтағаным?!"

Аруақ сөз бастады: "Әрине! - деп,

бәрің де құтырдыңдар фәниге кеп:

Пенде боп жаралғасын...

Кім-кімге де

Жар сүйіп, әлдилейтін сәби керек!

Қыздарға -тыржалаңаш, киінбеген

Болмады "Қырық үйден тыйым" деген.

Астында "ащы судың" қалқып жүрді,

Жігіттер - қара бас құрт миын жеген!

Бәріңді әзәзіл бір жаулап алған,

Қыз-қырқын ойнас қылды тауға барған!

Туды да сәбилерін тастап кетті...

Табылды ол - қоқыстар мен аулалардан.

Табылды ол әжетхана, жәшіктерден,

Жаны ашыр жан болмады ашып көрген.

Қалайша кешіремін?

Нақ осылай

Азғындық жолға түссе ашық пендең!

Біреулер берекесіз билік құрып,

Біреулер мерекесіз сыйлық қылып,

Мансапқа мағынасыз таласты да

Пәлеге, дау-дамайға килікті жұрт.

Сұмдықтың жасалуда бәрі күшпен,

Атомдық, ауа тозды, жарылыспен!

Ұялмай сөйте тұра тілдедіңдер:

"Жатыр, - деп, мұның бәрін Тәңір
істеп!"

Біздерге не сұмдықтың бәрі мәлім!

Өлгеннің қорладыңдар - аруағын!..

Қиратып құлпытасын...

Аз болғандай,

Аттыңдар қабірлерді қару алып..."

Ақсақал осылай деп тыныстады!..

Естілді есік жақтан дыбыс тағы.

Бөлмеге ақ періште кіріп келіп,

Қолына төрде тұрған қылышты алды.

Сол сәтте зәрем кетті зәр түбіне,

Бұл, әлде мына қыздың тәртібі ме?

Ішімнен иманымды оқи бердім:

"НЛО-ның неге соқты, арты, міне?!"

Тұрғызып есік жаққа сүйреледі:

"Апарып саламын!" - деп үйге мені.

Сонда әлгі аруақ шал ыңыранып:

"Шырағым, елін тапсын, тиме!" - деді.

Жаныма жайраң қағып, жақын қыз кеп:

"Ақыры таптым, - деді, - ақынды
іздеп!"

Сонда мен: "Әлгі айтқанның барлығын да,

Құтылдым: - Қайта құрып жатырмыз!" - деп.