ВЕРНУТЬСЯ

Мені іздеген жігіттер, мені іздеген,Өздеріңді өзіммен егіз көрем.Көңілдері жүретін толқын атып,Үйлесетін жандары теңізбенен,Мен ұнатқан достар-ай, мені іздеген. Өмір – қысқа, біз де бір құйын ба едік,Бірімізге біріміз үйір ме едік,Ақтарылып тұрмай ма адам деген,Ақ жауындай төгіліп құйып келіп,Біз өмірді осылай сүйіп едік. Алдамшыдай тірлігің өтер, кетер,Пендешілік қым-қуыт – бәрі бекер.Сыйластықта ғұмырдың бар қызығы,Жақсы жандар жылу-от жағып өтер. Өрен едім өмірге құштар асқан,Ер мінезді жандармен төс қағысқан.Доспен бірге самғаймын қияларға,Қиял, шіркін, сірә, алыс алып ұшқан...

Автор: