ВЕРНУТЬСЯ

Жаңаөзен жастарына Өмірдің сырын бізден де жете түсінген,Шарболат сынды, дей алмас ешкім күшін кем,Төрешілдікті тамырыменен қопарып,Әміршілдікті таптауға бейіл ісінгенМенің інілерім бар! Түсінбегенге күрмеулі түйін шешілмес,Арамдық тіпті бойынан таппас еш үйлес,Әулиесі мен жер киесін бәрінен қояр жоғарыҚор тұтар болсаң кешірмесМенің інілерім бар. Күн кешпеген бұқпалап, себеп-септікпен,Жігері жанса лаулайды, сөнбес өрт тіптен.Бірімен-бірі қайратын сынар бәс тігіпӨледі өлсе мәрттіктен,Менің інілерім бар. Шырқыраған тіл-дінін, ділін сауғалап,Мәңгүрттікпен ұстасатын дауға қап.Қолынан бұрын шығарып алған асылынАла алмай жүрген саудалап.Менің інілерім бар. Биікжал, бабаларыма ұсаған,Жетесіздікті өрелі сөзбен тұсаған,Ұрпағының азғанын көзбен көрсе егер,Жарылып кетер құсаданМенің інілерім бар. Жұлдыздайын жарқ етер ертең көгіме,Намысты беріп, кір келтірмейтін тегіме,Болашағыма қорған болатын нақ солар,Дақ түсірмейтін төріме –Менің інілерім бар!..                                       11.09.1990ж