ВЕРНУТЬСЯ

       Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір
арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан
баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген сон, Сейіт
жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай,
қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі:
-        Аяғың
ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың?
-деп сұрады. Сейіт, шешесі
шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:
-               
Ауырмақ
түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де
қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- деді.
***Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына
түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі
айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап
беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.
- Тақсыр патшам,- деді қыз,-
менің әкем жазаға лайық болғаны рас,
соның үшін қолынан айрылуы керек болды,
мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді.
- Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен
бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын
кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы
келіп, төренің күнәсін кешті дейді.