ВЕРНУТЬСЯ

      Міңгірлеп жаңа ғана біткендей тіл,

Қайтерсің,
біздің қолдан түк келмей тұр.

Таусылып амалымыз қала бердік,

Кетті де
заманыңыз тіптен бейпіл.

Дертіне дерт қосылған шерлі далам,

Шүкір де,

Осыған да
келдің аман.

Ұрандас ұлды көріп, -

жүрдік еріп,

Апыр-ау,
не қыл дейсің енді маған!

Бұл күнде ұрысы кім, дұрысы кім,

Бара алмай
байыбына бір ісінің,

Болар деп
жазда қандай, қыста қандай,

Отырам ұстай алмай жыр ұшығын.

Кеткенін қасиетінің құнсызданып

Сезбеген,

Біз
болдық-ау мұңсыз халық.

Қатыны қара жолда қап арқалап,

Әкімі ат
үстінде тұр сызданып.

Басылып басы қатты бұрынғы арын,

Ұмытқам
үнім барын, тілім барын, -

Ауыл - аш,
қала - кедей, балаң өгей,

Кімге
айтам, саған емей, мұның
бәрін!

Дәрмені, пәрмені де біткен ердей,

Боласың мұның бірін күтпегендей,

...Күткенде, күтпегенде не істе дейсің,

Отырмыз
қолымыздан түк те келмей!

Арасында
"үр-рит, үр-рит, үриттің",

Жауларымды
жеңе алмадым... жымиттым.

Ағайынды ерте де алмай сөзіме,

Тұмсығынан
шерте алмай бір иттің.

Бұ
тірлікте басқа қызық жоқтай түк,

Жүріппін-ау
обырға да өкпе айтып,

Атқан
"оғым" дарымады ешкімге,

Оған бола
жарымады кек қайтып.

Келмейтінін кейін біліп ешкімге әл,

Басы
ауырған маскүнемдей кештім хал,

Ана жақты,
мына жақты шолғанмен,

Кісі
қалмай бара жатты сес тындар.

Іріп-шіріп кешегі ұран, ескірді үн,

Ескіргенін
есем кете.. кеш білдім, -

Білдім
және жасымасын жауымның,

Маған жаны
ашымасын ешкімнің!...

Жау шықты ма,
біле алмадым, іргеден,

Біле
алмадым, қайда барып күн көрем,

Жан-жағымды
қарманумен

Қараңғы

Келе
жатқан сияқтанам түнде мен.

Қайда қалып қойдым әлгі дүрмектен,

Тас
қараңғы меңіреу түн бұл
неткен!

Ақыл-есім ауысқан ба, қүдай-ау,

Баяғы бір
дауыстан да құн кеткен.

Көптен бері ірімей де шірімей,

Көкірегіме
алды ұялап бір үрей,

Әлденелер
тап-тап беріп тұс-тұстан

Әне-міне жұтқалы тұр тірідей?!

Тоз-тоз болып кетті қайда түс-теңім.

Құзғындар-ай,
біле қойған күш кемін!

Әзірейіл сияқтанып әлдене

Әудем
жерден ақситады тістерін.

Құрып бара
жатқандай ма дәрменім,

Қолдан
келер қандай айлам бар менің?

Қараңғыны қарманғаныңа болайын-ай,

Бақыра
ма,.. шақыра ма әлдекім?!