ВЕРНУТЬСЯ

Мұңсыздық – дертім ол менің,Жаныма жақын жолатпа.Мұңсыз мен жүрсем, сөнгенім,Сөнгенім менің -өлгенім,Келгем жоқ, өмір, қонаққа.Білемін мәңгі жасаман,Болмайын, бірақ, масыл ұл.Боркемік пенде, жасық ұл,Ұлы өмір , менмін ғашығың,Мұңыңнан қалай қаша алам?Мұңсыз мен жүрсем сорлымын,Босқа өткен күндер – ол күнім.Мұң барда жыр боп шалқыдым,Сезімге селдей балқыдым,Құсың боп көкте қалқыдым.Асылым менің жарық күн,Демеймін ойсыз, ғаріппін.Кетпейін барға мастанып,Астамсып жұрттан төс қағып,Ойласам қамын халықтың.Мұңымнан мені айырма,Мұң-сағым сүйрер қиырға...Уайымсыз жүрген жандардаЖансыздан қандай айырма?Баста, өмір, мені арманға!..

Автор: