ВЕРНУТЬСЯ

Әні: Жалғас КеңесовтікіЕліне сыйлап кенін – бар асылын,Көркі боп, Маңғыстаудай даласының,Қанатын кеңге жайып жатыр қала,Аққудай үйлер тауып жарасымын. Қайырмасы:Шырайлы мекен,Мұнайлы өлкем.Нұрлы да, жырлы,Жаңаөзен, Жаңаөзен!.. Кеткен жоқ өткен жылдар өтеуі құр,Халқымыз өлке даңқын көтеріп жүр.Арттырған ел байлығын қай кезде де,Рухы асқақтардың мекені бұл. Қайырмасы:Шырайлы мекен,Мұнайлы өлкем.Нұрлы да, жырлы,Жаңаөзен, Жаңаөзен!..  Арқауы ерен ерлік дастанының,Қайраты елге әйгі жастарының.Желбіреп көк байрағым тұрған шақта,Жұлдызы жарқырайды аспанының.Қайырмасы.