ВЕРНУТЬСЯ

    Аса қайрымды қамқоршыларым - Николай Иванович пен Екатерина Степановна!
   Мені естеріңізге
алып, хат жазған екенсіздер; естеріңізге
алғандай Сіздерге не қызмет
еткенівдді білмеймін; ондай қызметім
жоқ болар деп ойлаймын және оныңызға рахмет
айтуға лайықты сөз таба алмай
отырмын; осының бәрі
сіздердің қайырымдылыктарыңыздың
арқасығой деп білемін. Мен сіздердің хаттарыңызды бекін{mosimage}іс комендантының үйінде, ресми қонақасы да отырып алдым. Бұл қонақасы ннспектор
граф Борхтың және Ырғыздан
келген қонақтар:
коменданттың, уездік судьяның
және Ырғыз уезд начальнигі
аға көмекшісінің келуіне
байланысты беріліп отырған қонақасы еді... Мұндағы жұрт менің мүмкін
тіпті, ұзақ уақытқа кетіп қалатыныма бірден-ақ қиналды және сонымен
катар, менің бұл жөніндегі қуанышымды да мақұл көрді; бұлардың кетуіме қиналуы да, қуанышымды
мақұлдауы да шын айтқан
сөздері ғой деп ойлаймын; ал қазақтарға
келсек, олар маған ренжіп, ақсақалдары
да, басқалары да ренжіп: «ағайын арасынан кетіп, не бақыт табасың» деп отыр. Сізге шынымды айтайын,
мұның бәрі де жақсы, айналамдағы адамдар маған осылайша қарамаса, ол өзіме ауыр
тиген болар еді. Сонымен, Сіздің
хатыңызды алғаннан кейін адам баласының достары тұратын жақсы қаланы көремін деген толық сеніммен, қайрымды Яков Петровичтен, август
айына дейін елге барып, шаруашылығымды және үй жайларымды жайғастырып келуге
демалыс сұрадым; елден
келісімен Сіздін бұйрығыңызды асығыстықпен күтемін. Жолға шығатын күнімді анық білу үшін және оған дұрыстап дайындалу үшін маған комиссияның жұмысы, Сіздің ойыңызша,
қанша уақытка созылатынын білу керек болып отыр. Егер, ықыласыңыз құлап, мүмкіндігіңіз болса, осыны
маған хабарлағаныңыз жөн болар еді. Мұны жаза қойсаңыз ол хатыңызды июльдің аяғына дейін
Троицкідегі Николаевск уезд
начальнигінің аға көмекшісі Тілеу Сейдалиннін атына, ал одан кейін жазсаңыз
Торғайға жіберуге болады. Бұл
хабарды беруіңізді қатты тілек етемін, өйткені, онда көп тұрып қалатын болсам,
үй ішіммен барар едім. Ал егер аз тұратын болсам, әуелі жалғыз өзім ғана барып,
кейін жағдайына қарай, амал істеуім керек болады. Егер Сізге қиын болмайтын
болса, мен мұның жайын менің есебіме, Троицкіге телеграмма арқылы
хабарлауыңызды сұрар едім. Өйткені, біздің почтамыз түйе керуені сықылды жүреді.
Мүның бәрі де
шешілген, енді ойлайтын ешнәрсе жоқ сияқты бола тұрса да, менің көңілім тынышталмай отыр; қымбатты затын ұстап, онымды біреу жұлып кетіп жүрмесін деп, жан-жағына
жалтақ-жалтақ қараған адам сияқты болып отырмын. Менің мінезім,
менің жағдайым: келешегімнің бәріне де мені сенімсіз қарайтын адам етіп отыр. Ал, оның бержағында, менің мұнда
бұдан былай қалуым мүмкін емес екенін күн сайын сезіп отырмын. Мен қазірдін
өзінде-ақ жарым-жартылап шірідім. Шіру енді екінші жартыма қарай жылжып келеді.
Менің даусым да Сізге батпақка батып бара жатқан адамның даусы сиякты болып
көрінуге тиіс. Пайдалы және пайдасыз жұмыстарда, ал кейде, өте қиын, жүріп-түру
керек қылатын жұмыстарда он жыл өмірім өтті. Ақырында, осы өзім тұрған ортада ақылым да
топастана бастады. О, Николай Иванович, атам,-оқытушылар семинариясының директоры, менің бұл үмітімнің бір жерінен үзіліп кетпеуінің қамын істеңіз. Өзініздің қолыныздан келгенінше амал істеп,
Сіздің жаныңызда болуыма
мүмкіндік беріңіз; адамшылық істің бәріне әділ қарайтын түкпірде тығылып жатқан бейшара
мүсәпірді ондаған жылдар өткеннен кейін де іздеп тауып алатын жақсы адамдармен ашық кеңесіп, таза ауа жұтуыма мүмкіндік беріңіз,-сонда ғана мен шіріген жағымды жазып алуыма, кайтадан адам
болуыма, сөйтіп келесі он жылға
жетерлік ақыл тауып алуыма
мол сенемін. Артықтау сөйлеп
кеткеніме кеңшілігіңізбен ғафу етіңіз. Яков Петровичтің де бір-екі ауыз сөз қосуына
орын қалдыруым керек болып отыр. Көріскенше сау болыңыз, аса қайырымды Николай Иванович пен
Екатерина Степановна!
Сіздің қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1873 жыл, 7 июнь.
Торғай қаласы.