ВЕРНУТЬСЯ

    Тағы да айқас,
Таң алдында,
Сабалап тұр
Көктен жаңбыр.
Бірақ солдат
Жата алар ма?
Кек жетелеп
Барады алға.
Шіркін, солдат
Көнімдісің,
Жоқ қой сенде
Тыныш ұйқы,
Мейлі күндіз,
Мейлі кешің,
Арналған тек
Отан үшін.
Қабақ шытпай
Төзесің сен,
Суыққа да,
Ыстыққа да...
Саз батпақты
Кешіп келем,
Темір болса керек денем.
Егер қазір,
Болсам үйде,
Тыңдап тәтті
Жаңбыр үнін
Тырс-тырс ұрған
Тереземе, жатар
ем-ау
Төсегімде.
Не ұлымның.
Ұйықтап жатқан,
Жанына кеп
Күліп тұрып,
Ақырын ғана оятпастан
Сүйер едім
Маңдайынан...
Содан кейін,
Столыма
Отырар ем
Қалам алып,
Жыр тізбектеп
Ақ қағазға...
Қазір кезек
Саған, найза.
Әлі есімде,
Дәрмен жаным,
Тәтті ұйқыда
Күліп сенің.
Қолың созып,
Талпынғаның «Шу, жануар,
Арғымағым!» «Шу, жануар!»
Ұлым, ол
не?
Қанатты өмір арғымағын,
Міндің бе сен
Осы кезде,
Әлде ілестің
Буденныйге.
Мен сүйсініп құшақтадым,
Махаббатым бермей ерік,
Жаудыраған от
жанардың
Екеуін де сүйіп алдым.
Қызғанғандай сонда
сенен,
Қарындасың дереу
қарғып,
Тұрды да
тез төсегінен.
Деді: «Жібер, Менің
әкем».
Жармастыңдар маған
кезек,
Асыр салып төсімде
ойнап,
Едің онда сен
естірек,
Күлдің: «Бізде
бір әке» деп.
Қандай думан еді,
Менің - Жас
нәресте,
Жандарыңды әлдилеген
Сол бір кезім,
«Жүрекке сен жақын
едің».
Десем, егер дәрменіме,
Ашуланба, жалғыз
қызым,
Кешір, Мені, сөге
көрме,
Қарлығашым өкпелеме.
Қазір сенсің бар
ермегім,
Жүрегімде бейнесі
оның,
Бұламашы жасқа
көзің,
Жараланып жас
жүрегің.
Білем, дертке
шомдың сен де,
Көкешіңді көрге
қыю
Ауыр, ауыр жүрегіңе,
Сақта ағаңды көңіліңе.
Жасыңды
сүрт,
Жалғыз қызым,
Өлген жоқ ол,
Біз үшін жүрегімде
Сақтаулы ұлым,
Өшпекші емес,
Бақ жұлдызым.
Азат еттік
Қазір ғана
Бір ауылды
Басқыншыдан,
Шыр етті де
Бір жас бала,
«Құтқар! Құтқар, деді,-
Аға»
Жан ұшырып, жүгірдім
мен,
«Құтқар!» деген естіп
үнді,
Сұмдық, сұмдық нені
көрем
Жас сәбиге найза
төнген.
Деді жүрек: «Сенің
ұлың Көремісің,
Жүгір солдат, сақта
ажалдан
Өмірін оның, бұ
да сенің
Бақ жұлдызың».
Жүрегімнің әміріне
Ұштым
дереу,
Бағындым да
Өктемсініп
Мен өлімге,
салдым жауды,
Тас төбеге осы
кезде
Төніп
қалды еңгезердей
Бір албасты мені
көздеп
Шанышқалы.
Қандай суық еді
алды.
Шыр, шыр етті
Сонда ұлан ашығандай
Маған жаны.
Арт жағымда
Жылап тұрған «Сенің үшін
Жаным құрбан».
Дедім де
Жас нәрестеге,
Жауға жедел
Найза үйірдім
Түстік құлап
Екеуміз де,
Мен бе,
Әлде жау дендер ме?
Менен гөрі
Дұшпан өктем,
дөңбекшідік
Кезек аунап, шіркін,
өмір,
Тәтті ең неткен, жау алқынтып
Кеңірдектен:
Төске қанжар
Төнген
кезде қайдан келді,
Өзім таңмын, толды
асау күш
Кеудеме, әлде
ұлан
Күш берді ме?.
Сұм қанжарын
Қалдым қағып,
Кеңірдегім кетті
босап.
Қарманды жау,
Ауық-ауық түйремек
қой
Қанжарды алып.
Кенет ұлдың
есіттім үнін:
-          Әке, әке,
Міне қанжар!
-          Әкел,
қарғам,
Әкел, күнім...
Түйрейін жау
Шеміршегін
Дедім-дағы
Қанжарды алып,
Сұқтым дұшпан
кеудесіне.
Ол бұлқынып жатты
талып,
Қара жерге қаны
тамып.
Күліп тұрды сонда
ұлан,
Жүрегім де күлді
менің,
Айнысайшы ол өз
ұлымнан,
Демек, «өлді!» деген
жалған.
-          Қарағым-ау,
Кім едің сен? - дедім
сүйіп нәрестені,
- Сіз емес пе,
Менің әкем?
Ол кеткенде жас
едім мен,-
Деді сәби, таңданғандай,
Мүмкін менің ұлым
шығар,
Қалғаным ба шын
танымай?.
Келші, келші, қарағым-ай!-деп,
Бөбектің жанарынан құшырлана
Сүйдім қатты,
Шығармын шын танымаған
Болар осы, менің балам.
«Жас өмірін, сақта
оның,
Ұлың осы, - деді
жүрек,
Жас ұрпағы Отанымның
Барлығы да сенің
ұлың!».
Ұлым!-дедім, көтердім де
Мен сәбиді, еркелеттім.
Күлді бөбек, көкірегімде,
Қолын созып көкте
күнге.
Нәзік еді күлкің
нендей?
Жатсынбаймын әкемін
мен.
Сен де өзімнің дәрменімдей
Талпынасың, жанды
тербей...
Дөп-дөңгелек, көзің қандай?
Көк жиектен күле
туған таңның
Жарық жұлдызындай
Бақытым үшін, жаралғандай.
Төсімде ойнап, күлші,
күнім!
Ата жүрек бірге
күлсін.
Жарқын өмір келешегім,
Жан азығы күлкің
сенің.
-          Әке! - деді,
Сәби маған, - Ау,
қарағым,
Құлақ
сенде,
-          Ізделікші,
Қайда анам?
Қалды ма екен,
Жаудан аман?
Жас нәресте
Әмір етті:
-          Ізде, әке!
Анам қайда?
Жоқ,
Шолып ем төңіректі,
Демек,
Дұшпан
айдап кетті.
Сәби жүрек
Бұйрығына бас иіп
біз
Дедік, «Мақұл!»
Бөбек үшін кек
алуға,
Баста бізді Старшина!
Тізіл сапқа бол,
тезірек.
(Әмір берді старшина)
-          Қош, әзірге,
Балғын бөбек,
келелік біз
Анаңды іздеп, деп,
Сүйдім де жанарынан,
Мен де
Сапқа тұрдым,
Тез кел, әке! - деді ұлан,
Қолын бұлғап
артымыздан,
Асар кезде дөңнің
белін,
Қарап едім өкше
ізіме.
Желбіретіп жел
кекілін,
Тұрды күліп ұлым
менің.
Біз жеңіспен оралғанда
Құшағыма күндей
күліп,
Енді келіп сол
бір бала.
Демек, ұлым
өлмегені,
Бөбек, саған болсам
пана.
Алматы, июль 1948.