ВЕРНУТЬСЯ

Әнi: Есенбай ҚҰЛИЕВтiкi 1. Келемiн өзiм көктемде,Жұлдызға қолым жеткенде,Қазағым  менiң қайда деп,Шығып бiр қара,Шығып бiр қара,Шығып бiр қара көк белге.     Қайырмасы: Қазағым менi ән қылсын,Дауысым көкте жаңғырсын.Өлеңiм кетiп аспанға,Тек менi жерде,Тек  менi жерде,Тек мені жерде қалдырсын. 2. Дүздерiм  анау сырласқан,Iздерiм анау бiр басқан.Бармын ба екен есiнде,Сұрай жүр менi,Сұрай жүр менi,Сұрай жүр менi құрдастан.     Қайырмасы: Жатамын шетте ән тыңдап,Саялы бақта салқындап.Қараймын анау-аспанға,Аққулар ұшса,Аққулар ұшса,Аққулар ұшса жарқылдап. 3. Жанымнан көктем, жаз ақтар,Көңлiмде менiң ғажап бар.Каспий боп анау тербелсiн,Жырымда жүрген,Жырымда жүрген,Жырымда жүрген қазақтар!     Қайырмасы: Тәңірім, бақ бер маңдайға,Қазағым деген жан қайда?Өзімді жерде қалдырып,Әнімді әкет, әнімді әкет,Әнімді әкет шалғайға!                           2.10.2001 жыл