ВЕРНУТЬСЯ

   Әнуар, бауырым,
Сені әсте, өшкен
жанға
Санамаймын.
Өзің боп өскен Жанна.
Сенің онда жалынды қарашығың,
Сенің оның бойында бар асылың.
Сенің онда
алмастай өткірлігің,
Онда өзіңдей
ұшқырлық, өткір ұғым.
Ол өзіндік
сақтаған биігіңді,
Ол да өзіндей
мұқтажға үйірімді.
Ол ешқашан кемтарды кемітпейді,
Жеке бақыт дегенмен келіспейді.
Кем түспейді ол ешқандай көріктіден,
Әйел боп та артық ол бөріктіден.