ВЕРНУТЬСЯ

   Мені көргенде, кішкентай қара бала жылап жіберді.

- Өй, батыр, неге жыладың? Біреу жәбірледі ме?

- Жоқ, аға,- деді бейтаныс бала өксігін баса алмай.- Қарным
ашты.

- Үйіңді таба алмай жүрсің бе?

- Жоқ... Мен он бесінші пәтерде тұрамын. Мына балапанды мысық
жеп қоя ма деп...

Енді байқадым. Баланың қолында торғайдың сары ауыз, үрпек
бас балапаны шиқ-шиқ етеді.

- Мұны қайдан алдың?

- Бірінші қабаттың балконындағы үйден. Өздері үшеу екен.
Екеуін Соняның мысығы жеп қойды. Мынау үшіншісі.

- Үйіңе апармадың ба?

- Апардым. Папам мен мамам көшеге таста деп ұрысқан соң...
далада жүрмін.

- Есімің кім?

- Болат.

- Онда бұл балапанды маған бере ғой, өзің үйіңе бар.

- Далаға тастап кетпейсіз бе?- деді Болат көздері жыпылықтап.

- Жоқ, айналайын. Өйтсем обалына қалмаймын ба? Алақанымдағы
балапан сүйір тұмсығымен саусағымды әрең түртеді.

Үйге кіре бергенімде, «аға, аға» деген Болаттың үні жетті құлағыма.

- О, не, Болатжан?

- Обал деген не?

- Қайырымдылық қасиет,- дедім аузыма басқа сөз түспей.

Кішкентай балапанды көріп балаларым мәре-сәре болып, біреуі
нан қоқымына, екіншісі сүтке жүгірді. Менің есіме сол кезде кішкентай Болат түсті.
Құстың обалын білген сәбидің ертең туған елінің обалын ойлайтын азамат
болатындығы көңіліме қуаныш ұялатты.