ВЕРНУТЬСЯ

    Бақыттан сезіп тапшылық

Пенденің бәрі - арманды.

Тағдырдан күтіп жақсылық -

Обал-ай, бәрі алдады.

Соқыр боп қалған не дейді...

Мақаулар тіпті демейді...

Асқынған ауру не дейді,

Көңідді немен демейді...

Бағы бар баста пенделер -

Қор болды, күндеп, тарылып.

Тағы бар аста пендеде -

Жүректер жатыр жарылып.

Аударса мезгіл парағын

Жайнаған өмір қуарған.

Шалмайды үсік, қарағым,

Мандай тер ғана суарған.

Басқаның бәрі алданыш,

Баянды бақыт болмайды.

Қанағат атты сезімің

Нәр берсе жаның солмайды.

Бұл өмір - жойқын дария,

Жоқ іздеп қарсы жүзбе, сен.

Бақыт пен байлық табарсың

Еңбектен ғана іздесең...