ВЕРНУТЬСЯ

      Атқарған оңбады да ісім өніп,

Қонбады шабытымның құсы келіп.

Мазасыз дел-сал күйде ұйықтағанмын,

Оятты өлең түнде түсіме еніп...

Келді де төріме озды баса-көктеп,

Содан
соң сәл рақым жасады ептеп:

"Немене
бұл жатысың ұйқы бағып, -

Тұр,
кәне, асыл мұра жасап өт!" - деп,

Күш
қайтып кеміді ме, аздап өлім

Мен
неге шалқып жанып, маздамадым?

Өзге
емес, өзімді де көншітпеді

Соңғы
кез жазған өлең...

Жазған
әнім...

Кез
бе бұл қуат-күшім кемігендей,

Тап
келген қырсық еді, тегі нендей.

Елуге
еркін сілтеп жетіп ем ғой,

Еңбегін
Ел-ананың тегін ембей!..

Орайтын
алдымды да, артымды да,

Ой
қайда салиқалы, тартылды ма?

Сөйлесем
ақ бұлақ
боп арындайтын,

Сезімнің
мөлдір
кезі сарқылды ма?!

Он
ойлап, тоқсан толғап түсінбедім,

От
болып өртеп жатыр ішімде мұң.

Мерт
болып бір мергенге кетті ме, сол

Алысқа
самғап ұшқан құсым менің?!

Жо-жо-жоқ!

Мерт
болуы мүмкін емес!

Жә.
шабыт, жабырқама, күлкіңе көш!

Ояумын!

Мұның
бәрі елес екен...

Адамға
не істетпейді, шіркін елес.

Оянсам,
құс жастықты құшып тұрып,

Маужырап
тәтті ұйқыға түсіпті жұрт.

...Бар
ойды сілкіп тастап,

қалам
алдым,

Төсектен түн жарымда ұшып тұрып!