ВЕРНУТЬСЯ

Өлең-жыр қуған арманшыл бала едім мен,Өмірге мынау ынтыққан албырт көңілмен,Кең дүниенің жайылған жарқын құшағы -Қарсы алған мені қашанда ыстық пейілмен. Мен кімге тегі  жүрген ем шағым , кінә артып,Бәрінен маған ақниет жандар мың артық.Жүргенде шалқып жылдарым жылжып барадыАлыста қалған сағымдай болып мұнартып. Көңілім менің жанға да жат боп жайылмай,Тербеліп жүрдім ырғалған аппақ қайыңдай.Адамға тегіс жақсылық ойлап тек қана,Кештім ғой дүние бірінен-бірін айырмай. Ғаламнан мынау осылай шалқып өтерміз,Бұйырса бір күн армандарға алыс жетерміз.Өмірге менің өзімнің мүлде жоқ өкпем,Өмірге мынау нұр шашып келген екенбіз. Тірлікте әсте болмайды қар-мұз құрсанып,Кешелік ғұмыр дауылды желдей бұрқанып.Жастығым, шіркін, зымырап алып кетер-ау,өтеді уақыт байқатпай тіптен ұрланып. Арғымақ атым, ағылшы сен бір іркілмей,Дүние-дәурен өтеді дерсің бір күндей.Бойымда барды халқыма беріп кетейін,Өтеді уақыт сиқыршы сынды білдірмей.

Автор: