ВЕРНУТЬСЯ

Өмірде күн кешкем жоқ алыспастан,Кезім көп бірақ менің шалыс басқан.Басынан не өтпейді бұ пенденің,Онымның өзі де бір ғарыш-дастан. Білемін,талай жерде қателестім,Алайда,тәтті өмірге жат емеспін.Сүюге,махаббатқа жаным іңкәр,Топас бір қуыс кеуде жан емеспін. Тағдырмен бақыт үшін жағаластым, Әрине, кей күндері жаза бастым. Сыр – теңіз,тауысайын қайсыбірін, Сірә да оны түгел жаза алмаспын.  Жеткізбей сағымдай боп арман-алып, Өкінген сәттерім де болғаны анық. Десе де мен ешқашан мойымадым, Жасықтық деген,шіркін,жолда қалып! 

Автор: