ВЕРНУТЬСЯ

- Айтайын -ақ  ағымнан  жарылғасын:
Өңімде  де,  түсімде - жадымдасың...
Шақырып  ем  биге 
мен  бүгін  тұңғыш,
Қызарып  сен  кеттің 
ғой, қарындасым.
- Кейбіреулер  әдейі  бөліп 
көпті,
Бізге  қарап  тұрғандай 
болып  кетті...
- Көңілімде   жұмбақ  көп  бүгін  менің.
Несіне  оның  тағы 
да  күлімдедің?
Биге  шықтың,
беліңнен  ұстағанда
Болар-болмас  бір  түрлі 
дірілдедің.
- Сынағандай  
жастардың  бекемдігін
Клуб  іші  салқындау 
екен  бүгін...
- Таусылардай  
таусылып  тағат  бүгін,
Бір  сөзіңді  күткенде 
қалап  құрбың
«Мені  үйіме  шығарып 
салыңызшы!»
Дедің  де  сен...
қиылып  қарап  тұрдың.
- Білем,  ол  еш  жөні  емес 
тілек-сынның,
Жалғыз  өзім  қайтуға 
жүрексіндім...
- Небір тәтті  қиялдар  алдандырып,
Жүре-жүре  күтумен  талғанда 
үміт
Кіріп  кетуге  үйіңе 
бұрынғыдай
Асықпадың, - сен 
мені  таңдандырып.
- Басым   кенет  айналды 
неге  менің?..
Таза  ауада  тұрайын 
деген  едім.
- Кетті солай  тағы  да  ұзап  бір  күн,
Уақыт  санай  алмадық 
біз-ақ,  құрбым!
Көзден  таса  болғанша 
сол  жолы  мен
Үйге  кірмей,  көшеде 
ұзақ  тұрдың.
- Қойыңызшы,  қанша  жас  көрсеңіз  де,
Шықтым, аға, 
кеше  мен  он 
сегізге...