ВЕРНУТЬСЯ

   Майдандасым, қос орденді Әлілхан Сапархановқа
Ата мекен, солдатыңмын
Сапта тұрған мен сенің!
Өткенің де,
бүгінгің де
Тіпті, тіпті
шалғай жатқан ертеңің,
Қымбат маған,
Қымбат және Отан, алтын, босағаң.
Бабалардың тері
сіңген
Көкмайсаң да
ертеңің де жер сенің!
Күзетшіңмін ат
жалынан
Кейде тіпті
кірпік қағым түспеген.
Төтеп бергем
талай жыртқыш,
Талай жойқын
күшке мен!
Бабалардың қаны түстес,
Сүйіп тудың алтын
зерлі шашағын,
Тізе бүгіп, ант
ішкенмін,
Абыроймен
қорғауға.
Елімдегі азат
таңның,
Арайлы аппақ
шапағын!
Ант еттім де қорғадым мен,
Жасқанбадым жауыңнан.
Көргенім жоқ бой
алдырып,
Бүгілмедім, мейлі
батпан ауырдан.
Бақытыңа
мызғымайтын,
Тас қамал боп қаландым.
Сақтап қалдым ең
қатерлі,
Өртті, жойқын
дауылдан!
Мен өзгеше
майырылмас,
Шын болаттан
соғылдым.
Долы күшін
тойтаратын,
Қара ниет,
қанішер жау оғының,
Гитлердің бес
миллиондық
Ажал атты
балғасын
Өр кеудеммен өршілене
Қарсы қағып
омырдым!
Дұшпан енді қаша ұрысып,
Қайта ұмтыла қарысты.
Таяқталып тағы
қашты,
Қанға бояп қалың
күртік қар үстін.
Жауды өкшелеп,
Европаны да құлшылықтан құтқардым,
Әділет сүйгіш адамзатқа
Ортақ ізгі азаматтық, ар үшін!
Жаулар басым кезінде де,
Жүз ықтырып, саспадым
Ұлы жеңіс
прологын
Волокалам тас жолынан бастадым.
Фашизмді айдап барып
Өз апаны - Берлинде
Қырық бестің
табанымен
Қырарқадан біржола таптадым!