ВЕРНУТЬСЯ

Ібжан атамыз сексеннен асып,Санайтын іштей күз бен көктемін.Аяйтын сосын түздің кептерін.Отырушы еді:- Кетем мен де, - деп -- Мың жасайтұғын құзғын деп пе едің? Әйкіш кемпірі – атышулы еді,Сексенге келсе де жігері мық-тын.Отырушы еді ескі радиодан,Баяндамасын тыңдап Брежневтің. Екеуі де енді жатыр бүгінде,Қара Нұраның оң жағасында.Әуес келіні – ол да қасында.Өмір дегенің өтпелі екен ғой,өтпелі екенін аңғарасың ба? Сұрадым барып құба жалдан да,әкемді әкеткен сұр ажалдан да.өтіп баратқан адамдар ғана,келеді екен ғой мына жалғанға. Күн мен Айдан ғалам даласын,Қоя салыпсың.Ғажаптарын-ай!Мұң мен Ойдан адам баласын,Оя салыпсың, Жаратқаным-ай!     * * *Бұталар,Жолаушыға жол қарадың,Қайсар ері осылар шөл даланың.Соққан желмен қосылып,Бабалардың,Айқайлап айтады есте қалған әнін. Ескі жыр тұрады алда көне ішікті,Кербез таудан кер бұлақ ере шықты.Кәрі таулар айтады биіктігін,Біздің жақта тау дейді төбешікті. Тіршіліктің жеңем деп жалғандығын,Үйіліп,Төбе болып қалған мұңың.Тау дейміз  біздер оны биіктетіп,Бұтаның да жыр етіп ормандығын. Бұл дала – ешкімнің де таласы емес,Аласаны қамайтын қорасы емес.Төбе бол, тау бол баба даласында,Ешкім де ешкімдерден аласа емес.