ВЕРНУТЬСЯ

Ой-жапанда жалғызбын.Өшкен ымырттүнгi аспанын ұсынар кестелi ғып.Түсiнгенмен бола ма пана маған,Басқаның бақшасында өскен үмiт?! Шеген-ой шемiршек боп басталатын,Шабысыңды үдетшi, қосқан атым.Маңғазданып қарайды мәнсiздiктер,Бұлттар да жүр жамылып аспан атын. Толқын өлер жартасқа құлашты ұрып,Төбе едi, ендi тауға ұласты үмiт.Бiлмейдi-ау бүтiн болып жарытпасын,Жел әуре жал құмдарды құрастырып. Серпiл, көңiл, өлеңге шерiң айтып,Жан тазарар сағыныш әнiн айтып.Ұлы арманға төте жол салынғандай,қашықтықтар кеткендей керi қайтып. Ой жетпеске жетудi ойлағанбыз,Аязда да өртенiп қайнаған – бiз!Қашықтыққа айқай сап, тоқта деумен,көз жетпес бiз де алысқа айналармыз.