ВЕРНУТЬСЯ

   Қу дүние - боз қырау қылаңдаған,

Кейде сұлу келіншек сылаңдаған.

Құшқым келіп, қусам да ұстатпайды,

Құйрығындай түлкінің бұлаңдаған.

Жер ортасы жастан да асып барам,

Мені алдамай
түлкі - өмір кімді алдаған?!

Күндер зулап өтуде ескен желдей,

Мен де бір күн жоғалам
өшкен белдей.

Алыс-жұлыс тірлікпен күн өткіздім,

Ғұмырымның тозарын мен де ескермей.

Жұртта қалған жалғыз
үй секілдімін,

Өз жұртынан қап қойған көшкенде ермей.

Ойхой, Дүние-ай,тазыдай зымыраған,

Тіршілікте көрмедім ғұмырлы адам.

Бұл жалғаннан жабырқап мен де өтем бе,

Су да ішпей ақ күміс құмырадан.

Ойхой, Дүние-ай,тазыдай
зымыраған.

Сана қумай сарсылған адамдарға,

Өкпелеумен күн өтті,амал барма?!

Топты жарып,жұлдыздай
ағам деме,

Асырсаң да қаншама санаңды алға.

Көп қарғаның біріне айналасың,

Ел билеген заманда жаман қарға.