ВЕРНУТЬСЯ

   Басынба, дұшпан даңдайсып, 
Сәтсіздікке
кездессем,
Мен мезгілше
сүрініп,
Сен бұл жол дәндесең.
Қатуланса, қабағым,
Түнеріп бейне
қаңтардай,
Ашынған жанның
жалынын,
Алып бір шығар
найзағай.
Шапшыса асау қызыл қан
Көкірегімнен
тасқындап,
Ол жеңістің
символы
Демек, бізде
болашақ.
Басынба, дұшпан дандайсып,
Жеңіске әзір
жеттім деп,
Жетелер бізді
жеңіске,
Төгілген қан мен
намыс, кек!
Одесса маңы, 1944