ВЕРНУТЬСЯ

         Елеуішке
су құямын -

толмайды,

көңіл түбі - шұрық
тесік,

cop қайғы,

мен не болсам ол болайын,

пәтшағар,

жырым, сенің жасың ұзақ болғай-ды

Терезеңді тырсылдатса торғай кеп,

мың күн сынбай, бір күн сынар сорлы әйнек,

мен күл болсам күл болайын,

пәтшағар,

жырым, сенің жасың ұзақ болғай деп.

Далада - қар,

ақ парақтай ақ сонар,

сайланып ап саятта жүр патшалар

алтайыдан дәмесі бар бәрінің,

жасың үзақ болғай сенің,

пәтшағар...