ВЕРНУТЬСЯ

Таңқалам жанкүйерлер төзiсiне,Футболшы да адал, мәрт өз iсiне.Көз iшiне сыйатын футбол ойынын,сыйғыза алмай әлекпiн сөз iшiне. Талай ақын – қаламның күшi дардай,Кеткен шығар ештеңе түсiне алмай.Құдыретiн футболдың дәл жеткiзер,Ұлы сөздi қақпаға түсiре алмай. Бiреудi ғылым бақ боп тосты алдынан,Бiреулер жазып кеттi аспанға ұран.Бiреуге өлең бақыт,Ал...Пеленiң,Бақыты теңбiл доп боп қашты алдынан.Талай шаршы алаңда iзi кеткен,Пеле жүрсе, футболдың күзi – көктем.Африкада тұрып-ақ тепкен добы,Жарты әлемнiң қақпасын бұзып өткен. Доппен бiрге көкке өрлеп туың кетер,Хас шеберлiк жоқты да туынды етер.Қазағымның жерiнен тебiлген доп,Пеленiң добын қашан қуып жетер. Доп боп қашқан аңсатты бақ талайды,Пеле добы жеткiзбей от қамайды.Кiдiрте тұрар едiм өлеңменен,Теңбiл доп,Әттең. . .Сөзге тоқтамайды. Қазақтың маңдайынан жел есiле,Сол допты қуып жетсе келесiде.Алтын допты көтерiп тұрса қазақ,Жер шарын көтергендей төбесiне.