ВЕРНУТЬСЯ

       Адам дегенің
әрқилы: Арамы мен адалы, ақымағы мен ақылдысы, жаманы мен жақсысы, даңғойы, мен
данасы, тағысын тағьиары... Ал осы топтағылардың біріне де жатпайтындары ше? -
Бір қызығы, ондай адамдар да болады екен. Олардың ныспы - әпенділер. Әпенділер
тобындағылардан жақсылық күтпейсің. Жаманшылық күтіп қорқудың да қажеті жоқ.
Жо... жоқ, бұл топтағылардың қолынан жақсылық та, жаманшылық та келеді. Бірақ
жақсылықты жақсылық жасайын деп істемейді. Жаманшылығы да қастандықтан емес.
Болмыс-болығы да солай.
       Рас, әпенді жақсылығынан мерейің үстем болып
кетпейді. Бірақ білмей жасаған жаманшылығынан өліп те қалуың мүмкін. Дегенмен
де бұларда басқа топтағыларда мүлде кездеспейтін бір артық қасиет бар. Ол
қасиеттің аты - күлкі. Күлкі адам ғұмырын ұзартады деген жорамал рас болса,
әпенділермен кездескенде бір жасап қалатының айтпаса да түсінікті.
       Сөйтіп, ендігі
әңгіме әпенділер туралы болмақ.