ВЕРНУТЬСЯ

                                                   
1

"Ах, Пушкин!.. Оңбаған Пушкин!.." деп, ол ашуға булыға
өз-өзiнен қалшылдап, айқайлап жiбердi. "Саған қайдан ғана тап болып едiм... Сенiң
сыйқырлы арбауыңнан  ендi қашан, қай күнi
құтыламын-н..."

Оңаша бөлмеде байыз таба алмай, арлы-берлi кезген Жорж дәл
бүгiн өте көңiлсiз едi. Оның көңiл күйiн кетiрiп, дегбiрiн алған қызмет те,
қызметтестерi де емес, өзiнiң туған қызы Шарлотта мен Русия ақыны Пушкин
болатын...

                                                   
 2

Өз өмiрiнiң арғы-бергiсiне көз жүгiртсе, тағдырына өкпесi
жоқ-ақ. Неге өкпелеуi керек. Бiр кiсiнiң бақ-талайы бұның басында әу бастан-ақ
болды. Әлi де бар... Баяғыда... арман қуып, Русия жерiне болған кезеңдi есепке
алмағанда, былайғы кездегi, осы өзiнiң отаны Франциядағы жағдайы, несiн
айтасың, ертегi iспеттi. Русиядан оралған соң, азғана уақыттан соң, жағдайы
жақсарып, iсi оңға басып жүре бердi. Сүйiктiсi - Екатерина да түк болмағандай,
өзi-ақ iздеп келдi Францияға. Бұның Русияны шулатып, Русияны дейдi-ау, бүкiл
әлемдi шулатып кеткенiн қаперiне де алмады. Әлде ақылсыздығы, әлде шын
сүйгендiгi, әйтеуiр, бұған қылымси тiл қатып "я прощаю Пушкина" дедi емес пе!
Е, Пушкин жайын кешiрер болса, бұның қиналары не? Сүйедi екен, онда бiрге тұра
бередi.

Осылайша әнi-мiнi дегенше оның бағы өрге домалап, Сульц
қаласының мэрi болды. Бүтiн бiр қала ашса алақанында, жұмса жүдырығында. Ой,
шiркiн-ай, баяғыда Петербургте корнет болып жүргенде осындай лауазымға жетемiн
деп ойлады ма! Мiне, бақ дегенiңiз... Иә, иә, жалпы Жорждың өз тегi қара шаруа
емес екенi де рас, бiлдей бiр француз дворянының баласы. Жастайынан әкесi де
бұның болашағына көп үмiт артып едi ғой. Ақтай алам ба соны, жоқ па деп, Жорж
кейде ойға берiлетiн. Өзiнiң кейбiр жеңiлтектеу мiнезiне орай "әке үмiтiн ақтай
алмаймын-ауң деп те ойланатын. Сөйтсе... бойындағы қасиеттi дүрыс бағалай алмаған
екен. Көпке дейiн байқамай жүрiптi. Сөйтiп... аяқ астынан бiр қаланың мэрi болып
шыға келгенi... Жә, Жорж өз өмiрiнде барон Луи де Геккеренге көп қарыздар. Сол
барон болмағанда баяғыда... Германияда, Русияға бара жатқан жолда, арам қатуы да
мүмкiн едi-ау. Сондай қиналған сәтiнде Геккереннiң қол үшын бергенiн неге ұмыта
қояр?

Содан... қала мэрi болып, одан сайын мәртебесi өсе түсiп,
бiрқатар банкiлердiң, өнеркәсiптiк және сақтық қоғамдардың құрылтайшысы,
қолдаушысы да болғаны ше! Солар демеп жiбердi де, келе-келе сенаторлық
биiктаққа да отырды. Жорж өзiн кiсiлермен тез тiл табысатын адаммын деп
ойлайтын. Қандай жағдайда да дүрыс жол таңдай аламын деп жүрушi едi.
Қырсыққанда... Осы өз елiнде, француз елiнде тағы да өнер адамына жақпай қалды.
Виктор Гюго Жоржға үнемi қарсы шығады. Неге екенi белгiсiз, бұның ойы мен оның
ойы еш қабыса бермейдi.

Баяғыда... Русияда да әлгi Пушкин ақынмен тiл табыса алмай,
ақыры екеуi... дуэльге шықпап па едi. Ол өлiп кеттi, бүл тiрi... Дуэль заңы солай.
Бiреуi өлуi керек. Бұның не жазығы бар? Сол үшiн ғой, бұған Русия елi көз аларта
қарап, полицайлары қамауға алды емес пе... Артынан "сен бiздiң елден кетесiңң деп
қуып шықты ғой. Иә, аман-есен құтылғанына разы...

Барон Геккерен айтады:

- Қымбаттым Жорж, сен әлдебiр Русия ақыны Пушкин дуэльде
өлдi деп қайғырма. Дуэль деген солай. Егер сен оны өлтiрмегенде, ол сенi
өлтiрер едi. Ал, ендi мүнда Виктор Гюго менi ұнатпады деп қайғыра берсең, тағы
да iсiң өнбейдi. Гюго да адам. Жазушы болса өзiне жазушы. Сен сенаторсың. Күнi
кеше қала мэрi болғансың. Еңсеңдi биiк ұста...

Осы сөздер бұған қанат бiтiредi. Көңiлiн көтередi. Алайда...

Иә, алайда қызы Шарлоттаны түсiнбейдi. Ол күннен-күнге
әкесiн жек көргендей, екеуiнiң арасы алшақтап барады.Неге өйтедi ол?..

                                                
 3

Жорж ылғи да байқайды.

Қызы Шарлотта жеке отырғанда үнемi кiтап оқиды. Қызыға, бас
алмай оқиды. Әкесi қызынан "қандай кiтап оқып жүрсiң?" деп сұрауға оқталады да,
ылғи сұрамайды. Бiр қызығы - қызы Шарлотта сол кiтабын әкесiнен тығып ұстайды.
Әкесi келе жатқанын көрсе, дереу тыға қояды.  
Бiр емес, екi емес...   Тағы бiр
жолы осындай қылық көрсеткен. Сосын әкесi Жорж ойланды.

"Қызымның бұнысы несi? Менен жасырып оқитындай ол қандай
кiтап? Маған неге көрсеткiсi келмейдi?.."   
Көп күн ойланып жүрдi де, бiр күнi қызы серуенге шығып кеткенде оның бөлмесiне
кiрiп, әлгi кiтапты тауып алды. Сөйтiп, ашып қалса... алғашқы бетiнде баяғы бұйра
бас, бозбала жiгiт Пушкиннiң үлкен суретi бұған күле қарап түр... Жүрегi су-у ете
қалғаны. Бейне тап қазiр Пушкин-әруақ қайта тiрiлiп келiп, бұны дуэльге қайта
шақырып тұрғандай.

"Қызым!.. Қызым-ау, сен кiмдi оқып жүргенсiң осы күнге
дейiн... Бұл деген әкеңнiң хас жауы... Кезiнде дуэльге шақырып, өлтiре жаздаған
бiрбет Пушкин-н..." Жорж есiн жия алмай, бiрауық отырып қалды. Өзi-өзiне келе
алар емес.

Осы кезде есiк сықырлады да, арғы жағынан сүйiктi қызы
Шарлотта кiрiп келе жатты. Әкеде үн жоқ. Қызының көзi шарасынан шыға жаздап,
оның қолындағы кiтапқа ұмтылған.

- Жоқ, қызым, жоқ! Бүл кiтапты ендi оқушы болма-а... Өтiнемiн
сенен...

Шарлотта осы жолы шарт сынып, әкесiне қарсы ауыр-ауыр сөз
айтты.

- Тiрi Пушкиндi бiр өлтiргенсiз. Ендi өлi Пушкиннiң жан
сырынан, рухынан менi айырмаңыз...

- Францияда басқа ақын құрып па? Басқа кiтап жоқ па,
қызым-м...

- Жоқ, әке! Мен үшiн Пушкин бәрiнен де биiк...

Шарлотта көзiнен жас моншақтата әкесiнiң жанына жетiп келдi
де, қолындағы қалың мүқабалы кiтапты - Пушкин жырларын жұлып алды.

- Оның өзiн өлтiрсеңiз де, сұлу жырларын өлтiре алмайсыз...

Сосын кiтапты бауырына басып, төсекке жата қалды да, жылай
бердi...

Жорж сүйретiле басып сыртқа шықты. Аспан бүгiн күреңiтiп
тұрғандай. Дала сұп-сұр. Айнала түп-түгел көңiлсiздiк. Бақ iшiмен ақырын аяңдап
келе жатып, әлгiндегi кiтап iшiндегi Пушкин суретi көз алдына келе бердi.

"...Мен сенен өмiр бойы құтылмаспын. Сорлы басым-ай, қайдан
ғана тап болып едiм саған... Сен менiмен емес, басқа бiреумен дуэльге шықсаң
нетер едi. Онсыз да бар әлемге қара бет етiп... Русияның керемет ақынын өлтiрген Дантес
дегiзiп..."

Жүрiп келе жатып, тағы да аспанға қарады. Тұтасып түр.
Түнерiп түр.

"...Қала мэрi болған Дантестi Сульц жұрты бiлер, қала бердi
Франция бiлер. Сенатор Жоржды тағы да бiлетiн сол Француздар... Ал, әлем...
Дантестi ақын Пушкиндi өлтiрген адам деп бiледi..."

Аздап қолы дiрiлдегендей болды. Неге дiрiлдейдi екен? Жүрегi
шанши бастағаны ма? Оның жанына әсiресе қатты батқаны - өзiнiң ең сүйiктi қызы
Шарлоттаны" Мен Пушкиндi сүйемiн, оның жырлары бәрiбiр өлмейдi" деген сөздерi
едi. Сол сөздер санасында қайта жаңғырған сәтте... жүрегi шынымен-ақ қысылды.

"...Еһ, Пушкин! Пушкин-ай... Сен адамзаттың жүрегiнен мәңгi орын
алуға айналыпсың. Ендеше мен де өлмейдi екем... Жо-жоқ, қайта сен... ендi тiрiлiп
келедi екенсiң. Ал, мен... ендi өлуге бет алған екенмiн... Өлмей ше! Атақты ақынды
атқан Дантес... Оны кiм сүйедi? Ондай Дантес кiмге керек?.. Кiм сыйлайды оны... Ең
бергiсi, мiне, өзiмнiң туған қызым да бүгiн маған ауыр сөз айтты. Пушкиндi
жақтады, менi даттады..."

Өзiн-өзi түсiне алмай, бақ iшiнде ұзақ сеңделдi Жорж.
Көкiрек сарайынан бiр үн "ақын деген өлмейтiн, өлтiруге болмайтын жаратылыс,
ақын деген елдiң, барша адамзаттың жүрегiн жаулап алушы" деп сыбырлап
тұрғандай. Бүл баяғыда... Русияда-ақ Пушкин өлдi, сонымен бәрi де бiттi деп ойлап
едi. Сөйтсе... Ақын деген ел жүрегiнде жатталып, уақыт өткен сайын қайта жаңғыра
беретiнiн қайдан бiлсiн. Ақын - көме салуға болмайтын рух екенiн қайдан түсiне
қойсын...

Ақын рухы Дантестi бәрiбiр жеңiп түр. Оның жанын бәрiбiр
қинап, шырқыратып тұр...

                                                      
 4

Бiр күнi Шарлотта бүкiл елдiң көзiнше Пушкиннiң өлеңiн бар
даусымен жатқа оқыды. Көздерiн жұмып, берiле балқып, ұзақ-қ оқыды. Оған "сен Пушкиндi
оқыма, басқа ақынды оқы" деп Дантес айта алмады...

Осы күнi абырой-атағы барша Францияға жайылған азамат - Жорж
Шарль Дантес өз жанын қоярға жер таппады. Маңдайынан үздіксіз, толассыз ұрғылағандай
болып, Пушкин жырлары ызыңдап, ұзақ ызыңдап тұрып алған.

Дантес өзiн өлi адамдай сезiндi...