ВЕРНУТЬСЯ

    Рожика...
Осы бір әсем
әні венгрдің
Есіткен күні-ақ
ең алғаш
Сезімді нәзік
меңгердің.
Сағынышы бар солдаттың
Тербетер жанын тереңнен.
Жыл бойына әр үйден
Құмарта тыңдап келем мен.
Ұқпаймын сөзін, ол рас,
Ұғамын ғажап ырғағын.
Шырқай бер, бикеш, шырқай бер,
Әніңе балқып тұр
жаным.
Рожика...
Жас қыздың
Қолында бір шоқ
қызыл гүл.
Ауаны тынық
жаңғырта
Аспанға самғап
алды жыр.
Бетінде күміс нұр ойнап
Балатон көлі
толқыды.
Күмбірлеп әнмен
теңселе
Биледі бұйра
толқыны.
Тербеліп қайың, гүл мүлгіп.
Сайрады бірге сандуғаш.
Әнші қыздың
көзінен
Мөлт етті бір
тамшы жас...
Рожика...
Венгерка Ән бастаған күлімдеп.
Мұңайып сүртті
көз жасын,
Дауысы кенет
дірілдеп.
Түсінем сұлу, сен
де аңсап
Күтесің сүйген
жарыңды.
Балқытқан шығар
нәзік ән
Жаралы, мұңды
жаныңды...
Сүйіктің, мүмкін қатесін
Жуған да шығар қанымен.
Оралар аман,
құшақтар
Мадьярлық таза
жанымен.
Тихани, 1945