ВЕРНУТЬСЯ

О, аруақ, демей гөр,О, Бекет, желеп-жебей гөр!Оғландының басында –Ордасын тікке кемеңгер!Автор.АрқаландымАр биік,МарқаландымЖал биік,Ата-бабам бойымаАсау етті нәр құйып!Өртеніп тұрӨнбойым,Қыз-қыз қайнап маңдайым!Күйіп-жанып жүремінКүңсік болмай әрдайым.Шыңым шырқау айбатты,Далам шалқар байтақ-ты.Кезген екен ерлерімКөсілген кең аймақты.Сұрғылт сынды боз дала,Сырын терең қозғама.Күңіреніп жатса да,Боз маядай боздама.Тектілікті тел еткен-Тентіремес ел өктем.Тума тұрық-болмысы-Жаралған дейді бөлектен.Алпамсалы тұлғалыАрда мінез ұлдары,Аттандаса жауынаТалақ етер мұрғалы.Кесек пішім-тұрпатыТұяғын тарпып тұлпары,Батырына мәп келгенҚазанаттың сымбаты.Төрт құбыла тең келген,Шеттерінен мәрт келген,Бес қаруын жасанып,Сәйгүлігі ерттелген,Құлақ тері бусанып,Құрыш қанып, бап келген,Көшіп-қонған ел едім,Түзден тапқан қорегін,Түлетіп ту өлкені,Тірлікке бөтен бөледім.Тентектің де тентегі –Табиғаттың төлі едім.Кие мекен – тым құтты-Маңғыстау мен ҮстірттіМың-сан жылдар жайлаған-Ұлыс едім дің мықты.Түлікке толды жазирам,Түледі түбек – қазынам.Атышулы аймақ деп,Тарихқа мәңгі жазылам.Бұрынғы өткен бабамның-Жұрнағы болып жаралдым.Қайсар да мінез қожасы –Осынау жарты аралдың.Сертке салсаң берікпін,Сенімді жанға серікпін.Ұсақтық – ұят іс болар,Ірілеу турап келіппін.Мен мен едім, мен едім,Тасиды толып кемерім.Тегімді айтып толғасам,Өрекпіп өршір өлеңім.Маңғыстау – маңғаз мекенім,Өркендеп, өсіп, өнермін.Артық та туған Бекетім –Тәңіріме бейне теңермін.Шыдармын қалай шаттанбай,Сөйлермін қалай мақтанбай.Әз әулием – тірегімҚолтықтан демеп жатқандай.Саңқылдап шығар үніміз,Жасық емес, іріміз.Оғландының басынанҚол бұлғайды піріміз!Қазаққа біткен Даралық,Қазаққа біткен даналық,«Бекет!» деп білек біріксе,Ел болар едік нар, алып!Есіңді жый ел-жұртым,Есті алмасын жан-құлқын,Рух пен Жігер оянса,Ерекше болар сән-ғұрпың.Тағзым етсек Атаға,Талайлар түсер сабаға.Тағзым етсек Атаға,Қылау түспес араға.Қазақ қазақ бола алар,Қасиет кіріп оңалар.Көреген, көсем, көріпкел,Пайғамбарлармен пара-пар,Бекетті биік ұсталық,Ғаламат бойға күш дарып,Сүйенген, сенген Киеміз –Пәле-жаладан құтқарып.Азулы халық атансақ,Жүректе намыс атойлап.Жолымыз болып, жанар бақ,Нешебір бөгет қамалды ап.О, Пір Бекет, Аруақ,Өзіңнен қуат дарымақ.Ұлы дүние көшінде-Кешеміз ғұмыр дауылдап.Сенгеніміз Ер Бекет,Ергеніміз Пір Бекет!Рухымызды асқақтап,Ұлы Бекет тұр демеп!Желеп!!!Жебеп!!!...Қырандар қалқып кенет!!! 

Автор: