Сағындым,
Сендерді
сағындым:
Гүлдері
- қызғалдақ шағылдың,
Түндері
- тұңғиық Нарынның,
Үндерін
-достарым, бәріңнің -
Сағындым!
Сағындым,
Бәріңді
сағындым:
Жүздерін
әр қыз бен әр ұлдың,
Хат тосып талай күн
сарылдым,
Тез
өт! - деп жылға да жалындым,
Мен сендерді сағындым!
- 75 просмотров