ВЕРНУТЬСЯ

     Жалғыздық деген -
зар ұғым,

Жүрегім жалғыз - жарығым!

Қиналып жүрген шақтарда

Таныттың үлкен тағлым!..

Бойжеткен аз ба, ой жетсе?

Жаныңды менде таныдым!..

Демеймін әлі:
"Көнердім!"

Таусылса дәмім - елермін!

Қасымда жүрсең серік боп,

Бақытқа, бәлкім бөлермін,

Шұғыламды да төгермін!..

Аман жүр, Аққу - аруым!

Дертіме дауа - даруым!

Келденең кесел киліксе,

Өзіңсің сақтар- қаруым!

Тірлікте мен де ақтармын,

Қайтпаса бойдан жалыным!

Жалт етіп өшсем кенеттен,

Жолыма қарап мен өткен, -

Жоқтамаймысың, жарығым!?