ВЕРНУТЬСЯ

     Әрлі-берлі шұбырған бір көп халық,

Ағылуда
көше
бойлап - топталып.

"Интурист"
деп айдар таққан автобус

Хиуаның
базарына жетті алып...

Әңгіме
көп...

(Ұмытпауды
қатты ойлан!)

Көбі
соның шығып кетіп жатты ойдан.

Айтады
гид "Күннің жері" болған соң,

Бұл
қалаға Хорезм деп ат қойған...

Ғажап!
Ғажап!

Өткендерге
салауат!

Кеттік
еніп, ансамбльді аралап.

Көрген
талай ою-ернек - өрнек
пе,

Мынау
мүлдем ой жетпейтін -

Ғаламат!

Кім
де болса, көріп естен танады,

Дишан-қала,
Ичан-кала қамалы -

Үш
ғасырдан әрі қалған

Кемеңгер
-

Бейнелейді
ақыл-ой мен сананы!

Дәуірінде
сенбей өткен дінге өзі,

Неткен
сұлу
Махмудтың күмбезі?!

Қасиетті
ақын рухы болар ма,

Жерден
шығып келе жатқан -

Күн
көзі?!

Жұма-мешіт,

Ақ-мешітке
енгесін,

Мұсылмандар
дінге сенсін, сенбесін

Бірі
тастап бара жатты тиынын,

Бірі
тастап бара жатты теңгесін!

Кез
айырмай алдымдағы мүсіннен,

Аят
еткен адамдай боп ішімнен,

Екі
шумақ өлең жазып, оқыдым

Демократ
Аваз Утар үшін мен!..

Қай
заманнан пендесіне фәни - сын,

Ұйтқыған
жел жеткізгендей қан исін.

Әр
ғасырдың ізі жатыр тастарда -

Тарих
бетін соған қарап танисың!

(Кісендеулі,
зындандағы шал жаққа

Телміріп
кеп қарайтындай әр қақпа).

Сол
дәуірдің бас куәсі -

Ең
биік

Исламходжа мұнарасы қалды артта.