ВЕРНУТЬСЯ

      Сүйемін
соны:

Бұлтсыз
боп тұрса,

Ашық
күн,

Мәңгілік
бұлтсыз

Аспанға ғана Ғашықпын!

Өйткені
мынау

Өмірімді

қайғы
баспаған,

Көңілім
таза.

Өзім
де сондай Ашықпын!

Сүйемін
түсін

Үлбіреп
жауған Ақ қардың,

Сүйемін
құсын

Ақ
мамық жапқан Бақтардың.

Сүйемін
жүзі

жабырқап
тегі

көрмеген,

Өмірін
сонау күнәсіз-сәби

шақтардың!

Сүйемін
айдай -

Ақ
ару қыздың Қылығын,

Қылығы
жақсы қыздардың

мәңгі
құлымын!

Сүйемін
сондай

Аруды тапқан Ананы,

Өзім
де сондай

Ананың
аппақ Ұлымын.

Сүйемін
мөлдір

Суларын
тұнық

Бұлақтың,

Сүйемін
мөлдір

Төгілген
нұрын

Шуақтың.

Қылышын
кезеп қара бұлт шықса

қаймықтым,

Аспаннан
егер

Ақ
жаңбыр жауса,

Ұнаттым.

Сүйемін
таза

Махаббаттардың

Ақтығын,

Сүйемін
ерке

Табиғаттың сұлу

Аққуын:

Осылар
менің

Сүйенішім
және

Бақытым,

Осылар
менің

Қуанышым
мен

Шаттығым!