ВЕРНУТЬСЯ

      Өмірге
сен де шыбық,

мен
де шыбық,

Жастықта
болған шығар, пендешілік!

Самалға
көкіректі айқара ашып,

Жүр
енді, сөйлесейік, кеңге шығып.

Өмірдің
досы - шындық,

қасы
- жалған,

Мен
сенен еш нәрсені жасыра алман!

Жасымда
албырттықпен үш алдандым,

Алдаған
үшеуі де - асыл арман...

Жолықтым
біреуіне он алтыда-ақ,

Таппадым
ұшар
белес, қонар тұрақ.

Қаулаған
көк қайыңның арасынан,

Адасып
қалдым кейін - жоғалтып ап!

Екінші
арман еді - жиырмадағы,

Оны
айтсам,

жаным
кейде қиналады.

Жастықтың
лапылдаған қызуымен

Өртеніп
кетті -

Өмірді
сыйламады...

Үшінші
- балғын еді ұсқыны әлі,

Сөйлесе
- естілетін құстың әні.

Жалғыз-ақ
жұмыртқасын
тастап кетті-,

Өзі
ерте ұясынан ұшты-дағы...

Содан
соң мені бақыт тепкіледі,

Қарыды
аяз болып бетті лебі:

"Сен
енді тірлігіңді ойлана бер,

Армандар
алысқа ұшып
кетті", - деді.

Жүрегім
бір сұмдықты
сезіп тұрды,

Іздедім
арманымды - кезіп қырды.

Махаббат
шамы маздап жанбаса да,

Бұйырмыс
екеумізді кезіктірді...

Көрсем
де жанарыңда ызғар барын,

Сені
алдым...

(Қүзгі
тұрған қызды алмадым...)

Ол
бірақ ақ сезімін сыйлап кетті,

Сен
оны көре тұра қызғанбадың.

Бұл
сенің, мен білетін, жақсылығың,

Ұнады
- ақ пейілің, ақ сүдінің...

Сенгенмін
серігім деп, сол сағатта,

Арудың
таппасам да нақ сұлуын.

Сенгенсің
шын көңілмен

Сен
де маған,

(Қосқан
жоқ арымызды тергеп адам!)

Болмады
ақыл айтар әке түгіл,

Артыңнан
іздеп сені, келген Анаң!

Кім
білсін? Олар саған өкпеледі,

(Тірлікте
өкпелеудің
жоқ керегі!)

Жабырқау
көңіліңді
жуып-шайды,

Ақжаңбыр
құйып тұрған
көктем еді...

Сол
күні жұлдыз да екеу болып туды,

Қырқада
қызыл гүлдер толып тұрды.

Дүние
асып-тасып жатпаса да,

Бұл
тағдыр ойда-жоқта жолықтырды.

Осылай
бір көргеннен (байқап, танып)

Әйтеуір,
жолға шықтық...

жай
таппадық!

Мазасыз
махаббаттың әлегінен, -

Жүректі
тексермедік, қайта ақтарып.

Көбейіп
кеткендіктен, мүлде сынақ -

Бұл
емір қыспасын деп, күнде сұрап,

Ақ
бурыл Атыраудың айдынында

Жөнедік
бір қайыққа мінгесіп ап.

Қомсындық
мекендеуге даланы аздап,

Шақырды
жұлдыз түнді - қала маздап.

Енді
біз толқын мініп, сонда тарттық

Кей
тұста аударылып қала жаздап...

Өмірдің
өткелі
еді - Жайық терең,

Шарладық
қалт-құлт еткен қайықпенен.

Жел
соқты.

Төңкеріліп
кеттік бірде...

Ал,
оған жалғыз өзім
айыпты емен!

Қыңыр
жел соға
берді екпін алып,

Кей
тұста жол бөгеді
- бетті қағып.

Сол
сәтте қайығымыз аударылып,

Айрылып
екі жаққа кеттік ағып...

Тағы
да ойланатын сынақ туды,

Шуылдан,
азан-қазан құлақ тұнды.

Өр
ағыс су түбіне
батырмады,

Бұрып
кеп жағалауға лақтырды.

Ойлашы,
аз ғұмырда не көрмедік,

Қаңғыған
кез де болды өнерге еріп.

Әйтеуір,
арман алға жетеледі -

Айрылсақ
сол арманнан өлер де едік!

Сөздер
аз біздер тыңдап, есітпеген...

Не
дейді?..

Бәрін
білем, щешіп берем!

Айдынның
ақ төсіне шығып бүгін

Арманның
ақ желкенін есіп келем!..

Өмірге
сен де шыбық,

мен
де шыбық,

Өткен
іс өтті, бәрі - пендешілік.

Арқалы
Атыраудан аман-есен -

Көрдің
бе, кеттік енді

Кеңге шығып!