ВЕРНУТЬСЯ

     Наурыз
- жылдың басы!

Кектем
басы!

Ежелден
оған куә - өткен ғасыр!

Ақ
шуақ - адамзаттың мейірімі де,

Ақ
жаңбыр - табиғаттың төккен жасы.

Наурыз
- мұсылманның бір белеңі,

Наурыз
- арулардың гүл желегі.

Жер-Ана
ақ халатын шешіп тастап,

Бұл күні
ғажайып
бір түрге енеді.

(1994 жылы Наурыз мерекесі күнгі жыр сайысында Бас
жүлдеге ие
болды.)

Наурыз
- құт-береке!

Ұлыс
күні -

Ұлыс
күн - халқымыздың тыныштығы!

Қазақтың
аспанында желбірейді,

Тәуелсіз
еліміздің күміс Туы!

Наурыз
- адамдарға не береді?

Бұл
айда Күн менен Түн теңеледі.

Жер
көктеп, ағаш гүлдеп көгереді,

Болады
кемпір-шалдар немерелі...

Қой
қоздап, қошақандар маңыраған,

Жайлауды
толтырады - қаңыраған!

Ақ
қанат махаббаттар отау тігіп,

Әр
үйдің шат қылады шаңырағын!

Наурыз
- әрбір үйге еркін кіріп,

Жүреді
жұрт біткенді желпіндіріп!

Сырласып,
табысады үлкен-кіші...

Бір-бірін
туыс қылып, төркін қылып.

Бұл
күні барша халық сауық құрып,

Санадан
жоғалады - қауіптілік!

Жасартып
жан біткенді жібереді,

Көктемнің
ақ жаңбыры жауып тұрып.

Жайылып
ақ дастарқан - қонақасың,

Қамқоршы
бір-біріңе, бол Алашым!

Жасасын
Жаңа жылың,

Жарқын
тойың,

Жаныңа
еш жамандық жоламасын!

Әумин! (Наурыз туралы)